- •Дәрістер тезистері
- •Тақырыбы: «тұрғындар географиясы» пәні, оның міндеттері мен маңызы, тарихи қалыптасуы
- •Тақырыбы: халықтың ұдайы өсіп-өнуі және жастық-жыныстық құрамы
- •Демографиялық саясат және халықтың өсуiн реттеу
- •Халықтың жастық және жыныстық құрамы
- •Тақырыбы: дүние жүзі халықтарының нәсілдік құрамы
- •Тақырыбы: дүние жүзі халықтаРынЫң діни құрамы және өркениет географиясы
- •Тақырыбы: еңбек ресурстары және оларды қолдану
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Тақырыбы: ХаЛықтың көші-қон (миграциясы)
- •Тақырыбы: халықтың таралып орналасуы
- •Тақырыбы: қоныстану географиясы, қала-село халқы және урбандалу мәселелері
- •Зертханалық сабақтардың сипаттамасы
- •Соөж, сөж (жоспарлар, сабақтарды жүргізуге арналған тапсырмалар).
- •Ауылдық елді мекендер
- •ТақырыпбыТұрғын халықтың көші-қоны (миграциясы)
- •Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар, соның ішінде тесттер
- •«Тұрғындар географиясы» пәніне арналған тест сұрақтары
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •Глоссарий
Халықтың жұмыспен қамтылуы
Экономикалық даму деңгейiне қарай елдердiң шаруашылық салаларында жұмыспенқамтылғандардыңқұрылымында айырмашылықтар болады. Әсiресе материалдық өндiрiс және өндiрiстiк емес, өнеркәсiп пен ауылшаруашылық салалары бойынша жұмыспен қамтылғандар арасындағы алшақтық аса үлкен. Осы арақатынастарға орай жеке елдердiң экономикасының типi: аграрлық, индустриялық немесе постиндустриялық деп жiктеледi, көбiне олар бiр-бiрiмен шектескен күйде болады. Дамыған елдерде халықтың басым бөлiгi өндiрiстiк емес салаларда қызмет iстесе, дамушы елдерде негiзгi халық материалдық өндiрiсте жұмыс жасайды. Сол сияқты дене және ой еңбегiнiң арасалмағы өзгеруде, ол халықтың әлеуметтiк құрамындағы арақатынасты өзгерiске әкелуде.
Соңғы жылдары халықтың сандық қана емес, сапалық құрамы ерекше мәнге ие болып отыр. Бұған халықтың шұғылданған кәсiбiнен басқа олардың тамақтануы, тiршiлiк жағдайлары, денсаулық сақтау және ақпараттарды қабылдау қабiлетi жатады. Сауаттылық пен салауаттылық, жалпы және арнаулы бiлiм дәрежесi де аса маңызды белгiлердiң бiрi.
Дүниежүзiндегi жұмыс күшi қозғалысы мен еңбек нарқын реттеушi мекеме — Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ). Жыл сайын ХЕҰ өз конференциясын өткiзiп, онда халықаралық еңбек нормалары нақтыланып, әрi ұйымның жұмыс бағдары белгiленедi. Бүгiнгi таңда ХЕҰ-ға әлемнiң 178 елi мүше.
Қазiргi таңда халықтың жұмыспен қамтылуын өнеркәсiптiк революция құрылымы негiзiнде қарастыру басым. Оның алғашқысы — ауылшаруашылықтық, келесiсi — өнеркәсiптiк, ал соңғысында, яғни ғылыми-техникалық революция кезеңiнде ондағы шұғылданушы халықтың алдыңғы екi сферадан үшiншiсiне ауысуы айқын байқалады.
Қазіргі таңда біз, Қазақстандағы аграрлық-индустриялық сипатты, Ресейдегi индустриялық-аграрлық дамуды, ал АҚШ-тағы үшiншi, яғни халық қажетiн өтеу сферасының басымдылығын көремiз. Егер өндiрiстiк емес салаларға материалдық өндiрiстi жалғаушы және қамтамасыз етушi — көлiк, байланыс, сауда, т.б. қоссақ, онда осы “үшiншi сфераның” үлес салмағы бiздiң елде — 54%, Ресейде — 48%, ал АҚШ-та — 73%-ды құрайды. Мамандардың есептеуiнше, адамзат баласы келесi өркениеттiк революция кезеңiне, постиндустриялық немесе ақпараттық қоғамға өту үстiнде. Мұнда ой еңбегiне байланысты рухани өндiрiстiк сферада халықтың 90%-ы жұмыспен қамтылса, ал ауыл шаруашылығымен шұғылданушылар үлесi 1% шамасында болады деп күтiлуде.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Өндiрiстiк емес және онымен шептес, яғни қызмет көрсету салаларының экономикадағы үлес салмағының бiршама жоғары болуының, әрi оның одан әрi қарыштап өсуiнiң себептерiн анықтаңдар.
1. Еңбек ресурстары құрылымына халықтың жастық құрамы қалайша ықпал етедi?
2. Халықтың “экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгi” деген ұғымға анықтама берiңдер. Оның үлесiнiң әртүрлi елдер арасындағы айырмашылықтарын анықтаңдар.
3. “Жұмыссыздар” деп кiмдердi айтамыз? Жұмыссыздық проблемасын шешуге бола ма?
№7 ДӘРІС (1 сағат)
Тақырыбы: ХаЛықтың көші-қон (миграциясы)
Мақсаты: халықтың қазіргі таңдағы миграциялық процесінің даму тенденциясы. Сыртқы және ішкі миграцияның туындау себептері. Оралмандар мәселесінің республикамыздың демографиялық саясатындағы алатын орны.
Дәрістің жоспары:
1. Халықтың көші-қоңы, олардың түрлері. Оралмандар мәселелері.
2. Сыртқы және ішкі миграция, олардың басты бағыттары.
Жалпы халықтың орналасуы мен тығыздығына, оның саны мен құрамына көшi-қон үлкен әсерiн тигiзедi. Халықтың көшi-қон немесе механикалық қозғалысы өз сипатына қарай: сыртқы және iшкi болуы мүмкiн. Адамдардың өз ата-мекендерiнен шетелге кетуi эмиграция, ал басқа елге келiп тұрақтап қалуы иммиграция деп аталынады. Бұл — сыртқы көшi-қон, ал iшкi көшi-қонға халықтың бiр мемлекет шеңберiндегi қоныс аударуы жатады. Көшi-қонның себептерi көп, ең негiзгiлерi: экономикалық, әлеуметтiк, экологиялық, саяси, ұлттық, дiни, әскери болып табылады. Көшi-қон салдарынан қазiр әлемде босқындар саны артуда.
Көшi-қон өз кезегiнде ерiктi және ерiксiз түрде болуы мүмкiн. Адамзат тарихынан белгiлi құлдар саудасы кезiнде Африкадан ХVI—ХIХ ғасырлар аралығында миллиондаған негрлер күшпен Америкаға жеткiзiлген. Кеңес Одағында Ұлы Отан соғысы уақытында, оның қарсаңында және соңында бүтiндей халықтар депортацияға ұшырап, өз атамекендерiнен ерiксiз түрде жер аударылды. Қазақстан халқының көпұлтты болуына осы көшi-қонның ықпалы зор. Ал ерiктi көшi-қонға келсек, ол негiзiнен экономикалық себептерден туындайды әрi әлемде бұл жағынан әжептәуiр халықаралық тәжiрибе жинақталған. Көптеген елдерде ол жоспарлы жүргiзiледi және онымен түрлi мекемелер айналысады. Бiздiң елiмiзде, “Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiк” құрылған. 1997 жылдың желтоқсан айында “Халықтың көшi-қоны туралы” Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.
Соңғы статистикалық деректер бойынша, республика аумағына тәуелсiздiк жылдары 450 мыңнан астам қандастарымыз оралған. Олардың негiзiн: Өзбекстаннан, Моңғолиядан, Түрiкменстаннан, Тәжiкстан мен Ресейден және басқа да алыс-жақын шетелдерден елiмiзге еңбек шарты және квоталар бойынша, өз атамекенiне оралған ағайындар құрайды. 2005 жылдың өзiнде Қазақстан квота бойынша 15000 оралман отбасын қабылдады. Осы жылы бұдан басқа 30000-нан аса отбасы өз ықыласымен тарихи отанына қоныс аударды. Оларға “оралман” мәртебесi берiлгеннен кейiн — әлеуметтiк төлемдер берiлдi. Жер телiмдерiн иелену, балаларын оқу орындарына түсiрудегi жеңiлдiктер, мүлiктерiн тасымалдау кезiнде кедендiк алым-салықтан босатылу, азаматтық алудағы рәсiмдердiң қысқартылуы, жұмысқа тұру, қайта оқыту, т.б. мәселелерде мемлекеттiк қолдауға ие болады. Сондай-ақ қоныс аударушылардың бейiмделуi үшiн елiмiзде типтiк орталық құрылыстарын қолға алу мәселесi өз шешiмiн табуда.
Республикамыздағы 1991—2000 жылдар аралығындағы халықаралық көшi-қонға келсек, елiмiзге 788,2 мың адам келiп, керiсiнше, 2757,8 мың адам кеткен. Нәтижесiнде, осы уақыт арасында бұл көшi-қоннан 1969,6 мың адам терiс сальдо есебiн құрады. Ал 2000 жылдан бастап ел экономикасының өрлеуiне байланысты республикамызда осынау терiс сальдо құбылысы бiрнеше есеге кемiп, бiршама сыртқы көшi-қон елiмiзде тұрақталды.
Сыртқы көшi-қон — жеке елдер ғана емес, бүкiл материктер халқының саны мен құрамына үлкен әсерiн тигiзуде. Мысалы, Жаңа Дүние аталатын Аустралия, Солтүстiк және Оңтүстiк Америка материктерiнде халық санының кейiнгi ғасырларда (ХVIII—ХХ ғғ.) күрт өсуi де осы себептi. Олардың халқының нәсiлдiк, дiни, ұлттық, тiптен тiлдiк құрамын да өзгерттi. Осы себептi Аустралияда — ағылшын, Канадада — қостiлдiлiк, ал Латын Америкасында испан тiлiнiң және католик дiнiнiң үстемдiлiк жасауы да сыртқы көшi-қонға байланысты. Қазiр көшi-қонның жаңа өңiрi арзан жұмыс күшiн тартатын негiзгi ауданға айналуда. Өткен ғасырдың екiншi жартысынан сыртқы көшi-қонның жаңа түрi — “ақыл-ойдың сатылуы” пайда болды. Оның мәнi — бiлiктiлiгi жоғары мамандарды (ғалымдарды, инженерлердi, дәрiгерлердi және басқа сирек мамандық иелерiн) жан-жақты қызықтырып, өз елдерiне тарту саясаты. Бұл дамыған елдерге тән құбылыс, ол керiсiнше, интеллигенция қауымы аз санды дамушы елдердiң ғылыми-техникалық әлеуетiн әлсiретуде.
Халықтың iшкi көшi-қоны барлық мемлекеттерде болады, бұл әсiресе қазiргi кезде дамушы елдерде кең өрiс алған. Мұнда, негiзiнен, халықтың күнкөрiс қамымен немесе жастардың оқуға байланысты ауылдық жерден қалаларға ағылуы әлi толастамай отыр. “Ауыл — қала” көшi-қоны ТМД елдерiнде де қала халқының өсуiнiң басты себебi болып табылады. Ал Батыстың дамыған елдерiнде бұл процесс аяқталған, мұнда, керiсiнше, түтiнге тұншыққан әрi шулы iрi қалалардан қала маңына немесе оның төңiрегiндегi ауылдық жерге көшу процесi белең алуда. Сонымен қатар игерiлiп жатқан жерге қоныстану да, негiзiнен, халықтың iшкi көшi-қон қозғалысы есебiнен жүзеге асырылуда. Мысалы, Кеңес Одағы кезеңiнде елдiң шығыс аудандарын, ал Қазақстанда тың және тыңайған жердi игеру мәселелерi.
Көшi-қонның басқа түрлерiнен: реэмиграцияны, яғни өз атамекенiне оралуды; репатрианттардың тұтқыннан босанып, елiне қайтып келудi; маусымдық көшi-қонды атауға болады. Соңғысында халық, әсiресе плантациялық шаруашылық дамыған жерлерге барып, ерте көктемнен қоңыр күзге дейiн жалданып жұмыс жасайды. Мысалы, АҚШ пен Канада фермерлерiнде Латын Америкасынан ондаған мың адамдар жыл сайын еңбектенуде. Сол сияқты бiздiң елiмiздiң оңтүстiк аймақтарындағы мақта және темекi, т.б. дақылдар өсiрушi шаруа қожалықтарында, сауда орындары мен құрылыс нысандарында өзбек және қырғыз бауырларымыздың еңбек етуi. Қазiргi таңда дүниежүзiнiң көптеген елдерi, халықтың осындай iшкi және сыртқы механикалық қозғалысын реттеуге бағытталған көшi-қон саясатын жүргiзуде.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
ТМД елдерiн және Қазақстан Республикасын мысалға ала отырып, олардың көшi-қон процесiне қысқаша талдау жасаңдар.
1. Халықтың көшi-қонының туындау себептерiн анықтап, сыртқы және iшкi көшi-қон арасындағы айырмашылықтарды түсiндiрiңдер.
2. Көшi-қонның тағы қандай түрлерiн бiлесiңдер? Оларға мысалдар келтiрiңдер.
3. Қазақстанда көшi-қон саясаты қалай жүргiзiлуде?
№8 ДӘРІС (1 сағат)
