Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBJ-wpor2kurs.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.17 Кб
Скачать
  1. Радиобелсенді көздерді сипаттаңыз

Радиоактивтілік- табиғи процесстердің және адам іс әрекетінің нәтижесінде түсетін радиоактивті газдар мен аэрозольдердің атмосферада болуымен байланысты.

Радиоактивтілік және оған жалғасатын иондық сәулелену Жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейін өмір сүрді. "Иондық сәулелену" атауы физикалық табиғаты бойынша әртүрлі сәулелену түрлерін біріктіреді. Радиоактивтік материалдар Жер мен Күн жүйесінің планеталарының қүрамына олар пайда болған сәттен бастап кірді. Радионуклидтер тау жаныстарында, топырақта, суда кездеседі. Олар белгілі бір деңгейде өсімдіктер, адам үлпасы мөн мүшелерінде және хайуанаттарда да кездеседі.

Радиоактивтілікті ашу француз ғалымы Анри Беккерелдің есімімен байланысты, ол 1896 жылы қара қағазбен жабылған фотопластинканы ағартқан уран түзының сәулеленуін анықтады. Жарыққа және 1895 жылы ашылған рентген сәулелеріне үқсастыру бойынша бүл қүбылыс радиоактивтілік атауына ие болды, яғни сәулелендіру қабілеті. Радиоактивтілік сәулелену көптеген физиктер мен химиктердің назарын аударды. Осы қүбылысты зерттеуге Мария және Пьер Кюри орасан зор үлес қосты. 1898 жылы олар уранның сәулеленгеннен кейін басқа химиялық элементке айналатындығын анықтады. Олардің кейбірін - радий мен полонийді ғалымдар таза күйінде ажыратты. Бір грамм радийдің сәулеленуінің бір грамм уранның сәулеленуінен миллион есе асып түсетін болып шықты. Бүдан кейін радий өзінің "сәулеленуші" атауына ие болды. Аз уақыттан кейін радиоактивті сәулеленудің біртекті емес екендігі және иондаушы және кіру қабілетімен ерекшеленетін сәулеленудің үш түрінің бар екендігі анықталды. Сәулеленудің осы үш түрі грек харіпінің алғашқы әріптерімен аталды: альфа, бета және гамма. Кейіннен альфа-бөлшектің гелийдің алты, ондық ядросы; бета-бөлшектің электрон екендігі, гамма-сәуленің электромагнитті сәулелену екендігі анықталды. Радиоактивтік ыдырау кезінде шығатын бөлшек пен гамма-квант заттармен ықпалдаса отыра өз энергиясын иондануға жүмсайды. Осы сәулелердің ортақ термин ретінде мына сөздер пайдаланылады: иондаушы сәулелену, иондағыш радиация немесе жай ғана радиация.

Иондаушы сәулелену - элементті бөлшектер ағынынан (электрон, протон, нейтрон, позитрон) және электрон магнитті сәулелену кванттарынан түратын сәулелену, олардың заттар мен ықпалдасуы бүл заттарда әр түрлі заттардың пайда болуына алып келеді.

Радионуклид - атомдық салмағы мен атомдық заряды бар радиоактивті заттың атомы. Бірдей зарядтары бар, алайда атомдық салмағы әр түрлі атомдар осы элементтің изотоптары деп аталады.Радионуклидтің ыдырау өнімдерінен басқа иондаушы радиацияға Жерге ғаламдық кеңістіктен келген ғарыш сәулелері мен электр энергиясын иондаушы сәулеленуге айналдыратын сәулеленудің жасанды көздері жатады (рентген аппараты, элементті бөлшектерді жылдамдатушылар және т.б.).

  1. «Дезактивтендіру», «дегаздау», «дезинфекция», «дезинсекция», «дератизация» ұғымдарына түсінік беріңіздер және тж-да санитарлық тазалауды жүргізуді келтіріңіз

Дезактивациядегенімізрадиоактивтізаттарменластанғаннәрселердітазалау, олардыденелердіңүстіненжуыпнемесесыпырыпкетугеболады. Осымақсаттажуғышерітінділердіпайдаланады, майлыжердегінеқуысқуыстағырадиоактивтізаттардыәбденкетіреді. Бұданкейінсуменжақсылапшаюкерек. Осымақсаттажерқабатын, қардыңбіршамабетінсылыпалыптастайды. Мысалы: Чернобль 1986 жыл.

Киімнен, жиһаздан, басқа да ұй заттарынан радиоактивті заттарды шаңсорғышпен, қағумен, щеткамен тазалап та кетіруге болады. Міне, осындай жұмыстарды дизактивация д.а. Қаланың ауқымын, өндіру іс орындарын, көлік тазартуды т.с.с жұмыстарды тек дизактивация, дегазация жүргізетін машиналары қондырғылары бар АҚ күштері өткізеді. Киімді, аяқ киімді басқа қорғаушы киімдерді дезактивациялау АҚ адамдары жұмыс істеп жатқан алаңдарда және киім тазалайтын әдейі орындарда өткізеді. Дезактивация ластанбаған әдейі алаңдарда немесе тұрақты жуу пунктерінде өткізіледі.

Дегазация дегеніміз ластанған денелерден уланған заттарды жою. Дегазация жұмысы былайшыа жүргізіледі: Химиялық заттармен ластанған ауданда, адам денесінде, киімінде улы заттардың тамшылары болса, ол жерді шелектегі сұйықпен тазалайды, пакет болмаса орамалмен тамшыларын сүртіп алып, улы заттарға қарсы таблетка ішіп, уланған ауданнан тезірек шығуға тырысады.Осыдан кейін олар толық санитарлық тазалықтан өтеді. Алдымен, қорғаныс киімдерді шешпестен бұрын ашық учаскелеріне түскен улы заттарды тазалайды, себебі теріден өтіп кеткен улы заттар көп зақымға ұшыратады. Содан кейін сыртқы және қорғану киімдерін, дененің ашық жеріне ішкі киімге тигізбей, әлеуі противогазды, соңынан қолғапты шешеді.

Дезинфекциядеп ауру жұқтыратын немесе ауру тасмалдайтын микробтарды жоюға арналған шараларды айтады. Еден жуу, сүрту, кір жуу арқылы жұқпалы микробтар жойылмайды. Оларды тек жоғарғы температураны пайдаланып және 2-3 сағат қайнатып ғана жоюға болады. Дезинфекция жұмыстарын өте сақтықпен жүргізіледі. Тек противогаз, респиратор не шаңға қарсы тігілен маска киіп жұмыс істеу керек. Бұларды жұмыс біткен соң, қауіпсіз жерде шешуге рұқсат етіледі.

Дератизация алдын-алу және жойғыш шаралар жүйесі, кеміргіштердің санын азайту мен эпидемиологиялық жағдайда өте қауіпті  және экономикалық шығындар әкелуін жоюға бағытталған. 

Дегаздау– улы объектілердің жұғу дәрежесінің рұқсат етілген нормаларына дейінгі төмендеуі (техниканың, кийімнің, адам терісінің жамылғысы, су және т.б.). Немесе қатты әсер ететін улы заттарды жою, бейтараптандыру немесе оларды үстіңгі бетпен зақымданудың жол берілетін нормаларына дейін немесе толық жою-дегазация деп аталады. Оны жүзеге асыру заттардың сапасына және түрлілігіне байланысты болады. Тағы бір анықтама дегазация – ластанған денелерден УЗ-ды жою.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]