- •1 Тарау. Ақпараттық жүйелердiң теориясының негiзгi ұғымдары
- •1.1 Аж негіздерінің мақсаттары мен есептері.
- •1.2 Қазіргі ақпараттық жүйелердің өзіне тән ерекшеліктері.
- •1.3 Ақпараттық жүйе басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретінде: негізгі түсініктер.
- •1.1 Аж негіздерінің мақсаттары мен есептері
- •1. Объектіні басқарудың тиімділігін арттыру (с1-с3 мақсаттары):
- •2. Аж ресурстарын тиімді қолдану (с4-с6 мақсаттары):
- •Қазіргі ақпараттық жүйелердің өзіне тән ерекшеліктері
- •Индекстеу
- •1.3 Ақпараттық жүйе басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретінде: негізгі түсініктер
- •2 Тарау. Ақпараттық теория негіздері және сигналдардың теориясының негiздерi
- •2.1 Жүйе теориясының терминологиясы.
- •2.2 Ақпараттық жүйе ұғымы.
- •2.3 Жүйелік талдау.
- •2.1 Жүйе теориясының терминологиясы
- •2.2 Ақпараттық жүйе ұғымы
- •2.3 Жүйелік талдау
- •3 Тарау. Ақпараттық белгiлердің параметрлерін басқару және модуляция
- •3.1 Ақпараттық жүйені құрудағы кибернетикалық амал
- •3.2 Ақпарат және басқару
- •3.3 Модуляция және демодуляция процедураларының мәні және мазмұны
- •3.4 Модуляцияның әртүрінің кедергі тұрақтылығы бойынша салыстырмалы сипаттамасы
- •3.5 Модуляцияның сандық әдісі
- •4 Тарау. Мәлiметтiң берiлуiнiң каналдары
- •4.1 Аж динамикалық сипаттау.
- •4.2 Агрегаттардық ақпараттық байланыс минималдығының принципі.
- •4.1 Аж динамикалық сипаттау
- •4.2 Агрегаттардық ақпараттық байланыс минималдығының принципі
- •5 Тарау. Кодтау теориясының жалпы түсінігі
- •5.1 Шеннонның кодтау туралы фундаменталды теоремасы.
- •5.2 Аналогтық-кодтау түрлендіргіші.
- •5.1 Шеннонның кодтау туралы фундаменталды теоремасы
- •5.2 Аналогтық-кодтау түрлендіргіші
- •6 Тарау. Бөгеуiлге шыдамды кодтаудың негiздерi
- •6.1 Сигнал мен каналдың физикалық сипаттамасына сәйкестік
- •6.2 Хабарлама және байланыс каналдар қайнар көзінің статистикалық қасиетіне сәйкестік
- •6.3 Үздіксіз және дискретті байланыс каналдарының моделі
- •6.4 Үздіксіз және дискретті байланыс каналдарының өткізу мүмкіндіктері
- •6.5 Уақыт бойынша дискреттеу
- •6.6 Котельников теоремасы бойынша есептеулердің дәлдігін таңдау
- •7.1 Кедергі тұрақтылық кодтау.
- •7.2 Сызықтық топтық кодтар.
- •7.1 Кедергі тұрақтылық кодтау
- •7.2 Сызықтық топтық кодтар
- •Глоссарий
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Объектіні басқарудың тиімділігін арттыру (с1-с3 мақсаттары):
С1 – қабылданатын шешімді қамтамасыз ету үшін ақпараттың максималды толықтылығы;
С2 – ақпаратты жоғары жылдамдықта ұсыну;
С3 – ақпараттық жүйенің тұтынушымен өзара әрекет етудің жоғары ыңғайлылығы.
2. Аж ресурстарын тиімді қолдану (с4-с6 мақсаттары):
С4 – АЖ жаса, құру және дамытуға кететін шығындарды азайту;
С5 – деректер базасындағы көп көлемді шығу ақпараттарын алу;
С6 – деректер базасындағы шығындарды қысқарту.
Аталған мақсаттардың критерийлеріне мыналар жатады:
К1 – деректер базасындағы ақпарат көлемінің басқару объектісінің ақпарат көлеміне қатынасы;
К2 – АЖ-де ақпаратты өңдеу уақыты;
К3 – қажет ақпаратқа сұраныс жасаған кезде және оны басқаруда қолдану кезінде тұтынушы жұмсайтын уақыт;
К4 – АЖ жасау, пайдалану және дамытуға кететін ағымдағы шығындар мен ақша жұмсаудың шығыны;
К5 – ену және шығу ақпараттар көлемінің қатынасы;
К6 – деректердің жалпы көлеміндегі шығындалатын ақпараттың үлесі.
Көрсетілген мақсаттарға бір уақытта жету мүмкін емес. Мысалы, АЖ К1 және К4 критериялары бойынша тиімділігін арттыру К4 артуына әкеледі және жүйенің жеткен жағдайы С4 қайшы болады.
Қазіргі ақпараттық жүйелердің өзіне тән ерекшеліктері
АЖ көптеген аспектілер бойынша кластарға жіктеледі. Бұл топтастыру кеңейтілген болып табылады. Біз функционалдық белгі, АЖ жұмыс істеу режимдері және есептеу ресурстарын тарату тәсілдерінің топтамасын қарастырамыз.
АЖ арасында басқаратын ақпараттық жүйелер (кәсіпорындағы технологиялық процестерді басқару үшін) және кәсіпорынды басқару жұмыстарын атқаратын мамандар тобына қызмет көрсететін әкімшілік-ұйымдасқан түрдегі жүйелер ерекше көзге түседі.
Біз қарастыратын АЖ әкімшілік-ұйымдасқан жүйеге жатқызуға болады.
Қызметіне қарай АЖ мыналарға бөлуге болады: деректерді өңдеу жүйесі, басқарудың автоматтандырылған жүйесі және ақпараттық іздеу жүйелері. Аталған жүйелердің құрылымдық схемасы 1.1 және 1.2- суреттерде кескінделген. Іс жүзінде қызмет ететін көптеген АЖ аталған кластардың сипатына ие.
АЖ-дың басты қызметі ақпаратты жинау, беру, сақтау және өңдеу, енгізу, іріктеу, түзету және ақпарат беру операциялары болып табылады. Жоғарыда аталған қызметтермен атқарылмайтын ену ақпаратын шығу ақпаратына түрлендіру қызметі қолданбалы программалар жасауды талап етеді.
1.1-сурет - Жүйелердің құрылымдық схемасы
Әртүрлі мақсаттағы қолданбалы программалармен жабдықталған АЖ деректерді өңдеу жүйесін түзеді. ДӨЖ-нің қолданбалы программалары үшін экономикалық объекті басқару процесін оңтайландыру тәсілдерін қолданбай-ақ, ену ақпараттарының белгілі мәндері бойынша шығу ақпараттарының мәндерін есептеуге мүмкіндік беретін математикалық арасалмақ тән. Мысал ретінде кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын есептеу, статистикалық есеп беруді құру және т.б. программаларын атауға болады.
ДӨЖ басқару шешімін қабылдайтын басқару объектісі органының мамандарына ақпараттық қызмет көрсетеді. Ұсынылған ақпарат негізінде қабылданған шешім ДӨЖ-нен тыс басқару объектісіне беріледі.
ДӨЖ-ін ену ақпараттар ағынын шығу ақпараттар ағынына түрлендіретін жүйе ретінде қарастыруға болады. Негізінде мынадай шығу ақпараттарының ағындары қолданылады:
басқару объектісінен және сыртқы ортадан (басқа мекемелер мен ұйымдардан) келіп түсетін ену ақпараты,
өңделмейтін ақпарат, яғни ену ақпаратының бір бөлігі өңдеуден тыс тікелей басқару органына беріледі;
нормативтік-анықтамалық ақпарат;
шығу ақпараты, яғни жүйемен өңделген және басқару органы мен сыртқы ортаға берілетін ақпарат;
аралық ақпарат, келесі уақыт кезеңінде есептеулерді орындау үшін ДӨЖ-не қажет шығу ақпаратының бір бөлігі.
Егер ДӨЖ басқару шешімдерін таңдауды орындай алуға (өз бетімен немесе маманның қатысуымен) бейім болса, онда ол басқарудың автоматтандырылған жүйесі – БАЖ айналады. Жүйенің шешім қабылдауы экономикалық-математикалық тәсілдер негізінде немесе маманның басқару шешімін қабылдау бойынша әрекеттерді модельдеу арқылы іске асады. Басқару шешімін түзетін БАЖ қолданбалы программалары оңтайлы шешімді таңдау үшін экономикалық-математикалық тәсілді қолданады. Тапсырманы (мысалы, оңтайлы өндірістік программаны есептеу үшін өнімнің өзіндік құны) оңтайландыруға арналған бастапқы мәліметтер деректерді өңдеу жүйесі режимінде есептелінеді. Маман арқылы шешім қабылдауды модельдеу жасанды интеллект және білімдер базасы принциптері бойынша құрылған сараптық жүйелер деп аталатын жүйеде іске асады.
БАЖ-і үшін материалдар қорын және кәсіпорын қоймасын оңтайлы басқару мәселелеріне тән. БАЖ материалдардың келіп-түсуін, олардың кәсіпорын негізіндегі шығындардын болжайды, материалдар қорының нормасын қадағаламаған жағдайда жабдықтаушы кәсіпорынға мәлімдеме жасайды.
Ақпараттық іздеу жүйелері (АІЖ) қандайда бір құжаттар жиынында тақырыптың ақпараттық сұранысында көрсетілген немесе қажет мәліметтерден тұратын деректерді іздеуге арналған. АІЖ қызмет атқару схемасы 1.2-суретте кескінделген. АІЖ енгізу кезінде әрбір құжат индекстеледі.
Индекстеу деп екі кезеңнен тұратын процесті атаймыз:
берілген құжатта кескінделген тақырыптарды анықтау;
тақырыптарды ақпараттық іздеу жүйесінде қабылданған тілде және жазбаларды құжатпен байланысатын іздеу үлгісінде өрнектеу (жазу).
Қандайда бір ақпараттық сұранысқа сәйкес келетін құжаттарды АІЖ арқылы іздеу үшін сұраныстың өзі индекстелу керек. Іздеу процесі іздеу үлгісі бар сұраныспен құжаттарға шолу жасау арқылы орындалады. Толық немесе аздап ұқсастықтары бар құжаттар сұранысқа сәйкес деп танылып, қолданушыға беріледі.
1.2-сурет - Ақпараттық іздеу жүйесінің қызмет ету схемасы
