
- •11. Сенестопатиялар және соматикалық сезімдер. Диф. Диагноз. Клин. Мағынасы.
- •12.Иллюзия, клиникалық түрлері.
- •13.Галлюциянация, клин. Түрлері.
- •14.Психосенсорлы бұзылыстар және клин. Түрлері.
- •15.Дисморфоманиялық синдром.
- •16.Ассоциативті бұзылыстардың әрекеттері,олардың мінездемесі.
- •17.Сандырақ туралы түсінік, клин түр.
- •18.Өте бағалы ойлар, түрлері.
- •19.Жабысқақ ойлар, түрлері.
- •20.Ес қабілетінің жіктелуі, мінездемесі.
- •21.Интеллект бұзылулары, деменция түрлері.
- •22.Олигофрениялық және дементтік синдромдар.
- •22.Әуестіктің бұзылулары, әр-түрлі бұзылыс түрлері.
- •23.Гипобулия, абулия, парабулия. Клиникалық мағынасы.
- •24.Есеңгіреу, сопор, кома. Клиникалық мағынасы.
- •26.Делириозды синдром. Құрылымы, клиникалық мағынасы.
- •27. Онейроидты синдром. Құрылымы, клиникалық мағынасы.
- •28.Аментивті синдром. Құрылымы, клиникалық мағынасы.
- •29.Сананың бұлыңғыр алжасуы: құрылымы, клиникалық мағынасы.
- •30. Корсаков синдромы, құрылымы, мағынасы.
- •31.Паранояльды синдром, құрылымы, клиникалық мағынасы.
- •32. Психикалық автоматизм синдромы.
- •44.Апатико-абулиялық синдром.
- •45.Ипохондриялық синдром, оның құрылымы
- •46.Деперсонализация синдромы, клин.Мағ.
- •49.Житс кезіндегі психикалық бұзылыстар, клиникасы және терапиясы.
- •50.Соматикалық ауруларда кездесетін психикалық бұзылыстар.
- •51.Ми мерезі және прогрессивті паралич кезінде кездесетін психикалық бұзылыстар.
- •53.Бас миының дегенеративті ауруларында кездесетін психикалық бұзылыстар(Альцгеймер,Пик ауруы,сенильді деменция).
- •66.Жүйкелік тиктер
- •67. Балалардың ерте аутизмі,клиникасы, ағымы және болжамы.
- •68.Акселерация және инфантилизм, психикалық дамуға әсері.
- •69.Балалардағы психикалық бұзылыстардың дамуының ерекшеліктері.
- •71.Балалардағы гипердинамикалық синдром, клиникалық ерекшеліктері.
- •73.Терапияның психикалық ауруларға икемделуі (биологиялық терапия, психотерапия, әлеуметтік терапия) дәлелді медицинаның көз-қарасымен.
- •74. Бас миының жарақаты кезіндегі психикалық бұзылыстардың емі.
- •75. Шизофрения терапиясының әдістері.
- •76.Инсулин-коматозды терапияны жүргізудің тәсілдері.
- •Эпилепсия емінің жалпы міндеттері
- •Биполярлы аффективтті бұзылыстардың емі
- •Психикалық бұзылыстардың психогигиенасы және психикалық алдын алу.
- •Транквилизаторлар, қолдану көрсеткіштері.
- •Психотерапия және олардың түрлері
- •Психофармакотерапиядан асқыну
- •Ұйқының бұзылуы және олардың терапиясы
- •Антидепрессанттар, олардың негізгі топтары.
- •Тырыспаға қарсы заттар, қолдану көрсеткіштері
- •Ноотроптар, қолдану көрсеткіштері
- •Нейролептиктер, негізгі топтары, қолдану көрсеткіштері
- •Реактивті жағдайлар, реактивті психоздардың клиникасы
- •89.Невроздар, клиникалық түрлері, этиологиясы және патогенезі
- •90.Неврастения, клиникасы және ағымы
- •91.Жабысқақ жағдайлар неврозы, клиникасы және ағымы
- •92.Истериялық невроз, негізгі клиникалық көріністер
- •93.Истерия кезіндегі соматикалық және неврологиялық
- •95.Паникалық шабулар: құрылымы, клиникалық мағынасы.
- •96.Психопатиялар, клиникалық жүйесі.
- •97.Психопатиялардың әртүрлі түрлерінің клиникалық сипаттамасы.
- •98.Стреске реакция және бейімделудің бұзылуы. Төтенше жағдайлар кезінде психикалық бұзылыстар
- •99.Физиологиялық бұзылыстарға байланысты мінез-құлық бұзылыстары (анорексия, булимия, ұйқының бұзылуы, жыныстық бұзылыстар)
Психиатрия пәні және мақсаты.
Психиатрия клиникалық медицинаның бір бөлігі, оның міндеттері аурулардың пайда болуын, клиникалық көріністерін зерттеу, емдеу мен алдын алу болып табылады. Психиатрия міндеттеріне сот-психикалық, әскери сараптама, психикалық бұзылыстармен науқастардың еңбекке қабілеттілігін анықтау және т.б.жөнінде сараптамалар жүргізу кіреді. Біз өізіміздің мамандығымызға байланысты психикалық сау және ауру адамды ажырата білуіміз қажет. Егер, ол психикалық ауру болса, оған қажетті көмек көрсетуді ұйымдастыруды білуі керек. Психиатрлар психикалық ауруларды бейнелеу қабілеттілігінің және қоршаған ортаны танудың бұзылуына, өз жеке басын саналы қабылдаудың өзгеруіне алып келетін бас миы қызметінің бұзылысы нәтижесінде қарастырады. Ми қызметінің бұзылуы сыртқы немесе ішкі себептердің, бейімділікпен, сонымен қатар өзге де факторлар кешеніне байланысты метаболизм ақаулары әсерінен пайда болуы мүмкін. Осының нәтижесінде науқастың өмір сүруге қабілеттілігі мен бейімделуі жекелей немесе толық бұзылады.
МАҚСАТЫ:
психикалық ауруларды анықтау және тіркеу.
психикалық бұзылыстарды анықтау және диагностикалау
науқастарды белсенді динамикалық бақылау немесе консультация жүргізу, егер өз еркімен келетін болса
емдік және психикалық профилактикалық шараларды жүргізу
соттық-психиатриялық, әскери және еңбектік экспертизаны жүзеге асыру
әлеуметтік реабилитация және реадаптация
соттық, құқықтық көмек
қоршаған ортға қауіпті психикалық аытқулары бар науқастарды госпитализациялау
Использование средств массовой информации
психикалық бұзылыстарды этиопатогенетикалық механизмдерін өңдеу
Психиатрияның дамуының маңызды кезеңдері.
Көптеген ғасырлар бойы психиатрияның даму тарихында психикалық аурулардың табиғатын ашуда материалистік және идеалистік бағыт арасында көптеген тартыстар болды. Материалистік бағыттағы өкілдер психикалық бұзылыстарды организмде болатын материалдық өзгерістермен, мида болатын өзгерістермен байланыстырса, ал, идеалистік бағыттағылар психикалық дерттің шығу табиғатын психикалық және материалдық үрдістердің тәуелсіздігі немесе параллелизмімен түсіндірді. Психиатриядаяның басты бағыты ол клиникалық бағыт. Психиатрияның клиникалық бағытта дамуын француз психиатры Пинель реформасымен байланыстырса, отандық психиатр Баженованың бейнелік сипаты арқылы «ақылынан адасқандар» науқас адамдар ретінде қабылданды. Клиникалық бақылаулар негізінде психикалық бұзылыстар табиғатының гипотезасы құрылды. Соның ішінде жалпы психоз концепциясы, туылыс концепциясы-дегенерацияға байланысты, бұл кезде психикалық аурулар тұқым қуалаушылық және сыртқы факторлардың әсер етуімен дамып, ерекше даму сатылары болады. Бірінші буында тұқым қуалаушылық бейімділік және қолайсыз факторлар, оның ойы бойынша жеңіл психикалық бұзылыстар мен жүріс-тұрыс бұзылыстарын шақырады, кейінгі ұрпақтарында психикалық бұзылыстар ауырлап, ақыл кемсітігімен, салданумен аяқталады. Психологиялық бағыт., биологиялық бағыт.
Психикалық аурулар ағымының мынадай негізгі кезеңдерін бөледі.
продормальды –ерте симптомдар кезеңі
манифестті-психопатологиялық синдромдардың максимальды ашылған және күрделенген кезеңі
кері даму кезеңі-дертті үрдіс белсенділігінің басылуы және симптоматика редукциясы
Психикалық аурулардың этиологиясы (әлеуметттік, биологиялық, жастық, тұқым қуалау факторлары)
Әлеуметтік - өндірсітік фактор психикалық бұзылыс себебі түрінде (профессионалдыаурулар кезінде) кейде аған бейімдейтін жағдай рөлін атқарады. Мысалы, өнеркәсіп жағдайындағы үнемі шу, вибрация, эмоциональды жүктеме қантамырлық аурлы ауырлатып, психопатологиялық симптоматиканың дамуына ықпал ете алады.
Биологиялық – генеративті функциялардың ерекшеліктеріне байланысты (менструальды цикл, жүктілік, босану, лактация, климакс) жоғары эмоционалдық, айқын циклдылық және зат алмасудағы өзгерістер-осылардың барлығы әйелдерде ерлерге қарағанда истерия, маниакальды-депрессивті және пресенильді психоздардың жиі кездесуіне себеп бола алады. Ал алкогольді психоз, мерездік психоз, жарақаттар және церебральді атеросклероз елдер арасында көбірек кездесед.
Жастық – жас кезеңдеріне байланыссыз аздаған психикалық аурулар тобы бар. Организмде адаптациялық қиындықтар туғызатын жас кезеңдерінде күрт өзгерістер (пубертатты криз,климакс) невроз, реактивті жағдайлар, психопатиялар декомпенсациясы, шизофрения, маниакальды-депрессивті психоз ауруарына бастама береді.
Тұқым қуалау-ата-анасынан келетін фактор. Яғни генетикалық ерекшеліктеріне байланысты.
Психикалық ауруларды зерттеу тәсілдері. Психикалық статусты жазу.
Клиникалық әдіс психикалық аурулар диагностикасында негізгі әдіс болып табылады. Ол науқастың паспорттық мәліметтерінне, шағымдарын анықтау, анамнездік мәліметтерін жинау, соматикалық және неврологиялық тексерулер, психикалық жағдайын зерттеуден тұрады.
Экспериментальды псих-қ әдіс-немесе патопсихологиялық зерттеулер психикалық патологияның сипаты мен мөлшерін негіздеу мақсатында қолданылады. Онда коорректуралық сынама, Крепелин бойынша санау, санау әдісі, Шульте таблицасынан саныд іздеу, 10 сөзді жаттау, әңгімені еске түсіру, сюжетті суреттерді түсіндіру, қиялдау қабілетін зерттеу үшін прожективті Роршах әдісі қолданылады, Оқиғаың реттілігі, артық затты анықтау, маңызды белгілер, түсінікті анықтау, салыстыру, мақал-мәтелдер метафоралардың мағынасын ашу.
Электрофизиолоялық зерттеу-мидың фунциональды жағдайын әртүрлі электрлік құбылыстарды қолдану арқылы анықтау жатыр. Сондықтан э-қ зерттеу функциональды диагностика әдісі деп те аталады. Психиатриялық тәжірибеде эелктроэнцефалограция, реоэнцефалография және эхоэнцефалография қолданылады.
Нейроморфолоялық зерттеу – психикалық бұзылыстар ми патологиясының салдары болып табылады.
Эпидемиологиялық әдіс-көпшілік дертті жағдайларды зерттеуге және психикалық патологияға тән. Ауруға шалдығу, ауруға шалдығу қаупі.
Психикалық статусты жазу.
Ауру тарихында психикалық жағдайды белгілі бір ретпен жазу керек. Суреттеу схема бойынша сұраққа жауап ретінде болмауы тиіс, ол науқастың және орын алған психикалық бұзылыстардың курделі, жоспарлы сипаттамасы болуы тиіс. Психикалық статусқа дәрігердің жеке ойын көрсететін сөз тіркесін және терминдерді жазуға болмайды: мысалы, «науқаста жабысқақ ойлар бар», «науқастың галлюцинациялары бар» т.б. Психикалық статуста науқаспен контакт бар жоғы бекітіледі. Аурумен байланыс толық немесе формалды өтуі мүмкін: сұрады-айттым, сұрамады-айттпадым-деген тәрізді. Байланыс толық емес болуы мүмкін : науқас өзінің сандырақтық немесе өзге күйзелістеріне қатысты емес тақырыптарда ашық әңгімелесуі мүмкін. Ступор, негативизм, дисимуляция науқастың дәрігерге деген сандырақтық көз қарасында, императивті галлюцинациялар кезінде контакт қиынға түседі немес мүмкін болмайды.
Одан әрі статуста аурудың уақытқа, орынға, жеке басына байланысты бағдары белгіленеді. Ес пен интелект бұзылыстарында аурудың қоршаған ортаны, уақытты бағадарлауы бұзылады, мысалы, науқас ауруханада екенін біледі, бірақ қай ауруханада екенін білмейді, жылды біледі, қандай ай, күн екенін білмейді. Науқастың сандырақ әсерінен бағдары бұзылуы мүмкін: өзін ауруханада емес түрмеде жатырмын деп дәрігерді тергеуші деп, жазған ауру тарихын тергеу қағазы деп ойлайды. Кейбір аурулар екі жақты бағдарлау болады: бұл кезде ауру өзін бір уақытта ауруханада да түрмеде де жатырмын, кейбір науқастарды емдейді, кейбіреулері тергеуде жатыр деп есептейді. Бағдарлау бұзылуы сана бұзылыстарын анықтауды критерияларының бірі болып табылады. Делирий уақыт пен кеңістікті бағдарлау бұзылысымен жүреді, аменциядан айырмашылығы бұл кезде өзіндік жеке тұлғасын бағдарлау бұзылысы болмайды.
Сонан соң қабылдау бұзылыстарын суреттейді: иллюзия, галлюцинация, психосенсорлық бұзылыстар т.б.патологияның бұл түрі туралы мәліметтерді ауруды арнайы сұрау арқылы біледі: дауыстар естиді ме, олар қандай естиледі, олар көп пе, оларды кімдер айтады және т.б. Бақылау әдісі арқылы галлюциялардың объективті белгілері анықталады ( олардың мазмұнына байланысты мимика, поза, жүріс-тұрыс және т.б.өзгереді). Осылайша нақты, түпкілікті түрде ойлау сипатталады: оның темпін, ассоцияциялық қызметін, логикалық үрдістің бұзылуы-жабысқақтықтар, аса бағалы идеялар, сандырақ. Ассоцияциялық үрдістердің бұзылуы кезінде науқас сөзінен үлгісін немесе оның жазбасының үзіндісін мысалға алуға болады. Одан әрі еспен интелекті зерттеу мәліметтері келтіріледі.Ес жөнінде мәлімет анамнез жинау кезінде аурудың сурақтарға жауабынан білуге болады. Аурудың есі бұзылғанда анамнездік мәлеметтерді науқас ретімен, толық жеткізе алмайды, соңғы уақыт кезінде болған, ағымдағы оқиғалар ұмытылады. Ауруға жеңіл еске сақталатын информацияны ұсынуға болады, оқыған кітабының көрген кино филімінің мазмұнын айтып беруге сұралады. Аурудың білім қоры оның қоғамда алатын орнына сәйкестігі анықталады. Науқастың ой түйіндеу пікірлеу қабілетін анықтау үшін оған арифметикалық қызметі қажет ететін қарапайым есептеу операцияларын, сурет бойынша әңгімелеу, мақалдарды түсіндіріп бері т.б.ұсынылады. Эмоциялар толық суреттеледі: көңілкүй, реакциялар,және т.б.эмоцияларлық көріністер. Науқас эмоциясының көлемі, тұрақтылығы, басым сипатты, ситуацияға және науқастың физикалық күйіне және жалпы психикалық мазмұнға сәйкестігі көрсетіледі. Осылайша, эйфория кезінде көңіл-күй әдеттегіде көтеріңкі емес, адекватсыз түрде көтеріледі, мұндай жағдайлар өлім алдындағы кахексиялық ауруларда, өкпе –жүрек жетіспеушілігі ауруларында, трансмуралды миокард инфарктында, алкоголизмнің 3-сатысында және т.б.жағдайларда кездеседі. Депрессивті немесе маниакальды жағдайларда дисфория, апатия, үрей, қорқыныш кезінде олардың белгілері көңіл аудару керек. Еріктік, қозғалыстық бұзылыстар науқастың активті және поссивті назарына, әуестіктеріне, тілектеріне, аурудың әрекетәмен жүріс-тұрысына әсерін тигізеді. Тексеру кезіндегі науқастың мимикасын, пантомимикасын, сыртқы көрінісін және бөлімшедегі жүріс-тұрысын суреттеу қажет. Психиалық статустың аяғында науқастың өз жағдайына сыни көз қарасын және болашағына болжамын атап өту керек.
Психиатриялық қызметті ұйымдастыру. Психиатриялық диспансердің мақсаттары.
Диспансерлер науқастарға емдік және социальды көмек көрсетеді. Ауылдық жерлерде ауруханаларда психиатриялық кабинеттер жүйесі және орталық аудандық аурханаларда психоневрологиялық бөлімшелер бар. Осындай кабинеттерде немесе бөлімшелерде жалпы учаскелік дәрігер және орта медперсонал психиатр кеңесі арқылы бекітілген учаскелеріндегі аурулармен күнделікті емдік және профилактикалық жұмыс жүргізеді. Ортылқ аудандық аурухананың диспансерлік бөлімінің құрамында психиатриялық, неврологиялық, балалар, психоневрологиялық, наркологиялық кабинеттер бар. Психоневрологиялық диспансер бөлімшесінің қызметкерлері осы контингент науқастарын, әсіресе алғаш дерттің белгісі бақыланған науқастарды анықтауға байланысты қмақты жұмыс өткізді. Бұл қызметте негізгі көмекті ауылдық учаскелік дәрігерлер, фельдшерлер, акушерлер, ауыл тұрғындарын жақсы білетін адамдар көрсетеді. Ауруханадан тыс психиатриялық көмек жалпы емханамен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Психоневрологиялық диспансер мен жалпы байланыста жұмыс жасайды. Психоневрологиялық диспансер мен жалпы емхана арасындағы интеграция бұрыннан қалыптасқан, яғни осы диспансерлерде қызмет ететін дәрігерлер мен жалпы емхана қызметкерлері бір аймақта және бір әкімшілік ауданда тұратын науқастарды еммен қамтамасыз етеді. Бұл диспансерлік және емханалық жұмыстарды жеңілдетеді. Яғни олармен уақытылы кеңес беру, тұрақты бақылау жасау, барлық ауруларға уақытында психиатриялық көмек көрсету, аурулардың уақытылы дәрігерге көріну тәрізді жағдайлар жасалуда.
Экспериментальды-психолиялық зерттеулер, мақсаты, обьекті, тәсілдері.
немесе патопсихологиялық зерттеулер психикалық патологияның сипаты мен мөлшерін негіздеу мақсатында қолданылады. Онда коорректуралық сынама, Крепелин бойынша санау, санау әдісі, Шульте таблицасынан саныд іздеу, 10 сөзді жаттау, әңгімені еске түсіру, сюжетті суреттерді түсіндіру, қиялдау қабілетін зерттеу үшін прожективті Роршах әдісі қолданылады, Оқиғаың реттілігі, артық затты анықтау, маңызды белгілер, түсінікті анықтау, салыстыру, мақал-мәтелдер метафоралардың мағынасын ашу.
Психиатриядағы продуктивті және негативті симптомдар.
Шығу тегі ерекшеліктеріне байланысты барлық психопатологиялық симптоматика позитивті және негативті болып бөлінеді. Позитивті симптоматика (продуктивті, плюс – симптоматика) психиканың патологиялық өніміне байланысты дамиды. Мұнда галлюцинация, сандырақ, жабысқақтар, аса бағалы идеялар және басқа да патологиялық түзілістер жатады. Негативті симптоматикаға психикалық қызметтің қандай да бір звеносының дұрыс дамымауы, жоғалуы нәтижесіндегі психикалық функцияның тұрақты түсіп қалу белгісі жатады. Психикалық дефекттің көріністеріне естің жоғалуы, ақылкемдігі, ақылаздығы, тұлғалық төмендеу жатады. Позитивті симптоматика негативті симптоматика,а қарағанда динамикалы болып келеді; ол өзгермелі, күрделенуге қабілетті және жиі қайтымды. Дефицитарлы құбылыстар тұрақты, терапиялық әсерлерге улкен тұрақтылықпен ерекшеленеді. Ауру жағдайында позитивті және негативті белгілер бір-бірімен байланысқан бірлікте болса, түрлі жағдайларда, жастық кезеңдерде, әртүрлі ауруларда әрқалай көрінеді. Қолайсыз ішкі және сыртқы себептердің, ауыр аурудың әсерінен сәбилерде белгілі бір психикалық функция дамуының кідірстеуі мүмкін. Осының салдарынан жетіспеушілікті компенсациялауға биолоиялық тенденцияның болуына байланысты өзге психикалық фнукциялар қарқынды дами бастайды да, психикалық қызметтің біркелкі емес дамуы, жалпы асинхрония тудырады. Дж.Джексон айтуынша ауру текнегативті белгілер тудырады, ал позитивті белгілер ауру зақымдамаған жүйке жасушаның активтілігі нәтижесінде дамиды деген. Неврологиялық тәжірибеде патология мида ошақты, кейде кең көлемді болса негативті белгілер басым болады.
Сараптама түрлері.
Паталоанатомдық аффект-транзиторлы психоз (1-2 сағаттан бірнеше тәулікке дейін)созылады. Бұл кезде естің тарылуы болады.
анамнезіндегі зақымдану болса
соматикалық патология болса
физикалық-психикалық қажу
ұйқы бұзылыстары
Срапшылар алдында аурулардың еңбекке қабілеттілігіне баға бері е\кезінде олардың еңбекке қабілетсіздігінің ұзақтығы туралы сұрақ қояды. Сарапшыға аурудың еңбекке қабілеттігі туралы сұрақты шешу үшін науқастың әлеуметтік-еңбектік тәртібі жайында мәліметтер керек және сараптау кезінде оның клиникалық жағдайында дұрыс баға беру керек. Сарапшы еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі немесе тұрақты жоғалуын анықтай келе оның дәрежесін де анықтауы керек. І, ІІ,ІІІ.
ӘСКЕРИ-Дәрігерлік сараптама-жүйкелік-психикалық аурлармен науқастар үшін жалпы әскери-дәрігерлік экспертизаның бөлігі болып табылады. Әскери-дәрігерлік сараптаманың азаматтық сараптамамен салыстырғанда өзіне тән өзгешеліктері бар. Еңбектік сараптама жүргізу кезінде психикасында шамалы ауытқу байқалған кезде реабилитациялық мақсатта ондай адамдарды қоғамдық пайдалы іске баулу, еңбекпен емдік-профилактикалық әсер ету, әлеуметтік деградациясының алдын алу ұсынылады. Әскери жағдайда мұнадй міндеттерінің орындалуы мүмкін емес, әскери міндетті орындау әскери қызметті өтеушінің еңбек етуі мен демалысын бөлек қарауға мүмкіндік бермейді. Бірінші ретте бүкіл әскери ұжым үшін маңызды міндетті шешу, қатал тәртіп пен режим, осындай жағдайда азаматтық өмір жағдайында компенсациялануы мүмкін психикадағы әрбір ауытқу немесе мінездегі ауытқулар әскери міндетті орындауды мүмкін емес етеді. Жүйкелік-психикалық ауруларға әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу кезінде білім деңгейіне талап қоюдың жоғарылауы, әскер қатарына шақырылатындардың техникалық дайындығына талаптың жоғарылауы және өз бетінше шешім қабылдай алуға қабілетті ескерілуі керек.
СОТТЫҚ-психиатриялық сараптама – ауыр психикалық аурулармен зардап шегетін науқастар өздерінің істеріне есеп беруге және оларды басқаруға қабілетсіз болғандықтан қабілетсіз болып табылады және психиатриялық ауруханаға жолданады. Аз үдемелі, баяу ағымды және постпроцессуалды психопатия тәрізді жағдайлар сараптамасы айтарлықтай қиындықтар туындатады.Науқастың психотикалық күйде жасаған азаматық актарының заңды күші болмайды. Басқа жағдайларда науқасты қабілетті деп мойындау мүмкіндігі бар.
Түйсік пен қабылдаудың бұзылыстары.
Қабылдау – материалды әлемнің заттары мен құбылыстарын бейнелейтін психикалық үрдіс. Қабылдау күрделі акт. Ол ес, ойлау үрдістерімен тығыз байланысты. Қабылдау түйсіктен басталады.
Түйсік – қабылдаудың ажырамас бір бөлігі. Ол психикалық үрдістің бірінші элементі, оның көмегімен әрбір заттар мен құбылыстарыдң сапасын жеке қасиетін: көлемін, формасын, салмағын, түсін тұнықтығын және т.б.бейнелейміз. Ең алғаш Аристотель «біздің санамызда ешқашан болмаған зат біздің түйсігімізде болмаған» деп айтып өткен. Түйсік пен қабылдау біздің санамыздың қақапасы. Түйсік пен қабылдау біздің барлық біліміміздің қайнар көзі.
Түйсік пен қабылдау бұл заттар мен құбылыстар әсер еткендегі анализаторлар функциясының нәтижесі. Сезім мүшелерінің келісілген және дұрыс қызметі психикалық үрдіс үшін маңызды әртүрлі ауруларға және хирургиялық араласуларға байланысты анализаторларды жоғалту психикалық белсенділіктің төмендеуіне, жоғарғы жүйке жүйесі қызметін бұзылыстарына әкелуі мүмкін. Павловтың жануарлардың бір немесе бірнеше анализаторларынның церебральды бөлігінің экстрипациясымен жануарларға жасаған экспериментінде және көптеген авторларлдың сенсорлы изоляциямен депривация жағдайында сурдокамерада даманың сезімімен жүріс-тұрысын бақылауы осының дәлелі бола алады.
Затты қабылдау түйсіктер жинақтығына саяды, бұл тек жаңа туған нәрестеде бақыланады. Өмір сүру барысында ересек адамдардың қиялында барлық заттардың бейнесі, өзіндік эталоны құралады, осылайша біз ол заттарды біле отырып, бір мен салыстырамыз. Ересек адамдар қабылдауын көрнекілік үшін мына формуламен бейнелейді: қабылдау=түйсік сомасы+елестеу.
Бұзылыстардың невротикалық және психотикалық деңгейлері. Дәрігердің тактикасы.
Бұзылыстың невротикалық деңгейі-невроз. Психотикалық деңгейі-психоз.
Психозға көбінесе сандырақ, галлюцинациялар, естің бұзылуы, критиканың бұзылуы, психомоторлы қозу, агрессияға бейімділік, суицидке құмар болу, дәрігердің көмегінен бас тарту.
Неврозға-мінездің жұмсақтығы тән. Сау адамға ұқсас болып келеді. Кей уақытта адамдарда әртүрлі ойлар пайда болады, бірақ олар оны аурулық әрекер деп санайды. Кейбіреулер симптоматиканы скрывать етеді. Онда көбінесе эмоциялық бұзылыстар байқалады.
Қабылдау бұзылыстарының жасқа байланысты ерекшеліктері.
Қабылдау бұзылыстары жиі балаларда кездеседі және олардың бірқатар ерекшеліктері болады. Балаларда жиі әрқилы ең ладымен көру иллюзиялары пайда болады. Олар ұйқыға кетер алдында, қорқыныш жағдайында (оқылға ертегілерден немесе ұйықтар алдында тыңдалған «қорқынышты» оқиғалардан), дене температурасының жоғарылауы кезінде жеңіл пайда болады. Бұл жағдайда қоршаған ортадағы затар қорқынышты көрінеді. Фантастикалық формаларға енеді, балалар бөлмеде жалғыз қалуға қорқады. Егер галлюцинациялар пайда болса, соның ішінде көру галлюциянациялары басым болып келеді. Олар ашық бейнелі сипатта болады және әдетте кешкі уақытта пайда болады. Жиі галлюцинациялар өзгерген сана фонында бақыланады. Психосенсорлық бұзылыстар – балалардағы инфекциялық және органикалық аурулардың жиі симптомы. Жасөспірімдердегі қабылдау бұзылыстары ересектердікіне ұқсас болып келеді. Дегенмен, ересектермен салыстырғанда жасөспірімдерде көру галлюцинациялары, қиял елестері айқын болып келеді. Жасөспірімдердегі галлюцинациялармен псевдогаллюцинациялардың ерекшеліктері оқылған кітап мазмұнын, қызығушылықтарын бейнейлейді. Жиі жасөспірімдерде дереализация мен деперсонализация бақыланады. Бұл бұзылыстар шаршау немесе эмоциянальды күйзелістер кезінде эпизодты түрде пайда болуы мүмкін.
11. Сенестопатиялар және соматикалық сезімдер. Диф. Диагноз. Клин. Мағынасы.
Сенестопатия-денедегі әр түрлі, түсініксіз, анықталмаған сезімдермен көрінетін, науқастың өз сезімдерін жеткізе алмайтын психикалық бұзылыс симптомы б.т. Әр науқастарда ол әр түрлі, басқа науқастардағыдай емес. Мысалы:кебіреулері оны созу, қысылумен сипаттаса, ал басқалары оны сөзбен жеткізе алмайды. Осы сезімді түсіндіре алмағандықтан науқастар өзінде соматикалық ауруы бар деп санайды. Бұл жағдайды сенестопотиялық-ипохондриялық синдром д.а. Сенестопотия жиі шизофренияда, дипрессиясы бар науқастарда кезедеседі. Көңіл күйінің түсуі сенестопотиясы бар барлық науқастарға тән. Шизофрениялық сенестопотия сезімі-бөгде әсердің болуымен сипаталады(сенестопотиялық автоматизм д.а.).Дезадаптация дамиды. Мыс: бір мед.студент оқуын тастап кетті, өйткені миында жылы жұмсақ тесто тәрізді субстанцияның ағатынын сезгендіктен.
Соматикалық сезімдер-науқас өзінің іш құрылысында болып жатқан сезімдерді көреді, сезеді және осының барлығын сырттан бақылай алады. “Органикалық сезім”, “денедегі сезім”, “ауырсыну”, “жағымсыз сезім”, “витальді сезім”.
12.Иллюзия, клиникалық түрлері.
Иллюзия-шындығында бар объектіні қате қабылдау. Түрлері:аффективті, интерпретативті, парейдолиялық иллюзиялар.
Аффективті ил.-науқас өзіне төнген қауіпті сезінеді, істің мәні неде екенін түсіну үшін қоршаған ортаға күдікпен қарайды. Өткінші адамдардың сөз үзінділерін көше дыбысымен біріктіріп, өз көңіл күйіне қатысты қабылдайды. Мыс:соғыс басталды, осыны өзіне қарсы шабуыл ұйымдастырылып жатыр деп түсінеді.
Интерпретативті ил.-ауыратын науқас айнаға қарап отырып бетінің төменгі бөлігі алға қарай қозғалатындығын көреді, қасқыр тұмсығы сияқты.
Парейдолиялық ил.-қоршаған орта туралы ақпарат науқас санасының фантастикалық елестерімен бұрмаланады. Обойдаға суреттерді құрттарға ұқсатады, клеенкадағы дақты үйіліп жатқан тарақандарға ұқсатады, таза бетті телефон квитанциясы деп қабылдайды. Сау адамдарға қарағанда, бұл науқастар осы көріністерді басқара алмайды.
13.Галлюциянация, клин. Түрлері.
Галлюцинация-ештеңе жоқ жерде белгілі бір объект немесе құбылыс бар деп танылатын қабылдау бұзылысы. Түрлері: сезім мүшелеріне қарай: есту, көрі, сезу, дәм сезу, өз денесін сезу, немесе жалпы сезім голлюцинациясы болып бөлінеді. Ұйықтар алдында п.б. гипногогикалық, оянар алдында п.б. гипнопомпикалық. Күрделілік дәрежесіне байланысты: қарапайым (вербальді: антогонисті (өзінің қорғаушылары мен жаулары арасындағы даудың куәгері болады), императивті-нұсқаулық, коментирлеуші, қорқытушы) және күрделі (бірнеше анализаторлардың бірігуінен п.б.). Шынайы және псевдогаллюцинация болып бөлінеді.
Шынайы гал.-шынайы қабылдаудың барлық белгілеріне ие және шын мәнінде объектілерден ажыратылмайды.
Псевдогал.-жасандылық сезімімен жүретін және жалған қабылдауда елестетулер сферасымен шектелген науқас үшін шынайы заттар мен құбылыстармен бір уақытта жүретін, бірақ олармен бірігіп кетпейтін қабылдау бұзылысы.
14.Психосенсорлы бұзылыстар және клин. Түрлері.
Психосенсорлы.бұз.-қабылдау бұзылысы, затты тану бұзылмайды, бірақ оған қатысты:көлемі, формасы, түсі, кеңістіктегі орналасуы, ауырлығы өзгереді. Түрлері: дене схемасын қабылдау бұзылысы (науқас адамға бүкіл денесі н/е оның жеке бөліктері үлкейген сияқты б.көрінеді. мыс:бас шар тәрізді домаланады, ісінеді, жарылып кететіндй болады), кеңістіктегі заттарды қабылдау бұзылысы (заттар бұрмаланған-метоморфопсия, ұлғайған-макропсия, кішірейген-микропсия,алшақтаған н/е жақындаған түрде қаб. мыс:науқас стаканды столға қоюға ұмтылады, бірақ арақашықтықты айыра алмау нәтижесінде стакан еденге құлайды), уақытты, қоршаған өзгерістерді қабылдау бұзылысы (бұл кезде уақыт азапты түрде ұзаққа созылу мүмкін н/е керісінше), дереализация (қоршаған ортаны бөтен, өзгерген, жасанды түрде қабылдау. Мыс: кілемдегі оюды аң деп көру), деперсонализация (өзіндік “мен” жоғалуы. Мыс: қол ұзаруы).