2.4.Тәуелсіз Үндістан
1947 жылы үздіксіз қанды қақтығыстардан соң британдық Үндістан екі тәуелсіз доминионға — Үнді одағы (индуистер) мен Пәкстанға (мұсылмандар) бөлінді. Тәуелсіз Үндістанның бірінші премьер-министрі болып Үнді ұлттық конгресі партиясының өкілі Джавахарлал Неру сайланды. 1950 жылы Үнді одағысіз Үндістан Британ достастығы құрамындағы Үндістан Республикасына айналды. 1962 жылы Қытай арада шекара жөнінде қысқа мерзімдік соғыс болып, Үндістан жеңіліс тапты. 1965 жылы Үндістан Пәкстанмен соғыста Кашмирді өзіне қалдырды. 1966 жылы сайлауда премьер-министр болып Дж. Нерудың қызы Индира Ганди сайланды. 1971 жылғы соғыста Үндістан Пәкстанды жеңіп, Шығыс Пәкстанға тәуелсіздік алуға көмектесті. Шығыс Пәкстан өз атауын Бангладеш деп өзгертті. 1984 жылы үкімет әскерлері Амритсардағы Алтын храмды сикх күштерінен тазартты. Көп ұзамай қаза тапты. Оған өштескен сикх оққағары көп ұзамай Гандиді атып өлтірді. Премьер-министр болып Гандидің ұлы Раджив Ганди тағайындалды. Ол да 1991 жылы сайлау науқаны кезінде адам өлтірушілердің қолынан қаза тапты. 1998 жылы Үндістан бес жер асты ядролық сынағын өткізді. Бұл дүниежүз. бейбітшілік күштерінің наразылығын тудырды. 1999 жылы Үндістан ядролық сынақтарды тоқтату жөніндегі жан-жақты келісімге қол қоюға уәде берді. Кашмир жөнінде бейбіт келіссөздер өткізуге Пәкстан үкіметіне ұсыныс жасалды. Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 23 ақпанынан бастап орнатылған. 1992 жылы мамыр айында Алматыда Үндістан Республикасының, ал 1993 жылы қараша айында Делиде Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды. 1992 жылы ақпанда Президент Н.Ә. Назарбаев Үндістанға бірінші ресми сапарын жасады. Сапар барысында мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидалары мен бағыттары жөніндегі декларацияға, дипломатиялық қарым-қатынастар орнату жөніндегі протоколға, сауда-экономикалық қатынастар, ғылым мен технология, мәдениет, өнер, білім, ақпараттық құралдар мен спорт салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылды. 2002 жылы 11—15 ақпанда Н.Ә. Назарбаев Үндістанға кезекті сапармен барып қайтты. Онда Қазақстан — Үндістан Бірлескен декларациясына қол қойылды. Қазақстан мен Үндістан арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техикалық, өнеркәсіп пен мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Қазақстан Үндістан Біріккен комиссиясы құрылған. Ол әр түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мен дамытудың маңызды құралы болып отыр. Екі елдің арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары үздіксіз өсіп келеді. 2005 жылы оның деңгейі 120,8 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт — 19,9 млн. доллар, импорт — 100,9 млн. доллар). Қазақстандағы мед. жоғары оқу орындарында 400-ден астам үндістандық студенттер білім алуда.
2.5. Әдебиеті мен Өнері
III мың жылдан астам уақыт бойы өз дәстүрлері қалыптасқан үнді әдебиеті санскрит тілінде жазылған, лирика, эпос пен драманың негізі қаланған діни мадақ жырлар — ведалардан басталады. Шамамен б.з.б. VI — V ғасырларда ауыз әдебиетінде аса көлемді эпик. поэма — “Махабхарата” мен “Рамаянаның” негізі пайда болып, б.з. алғашқы ғасырларында санскрит тілінде түпкілікті қалыптасты. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 2-жартысында пали мен кракритах тілінде діни дидактика мен ауыз әдебиеті сюжеттері үйлескен буддалық әдебиет туды. Б.з.б. IV — III ғасырларда елдің дравидтік оңт-нде ежелгі туындыларының (“Он жыр”) дүниеауи сипаты басым болған өзіндік драма-тамиль әдебиетінің негізі қаланды. Санскрит тілінде жазылған халық ертегілерінің жинағы — “Панчатантра” (б.з. III — IV ғасырлар) повесть жанрының бастамасы болды. Жаңа заман шебінде жеке шығарм-қа көшу байқалып, дербес әдеби түрлер мен формалар қалыптасты: Халаның пракриттік лирикасы (шамамен IV ғасыр), Ашвагхошидің (шамамен II ғасыр), Бхасаның (IV ғасыр) санскриттік драмалары, тамиль-лиро-эпостық поэзиясы (мыс., авторы Иланго Адигаль болып есептелетін “Білезік туралы повесть”, VII —IX ғасырлар). Калидаса (шамамен V ғасыр) мен Дандиннің (VI — VII ғасырлар) санскриттік мифологиялық мазмұнындағы шығарм. өзінің діни реңін бүтіндей жоғалтып, адамгершілік идеяларды білдірудің құралына айналды. Драмалық тамиль әдебиетінің шыңы дана билеушінің мүлтіксіз тұлғасын суреттеген Тируваллурдың “Тирукурал” атты қанатты сөздер кітабы (IV — V ғасырлар) болып табылады. Шамамен VII ғасырдан бастап санскрит және тамиль тілдеріндегі әдебиеттермен қоса дравид және жаңа үндіарийлік тілдердегі әдебиеттер пайда болды. Кейінірек кашмир әдебиеті мен синдх әдебиетінің, сондай-ақ пушту тіліндегі үнді әдебиетінің негізі қаланды. Мұсылман ақсүйектері билеген мемлекеттердің құрылуы мен ислам дінінің кең таралуы үнділік парсы тіліндегі әдебиеттің қалыптасуына себеп болды: Әмір, Хұсрау Дехлеви (1253 — 1325), Мырза Бедил (1644 — 1721), т.б. Үндістан халықтарының көпғасырлық шаруашылық, саяси және мәдени байланыстары Үндістандағы әдеби процестің бірлігіне негіз қалады. XV — XVII ғасырлардағы әдебиеттің гүлденуіне билеушілерге қарсы діни ұрандармен өткен бхакти қозғалысы үлкен әсер етті. Санскриттік ережелерден бас тартқан жазушылар ауыз әдебиеті үлгілерін жыр жолдарына түсіруге бейімделді: канна ақыны Пурандарадаса (ш. 1480 — 1564), бенгалдық Чондидаш (XIV — XV ғасырлар), хинди тілінде жазған ақындар: Кабир (15 — 16 ғасырлар), Сурдас (ш. 1483 — 1563), т.б. XVII ғ-дағы халық көтерілістері бостандық жыршылары — маратхи Тукарамаға (1608 — 49), Рамадасқа (1608 — 81), пенджабтық Говинда Сингхтарға (1666 — 1708) рух берді. Үндістанды Ұлыбританияның жаулап алуы XVIII ғасырда үнді әдебиетінің құлдырауына және дағдарыстық сарындардың күшеюіне ықпал етті. Алайда XIX ғасырда, әсіресе, 2-жартысында Үндістан әдебиетінде ағартушылық идеялар пайда болды. Ағартушылық реализм бенгал және басқа да әдебиеттерде әшкерелеуші әлеум.-тұрмыстық романның дамуына ықпал етті [бенгал жазушысы Перичанд Миттроның (1814 — 1883) “Дәулетті үйдің еркесі” атты шығармасы, т.б.]. Романтизм тарады (бенгал жазушысы Б.Чоттопадхайдың тарихи романдары). Драматург Д.Миттроның (1829 — 74) шаруалардың ағылшын плантаторларының тәлкегіне қарсы наразылығын суреттеген “Индиго айнасы” (1860) пьесасы отаршылдыққа қарсы үндеу болды. 20 ғасырдағы үнді әдебиетінде ұлттық тәуелсіздік үшін күрес басты тақырыпқа айналды. 30-жылдардың ортасында мақсаттары әдебиетті дәйекті түрде демократияландыру, оны өмірге жақындата түсу болған алдыңғы қатарлы жазушылардың қозғалысы басталды. 1936 жылы Премчандтың (1880 — 1936), М.Р. Анандтың, Саджад Захирдің бастамасымен Үндістанның алдыңғы қатарлы жазушыларының қауымдастығы құрылды. Әдебиетке ұлт-азаттық күрестегі үстем болған идеол. ағым — гандизм терең ықпал етті. Сыншыл реализм дамуының жоғары сатысы Премчанд пен Р.Тагордың (1861 — 1941, Нобельсыйлығы, 1913) шығармасы болып табылады. Урду және парсы тілдерінде жазған М.Икбал (1877 — 1938) поэзиясы ерік-жігері мол, бастамашыл, жасампаз адамды мадақтады. Саяси поэзия мен махаббат лирикасын урду ақыны Х.А. Вафа (1900 — 36) дамытты, бенгал жазушысы Г.Халдардың романдары, хинди тілінде жазған Яшпалдың прозасы мен публицистикасы ерекшеленді. Үндістанның тәуелсіздікке ие болуы (1947) алдыңғы қатарға әлеум. тақырыпты шығарған озық әдебиеттің дамуына ықпал етті. Хинди ақыны Д.Бхарати, маратхи ақындары Б.С. Мардхекар(1907 — 56) мен Ш.Муктибодханың шығармаларында көркемдік жаңа құралдар мен түрлерді іздестіруге ұмтылу байқалды. Отаршылдықтың салдарын жою мен экономиканы көтеру жолындағы күрес бұрыннан артта қалып келе жатқан бірқатар әдебиеттердің дамуына және жаңаларының қалыптасуына әсер етті (майтхили, бходжпури, догри, т.б.). Үндістандағы жергілікті тілдердегі әдебиеттермен қатар ұзақ уақыт бойы мемлекеттік мекемелер мен жоғары білім берудің негізгі тілі болып келген ағылшын тіліндегі үнді әдебиеті де дамыды. Алғашқы ағылшын тілді ақындардың (В.Деразио, 1809 — 31; К.Гхош, 1809 — 73; Т.Датт, 1856 — 77) өлеңдерінен ағылшын романтизмінің ықпалы байқалады. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы поэзияда (Ауробиндо Гхож, 1872 — 1950; С.Найду, 1879 — 1949; Х.Чаттопадхая, т.б.) Үндістанның ұлттық тәуелсіздігіне шақыру басым болды. 20 ғасырда ағылшын тіліндегі проза туды, оның көрнекті өкілдері М.Р. Ананд, Р.К. Нараян, Х.Чаттопадхая, т.б. болды. Үндістан мен Қазақстан әдебиетінің өзара байланыстары 20 ғ-дың 50-жылдарынан басталды. М.О. Әуезов 1955 жылы Үндістанға барған сапарынан алған әсерлері туралы “Үнді кездесулері” атты сапарнама-очерктер жинағын (1958, 1973), үнділік ұлы жазушы Тагор жөнінде “Тагордың кемеңгерлігі туралы” атты мақала жариялады (1961). Т.Ахтановтың “Үндістан хикаясы” (1970), Ә.Әлімжановтың “Көгілдір таулар” (1967) секілді үнді елі, әдебиеті жайлы кітаптар жарияланды. Әлімжановқа “Отырардан жеткен сый” мен үнді тақырыбына жазылған басқа да шығармалары үшін Үндістанның Дж. Неру атындағы Халықаралық сыйлық берілді (1969). 1992 жылы мұндай сыйлыққа ақын А.Шамкенов те ие болды. 2004 жылы маусым айында белгілі қазақстандық журналист және ақын Ә.Нілібаевқа үнді эпосы “Махабхаратаны” қазақ тіліне аударғаны үшін Үндістанның жоғары мемлекеттік сыйлығы — “Падма Шри” табыс етілді. Ол 2005 жылы “Ригведа”, “Бхавагадгита” шығармалары мен Тагордың таңдамалы туындыларын қазақ тіліне аударып, 2006 жылы жеке кітап етіп шығарды. Дели қаласындағы Неру атындағы университет ғалымдары екі жақты ынтымақтастық бойынша хинди тілінде “20 ғасырдағы қазақ поэзиясының антологиясын” баспаға әзірледі. Осы жобаның шеңберінде 2003 жылы Делиде қазақ ақыны Ш.Сариевтің өлеңдер кітабы хинди тілінде жарық көрді. Үндістан әдебиетінен Аббас Ходжа Ахмадтың “Үнді перзенті” (1959), Премчандтың “Тхакур құдығы” (1958), Тагордың “Күйреу” (1958), “Әңгімелері” (1960), “Гәуірмаїан” (1964). Чандар Кришнаның “Жел ана” (1972) кітаптары, Гандидің “Таңдамалы хаттары мен сөздері” (2006) қазақ тілінде жарық көрді.
Өнері.Үнді көркем мәдениетінің қайнар көздері Инд пен Ганг өзендерінің жағалауларында пайда болған өте ежелгі өркениеттерден басталады. Жоғары дамыған Хараппа өркениеті (б.з.б. 3-мыңжылдықтың ортасынан 2-мыңжылдықтың ортасына дейін) кезеңіне Сангхол мен Лотхал тәрізді ірі қалалар жатады. Оларға бірыңғай жоспарлау, жолға қо-йылған сумен қамтамасыз ету және құбыр жүйесі, күйдірілген кірпіштерден салынған көп қа-батты құрылыстар, шомылуға арналған қоғамдық бассейндер тән. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасынан 1-мыңжылдықтың ортасына дейінгі Солтүстік Үндістанмәдениетіне әдеби деректер мен неғұрлым кейінгі кезеңдерге тән мүсіндік және көркемсуретті бейнелер бойынша баға беруге болады. Құрылыстар ағаштан, саз бен құрақтан салынды. Олардың формалары мен типтері (жартылай шар немесе конустық күмбездері бар дөңгелек үй, ағашпен жабылған қоғамдық жиналыстарға арналған зал типті ғимараттар, т.б.) келесі ғасырлардағы тас храмдар мен басқа құрылыстар архитектурасының негізін қалады. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасында қалыптасқан құл иеленуші мемлекеттердің орталықтары —Матхура, Паталипутра, т.б. қалаларға бірыңғай жоспарлау тән болды. Бұл қалаларды қоныстану брахманизмнің қоғамның варналарға (әлеум. топтарға) бөлінетіні жөніндегі тұжырымына сай жүргізілді (дәулеттілер мен кедейлер кварталдары). Қалаларда қоныстанудың мұндай қағидасы Үндістанда кейінгі орта ғасырларға дейін сақталды.
Үндістанда көркемдік дәстүрлердің берік сақталу себептерінің бірі — ежелгі заманнан бастап цехтық құрылыс ұйымдары — “шренилердің” өмір сүруі мен құрылыс ісі және қолданбалы өнердің заңдары мен ережелерінің бірыңғай жүйесі — “Шилпашастраның” қолданылуы еді. Үндістанөнері Жерорта теңіз мемлекеттері мен парсы мәдениетінің әсеріне ұшыраған қуатты құл иеленуші мемлекет — Маурья (б.з.б. IV — II ғасырлар) құрылған кезде өзінің гүлдену шегіне жетті. Қалаларда қамалдардың, сарайлардың ірі кешендері тұрғызылды (Паталипутрадағы Ашок патшаның сарайы — б.з.б. III ғасыр). Будда дінінің таралуымен Ашок билік құрған жылдары храмдар — чайтьялар, чайтья мен пірадарлар жатақханасы — “вихару” бар монастырьлар, сондай-ақ мемориалдық құрылыстар мен бағаналар — стамбхалар жаппай салына бастады. Б.з.б. II — I ғасырларда Солтүстік Үндістандағы Шунга мен Декандағы Андхра құл иеленуші мемлекеттерінде өнер өзінің шарықтау шегіне жетті. Бұл кезеңге Бхаджи, Насика, Карли тауларындағы жартастарға қашалып салынған монастырьлардың ірі кешендері жатады. Үндістанның солтүстік мен ортталық аудандарында Гупталардың (IV — VI ғасырлар) қуатты мемлекеті құрылуымен құл иеленушілік дәуір өнері өзінің соңғы гүлдену кезеңіне өтті. Осы кезде Будданың формасы кемеліне келген, барлық бұлжымас ережелерге сай мүсіндері (Сарнатхадағы құмсаздан, Султанганджадағы қоладан жасалған мүсіндер, V ғасыр) жасалды. X — XI ғасырлардан бастап қалалар тез өсіп, храм құрылыстары кең қанат жайды. Храмдар неғұрлым салтанатты әрі әсем, көлемді, күрделі композициялы бола түсіп, мүсіндердің сәулет өнерімен бөлінбес бірлігі қалыптасты. X — XIII ғасырларда жергілікті сәулет өнері мектептерінің өзіндік ерекшеліктері көрінген бірқатар храмдар пайда болды. XII ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың бас кезінде Солтүстік Үндістанды мұсылман билеушілерінің басып алуы елге Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыстың мәдени дәстүрлерін әкелді, ислам үстем дінге айналды. Басқаша құрылымдық элементтер (аркалар, күмбездер, шаңырақтар) мен құрылыс типтері (мешіттер, мұнаралар, медреселер, кесенелер) орнығып, сарай-бекініс ансамбльдерінің құрылысы бұрын болмаған гүлдену дәрежесіне жетті. Мұнымен қатар мүсін өнері мен бейнелеу өнерінің дамуына елеулі соққы берілді, өйткені исламның діни талаптары тіршілік иелерін бейнелеуге кедергі келтірді. Делиде үнді сәулет өнері белгілерін сақтаған Кутб-Минар мұнарасымен Кувват-уль-Ислам мешіті (1193 жылы салына бастады), күшті бекіністері бар қалалар: Сири, Джаханпанах, Туглакабад пен Фирозабад, Деканда Даулатабад (14 ғасыр) салынды. Ұлы Моғолдар империясының құрылуымен (1562) Үндістан өнері жаңа сатыға көтеріліп, өзінің ең гүлденген шегіне Акбардың тұсында жетті. Ол билік жүргізген жылдары (1556 — 1605) қала құрылысы мен қамал, бекіністік өнердің тамаша үлгілері жасалды: Аградағы бекініс, қала-бекініс Фатихпур-Сикри (1569 — 84) (бекініс сол қалпында осы кезге дейін сақталған), Аджмер (1570) мен Аллахабадтағы бекіністер]. Бірыңғай баумен қоршалған орталық — күмбездік кесененің классикалық типі қалыптасты (Делидегі Хумаюн кесенесі, 1565). Шах-Жаїанның (17 ғасыр) кезінде сәулет өнерінде әсемдік артып, қымбатшылыққа ұмтылу күшейді, мәрмәр мен бағалы тау жыныстары кең қолданылатын материалдарға айналды. Кесененің дәстүрлі формалары АградағыТәж-Махал мазарында кемеліне жеткізілді. XVIII ғасырда жергілікті дәстүрді сақтаған Раджастхан өнері жоғары деңгейде дами берді. Солтүстік Үндістандағы мұсылман билеушілерінің үстемдігі кезеңінде дәстүрлі храмдық сәулет және мүсін өнері бұрынғыша брахман абыздары үстемдік еткен қиыр оңтүстікте ғана дамыды. Ескі храмдардың айналасына қақпа үстіндегі мұнаралар — “гопурамы” бар, мүсіндері мол қоршаулар тұрғызылды. Ғасырлар өткен сайын қоршаулар саны өсіп, храм кешені ашық галереялы көп бағаналы аулалар — мантапамы мен шомылуға арналған бассейндерден құ-ралған бекіністі қалаға айналды (Чидамбарамдағы, Рамешварамдағы, Мадураидегі храм кешендері). Бағаналардың үстіне секіріп тұрған жылқылар мен қиял-ғажайып кейіпкерлердің орасан мүсіндері орнатылды. Орта ғасырларда миниатюралық сурет өнері дамыды.
Үнді миниатюрасының ертеректегі мектептерінің ішіндегі белгілісі — гуджаратмектебі (XI — XVI ғасырлар). XVI ғасырда миниатюраның моғол мектебі пайда болды. Тарихи шығармаларды көркемдеу, портреттік және жануарларды бейнелеу жанры тарала бастады. Моғолмектебінің көптеген дәстүрлері XVI — XVII ғасырларда гүлденген декан мектебіне үлкен ықпал етті.
Үндістандағы ағылшындардың отаршылдық үстемдігі кезеңінде (XVIII ғасыр — 1947) еуропалық мәдениеттің ықпалы күшейіп, ұлттық мәдениет құлдырап кетті. Калькутта, Мадрас (Ченнаи), Бомбей сияқты портты қалалар тез өсіп, XVII ғасырдың өзінде-ақ ағылшындар бұл қалаларда өздерінің бекіністерін, доктары мен христиан шіркеулерін тұрғызды. Дамып келе жатқан өнеркәсіп орт-тары — жаңа қалалар, олармен бірге заводтар, вокзалдар, муниципалитеттер пайда болды. Жаңадан салынған қалаларда әкімшіл ғимараттары орналасқан, көркейтілген, еңселі үйлері мен саябақтары бар еуропалықтар тұратын, жұмысшылардың лашықтары мен табыс түсіретін үйлер орналасқан, ретсіз құрылысты үнділік аудандар қалыптасты. Отаршылдық кезеңдегі қала құрылысының үлгісі — Нью-Дели болды. Оның көшелері геом. жағынан дұрыс жоспарланып, негізінен еңселі үйлер, үкімет ғимараттары тұрғызылды. XVIII ғасырдан бастап XIX ғасырдың ортасына дейінгі әкімш., іскерлік, ғимараттар, жеке резиденциялардың архитектурасында ағылшын классицизмі, кейіннен жаңа готикалық формалар басым болды.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі. Қазақстан мен Үндістан арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техикалық, өнеркәсіп пен мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Қазақстан Үндістан Біріккен комиссиясы құрылған. Ол әр түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мен дамытудың маңызды құралы болып отыр. Екі елдің арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары үздіксіз өсіп келеді. 2005 жылы оның деңгейі 120,8 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт — 19,9 млн. доллар, импорт — 100,9 млн. доллар). Қазақстандағы мед. жоғары оқу орындарында 400-ден астам үндістандық студенттер білім алуда. 2002 жылы ақпанда Делиде Абай көшесі салтанатты түрде ашылды. Сол жылдың маусым айында Алматы қаласындағы көшелердің біріне Махатма Гандидің есімі берілді. Ия, Үндістан мемлекеті қазіргі күнде кино әлемінде де алатын орыны өте ерекше. Үндістан мемлекеті өзінің өнері мен әдебиеті, музыкасы т.б. жағынан жан-жақты дамыған алпауыт мемлекеттердің бірі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5
2. Аманжолова М.К., Беркінбекова А.М., Әбілқасов Ғ.М. Мәдениеттану (барлық мамандықтардың студенттеріне арналған). Оқу құралы, 2004. 117 б
3. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-625-9
4. Балалар энциклопедиясы, III-том.
Реферат
Тақырыбы: Үндістан мемлекеті.
