Испанияның салық жүйесі
Соңғы он бес жылда Испания өзінің экономикалық даму жағынан орташа дамыған еуропалық елдердің қатарына енді. Бұған елдегі тұрақты саяси жағдай мен салық саясаты өз әсерін тигізді. Испанияның салық жүйесі:
Жалпы ұлттық;
Жергілікті салықтардан тұрады.
Жалпы ұлттық салықтардың негізгі түрлеріне:
Компания пайдасына салынатын салық;
Азаматтардың табысына салынатын салық;
Қосылған құнға салынатын салық;
Мұра мен сыйға салынатын салық;
Әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын төлемдер, т.б. жатады.
Жергілікті салықтарға:
Жылжымайтын мүлікке салынатын салық;
Коммерциялық қызметпен айналысуға салынатын салық, т.б. жатады.
Салықтарды бекітетін жоғарғы билік органына парламент (кортесы), ал салық жүйесін басқаратын жоғарғы органға Экономика және қаржы министрлігі жатады. Салықтардың дер кезінде толық көлемде бюджетке түсуімен салық органдары айналысады. Оның бас кеңсесі Мадридте, аймақтық басқармалары әрбір провинцияның орталықтарында орналасқан. Испания елінің мемлекеттік бюджетінің кірісінің 60 пайызын тура салықтар, 25 пайызын жанама салықтар, 15 пайызын әлеуметтік сақтандыру төлемдері құрайды.
Азаматтарға салық 1991 жылғы «Азаматтардың табысына салынатын салық туралы» Заң негізінде салынады және ол жыл сайын бюджет қабылданған тұста өзгертіліп, толықтырылып отырылады.
Салық төлеу барысында азаматтар резидент және бейрезидент болып бөлінеді.
Резидент-салық төлеуші деп Испания аумағында 183 күннен артық болған немесе Испанияда негізгі экономикалық мүддесі бар жеке тұлғалар танылады.
Бейрезидент-салық төлеушілер-183 күннен аз уақыт ел аумағында табыс тапқан жеке тұлғалар.
Осы заңға сәйкес азаматтарға салық жеке өзіне немесе отбасына салынады. Бірақ бір ерекшелігі-егер отбасы мүшесінің біреуі қандай әдіспен төлейтінін таңдаса, қалған мүшелерінің барлығы да сол әдісті ұстануы керек.
Отбасы атынан салық төлеген жағдайда, отбасы мүшелерінің барлық табыстары қосылып, ортақ декларация толтырады. Жеке өзі төлеген жағдайда, өзінің ғана табыстарын көрсетіп, дербес декларация тапсырады.
Салық төлеу барысында салық төлеушілердің табысы тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді.
Тұрақты табыстарына коммерциялық немесе кәсіби қызметінен алған барлық табыстары, жалдамалы жұмыстан алған табыстары, дивиденд, роялти, жалдық төлемдер, пайыздар, бір жылдан аз уақыт меншігінде болған мүліктерді сатудан түскен табыстар, т.б. жатады.
Жалдамалы жұмыстан алған табыстарына еңбекақысы, сыйақы, бонус, ақшалай және заттай нысанда алынған жәрдемақылар жатады. Заттай нысанда алынған сыйақы, жәрдемақылары нарықтық бағасы бойынша салық салынатын табысқа енгізіледі.
Егер жұмыскердің меншігіне жаңа автокөлік берілген жағдайда, онда оның олық құны (төленген салықтары және автокөлікті иемденуге байланысты кеткен барлық шығындарын қоса алғанда) салық салынатын табысқа енгізіледі. Егер жұмыскердің меншігіне ұсталған автокөлік берілген жағдайда, онда оның нарықтық құны салық салынатын табысқа енгізіледі. Егер компания өзінің меншікті авокөлігін жұмыскерге пайдалануға берсе, онда автокөлік құнының (салықтарын қоса алғанда) 15 пайызы, ал жалға алынған жағдайда ағымдағы жалдық төлем сомасы салық салынатын табысқа енгізіледі.
Егер компания жұмыскердің мекендеуі үшін тұрғын үйді жалдаған жағдайда, компанияның төлеген жалдық төлем сомасы жұмыскердің пайдасына есептеледі. Егер компания жұмыскердің мекендеуі үшін өзінің меншікті тұрғын үйін берген жағдайда, тұрғын үй құнының 2 пайызы жұмыскердің пайдасына есептеледі.
Бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыс сомасы оның заңды иесінің салық салынатын табысына есептеледі. Егер бағалы қағаз отбасылық меншік болса, онда табыс сомасы ерлі-зайыптылардың салық салынатын табысына бірдей үлеспен бөлініп жазылады. Бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыс сомасынан онымен байланысты операция шығындары шегеріліп тасталады.
Салық салу барысында жылжымайтын мүлікті пайдаланудан түскен табыс сомасы екі тәсілмен есептеледі:
А) салық төленуші ол мүлікті өзі пайдалана ма әлде жоқ па?
Ә) мүлік тек жалға беріледі ме?
Жылжымайтын мүлікті өзі пайдаланған жағдайда, мүліктің бағаланған құнының немесе сатып алынған бағасының 2 пайызы шартты табыс түрінде салық салынатын табысқа қосылады.
Мүлік жалға берілген жағдайда, жалдық төлем сомасы мен ол мүлікті ұстауға, жөндеуге, кеткен шығындары, төленген салық сомасының айырмасы салық төлеушінің салық салынатын табысына қосылады.
Коммерциялық және кәсіби қызметті (дәрігерлер, адвокаттар, жазушылар, артистер, спортсмендер, т.б.) жүзеге асырудан түскен табыс компания пайдасын есептеген жолмен есептеледі.
Тұрақсыз табыстарына меншігінде бір жылдан астам уақыт болған мүліктерді сатудан түскен табыстар, басқа да кездейсоқ табыстар жатады.
84 – 88
Салық екі түрлі тәсілмен есептеледі:
Барлық тұрақсыз және тұрақты табыстар қосылып, салық сомасы анықталады;
Тұрақты және тұрақсыз табыстар өз алдына бөоек есептеліп, салыө сомасы анықталады.
Азаматтардың табыс салығы 20 – 56 пайыз аралы,ында прогрессивті ставкамен есептелінеді. Бейрезиденттердің капитал өсімі түріндегі табысына 35 пайыздық, қалған табыстарының барлығына 25 пайыздық тұрақты ставка қолданылады.
Төлеуге тиіс салық сомасын анықтау барысында, тек қана резиденттерге қолданылатын жекеленген салық жеңілдіктері пайдаланылады. Резидент салық төлеушілер лотерея бойынша ұтыс, жұмыссыздық бойынша төлем, зейнетақы түріндегі табыстарын салық салынатын табыс сомасына қоспауға құқылы. Банктердегі жинақ депозиттері 5 жылға дейін шоттан алынбаса, онда ол бойынша алынған пайыздары салықтан босатылады. Әлеуметтік сақтандыруға, зейнетақыны ерікті сақтандыруға, кәсіподақ қорына аударылған жарналар салық салынатын табыспен шегеріледі.
Азаметтардан алынатын табыс салығы бойынша есепті кезең 31 желтоқсанмен аяқталатын күңтізбелік жыл болып табылады. Салық декларациясы есепті жылдан кейінгі жылдың маусымына дейін тапсырылуы керек. Салық декларациясын тапсыру міндеті резидент және бейрезидент жеке тұлғалардың барлығына жүктелген. Салық сомасы декларациямен бірге төленеді. Жекеленген жағдайларда төлеу мерзімі қарашаға дейін ұзартылады.
Еңбекақыдан есептелінетін салық сомасын жұмыскер төлем көзінен ұстап, ай сайын бюджетке аударып отырады. Жыл соңында жұмыскер жұмыс берушісінен жыл ішінде есептелген табыстары мен ұсталған салық сомасы туралы анықтама алады. Осы анықтаманың негізінде азамат өзінің салық декларациясын толтырады. Ерлі – зайыпталардың жиынтық табысына жылына 1 млн. песеттен аспаса және ол тек жалдамалы жұмыстан алынған табыс болса, онда ерлі – зайыптылар салық декларациясын тапсыру міндетінен босатылады.
Коммерциялық қызметтен табыс алатын және салықты өз алдына бөлек төлейтін азаматтар салық декларациясын тоқсан сайын – 31 наурызда, 30 маусымда, 30 қыркүйекте, 31 желтоқсанда тапсырады. Салық декларациясымен бірге олар аванстық төлем түрінде салық төлемдерін бюджетке төлейді.
Салық төлеушінің ағымдағы қызметін жүзеге асыру барысында туындаған залал сомасын 5 жыл мерзімге ауыстырады.
Компания пайдасына салынатын салықты төлеу барысында компаниялар резидент және бейрезидент болып жіктеледі. Компания пайдасына салынатын салықты Испания заңына сәйкес заңды тұлға мәртебесіне ие барлық кәсіпорындар төлейді. Жекелеген компаниялар пайдалары құрылтайшыларының табыстарына қосылады, демек олар салық органдары алдында салық жауапкершілігіне тартылмайды, керісінше олардың салық жауапкершілігі үшінші тұлғаға, яғни олардың құрылтайшыларына ауысады. Ондай кәсіпорындарың санатына жабық инвестициялық компаниялар, кәсіби ассоциациялар, біріккен кәсіпорынадар, өнімді (пайданы) бөлу келісім – шарты негізінде жұмыс жасайтын кәсіпорындар жатады.
Салық салу объектісі болып кәсіпорынның жиынтық табысы мен өндіріс процесінде жұмсалған шығындар арасындағы айырма саналады.
Резидент – компаниялар пайдаға салынатын салықты 35 пайыздық ставкамен төлейді. Мұнай өндіру және өңдеу саласындағы компаниялар пайдаға салынатын салықтың – 40, сақтандыру және несие кооперативтері – 26, өндірістік кооперавтивтер 20 пайыздық ставкамен төлейді. Бұған қосымша барлық компаниялар есептелген пайдаға салық сомасынан 1,5 пайыз мөлшерінде жергілікті сауда палатасының есебіне арнайы салық төлейді.
Қызметін тұрақты іскерлік мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент компаниялар пайдаға салынатын салықты Испаниядағы көздерден алған табысынан 35 пайыздық тұрақты ставкамен төлейді. «Тұрақты іскерлік мекеме» ұғымына кірмейиін және тек өкілдік функциясын атқаратын ұйымдар шартты пайдасынан 15 пайыз мөлшерінде салық төлейді. Дивидент, пайыз, роялти, жылжымайтын мүлікті жалға беруден алынған табыс түріндегі табыстарынан салық төлем көзінен 25 пайыздық ставкамен, капитал өсімі түріндегі табысынан 35 пайыздық ставкамен алынады.
Жеделдетілген амортизация салық төлеушіге Экономика және қаржы министрлігінің рұқсат етуімен, жекелеген жағдайларда ғана беріледі.
Салық төлеушілер салық декларациясын дербес толтырып, соған сәйкес анықталған салық сомасын жыл бойы аванстық төлем түрінде сәуір, қазан, желтоқсан айларында бюджетке төлейді. Салық заңын бұзушылықтар анықталған жағдайда, бас бостандығынан айыруға дейін баратын қатаң жазалау шаралары қолданылады.
Қосылған құнға салынатын салық Испания аумағындағы тауарлар мен қызметтер бойынша мәмілелерге салынады. Қосылған құнға салынатын салықты салу барысында Канар аралдары, Сеута, Мелилья – Испания аумағы болып есептелмейді, онда жергілікті сатудан алынатын салық алынады. Қосылған құнға салынатын салықты төлеушілер үшін бұл аумаққа тауар жеткізу экспорт, ал сатып алу импорт болып есептеледі.
Тауар, қызмет сату –сатып алу операцияларын жүзеге асыратын кез келген кәсіпорын қосылған құнға салынатын салықты төлеушілер болып табылады. Тауарды сату – сатып алу барысында анықталған қосылған құн салығының өсімі бюджетке төленуге жатады. Экспорт операциялары, медициналық қызметтер, білім беру, банк және қаржы қызметтері, сақтандыру, жылжымайтын мүлікті қайта сату, қайырымдылық қызмет, пошта қызметі аталмыш салықты төлеуден босатылады. Азық – түлік тауарларына, дәрі – дәрмек, газет, кітап, журнал өнімдеріне, мейрамхана, мейманхана, көлік тасымалы кәсіпорындарының қызметіне 4 – 7 пайыздық төмендетілген ставка қолданылса, сәнді бұйымдар мен автокөліктерге 28 пайыздық жоғарылатылған ставка қоданылады. Бұдан басқаларының барлығына 16 пайызбен қосылған құнға салынатын салық салынады. Қосылған құнға салынатын салық бойынша есеп жүргізу тәртібі сатылған және сатып алынған тауарлар бойынша қосылған құн салығының шот – фактурасын жүргізуді талап етеді. Салық төлеушілер өздерінің айналым мөлшеріне сәйкес осы салық бойынша есеп құжатын толтырып, сәйкесінше анықталған салықты бюджетке аударады.
Бейрезидент жеке тұлғалар төлеген қосылған құнға салынатын салығын дүкендерде берілетін анайы шот – фактура негізінде қайтарып ала алады.
Мұра мен сыйғаа салынатын салықты жеке тұлғалар төлейді. Резидент – жеке тұлғалар аталмыш салықты мұраның орналасқан аумағына тәуелсіз төлесе, бейрезидент – жеке тұлғалар тек ел аумағында орналасқан мұрадан төлейді. Салық ставкасы мүлік құны мен туыстық деңгейіне байланысты 7,65 – 34 пайыз аралығында прогрессивтік шкаламен анықталады.
Мүлік және мүлік құқықтарымен жасалған мәміледен салық жылжымайтын мүлікті, бағалы қағаздарды сатқанда – сатып алғанда төленеді. Салық ставкасы мәміле түріне байланысты 1 – 6 пайыз аралығында ставкамен тағайындалады.
Жылжымайтын мүлікке салынатын салық объектінің кадастрлық құнына байланысты алынады. Салық ставкасын әр муниципалитет өздері бекітеді. Орташа салық ставкасы қалалар үшін – 0,4 – 1,3; селолық жерлер үшін – 0,3 – 1,22 пайыз аралығында бекіледі.
Жылжымайтын мүлік құнының өсімінен алынатын салық 20 және одан кем уақыт жеке меншікте боолған мүлікті сатқан жағдайда төленеді. Салық салу объектісі болып мүліктін сатылған бағасы мен кадастрлық құны арасындағы айырма саналады. Салық ставкасын жергілікті билік органдары белгілейді, орташа салық ставкасы – 16 – 30 пайыз.
1992 жылдың қаңтар айынан бастап Испанияда жылдымайтын мүлігі бар шетелдік фирмаларға арнайы салық енгізілді. Салық ставкасы мүліктің кадастрлық бағасынан 5 пайыз мөлшерінде белгіленген . арнайы салықтан халықаралық ұйымдар босатылған.
Елтаңбалық алым заң құжаттарын рәсімдеген кезде төленеді. Алым ставкасы құжаттың түрі мен мәміленің сипатына байланысты бекітіледі.
Жапония салық жүйесі.
Жапонияның салық жүйесінің негізі XIX ғасырда қаланды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1949 жылы қаржы саласындағы американ маманы, профессор Шалптын ұсынысымен салық реформасы жүргізілді. Кейіннен бұл реформа нәтижесі ұзақ уақыт бойы қолданылды. 1987 жылдын қыркүйегінде және 1988 жылдың желтоқсанында Жапония салық жүйесіне үлкен өзгерістер әкелген салық рефомалары жүргізілді. Нәтижесінде салық ставкаларының шкаласы оңайлатылды және төмендетілді. Егер реформаға дейн салық ставкасы 10,5 – 70 пайыз аралығында болса, реформадан кейін 10 – 50 пайыз аралығына дейін төмендетілді. Қазіргі кездегі қолданыстағы салық жүйесі 1989 жылы 1 сәуірде іске қосылды. Мемлекеттік бюджеттің 84 пайызы салықтар есебінен, ал оның 16 пайызы салықтық емес түсімдердің есебінен құрадады.
Жапония салықтары:
Мемлекеттік;
Жергілікті болып жіктеледі.
Мемлкеттік бюджеттің 64 пайызы мемлекеттік салықтар, ал 36 пайызы жергілікті салықтар есебінен құралады. Салықтық түсімдердің бір бөлігі жергілікті бюджеттерге аударым түрінде қайта бөлінеді. Ел аумағында 3045 қала, поселка, аудандарлың және оларды біріктіретін 47 префектураның өздерінің дербес бюджеттері бар. Жапнония салық жүйесі АҚШ және Еуропа елдерінің салық жүйесі сияқты салықтардың көп түрлігімен ерекшелінеді. Оларлы аумақтық басқарудың кез келген органының алу құқығы бар. Бірақ барлық салықтар елдің заң актілерінде тіркелген. Мемлекеттік салықтың әрбір түрі заңмен реттеледі. Жергілікті салықтар туралы заң олардың түрлері мен шекті ставкасын анықтап береді. Жергілікті салықтарға қатысты басқа мәселелерді жергілікті парламент реттейді. Жалпы елде 25 мемлекеттік, 30 жергілікті салықтар жұмыс жасайды. Оларды үш үлкен топқа топтастыруға болады:
Заңды және жеке тұлғалардың табыс салығы;
Мүлік салығы;
Жанама салықтан.
Мемлекеттік кірістің 50-55 пайызы заңды және жеке тұлғалардың табыс салығы есебінен құрылады.
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бизнестің дамуымен бірге қалыптасып дамыды. Кәсіпорындар мен ұйымдар таза пайдадан 34,5 пайыз мөлшерінде мемлекеттік табыс салығын, 1,67 префектуралық табыс салығын, 4,12 пайыз мөлшерінде қалалық (аудан, поселка) табыс салығын төлейді. Шағын бизнеске 28 пайыздық ставкамен салық салынады.
Жеке тұлғалар мемлекеттік табыс салығын 10-50 пайыз аралығында прогрессивтік шкаламен төлейді. Префектуралық табыс салығын 5;10;15 пайыздық ставкалармен төлейді. Бұдан басқа алған табыс мөлшерінен тәуелсіз әрбір жеке тұлға 3200 йен мөлшерінде жергілікті табыс салығын төлейді. Көп балалы отбасыларға салық салынбайтын минимум мөлшері бекітілген. 16-дан 22 жасқа дейін білім алып жатқан балаларының білім алуға кеткен шығындары, егер жолдасы жұмыс істемей, асырауында болса, оған бекітілген салық салынбайтын минимум, сондай ақ емделуге кеткен шығындар салық салынатын табыстан шегеріліп тасталады.
Мүлікке салынаныт салықтарды заңды және жеке тұлғалар мүлік құнынан пайыздық біртұтас ставкамен төлейді. Мүлікті қайта бағалау үш жылда бір рет жүргізіліп тұрады. Салық салуға барлық жылжымайтын мүліктер, жер, бағалы қағаздар, банк депозиттері бойынша пайыздар, т.б. қамтылады. Екінші топқа лицензияын тіркеу салығы, елтаңбалық алым, жерлі тыңайту салығы, т.б. жатады.
Жанама салықтардың бірі – сатудан алынатын салық 3 пайыздық ставкамен алынады және бюджеттің кірісінің 9 пайызын қамтамасыз етеді. Оны есептеу барысында тауарлар мен қызметтердің құны – келісімшарт бағасы бойынша анықталады.
Қосылған құнға салынатын салық 1989 жылдан бастап қолданыла бастады. Қосылған құн салығын есептеу барысында төрт түрлі әдіс пайдалынады:
тура немесе бухгалтердік әдіс;
жанама әдіс;
тікелей шегеру әдісі;
жанама шегерім немесе шоттар бойынша есепке алу әдісі.
Жапония тәжірибесінде негізінен төртінші әдіс кеңінен қолданылады.
Тутынуға салынатын салық 1989 жылы 1 сәуірден бастап енгізілді. Қазіргі кезде мемлекеттік бюджет кірісіндегі үлесі жағынан заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығынан кейін үшінші орынды алады. Салық ставкасы – 5 пайыз. Бұл Еуропа елдеріне қарағанда едәуір төмен (Ұлыбританияда салық ставкасы 17,5 пайызды құраса, Францияда – 20,6 пайыз).
Кәсіпкерлікке салынатын салық салық салынатын пайдадан ,-12,6 пайыз аралығындағы ставкамен алынады.
Бюджет кірісін толтыруда автокөлік иелеріне салынатын салық, спирт және темекі өнімдеріне, мұнай, газ, бензинге салынатын акциздер, кеден баждары, т.б. елеулі роль атқарады.
Мұра мен сыйға салынатын салық 8 млн иеннен бастап салынады. Салық шкаласы 13 деңгейлі болып келеді, салық ставкасы 10-70 пайыз аралығында мұра сомасына байланысты өзгеріп отырады.
Жапонияда отандық және шетелдік инвестицияларды ынталандыру жүйесі жеткілікті деңгейде дамыған. Оларды қолдаудағы басты мақсат ұлттық экономиканың дамуына ң ықпал ететін факторларға қолайлы жағдай туғызу болып табылады. Инвестицияны ынталандыратын басты құрал ретінде негізінен салық жеңілдіктері мен субсидиялар қолданылады. Субсидиялар өз кезегінде ұлттық және жергілікті басқару органдарының субсидиялары болып жәктеледі әрі бір жылға беріледі. Ұлттық субсидиялар қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік инфрақұрылымды құру барысында, өндірістік объектілерді жаңа жерлерге көшіргенде беріледі.
ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫНА МҮШЕ ЖЕКЕЛЕГЕН ЕЛДЕРДІҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ
РЕСЕЙДІҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
Салықтардың Ресей жеріндегі негізі Көне Русь мемлекеті тұсында қалана бастады. Бертін келе ХІХ ғасырда өзінің даму барысында салықтар негізінен мына мақсаттарға алынды:
мемлекеттің үлкен жол салуына;
су жолы құрылысына;
мемлекеттік қарыздарды төлеуді тездету үшін;
уақытша қосымша төлемдер алу және тағы басқалары жатады.
Сол кезеңдердегі негізгі тікелей салықтың бір түрі жан басына салынатын салықта салық төлеушілер саны ревизиялық санақ бойынша анықталған. Егер дворяндардың табысы белгілі бір мөлшерден асып кетсе, онда оларға “қарыз төлеу”, “сауда-саттық” тәрізді салық түрі салынған. Шет елде тұратын дворяндар шет елде тапқан табыстарынан 2 есе көлемде салықтарды төлеу міндетті болған. Темір жол жолаушыларынан, кемелерден, теңіз порттарынан, темір жол жүгінен алымдар, мұра қалдыру және сыйға беру актісі бойынша мүліктен баж алынған.
1821 жылы енгізілген жылжитын мүлік салығының мөлшері 0,5% бағаланған. 1831 жылдың 31 қазанында “Әр түрлі деңгейдегі саудамен айналысатын адамдардан алынатын акциздік алымдарды аныөтау туралы” құжат пайда болады. Жанама салықтар арасында мемлекетке ең үлкен пайда әкелген шарап сусындарына акциз немесе Ресейде ішімдікке салық деп аталған салық болған.
1836 жылдан бастап әсері күшті сусынның 1 градусына 4 тиын көлемінде акциз енгізілді. Сөйтіп, салық 1 градусына 10 тиынға дейін көтерілді. Акцизден басқа ішімдік салынатын салықтың тағы бір түрі ішімдік саудасына енгізілген патент болды.
Бұдан басқа Ресейде темекіге, сіріңкеге. Қантқа, керосинге, тұзға, ашытқыға және басқа да тауарларға акциздер қызмет еткен.
Акциз жүйесі кеден бажы сияқты фискалдық сипатта ғана болған жоқ. Ол отандық кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етті, шет елдермен бәсекелестіктен қорғады.
Мемлекет кірісі өскенімен де, шығысы да көбейді. 50-жылдардың ортасында Қырым соғысқа байланысты мемлекеттің қаржы деңгейі нашарлады. Сондықтан мещандықтардан жеке басына салынатын салықтың орнына қалалық жылжымайтын мүлікке салынатын салық қолданысқа енгізілді. Оларға: үйлер, заводтар, өндіріс фабрикалары, моншалар, бақшалар және басқа жа құрылыстар, ғимараттар жатты. Сонымен бірге Екатерина ІІ заңы бойынша көпестердің гильдиясына қолөнер салығы енгізілді. 1865 жылы гильдий саны 3өтен 2өге қысқарды. 1898 жылы Николай ІІөші Мемлекеттік қолөнер салығының тәртібін бекітті және ол 1917 жылғы революцияға дейін қолданыста болды. Үш саудалық, сегіз өндірістік разряд енгізіліп, олардан негізгі қолөнер салығы, өнеркәсіп өндірісінің салығы және жәрмеңке сауда куәлігінің салығы өндіріліп алынды. Негізгі қолөнер салығы сауда мекемелері мен қойма бөлмелерінен алынған салықтан құрылды. Қолөнер куәлігі бекітілген ставкасы бойынша жыл сайынғы іріктемеде өндіріп алынды, Ресей губерниялары бойынша дифференцияланды.
Көпестерге жататын өнеркәсіп және мекемелердің табыстық алынһмына пайыз түрінде қосымша салық салынып отырған. Алымдар сомасы үш жылда бір рет заң бойынша, ал жыл сайын губерниялық өнеркәсіптерде анықталып отырған.
Акционерлік қоғамдар қосымша қолөнер салығын капиталдан салық алу түріне 0,15% ставкамен төлеген.
1870 жылы қалалық жағдай бойынша қалалық басқару органдары “өалалық пәтерлік салық” салуға құқық алды. Ол 1874 жылдан бастап іске қосылды. Салық ставкасы пәтердің жалға беру бағасына байланысты дифференциалды. 1875 жылы мемлекеттік жер алымы жер салығына ауысты. Мұраға салынатын салықтың орташа ставкасы 6% мөлшерінде жүзеге асырылды, жақын мұрагерлері үшін жіне ерлі-зайыптыларға салық ставкасы 1%, балаларына, өгей ұлдары мен қыздарына - 4%, ал туысқандар үшін 6%, туысқандығы жоқ тұлғалар үшін - 8% мөлшерінде болды.
Ауылшаруашылық жерлеріне және табыс алып келмейтін үй шаруашылығының жылжымалы мүлігіне салық салынған жоқ.
1885 жылы ақшалай капиталға салынатын салық енгізілді. Салық салу объектісі болып мемлекеттік заемдар бойынша ұтыстар және несиелік мекемелерден салымдар, бағалы қағаздардан алынатын табыстар саналды. Дивидент 5% мөлшерінде төлем көзінен ұстап отырылды.
Қазіргі кездегі Ресейдің салық жүйесінің қалыптасу кезеңі 1991 жылдың желтоқсанында қабылданған Заңнан бастау алады. Қазіргі кездегі Ресей Федерациясының (бұдан әрі РФ) салық жүйесі мемлекеттің Конституциясымен қадағаланады.
Барлық салықтар мен алымдарды РФ Салықтар мен алымдар жөніндегі министрлік қадағалайды;
РФ Салық кодексінде қалыптасқан салық жүйесінің негізгі қағидалары:
Салық төлеуші болып табылатын әрбір тұлға (заңды немесе жеке тұлғалар) салық заңнамаымен бекітілген салықтарды төлеуі міндетті.
Салықтар саяси, идеологиялық, этниалық, конфессионалдық және тағы басқа осындай критерийлер негізінде қолданыла алмайды.
РФ салық жүйесін бұзатын салықтарды енгізуге рұқсат етілмейді.
Салық ставкаларын, яғни дифференциалданған ставкаларды көтеруге немесе салықтар енгізуге рұқсат етілмейді.
Ресей Федерациясында салықтар мен алымдардың төмендегідей түрлері бекітілген:
федералдық салықтар мен алымдар;
РФ-ның субъектілерінің салықтары мен алымдары (аймақтық салықтар мен алымдар);
Жергілікті салықтар мен алымдар.
Федералдық салықтар Салық Кодексімен бекітіліп, елдің барлық аумағында төленеді. Оған мынадай салықтар жатады:
Қосылған құнға салынатын салық;
Акциздер;
Жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
Біртұтас әлеуметтік салық;
Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
Кеден баждары;
Ұйымдардың пайдасына салынатын салық;
Мұра мен сый ретінде келген мүліктерге салынатын салық;
Ойын бизнесіне салынатын салық;
Пайдалы қазбаларды өндіргені үшін салынатын салық;
Жер қойнвуын пайдаланғаны үшін төлем;
Мемлекеттік баж;
Су объектілерін пайдаланғаны үшін салынатын салық;
Спиртті, алкологильді өімдерді, этил спиртін өндіру және айналым құқығы мен лицензия беру үшін алынатын алым.
Қосылған құнға салынатын салық Ресейдің қазіргі салық жүйесіндегі салықтардың бірі болып табылады. 1991 жылы 6 желтоқсандағы РСФСР заңына сәйкес қосылған құнға салынған салынатын салық 1992 жылы 1 қаңтарынан бастап Ресейдің барлық аумағына енгізілген. Өосылған құнға салынатын салықты мынадай заңды және жеке тұлғалалр төлейді:
Ұйымдар;
Жеке кәсіпкерлер;
Ресейдің Кеден Кодексіне сәйкес, Ресейдің кеден шекарасынан тауарлар өткізетін тұлғалалар.
Ресей заңнамасына сәйкес тауар өткізетін тауар болып мына шарттар сақталған жағдайда Ресей аумағы танылады:
А)тауар Ресейаумағында орналасқан және ешқайда жөнелтілмейді;
Ә)Тауар тиелген немесе жөнелтілген сәтінен бастап Ресей аумағында орналасқан.
Заңды тұлға болып табылмайтын коммерциялық кәсіпорындар және салық салуда оңайлатылған жүйеге көшкен шағын кәсіпорындар төлемейді. Заң жүзінде салық кәсіпкерден алынады, бірақ шын мәнінде оның төлеушісі болып соңғы тұтынушы, яғни тауарды сатып алу барысында құнында төленеді.
Салық салу объектісі болып мыналар танылады:
Ресей аумағында тауарларды өткізу, беру;
Жеке тұтынуы үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын жасау;
Импорт операциялары;
Салық базасы болып тауарлардың нарықтық құны алынады. Қосылған құнға салынатын салық үш түрлі ставкамен: нольдік, он және жиырма пайыздық ставкамен алынады.
Нольдік ставка:
а) мұнай, табиғи газ өнімдерінен басқа экспорт операцияларынна;
ә) ғарыш кеңістігіне байланысты жүргізілетін жұмыстар;
б) бағалы металдардың Мемлекеттік қорына, Орталық банк пен екінші деңгейлі банктерге бағалы металдар өндіретін салық төлеушілер;
в) дипломатиялық қызметтегі шетелдік тұлғалар мен оларға теңестірілген тұлғалалрдың және олардың отбасыларының жеке және ресми пайдалануына әкелген тауарларына, т.б қолданылады.
Мынадай салық салу объектілеріне он пайыздық ставкамен салық салынады:
Тірі салмақтағы мал, құс;
Деликатес, колбаса, консерві өнімдерінен басқа ет және ет өнімдері;
жеміс-жидек негізінде жасалған балмұздақтан басқа, сүт және сүт өнімдері;
жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері;
өсімдік майы, маргарин және т.б. азық-түлік өнімдері;
балалар тауарлары;
мерзімді басылымдағы жарнамадан басқа баспа өнімдеріне;
отандық және шетелдік дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар.
Бұдан басқа жағдайлардың барлығында 20 пайыздық ставкамен қосылған құнға салынатын салық алынады.
Егер салық төлеушілердің бір тоқсандағы тауар өткізуден түсірген табысы бір 1 руб-ден кем болса, онда салық әрбір есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның жиырмасыншы жұлдызына дейін, одан басқа жағдайлардың барлығында ай сайын есепті айдан кейінгі айдың жиырмасыншы жұлдызына дейін төленуі керек.
Қосылған құнға салынатын салықт төлеуден мыналар босатылады:
тізімін Ресей Үкіметі бекіткен медициналық қызметке аса қажет болып табылатын отандық және шетелдік дәрі-дәрмектер, құрал-жабдықтар;
косметологиялық және мемлекеттік ветеринарлық, санитарлы-эпидемилогиялық (бюджеттен қаржыландырылатын) қызметтен басқа медициналық өызмет көрсетулер;
халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік және жергілікті органдарының науқастарды, мүгедектерді, қарттарды күтіп-бағумен байланысты қызметтері;
мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, секциялары, студиялары;
студенттердің, мектептердің және басқа да білім беру мекемелерінің, медециналық ұйымдардың, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің асханаларында жасалып, сонда өткізілетін азық-түлік өнімдері;
мұрағат мекемелерінің қызметтері;
такси және маршрутты таксимен жолаушы тасымалы қызметі;
коллекциялық маркадан басқа пошта маркалары, маркаланған конверттер, ашық хаттар, лотореялық билеттер;
тізімін Ресей Үкіметі бекіткен жерлеу, әдет-ғұрып қызметі және оған қажетті құрал-жабдықтар;
коллекциялық монетадан басқа, Ресейдің немес шет мемлекеттің валютасы болып табылатын бағалы металдан жасалған монеталар;
жарғылық капиталдағыүлес; бағалы қағаздардағы, мерзімді мәмілелердегі (форвард, фьючерс, опционды қоса алғанда), кооперативтік және инвестициялық қорлардағы пайлар;
коммерциялық емес білім беру мекемелерінің кеңес беру және жалға беру қызметтерінен басқа білім беру қызметтері;
мемлекет қорғауындағы тарихи ескерткіштерге, мәдени мұраларға, діни ұйымдардың пайдлануындағы дәни ғимараттар мен құрылғыларға жүргізілген жөндеу –реставрациялық, қалпына келтіру жұмыстары;
әскери қызметкерлерге тұрғын үй құрылысының мақсатты әлеуметтік-экономикалық бағдарламалары аясында жүргізілген жұмыстар;
бажсыз сауда дүкеніне кеден режимі негізінде қойылған тауарлар;
мәдениет және өнер саласында өызмет көрсеттетін мекемелер (ондай мекемелерге театр, кинотеатр, концерттік ұйымдар мен ұжымдар, цирк, театр және концерт кассалары, мұражай, көрме, мәдениет сарайы, үйі, клубы, мәдениет және демалыс саябағы, экскурсиялық бюро, қорықтар, ботаникалық бақтар мен зоопарктер, ұлттық, табиғи және ландшафтық саябақтар жатады);
Ресейдің әуә жайлары мен әуә кеңістігінде, әуе кемелерінде көрсетілетін қызметтер;
дәріхана ұйымдарының дәрі-дәрмек жасау, оптиканың көзілдіріктерді (күн сәулесінен қорғайтыннан басқа) жасау және жөндеу, есту және қозғалу аппараттарын жөндеу жұмыстары;
инкассациядан басқа банктік операциялар;
сақтандыру, қайта сақтандыру және өзара сақтандыру операциялары;
орман өрттерінен сөндіру жұмыстары және т.б.
Ресей салық заңнамасына сәйкес, акциздерді мынадай заңды және жеке тұлғалалар төлейді:
Ұйымдар;
Жеке кәсіпкерлер;
Ресейдің Кеден Кодексіне сәйкес, кеден шекарасынан тауарлар өткізетін тұлғалалар.
Акцизделетін тауарларға мыналар жатады:
Коньяк спиртінен басқа этилді спирт;
Құрамында 9 пайыздан артық этилді спирт бар спиртті өнімдер;
270 мл. Аспайтын ыдысқа құйылған өкілетті федералдық органнан мемлекеттік тіркеуден өткен парфюмерия-косметика өнімдері;
Сыра;
Медициналық мақсатта қолданылатыннан басқа спиртті өнімдер;
Алкоголь және темекі өнімдері;
Двигатель қуаты 112,5 кВт-тан жоғары жеңіл автокөліктер мен мотоциклдер;
Дизельді отындар;
Табиғи газ;
Автомобиль бензині және т.б.
Акцизделетін минералды шикізатқа табиғи газ жатады.
Дербес салық төлеуші болып табылмайтын құрылымдық бөлімшелердің акцизделетін тауарларды өзара беруі, салық төлеушілердің мұнай өнімдерін өткізуі, табиғи газды өзінің технологиялық мақсаттары үшін пайдалануы және т.б. акциз салығын төлеуден босатылады.
Акциз салығының ставкасы тұрақты немесе адвалорлық ставкамен әрбір акцизделетін тауар түрлері бойынша дербес тағайындалады.
Акцизделетін тауар түрлері |
Салық ставкасы (өлшем бірлігіне %-бен немесе рубль және копейкамен) |
Барлық шикізат түрінен этилді спирт |
1 литр сусыз этилді спирт үшін 16 руб. 20 коп. |
Құрамында 25 пайыздан астамы этилді спирттен тұратын алкагольді өнімдер құрамындағы этилді спирт 9-25 пайызды құрайтын алкогольді өнімдер (шараптан басқа) құрамында 9 пайызға этилді спирті бар алкогольді өнімдер (шараптан басқа) күшейтілген шарап |
Акцизделетін тауарлар құрамындағы 1 литр сусыз сусыз этилді үшін 114 руб. Акцизделетін тауарлар құрамындағы 1литр сусыз этилді спирт үшін 84 руб. Акцизделетін тауарлар құрамындағы 1 литр сусыз этилді тауарлар үшін 58 руб. Акцизделетін тауарлар құрамындағы 1 литр сусыз этилді спирт үшін 75 руб. |
Шарап (шампан, табиғи,күшейтілмеген шараптардан басқа) |
Акцизделетін тауарлар құрамындағы 1 литр сусыз |
Этилді спирт үшін 47 руб.50 коп. Табиғи күшейтілмеген шарап |
1 литр үшін 4 руб. |
Шампан |
1 литр үшін 10 руб. 50 коп. |
Табиғи шарап (күшейтілмегеннен басқа) |
1 литр үшін 2 руб. |
Құрамындағы этилді спрт 0,5-8,6 пайыз болатынн сыра (0,5 пайызға дейін салық салынбайды) құрамындағы этилді спирті 8,6 пайыздан көп болатын сыра |
1 литр үшін 1 руб. 40 коп.
1 литр үшін 1 руб. 60 коп.
|
Темекі өнімдеріне түрлеріне байланысты |
1 кг үшін 214-522 руб. Аралығында |
Фильтрлі сигаретке |
1000 данасына 50 руб +5% |
Фильтрсіз сигаретке |
1000 данасына 19 руб +5% |
Двигатель қуаты 67,5-112,5 кВт болатын жеңіл автокөліктер |
әрбір 0,75 кВт үшін 13 руб. |
Двигатель құаты 112,5 кВ-тан жоғары болатын жеңіл автокөліктер мен двигатель қуаты 112,5 кВт болатын мотоциклдер |
әрбір 0,75 кВт үшін 129 руб. |
Дизельді отын |
1 тоннаға 890 руб. |
Дизельді және карбюраторлық двигательдерінің майы |
1 тоннаға 2440 руб. |
Ресей аумағында өткізілетін (берілетін) табиғи газ |
15% |
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы (бұдан әрі - ТМД) елдерге өткізілетін (берілетін) табиғи газ |
15% |
ТМД елдерінен басқа шет елдерге өткізілетін (берілетін) табиғи газ |
30% |
Автокөлік бензині |
1 тоннаға 2190-3000 руб. аралығында |
Салық кезеңі күнтізбелік ай болып саналады. Атап айтқанда, акцизделетін минералды шикізат, мұнай өнімдері бойынша акциз салығы есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін төленуі керек. Көтерме сауда жасау куәлігі бар салық төлеушілер акциз салығын есепті айдан кейінгі екінші айдың 25-не дейін, ал бөлшек сауда жасау куәлігі бар салық төлеушілер есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейін салық төлеуі керек.
Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықты Ресейдің резидент және бейрезидент жеке тұлғалары төлейді.
Салық салу объектісі болып резидент жеке тұлғалардың Ресейдегі және Ресейден тыс жердегі көздерден алған табыстары,сондай-ақ бейрезидент жеке тұлғалардың Ресейдегі көздерден алған табыстары танылады.
Салық төлеушінің Ресейдегі көздерден алған табыстарына мынадай табыстары жатады:
Девиденттер мен пайыздар;
Сақтандыру төлемдері;
Өткізуден түскен табыс (мүлікті, жарғылық капиталға қатынасу үлесін, т.б.);
Мүлікті жалға беруден және өткізуден түскен табыс;
Зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы;
Авторлық және де басқа да құқықтарды пайдаланудан түскен табыс;
Атқарылған жұмыс үшін марапат;
Кез-келген көлік құралдарын пайдаланудан түскен табыс
Ресейден тыс көздерден алған табыстарына мынадай табыстар жатады:
Шетел ұйымдарынан алған сақтандыру төлемдері;
Шетел ұйымдарынан алған талап құқықтары;
Шетел ұйымдарынан алған зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы;
Шетел ұйымдарынан алған девиденттер мен пайыздар;
Шетел ұйымдарынан алған авторлық және басқа да құқықтарды пайдаланудан түскен табыс;
Шетелдегі өткізуден түскен табыс;
Шетелде атқарылған жұмыстар үшін марапат;
Шетелдегі мүлікті жалға беруден түскен табыс;
Шетелдегі кез-келген көлік түрін пайдаланудан түскен табыс;
Жеке тұлғаның мынадай табыстарына салық салынбайды:
Мемлекеттік бюджеттен алған зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы;
24 жасқа дейінгі жетім балалардан білім алуна төленетін сомалардан;
Мемлекеттік меншікке қазына өткізгені үшін берілетін марапат;
Банктегі салымдар бойынша пайыздар;
Мерзімді әскери қызметтегі тұлғалардың табыстары;
Кәсіподақ комитеттерінің төлемдері;
Мемлекеттік займ облигациялары бойынша ұтыстар;
Біржолғы материалдық көмек сомалары;
Донорларға төленетін марапат;
Салық төлеушінің емдік шөптері, жабайы өсімдіктерді жинаудан тапқан табыстар;
Шаруа қожалығының құрылғанынан бастап 5 жыл мерзімге дейін, оның мүшелерінің тапқан табыстары;
Жеке тұлғаның мұра немесе сый ретінде заттай және ақшалайнысанда алған табыстары;
Спортсмендердің ақшалай және заттай нысандағы жүлделері;
Табылған байлықты мемлекет меншігіне өткізуден алынған табыс;
Сайлау қоры есебінен жеке тұлғаларға төленетін сомалар және т.б.
Кәсіби салық шегерімдерін мынадай жеке тұлғалардың пайдалануына болады:
Заңды тұлға кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жалпы алған табыс сомасынан 20 пайыз мөлшерінде шегерім жасауына болады;
Азаматтық құқықтық келісім-шарттары бойынша жұмыс жасаған салық төлеушілер сол жұмысты атқарған кезде шеккен шығындарын құжатпен растаған жағдайда шегерімге жатқыза алады;
Ғылым, өнер, әдебиет, авторлық құқық салаларында табыс алатын салық төлеушілер нақты шеккен шығындарын құжатпен растаған жағдайда шегерімге жатқыза алады;
г.) мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлеріне көрсетілген материалдық көмек - салық кезеңінде 2000 руб-ден аспаса;
ғ.) табыс мөлшері салық кезеңінде 100000 руб-ге дейін болатын 1,2,3 топтағы мүгедектер;
д.) ғылым, білім саласының мамандары босатылады.
Салық аванстық төлем түрінде прогрессивтік шкаламен анықталады. Аванстық төлем есепті айдан кейінгі айдың 15-не дейін жасалуы керек. Салық аванстық төлем есепті айдан кейінгі жылдың 30 наурызына дейін тапсырылуы қажет.
Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші-салық төлеушілір мен Солтүстіктегі саны аз халықтардың отбасылық қауымы үшін, сондай-ақ олардан басқа салық төлеушілер үшін қолданылатын біртұтас әлеуметтік салықтың ставкалары төмендегі кестелерде берілген.
Біртұтас әлеуметтік салықтың ставкалары
Әрбір жұмыскедің салық базасы |
Федералдық бюджет |
Әлеуметтік сақтандыру қоры |
Міндетті медициналық сақтандыру қоры |
Барлығы |
|
Федералдық қор |
Аумақтық қор |
||||
100000 руб-ге дейін 100001-300000 руб-ге дейін |
28% 28000 руб +100000 руб-ден асқан соманың 15,8%-ы |
4% 400 руб+100000 руб-ден асқан соманың 2,2%-ы |
0,2% 200 руб+100000 руб-ден асқан соманың 0,1% |
3,4% 3400 руб+100000 руб-ден асқан соманың 1,9%-ы |
35,6% 5600 руб+100000 руб-ден асқан соманың 20%-ы |
300001-600000 руб-ге дейін |
59600 руб + 300000 руб-ден асқан соманың 7,9%-ы |
8400 руб+300000 руб-ден асқан соманың 1,1%-ы |
400руб + 300000 руб-ден асқан соманың 0,1%-ы |
7200руб + 300000 руб-ден асқан соманың 0,9%-ы |
5600руб + 300000 руб-ден асқан соманың 10%-ы |
600000 руб-ден астам |
83300руб + 600000 руб-ден асқан соманың 2% |
11700 руб. |
700руб. |
9900руб. |
105600 руб + 600000 руб-ден асқан соманың 2%-ы |
Ауылшаруашылығы өнімдерін өнімдерін өндіруші-салық төлеушілер мен Солтүстіктегі саны аз халықтардың отбасылық қауымы үшін біртұтас әлеуметтік салықтың ставкалары
Әрбір жұмыскердің салық базасы |
Федералдық бюджет |
Әлеуметтік сақтандыру қоры |
Міндетті медицилық сақтандыру қоры |
Барлығы |
||
Федералдық қор |
Аумақтық қор |
|||||
100000руб-ге дейін |
20,6% |
2,9% |
0,1% |
2,5% |
26,1% |
|
100001-300000 руб-ге дейін |
20600 руб+ 100000руб-ден асқан соманың 15,8%-ы |
2900 руб + 100000 руб-ден асқан соманың 2,2%-ы |
100руб + 100000 руб-ден асқан соманың 0,1%-ы |
2500 руб. + 100000 руб-ден асқан соманың 1,9%-ы |
26100 руб + 100000 руб-ден асқан соманың 20%-ы |
|
300001 -600000 руб-ге дейін |
52200 руб + 300000 руб-ден асқан соманың 7,9%-ы |
7300 руб + 300000 руб-ден асқан соманың 1,1%-ы |
300 руб + 300000 руб-ден асқан соманың 0,1%-ы |
6300 руб+ 300000 руб-ден асқан соманың 0,9%-ы |
66100 руб + 300000 руб-ден асқан соманың 10%-ы |
|
600000 руб-ден астам |
75900 руб + 600000 руб-ден асқан соманың 2%-ы |
10600 руб |
600 руб |
9000 руб |
96100 руб + 600000 руб-ден асқан соманың 2%-ы |
|
Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салықты бағалы қағаздардың эмитенттері-заңды тұлғалар төлейді. Салық салу объектісі болып шығарылған бағалы қағаздың номиналды сомасы табылады. Салық төлеуші салықты бағалы қағаздың номиналды сомасының 0,8 пайыз мөлшеріндегі ставкамен дербес есептеп, бюджетке аударады. Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды:
ақша-несие саясатын жүргізу мақсатын жүргізу мақсатында Орталық Банктің эмиссиялайтын облигацияларының номиналдық сомасы;
мемлекеттік бағалы қағаздардың номиналдық сомасы;
құрылтайшылардың арасында таралатын акционерлік қоғам акциясының номиналдық сомасы, т.б.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың табысына салынатын салық дербес мемлекет болғаннан кейін 1991 жылы 27 желтоқсанда РСФСР Заңымен еңгізіліп, 1992 жылы 1-қантарынан бастап іске қосылған. 1998 жылғы дейін бұл салық тұрі бойынша мынандай салық ставкалары қолданыста болды:
федералды бюджетке түсетін салық бойынша – 13 пайыз;
Ресей субъектілерінің бюджеттеріне түсетін салық бойынша – 22 пайыз;
Кәсіпорындардың федералдық операциялары мен келісім-шарттары, биржалар, банктер, сақтандырушвлардың түскен табыстары бойынша – 30 пайыз.
Бертін келе ұйымдарпайдасына салынатын салық болып ауыстырылады. Ұйымдар пайдасына салынатын салықты төлеушілір болып резидент – заңда тұлғалар және Ресейде тұрақты мекеме арқылы қызмет ететін, сондай-ақ Ресейдегі көздерден табыс алатын шетелдік заңды тұлғалар үшін пайда деп табыстар мен шығындардың айырмасы танылады.
Салық салу объектісі болып салық төлеушінің алған пайдасы саналады. Ресейдің салық заңнамасына сәйкес резидент-заңды тұлғалар үшін пайда деп табыстар мен шығындардың айырмасы танылады.
Тұрақты мекеме арқылы қызмет ететінтін шетелдік заңды тұлғалар үшін пайда дкп тұрақты мекемесі алған табыстары мен шеккен шығындарының айырмасы танылады.
Табыстарына өнімді (қызметті, жұмысты) және мүліктік құқығы өткізуден түскен табыстар, өткізуден түскен табыстар, өткізуден тыс табыстар жатады. Мынандай табыстары салық базасын анықтау барысында қосылмайды:
а.) жарғылық қорға жарна ретінле алынған мүліктер;
ә.) қайтарымсыз негізде алынған мүліктер, қаражаттар;
б.) міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында берілген мүліктердер, мүліктік құқықтар;
в.) мақсатты қаржыландыру негізінде алынған мүлік;
г.) бағалы қағаздарды нарықтық құны бойынша қайта бағалау негізінде алынған оң айырма;
ғ.) ауылшарушылығы өнімдерін өндірушілерден алынған бюджет қаражаты есебінен салынған ауылшаруашылығы мақсатындағы объектілердің құны;
д.) тауардың (қызметтің, жұмыстың) төлемі ретінде алдын ала берілген мүлік (мүліктік құқық, қызмет, жұмыс);
е.) халықаралық келісім-шартқа сәйкес, сондай-ақ атом станцияларының қауіпсіздігін арттыру үшін өндірістік мақсатта қайтарымсыз алынған негізгі құрал-жабдықтар, материалдық емес активтер, т.б.
Шығындарына өндіріс процесі барысында жұмсалған жөнқұжатпен расталған барлық шығындары жатады. Мынадай шығындары шегерімге жатқызылмайды:
а.) жай серіктестіктің жарғылық капиталына жарна;
ә.) бюджетке төленген айыппұл, өсімпұл;
б.) ерікті сақтандыруға жарна;
в.) кәсіподақ ұйымдарына аударылған қаражаттар;
г.) кепіл ретінде берілген мүлік немесе мүліктік құқық;
ғ.) қайтарымсыз берілген мүлік;
д.) мемлекеттік емес зейнетақы қорына жарна;
е.) қоғамдық ұйымдарға, ассойиацияларға төленетін ерікті мүшелік жарна, т.б.
Салық базасы болып салық салынатын пайданың ақшалай мағынасы саналады. Салық 24 пайыздық ставкамен аванстық төлем түрінде есептеліп, төленеді. Бұл жерде есептелген салық, сомасының 6 пайызы федералдық бюджетке, 16 пайызы аймақ, округ тәрізді Ресей субъектілерінің бюджеттеріне, 2 пайызы жергілікті бюджеттерге есептеледі. Жекелеген жағдайларда салық ставкасы төмендетілуі мүмкін, бірақ 12 пайыздан төмен болмауы керек.
Тұрақты мекеме арқылы жұмыс жасайтын шетелдік заңды тұлғалардың барлық табыстарынан 20 пайыздық ставкамен қазынаралық көлік тасымалындағы қызметінен 10 пайыздық ставкамен төленеді.
конкурс (аукцион) нәтижесінде анықталып, жер қойнауын пайдаланғаны үшін берілетін лицензияда тіркелгеді. Бұл төлемнің мөлшері, төлеу тәртібі мен мерзімі өнімді бөлу туралы келісімде белгіліенеді.
Жер қойнауын пайдаланғаны үшін төленетін тұрақты төлемдер пайдалы қазбалар кенішін іздеу, геологиялық зерттеу, кенішті және пайдалы қазбаны бағалау үшін берілетін құқықтарды алу үшін төленеді. Бұл төлемнің мөлшері кен учаскесінің мөлшеріне, экономикалық-географялық жағдайына, пайдалы қазбаның түріне, жүргізілетін жұмыстың ұзақтылығына, тәуекел деңгейіне, аумақтың геологиялық зерттелу деңгейіне байланысты мынадай геологиялық процестердің кезеңдері бойынша бекітіліп, алынады:
- кен учаскесіндегі пайдалы қазбаның бекітілген және запастардың Мемлекеттік балансында тіркелген көлемі үшін кенішті зерттеу және бағалау жұмыстарына белгіленген ставкалармен;
- ашық кеніш аумағына қосылмайтын пайдалы қазба кенішін зерттеу және бағалау жұмыстарына белгіленген ставкалармен;
Жер қойнауынпайдаланғаны үшін төленетін тұрақты төлемнің нақты мөлшерін Ресей субъектісінің мемлекеттік органы анықтайды. Ол әрбір кен учаскесі бойынша мынадай мөлшерде белгіленгіен:
Ставкасы (кеніш учаскесінің 1 шаршы км.-не рубльмен)
|
Минималды |
Максималды |
|
||
көмірсутек шикізаты |
120 |
360 |
бағалы металдар |
90 |
270 |
металды пайдалы қазбалар |
50 |
150 |
металды емес пайдалы қазбалар, көмір, шымтезек |
27 |
90 |
жер асты сулары |
30 |
90 |
Ресейдің аумағына кіретін континентальды шельфтегі көмірсутек шикізаты |
50 |
150 |
басқа да қатты пайдалы қазбалар |
20 |
50 |
|
||
көмірсутек шикізаты |
5000 |
20000 |
бағалы металдар |
3000 |
18000 |
металды пайдалы қазбалар |
1900 |
10500 |
металды емес пайдалы қазбалар, көмір, шымтезек |
1500 |
7500 |
жер асты сулары |
800 |
1650 |
Ресейдің аумағына кіретін континентальды шельфтегі көмірсутек шикізаты |
4000 |
16000 |
басқа да қатты пайдалы қазбалар |
1000 |
10000 |
|
||
мұнай мен газ конденсатын сақтау (1 тоннасын руб. – мен) |
3,5 |
5 |
табиғи газды сақтау (1 куб.м. – не руб. – мен) |
0,2 |
0,25 |
Жер қойнауын пайдаланғаны үшін төленетін тұрақты төлем тоқсан сайын ақшалай нысанда аванстық төлем түріндетөленеді.
Пайдалы қазбаларды өндіргені үшін салынатын салықты Ресейдің заңнамаларына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып танылатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер төлейді.
Салық салу объектісі ретінде ел аумағында өндірілген барлық пайдалы қазбалар саналады. Салық базасы болып өндірілген пайдалы қазбалардың құны қаралады. Салық ставкасы әрбір пайдалы қазбаның түрі бойынша Ресейдің заңнамалық құжаттарында дербес бекітіледі.
Пайдалы қазбаларды өндіргені үшін салынатын салықтың ставкалары
Пайдалы қазбаның аты |
Салық ставкасы, % |
жер асты суы |
0 |
салық төлеушінің емдік мақсатта қолданылатын минералды сулары |
0 |
ауылшаруашылығы мақсатында қолданылатын жер асты сулары |
0 |
калий тұзы |
3,8 |
шымтезек, тас көмір, апатит |
4,0 |
қара металл кешенін өндіру |
4,8 |
радиоактивті металл өндіру |
5,5 |
құрылыс индустриясында қолданылатын металл емес шикізаттар, тау-химиялық металл емес шикізаттар, неафелин, боксит |
5,5 |
табиғи және таза хлорлы натрий тұзы |
5,5 |
жер асты өнеркәсіп сулары |
5,5 |
құрамында алтыны бар концентраттар |
6,0 |
тау кешеніндегі металл емес шикізаттар |
6,0 |
құрамында алтыннан басқа бағалы металл бар концентраттар |
6,5 |
таза кварц шикізаты |
6,5 |
минералды сулар |
7,5 |
түсті металл кеніші |
8,0 |
табиғи алмас, басқа да бағалы және жартылай бағалы тастар |
8,0 |
көмірсутек шикізаты |
16,5 |
Салық есепті кезеңнен кейінгі кезеңнің 25 – ші жұлдызынан кешіктірілмей төленуі қажет.
Кеден бажы Ресейдің аумағына тауар әкелген немесе әкеткен кезде төленеді. Сырттан келген тауарлар үшін кеден бажының шекті ставкасын Ресейдің Жоғарғы Кеңесі бекітеді. Сыртқа шығарылатын тауарлардың тізімін және олар бойынша кеден бажының ставкасын, сондай-ақ сыртқа шығарылатын шикі мұнайдың кеден бажының ставкасын Ресей Үкіметі бекітеді. Ресейде кеден баждарына мынадай ставкалар қолданылады:
- салық салынатын тауарлардың кедендік құнына пайызбен бекітілген адвалорлық ставка;
- салық салынатын тауарлардың бірлігіне белгілі бір мөлшерде бекітілген ерекше ставка;
- жоғарыда аталған екі ставканың түрін үйлестіріп пайдаланатын үйлестіруші ставка;
Сыртқа шығарылатын шикі мұнайдың кеден бажының ставкасын анқтау үшін Ресей Үкіметі, ең алдымен, дүниежүзілік мұнай шикізаты нарығындағы (Жерорта теңізіндегі және Роттердамдағы) “Юралс” маркалы шикі мұнайдың бағасының мониторинг кезіндегі орташа бағаны есептейді. Дүниежүзілік мұнай шикізаты нарығындағы мұнай бағасының мониторингінің кезеңі екі күнтізбелік ай болып табылады. Күнтізбелік жыл мониторингтің алты кезеңін қамтиды. Сыртқа шығарылатын шикі мұнайдың кеден бажының ставкасы дүниежүзілік мұнай шикізаты нарығындағы “Юралс” маркалы шикі мұнайдың соңғы мониторинг кезіндегі орташа бағасы негізінде анықталады.
Сыртқа шығарылатын және сырттан әкелінетін тауарларды жедел реттеу мақсытында күнтізбелік жылда алты айдан аспайтын мерзім аралығында Ресей Үкіметі маусымдық баждарды енгізе алады.
Ресейдің сырттан әкелінген тауарларға қатысты экономикалық мүддесін қорғау мақсатында уақытша мынадай ерекше баждар қолданылуы мүмкін:
арнайы баждар;
демпингке қарсы баждар;
компенсациялық баждар;
Арнайы баждар сырттан әкелінген тауарлар отандық өндірістің бәсекелес тауарларына залал келтіретін болса және отындық өндірістің мүддесін қорғау мақсатында салынады.
Демпингке қарсы баждар тауарлар шығарылған еліндегі бағадан төмен бағамен әкелінген жағдайда қолданылады.
Компенсациялық баждар сырттан әкелінген тауарлардың өндірісінде немесе сыртқа шығару барысында тура немесе жанама түрде субсидия қолданылған жағдайда қолданылады.
Ерекше баждарды қолданардың алдында Ресей Үкіметі мемлекеттік басқару органдарының бастамасымен сырттан әкелінетін тауарларға зерттеу жүргізіледі. Зерттеу қорытындысы негізінде анықталған жағдайларға байланысты дербес баж және соған сәйкес ставка анықталады.
Кеден бажынан мыналар босатылады:
- халықаралық жолаушы, жүк тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары және оның материалдық – техникалық жарақтары, отыны, қалыпты жұмыс жасауына қажетті басқа мүліктер;
- шет мемлекеттердің өкілдерінің, оларға теңестірілген тұлғалардың, олардың отбасыларының жеке пайдалану үшін әкелінген тауарлар;
- нумизматикалық мақсатта қолданылатыннан басқа Ресейдің және шетелдің валюталары, бағалы қағаздар;
- гуманитарлық көмек түрінде әкелінген және әкетілетін тауарлар;
- үшінші мемлекетке Ресей кеден аумағы арқылы өтетін тауарлар, т.б.;
Мұра мен сый ретінде алынған мүліктерге салынатын мүлік салығын меншігіне мұра мен сый ретінде мүлік алған жеке тұлғалар төлейді. Салық салу объектісі болып тұрғын үй, пәтер, саяжай, автокөлік, мотоцикл, антиквариат және өнер туындылары, валюталық құндылықтар, бағалы металдардан жасалған зергерлік бұйымдар және т.б. жатады. Аталмыш салық бойынша салық ставкасы туыстық деңгейі мен мүлік құнына байланысты анықталады.
Жеке тұлғаларға мұра ретінде өткен мүліктерге салынатын салық ставкалары
Туыстық деңгейі |
Мұраның құны, минималды жалақы сомасы (бұдан әрі МЖС) |
Салық ставкасы, % |
А) 1-ші кезектегі мұрагерлер |
850- ден- 1700 мәртеге дейін |
850 міәрте МЖС-нан асқан сомадан 5% |
1-ші кезектегі мұрагерлер |
1701- ден -2550 мәртеге дейін |
42,5 МЖС + 1700 мәрте МЖС-нан асқан сомадан 10% |
1-ші кезектегі мұрагерлер |
2550 мәртеден жоғары |
127,5 МЖС + 2550 мәрте МЖС-нан асқан сомадан 15% |
Ә) 2-ші кезектегі мұрагерлер |
850- ден- 1700 мәртеге дейін |
850 міәрте МЖС-нан асқан сомадан 10% |
2-ші кезектегі мұрагерлер |
1701- ден- 2550 мәртеге дейін |
85 МЖС + 1700 мәрте МЖС-нан асқан сомадан 20% |
2-ші кезектегі мұрагерлер |
2550 мәртеден жоғары |
255 МЖС + 2550 мәрте МЖС-нан асқан сомадан 30% |
Б) Басқа мұрагерлер үшін |
850- ден- 1700 мәртеге дейін |
850 міәрте МЖС-нан асқан сомадан 20% |
Басқа мұрагерлер үшін |
1701- ден- 2550 мәртеге дейін |
170 МЖС + 1700 мәрте МЖС-нан асқан сомадан 35% |
Басқа мұрагерлер үшін |
2550 мәртеден жоғары |
425 МЖС + 2550 мәрте МЖС-нан асқан сомадан 40% |
Жеке тұлғаларға сый ретінде өткен мүліктерге салынатын салық ставкалары
Туыстық деңгейі |
Мұраның құны, минималды жалақы сомасы (бұдан әрі МЖС) |
Салық ставкасы, % |
А) ата-аналары, балалары үшін |
80- нен- 850 мәртеге дейін |
80 мәрте МЖС-нан асқан сомадан 3% |
ата-аналары, балалары үшін |
851- ден -1700 мәртеге дейін |
23,1 МЖС + 850 мәрте МЖС-нан асқан сомадан 7% |
ата-аналары, балалары үшін |
1700- ден -2550 мәртеге дейін |
82,6 МЖС + 1700 мәрте МЖС-нан асқан сомадан 11% |
ата-аналары, балалары үшін |
2550 мәртеден жоғары |
176,1 МЖС + 2550 мәрте МЖС-нан асқан сомадан 15% |
Ә) басқа және жеке тұлғалар үшін |
80- нен- 850 мәртеге дейін |
80 мәрте МЖС-нан асқан сомадан 10% |
басқа және жеке тұлғалар үшін |
851- нен-1700 мәртеге дейін |
77 МЖС + 850 мәрте МЖС-нан асқан сомадан 20% |
басқа және жеке тұлғалар үшін |
1700- ден -2550 мәртеге дейін |
247 МЖС + 1700 мәрте МЖС-нан асқан сомадан 30% |
басқа және жеке тұлғалар үшін |
2550 мәртеден жоғары |
502 МЖС + 2550 мәрте МЖС-нан асқан сомадан 40% |
Ерлі-зайыптылардың біріне, 1-ші және 2-ші топ мүгедектеріне, қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасыларына мұра мен сый ретігде берілген мүліктері бойынша салық салынбайды. Мүлікті сарапшы бағалап, нотариус куаландырғаннан кейін 15 күн ішінде азаматтың меншігіне өткен мүлік құны туралы мәліметті объект тіркелген жердегі салық органына жібереді. Төленуге тиесілі салық сомасын салық органы анықтайды. Төлем хабарламасын алған жеке тұлға 3 жұмыс күні ішінде салықты бюджньен төлеуі керек.
Ойын бизнесіне салынатын салықты ойын бизнесі саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлға төлейді. Салық салу объектісі болып ойын үстелреді, ойын автоматтары, тотализатор кассалары, букмекер кеңселері танылады. Салық ставкасы әрбір салық салу оюбъектісі бойынша минималды еңбек ақы мөлшерінде бөлек анықталады.
Ойын бизнесі бойынша салық ставкасы.
Салық салынатын объект
|
Салық ставкасы, минималды жалақы сомасы бұдан әрі МЖС |
Әрбір ойын столы үшін
|
200 |
Әрбір ойын автоматыүшін
|
2,5 |
Әрбір тотализатор кассасыүшін
|
200 |
Әрбір букмекер кассасыүшін
|
100 |
Салық ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-на дейін төленуі керек. Ойын столдары 30-дан, ойын автоматтары 40-тан асқан жағдайда салық ставкасы 20 пайызға төменднтіледі.
Мемлекеттік баж заңдық мәмілелер жасалған кезде немесе өкілетті органның қандай да бір құжатты берген кезінде алынатын міндетті төлем болып табылады. Мемлекеттік бажды төлеушілер юолып заңдық мәміле жасаған немесе құжат алған резидент, заңды және жеке тұлғалар, щетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар танылады. Мемлекеттік баж азаматтық алу немесе одан шығумен байланысты құжаттарды қарау және алу; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және құрылтайшылық құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу, т.б барысында төленеді. Мемлекеттік баж мөлшері әр құжат түрі бойынша дербес бекітіледі.
“Россия”, ”Ресей Федерациясы” атауын және осылардың негізінде құрылған сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланғаны үшін алымды мынадай тұлғалар төлейді:
Кәсіпорындар
Өз атауларында осы сөздер мен сөз тіркестерін қолданатын мекемелер мен ұйымдар.
Мемлекеттік биліктің федералдық органдары (заң шығару, атқарушы сот), Орталық Банк пен оның мекемелері, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, бюджеттік мекемелер, бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы, діни ұйымдар, жалпы ресейлік қоғамдығ бірлестіктер, ауылшаруашылығы қнімдерін өндірушілер бұл алымдарды төлемейді. Алым сомасы мен алым төлеу тәртібін бұзған жағдайда төленетін санкциялар республикалық бюджеттің кірісіне есептеледі.
Алым ставкасы:
- өңдеу, жабдықтау, көтерме және бөлшек саудадағы заңды тұлғалардан басқа, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар үшін өткізілген өнім құнынан(жасалған жұммыс, атқарыдған қызмет) 0,5 пайыз мөлшерінде;
- бұлардан басқа кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар үшін 100 мәрте минималды жалақы мөлшерінде;
Су объектілерін пайдаланғагы үшін төлемді Ресей заңнамасына сәйкес, су объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсіпкерлер төлейді. Төлем объектісі болып мынадай мақсатта қолданылғаг объектілер танылады:
-судағы гидроэнергетиканың қажеттігін қанағаттандыру үшін;
-ағынды су және су объектілерін ағызу;
-жер қойнауын пайдалану, жүзу құралрадын орналастыру мақсатында су объектілерінің акваторийін пайдалану т.б
Табиғи зілзала мен апаттарды жою барысында алынған сулар, судағы биологиялық ресурстардың өндірісі мен балық шаруашылығында пайдаланылған сулар, т.б төлем объектісі болып саналмайды. Төлем басзасы пайдаланылған су объектісінің түріне және одан шығарылатын ағынды су көлеміне, алынған су көлеміне, су объектісін қолдану арқылы өндірілген өнім (жасалған жұмыс, атқарылған қызмет) көлеміне, су объектілерінде пайдаланылған акваторий көлеміне байланысты анықталады.
Төлем ставкасының максималды және минималды мөлшеріне Ресей үкіметі тағайындап, нақты мөлшерін Ресей субъектісінің заң шығару органдары анықтайды. Су объектілерінің акваторийін пайдаланбайтын кәсіакерлер мен шағын кәсіпорындар үшін тоқсан, одаан басқа төлеушілер үшін есепті кезең болып табылады. Төлем сомасын салық төлеуші дербес есептеп, есепті кезеңнен кейінгі кезеңнің 20-шы жұлдызына дейін төлеуі керек.
Этил спиртін, спиртті және алкогольді өнімдердің өндірісі мен айналымы үшін құқық пен лицензия берілгені үшін алымды акцизделетін өнімдермен айналысатын, меншіктің кез-келген нысанындағы тұлғалар төлейді.
Дәрі-дәрмек, диагностика мақсатында қолданылатын спиртті ерітінділердің өндірісі мен айналымнан аталмыш алым алынбайды.
Алым объектісі
|
Алым ставкасы, минималды жалақы сомасы (бқдан әрі МЖС)
|
Лицензиат ұйымның спиртті ерітінділерді қоса алғанда, этил спиртін өндіру, сақтау, өткізу құқығы үшін |
500 МЖС |
Ұйымның алкогольді өнімдерді өндіру, сақтау, өткізу құқығы үшін |
500 МЖС |
Спиртті ерітінділерді қоса алғанда, этил спирті мен алкогольді өнімдерді сақтау құқығы үшін |
500 МЖС |
Спиртті ерітінділерді қоса алғанда, этил спирті мен алкогольді өнімдерді сатып алу, сақтау және көтерме саудада өткізу құқығы үшін |
500 МЖС |
Спиртті ерітінділерді қоса алғанда, этил спирті мен алкогольді өнімдерді импорттау, сақтау және көтерме саудада өткізу құқығы үшін |
Бір жолғы лицензия үшін 1000 МЖС; Бас лицензия үшін 15000 МЖС |
Этил спирті мен алкогольді өнімдерді экспорттау құқығы үшін |
Бір жолғы лицензия үшін 100 МЖС; Бас лицензия үшін 500 МЖС |
Экспорт (импорт) үшін бір жолғы лицензия спиртті ерітінділерді қоса алғанда, этил спирті мен алкогольді өнімдердің кедендік құны 10 000 минималды жалақы сомасынан немесе құрамындағы таза спирттің мөлшері 2 мың декалитрден аспаған жағдайда, екі айдан көп емес мерзімге беріледі.
Экспорт (импорт) үшін бас лицензия спиртті ерітінділерді қоса алғанда, этил спирті мен алкогольді өнімдерді экспорт (импорт) бойынша лицензиялау мақсатында, осы лицензины алған сәттен бастап 1 жыл мерзімге беріледі.
Алым сомасын жылына бір рет лицензия алған кезде мынадай мерзімдерге төленеді:
Лицензия алуға бірінші рет өтініш берген ұйымдар мен кәсіпорындар лицензия алымын өтінішті бергенге дейін;
Кезекті лицензия алған ұйымдар мен кәсіпорындар лицензи іске қасылатын күннен кешіктірмей:
Лицензилануға тиіс бірнеше қызмет түрімен айналысқан жағдайда, әр қызметке бөлек лицензия алынып, сәйкесінше алымы төленуі керек.
Ресейдің құрамындағы аймақ, облыс, автономдық облыстар мен округтердің (бұдан әрі қарай – Ресей субъектілері) салықтары (аймақтық салықтар) Салық Кодексімен және Ресей құрамындағы субъектілердің Заңдарымен бекітіледі. Олар өз кезегінде былайша жіктеледі:
кәсіпорын мүлкіне салынатын салық;
көлік салығы;
сатудан алынатын салық;
заңды тұлғалардан білім, мекемелерінің қажеттіліктері үші алынатын алым;
орман табысы;
Кәсіпорын мүлкіне салынатын салық Ресей субъектілерінің бюджеттері мен жергілікті бюджеті арасында бірдей үлеспен бөлінеді.
Кәсіпорын мүлкіне салынатын салықты төлеушілер болып меншігінде салық салу объектісі бар заңды тұлғалар табылады.
Мынадай мүліктер салық төлеуден босатылады:
мемлекеттік мекемелерінің мүліктері;
ғылыми – зерттеу мекемелерінің мүліктері;
өртке қарсы қызмет органдарының мүліктері;
төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің мүліктері;
ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындардың мүліктері – егер табысының 70 пайызы негізгі қызметінен алынса;
білім, мәдениет мекемелерінің мүліктер;
жалпы жұмыскерлерінің 50 пайызы мүгедектерді құрайтын мүгедектердің қоғамдық ұйымдарының мүліктері;
тұрғын-үй, саяжай құрылысы, саяжай серіктестерінің мүліктері;
тізімін Ресей Үкіметі бекіткен эпидемия мен эпизоотиямен күреске арналған медициналық және ветеринарлық иммунобиологиялық пепараттар шығарылатын мамандандырылған кәсіпорындардың мүліктері;
18 жасқа дейінгі балалардың демалуы мен емделуіне арналған мүліктерр т.б.
Салық салуға салық төлеушінің балансындағы негізгі құрал-жабдықтар, материалдық емес активтер, запастар қамтылады. Негізгі құрал-жабдыөтар, материалдық емес активтер, арзан бағалы тез тозатын заттар қалдық құны бойынша есептеледі.
Кәсіпорын мүлкінің құнынан мыналардың баланстық құны кемітіледі:
а) салық төлеушінің балансында толық немесе жартылай көрсетілген тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік-мәдени салалардың объектілері;
ә) табиғатты қорғау, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс мақсатында қолданылатын объектілер;
б) ауылшаруашылығы өнімдерін өсіріп, өңдеп, сақтаумен байланысты қызметті қолданылатын объектілер;
в) жер;
г) байланыс спутнигі;
ғ) мобилизациялық резервтер мен қуаттар;
д) алғашқы екі жылда қайтарымсыз көмек ретінде алынған мүлік т.б.
Салық салу мақсатында кәсіпорын мүлкінің орташа жылдық құны анықталады. Салық ставкасын кәсіпорынның қызмет түріне байланысты Ресей субъектілерінің заң шығарушы органдары белгілейді. Бірақ кәсіпорын мүлкіне салынатын салық ставкасы шекті мөлшері салық салынатын базаның 2 пайызынан аспайтын мөлшерде тағайындалуы керек. Салық тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның 5-не дейін төленуі керек.
Сатудан алынатын салықтың сомасы Ресей субъектілерінің бюджеттері мен жергілікті бюджетке сәйкесінше 40 және 60 пайыз мөлшерінде бөлінеді. Сатудан алынатын салықты төлеушілер болып ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер танылады. Салық салу объектісі ретінде Ресей субъектісінің аумағында жеке тұлғаларға тауар (қызмет, жұмыс) өткізу бойынша жүргізілетін операцилар саналады.
Мынадай тауарлар бойынша операциларға салық салынбайды:
азық-түлік өнімдері;
балалар киім-кешегі;
дәрі-дәрмектер;
мүгедектерге емдеу-сауықтыру мекемелеріне берілетін жолдама;
кітап өнімдері;
жылжымайтын мүлік, бағалы қағаздар;
коммуналдық қызметтер;
білім мекемелерінің шығаратын оқу, өндірістік, ғылым, тәрбие процесінде қолданылатын тауарлар;
мәдениет пен өнер саласында көрсетілетін қызметтер;
қоғамдық жолдаушы тасымалдау қызметі;
несие, сақтандыру ұйымдарының, мемлекеттік емес зейнетақы қорларының, адвокаттар коллогиясының, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатынасушыларының қызмет;
жерлеу, әдеп-ғұрып қызметі;
мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі т.б.
Салық базасы болып қосылған құнға салынатын салық пен акциз салығымен өткізілген тауарлардың құны саналады. Салық сомасын салық төлеуші тауар бағасына қосып сатады. Салық ставкасы 5 пайыз мөлшеріне Ресей субъектілерінің заңнамасымен бекітілген деңгейден жоғары болмай бекітілуі керек. Салық айына бір рет төленеді.
Көлік салығын төлеушілер болып Ресей заңнамасына сәйкес тіркелген және салық салу объектісі болып табылатын көлік құралдары бар тұлғалар танылады.
Салық салу объектісі болып автокөліктер, мотоциклдер, мотороллерлер, автобустар, ұшақтар, тікұшақтар, яхталар, катерлер және басқа су, әуе көліктері саналады.
Мынадай көлік құралдарына салық салынбайды:
двигатель қуаты 5 ат күшінен сапайтын мотрлы қайықтар;
мүгедектерге арналған автокөліктер, сондай-ақ халықтты әлеуметтік қорғау органы арқылы алынған және двигатель қуаты 100 ат күшінен аспайтын жеңіл автокөліктер;
негізгі қызмет жолаушы, жүк тасымалдау болып табылатын ұйымдардың әуе, су кемелері;
ауылшаруашылығ мақсатында қолданылатын ауылшаруашылығындағы өнім өндірушілердің көлік құралдары;
федералдық билік органдарының шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы көлік құралдары;
ұрланған және іздеуде жүрген көлік құралдары (егер осы ақпарды растайтын құжаттары болған жағдайда);
санитарлық авиация және медициналық қызметтің ұшақтары мен тікұшақтары;
Салық базасы двигательді көлік құралдарына – двигатель құаты ат күшімен, су көліктеріне – жалпы сыйымдылығы негізінде әр көлікке дербес анықталады.
Салық ставкасы Ресей субъектілерінің заңнамасымен бекітіледі және ол бекітілген ставка мөлшерінен 5 есеге артуы (төмендеуі) мүмкін.
Көлік салығының ставкасы
Салық салу объектісінің атауы |
Салық ставкасы, руб.-мен |
|
5 |
|
7 |
|
10 |
|
15 |
|
30 |
|
2 |
|
4 |
|
10 |
|
10 |
|
20 |
|
5
|
|
8 |
|
10 |
|
20 |
|
20 |
|
40 |
|
25 |
|
50 |
|
20 |
|
25 |
|
200 |
Көлік салығын салық төлеуші өзі есептейді. Салық төлеуші- заңды тұлғалар Ресей субъектісінің заңнамасында көрсетілген мерзімде көлік салығын төлеп, салық декларациясын көлік құралдары тіркелген жердегі салық органына тапсырады. Салық төлеуш жеке тұлғаларға салық органы салық кезеңінің 1 маусымына дейін салық төлемінің хабарламасын табыс етеді.
Орман қорын пайдаланған жағдайда орман алымы немесе жылдық төлем төленеді.
Орман қорының учаскесін қысқа мерзімде пайдаланған жағдайда –орман алымы, орман учаскесін жалға алған жағдайда жалдық төлем төленеді.
Орман алымының ставкасы орман ресурстарының әр бірлігіне, жекелеген жағдайларда қолданыстағы жер учаскесінің әр гектарына байланысты бекітіледі. Оны феедералдық басқару органдарының келісімімен Ресей субъектісінң мемлекеттік билік органы тағайындайды. Жалдық төлем мөлшері орман алымы негізінде анықталады. Әрбір ағаштың түбір ақысының минималды ставкасын Ресей Үкіметі бекітеді.
Орман шаруашылығының мақсатында федералдық басқару органдарының жүргізетін ғыылыми-зерттеу , жобалау жұмыстарынан орман алымы алынбайды.
Орман алымы мен жалдық төлемнен мынадай тұлғалар босатылады:
Ұлы Отан соғысына қатынасушылар және оларға теңестірілген тұлғалар;
1, 2 топтағы мүгедектер;
селолық жерде тұратын зейнеткерлер;
мәжбүрлі жер аударылғандар;
табиғи апаттардан зардап шеккендер;
шаруа қожалықтары;
саны аз халықтардың өкілдері.
Білім беру мекемелерінің қажеттіліктері үшін алынатын алымды меншіктің барлық ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар төлейді. Алым ставкасы жылдық еңбекақы қорының 1 пайызынан аспайтын мөлшерде бекітіледі. Білім беру мекемелерінің қажеттіліктері үшін алынатын алым мақсатты сипатта болып келеді және білім беру мекемелерін қосымша қаржыландыруға жұмсалады.
Жергілікті салықтар Салық Кодексімен және жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті органдарының нормативтік-құқықтық актілерімен бекітіледі. Оларға мыналар жатады:
жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
жер салығы;
кәсіпкерлік қызмепен айналысатын жеке тұлғаларды тіркеу алымы;
курортты зоналарда өндірістік маңызы бар объектілердің құрылысына салынатын салық;
курорт алымы;
сауда жасау құқығы үшін алынатын алым;
қоршаған ортаның тазалығы үшін, милиция ұстау үшін және т.б қоғамдық мақсаттар үшін алынатын мақсатты алым;
жарнамаға салынатын салық;
автокөлік, есептеу техникасы мен дербес компьютерлерді қайта сатудан алынатын салық;
ит ұстаушылардан алынатын алым;
арақ-шарап өнімдерін сату құқығы үшін алынатын лицензиялық алым;
жергілікті аукциондар мен лоторея өткізу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым;
пәтерге ордер алу үшін төленетін төлем;
жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алынатын алым;
автокөлік парковкасы үшін алынатын алым;
ипподромдағы жарыстарға қатынасу үшін алынатын алым;
бағалы қағаз операцияларынан басқа , биржада жасалатын мәмілелерден алынатын алым;
теле-, және киноны түсіруді өткізу құқығы үшін алынатын алым;
елді мекен аумағын тазалау үшін алынатын алым;
ойын бизнесін бастағаны үшін алынатын алым.
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың ставкасы республиканың заң актісімен немесе аумақтық мемлекеттік билік органының шешімімен бекітіледіі. Аталмыш салықты меншігінде мүлкі бар барлық жеке тұлғалар төлейді. Салық сомасы салық салу объектісі орналасқан жердегі бюджетке есептеледі.
Жер салығы мемлекет деңгейінде заңмен бекітіліп, елдің барлық аумағында алынады. Салық ставкасы республиканың заң актісімен немесе аумақтық мемлекеттік билік органының шешімімен бекітіледі. Салықтың тиісті бюджетке есептеліп, түсу тәртібі жер туралы заңнамалық құжаттармен анықталады.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркеу алымының ставкасы республиканың заң актісімен немесе аумақтық мемлекеттік билік органының шешімімен бекітіледі. Алымды Ресей заңнамаларына сәйкес, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар деп танылған тұлғалар төлейді. Бұл алым сомасы тіркелегн жеріндегі бюджетке есептеледі.
Курортты зоналарда өндірістік маңызы бар объектілердің құрылысына салыынатын салықты курортты зоналарда орналасқан жергілікті билік органдары енгізеді. Салық сомасы сол жердің аудандық немесе қалалық бюджеттеріне есептеледі.
Курорт алымын курортты аймақтарда орналасқан жергілікті билік органдары енгізе алады. Салық сомасы сол жердегі аудандық және қалалық бюджетке есептеледі.
Сауда жасау құқығы үшін алынатын алымды халық депутаттарының жергілікті кеңесі бекітеді. Алым бір жолғы талон немесе уақытша паиени сатып алу арқылы есептеліп, жергілікті бюджетке түседі.
Қоршаған ортаның сақтау үшін милиция ұстау үшін және т.б қоғамдық мақсаттар үшін алынатын мақсатты алымды азаматтар ұйымдық-құқықтық нысанынан тәуелсіз барлық ұйымдар мен мекемелер төлейді.мақсатты алымның ставкасы қалалар мен аудандарда халық депутаттарының жергілікті кеңесінде , ал селолық жерлерде тұрғындардың жиналысында белгіленеді. Бірақ алым ставкасы жылына жеке тұлға үшін заңмен бекітілген минималды еңбекақы мөлшерінің негізінде анықталған жылдық еңбек ақы қорының 3 пайызынан аспайтын деңгейде бекітілуі керек.
Жарнамаға салынатын салықты өнімдерін жарнамалайтын заңды және жеке тұлғалар төлейді. Салық ставкасы жарнама бойынша қызмет құнының 5 пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленеді.
Автокөлік , есептеу техникасы мен дербес компьютерлерді қайта сатудан алынатын салықты автокөлік есептеу техникасы мен дербес компьютерлерді қайта сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғалар төлейді. Салық ставкасы мәміле құнының 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленеді.
Ит ұстаушылардан алынатын алымы қалалық жерде ит ұстайтын ( қызмет бабындағыдан басқа) жеке тұлғалар төлейді. Алым ставкасы жылына заңмен бекітілген минималды еңбекақ сомасының 1/7 мөлшерінен аспайтын деңгейде бекітіледі.
Арақ-шарап өнімдерін сату құқығы үшін алынатын лицензиялық алымды халыққа арақ-шарап өнімдерін өткізетін заңды және жеке тұлғалар төлейді. Лицензиялық алым мөлшері:
заңды тұлғалар үшін-жылына заңмен белгіленген минималды еңбекақы сомасының 50 мәрте мөлшерінде;
жеке тұлғалар үшін-жылына заңмен бекітілген минималды еңбекақы сомасының 25 мәрте мөлшерінде бекітіледі.
Заңды және жеке тұлғалар уақытша сауда нүктелерінен той-думан және басқа да шараларға қызмет көрсеткен жағдайда, лицензиялық алымды әрбір сауда жасаған күн үшін заңмен бекітілген минималды еңбекақы сомасының 50 пайыз мөлшерінде төлейді.
Жергілікті аукциондар мен лоторея өткізу құқығы үшін алынатын лицензиялық алымды осы шараны ұйымдастырып, өткізуші тұлғалар төлейді. Алым мөлшері аукционға қойылған тауарлар құнының немесе шығарылған лоторея құнының 10 пайызы мөлшерінде бекітіледі.
Пәтерге ордер алу үшін төленетін алымды жеке пәтер алу құқығына ие болған жеке тұлғалар төлейді. Алым мөлшері пәтердік сапасы мен жалпы көлеміне байланысты заңмен бекітілген минималды еңбекақы сомасының ¾ мөлшерінен аспайтын деңгейде бекітіледі.
Жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алынатын алымды өз өнімдерне жергілікті символиканы ( жергілікті жердің елтаңбасы, жергілікті жердің сипаты, тарихи ескерткіштер т.б) пайдаланған өнім өндірушілер төлейді. Алым ставкасы өткізілген өнім құнынан 0,5 пайыз мөлшерінде бекітіледі.
Автокөлік парковкасы үшін алынатын алымды автокөлік қоюға арнайы бөлінген жерлерде автокөліктерін парковкалайтын заңды және жеке тұлғалар төлейді. Алы мөлшерін халық депутаттарының Жергілікті кеңесі анықтайды.
Ипподромдағы жарыстарға қатынасы үшін алынатын алымды коммерциялық мақсатта аттарын жарысқа қосатын заңды және жеке тұлғалар төлейді. Алым мөлшерін ипподром орналасқан аумақтың жергілікті билік органдары тағайындайды.
Жарыстарда алынатын ұтыстардан төленетін алымды ипподромдағы тотализатордан ұтыс алған тұлғалар төлейді. Алым ставкасы ұтыс сомасының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Ипподромдағы тотализатор ойынына қатынасушылардан алынатын алымды ойынға қатынасуға төленген төлемнің 5 пайызы мөлшерінде ойынға қатынасушылар төлейді.
Бағалы қағаздар операцияларынан басқа, биржада жасалатын мәмілелерден алынатын алымды мәміле сомасының 0,1 пайызы мөлшерінде мәмілеге қатынасушылар төлейді.
Теле- және кино түсіруді өткізу құқығы үшін алынатын алымды ұйымдастыру шараларын өткізуді ( милиция нарядын бөлу, съемка жүргізетін аумақты қоршау, т. б) қажет ететін, съемка жүргізетін коммерциялық теле- және кино ұйымдар төлейді.
Ойын бизнесін (ақшалай немесе заттай ұтысы бар ойын автоматтарын, рулеткаларды, карта столдарын және басқа да ойынға қажетті құралдарды орналастыру) бастағаны үшін алынатын алымды ойынға қажетті құрал-жабдықтардың иесі болып табылатын заңды және жеке тұлғалар төлейді.
Теле және киноны түсіруді өткізу құқығы үшін алынатын алымның, елді мекен аумағын тазалау үшін алынатын алымның және ойын бизнесін бастағаны үшін алынатын алымның ставкасын халық депутаттарының Жергілікті кеңесі бекітеді.
Егер тиісті Ресей субъектісінің аумағында сатудан алынатын салық қолданыста болса, онда сол Ресей субъектісінің аумағында аймақтық деңгейде заңды тұлғалардан білім мекемелерінің қажеттіктері үшін алынатын алым және жоғарыда аталған жергілікті салықтар алынбайды.
Ресей Федерациясының салық органы болып Салықтар мен алымдар жөніндегі министрлік және оның бөлімшелері танылады. Салық органдарының өкілеттегі кеден органдарына, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға да берілген. Салық органдары, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар және кеден органдары Салық Кодексі мен салық қатынастарын реттейтін басқа да заңнамалық актілер аясында қызмет етеді.
