- •Дәрістер тезистері
- •Тақырыбы: «тұрғындар географиясы» пәні, оның міндеттері мен маңызы, тарихи қалыптасуы
- •Тақырыбы: халықтың ұдайы өсіп-өнуі және жастық-жыныстық құрамы
- •Демографиялық саясат және халықтың өсуiн реттеу
- •Халықтың жастық және жыныстық құрамы
- •Тақырыбы: дүние жүзі халықтарының нәсілдік құрамы
- •Тақырыбы: дүние жүзі халықтаРынЫң діни құрамы және өркениет географиясы
- •Тақырыбы: еңбек ресурстары және оларды қолдану
- •Тақырыбы: ХаЛықтың көші-қон (миграциясы)
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Тақырыбы: халықтың таралып орналасуы
- •Тақырыбы: қоныстану географиясы, қала-село халқы және урбандалу мәселелері
- •Зертханалық сабақтардың сипаттамасы
- •Соөж, сөж (жоспарлар, сабақтарды жүргізуге арналған тапсырмалар).
- •Ауылдық елді мекендер
- •ТақырыпбыТұрғын халықтың көші-қоны (миграциясы)
- •Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар, соның ішінде тесттер
- •«Тұрғындар географиясы» пәніне арналған тест сұрақтары
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •Глоссарий
Тақырыбы: халықтың ұдайы өсіп-өнуі және жастық-жыныстық құрамы
Мақсаты: Халықтың тууы мен өлімі, ұдайы өсу немесе кему үрдісі жайлы мағұлмат беру, Табиғи өсім мен халықтың жастық-жыныстық құрамының арасындағы байланысты түсіндіру.
Дәрістің жоспары:
1. Халықтың тууы мен өлімі, ұдайы өсуі немесе кемуі процестері, олардың типтері.
2. Халықтың жастық-жыныстық құрылымы, дамыған және дамушы елдер арасындағы айырмашылықтар.
Алғашқы халықты санауға деген қажеттiлiк құл иеленушiлiк құрылыста туды. Ең тұңғыш халық санағы — Мысыр жерiнде, бiздiң заманымызға дейiнгi III ғасырда пайда болды. Бiздiң елiмiз орналасқан Орталық Азия аймағында ол VIII ғасырда Соғдиана мемлекетiнде жүргiзiлдi. Ал Киев Русiнде санақ ХI ғасырда, Мәскеуде халықтың статистикалық есебi ХV ғасырда ғана басталды. Қазақстан және ТМД-ның т.б. елдерiнде, олар Ресей империясы мен КСРО құрамында болған кезеңде 7 рет жалпы халық санағы өткiзiлдi. Олар: 1897, 1926, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жылдар. Ал 1999 жылғы ақпандағы жаңа санақ — Қазақстанның тәуелсiз мемлекет мәртебесiнде жүргiзген алғашқы халық санағы едi, ал 2009 ж. ақпан—наурыз айларында елiмiзде 2-ші халық санағы өткiзiлдi.
Санақ өткiзу уақыты халық қозғалысының ең аз кезi — қыс маусымына сәйкестендiрiлген. Санақ аяқталғаннан кейiн халықтың бiр бөлiгiне бақылау сұрақтары қойылады. Халықтың жалпы санағы кесiмдi белгiлi бiр уақыт аралығында өткiзiлiп отырады. Мемлекеттiк органдар, әсiресе жоспарлау және қызмет көрсету салалары үшiн жыл сайынғы халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы туралы мәлiметтер аса қажет.
Әрi мұндай бiр жолғы есеп — халықтың тууы, өлiмi, некелесуi, т.б. осы тәрiздi мәлiметтер алуға мүмкiндiк бередi. Сондықтан бiр орталыққа бағынған мемлекеттер құрыла бастағаннан кейiн халықтың күнделiктi күнкөрiс есебiн жүргiзу қажеттiлiгi туды. Бұл мiндеттi бас кезiнде дiни мекемелер жүргiздi. Шiркеулердiң дiни салт-жораларын iске асыруда, одан түскен пайда-түсiмдерiн есептеу мақсатында, алдымен, ХVI ғасырда Шведияда, кейiннен басқа да елдерде туу мен өлiм, некелесу мен ажырасу сияқты рәсiмдердi тiзiмдеу қолға алынды. Кейiннен бұл тiркеме есептеулер мiндеттi түрде жүргiзiлетiн болды.
1940 жылдардың соңынан бастап дүниежүзi мен оның жеке аймақтары тұрғын халқының есебiн БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтiк кеңесiне қарасты Халықтың орналасуын зерттеу комиссиясы жүргiздi. 1949 жылдан бастап, бұл Комиссия жыл сайын «Демографиялық жылнама» басып шығарып отырды. Мұнда жарияланып отыратын материалдарда дүниежүзiнiң халқы туралы өте кең мәлiметтер берiлдi. Сол сияқты дүниежүзi халқының өсiмiне байланысты болжамдар туралы көп жұмыстар жүргiзiлдi. Әрбiр елде халық санағы әр кезеңде әртүрлi бағдарлама бойынша жүргiзiлетiндiктен, жарияланып отыратын мұндағы материалдардың бәрi бiрыңғай емес. Көптеген елдерде қазiрге дейiн халықтың ұлттық немесе нәсiлдiк құрамы және халықтың күнделiктi есептерi дұрыс жолға қойылмаған. Ал кейбiр елдерде халықтың жыныстық (мысалы, Жаңа Гвинея, Филиппин) немесе дiни (мәселен, бұрынғы социалистiк жүйе елдерiнде) құрамының есебi жүргiзiлмейдi. Сондықтан есептеу мәлiметтерi шын мәнiндегi жағдайға дәл келмеуi де мүмкiн. Комиссия елдердi жiктеп топқа бөлгенде, олардың әлеуметтiк-экономикалық белгiлерiне емес, демографиялық негiзiне, әсiресе халықтың табиғи өсiмi тұрғысынан қарап бөлуде. Соған қарамастан, БҰҰ-ның осы Комиссиясының жариялап отыратын материалдары — халықтар туралы бiршама толық деректер көзi болып табылады.
Халықтың ұдайы өсуiнiң заңдылықтары
Халықтың ұдайы өсуi — адамдардың ұрпақ ауысуы нәтижесiнде жүзеге асып, оның саны жастық және жыныстық құрамы өзгередi. Халықтың ұдайы өсуiн ықтималдап екi негiзгi топқа бөлемiз. Оның бiрiншi типiнде ұрпақтар ауысуы нәтижесiнде халықтың санының өзгермеуi немесе кемуi байқалады. Бұл құбылыс көбiне дамыған елдерге тән. Онда халықтың тууы мен оның өлiмi аз болуы себептi халықтың табиғи өсу көрсеткiштерi де төмен болып келедi. Халықтың ұдайы өсуiнiң екiншi типiнде келесi ұрпақтың санының алдыңғысына қарағанда көп болуы тән. Бұл елдерде туу мен табиғи өсiм жоғары немесе аса жоғары болып келедi. Мұндай жоғары деңгейлi көрсеткiш Африка, Оңтүстiк және Оңтүстiк-Батыс Азия, Латын Америкасы елдерiнде байқалады.
Адамзат қоғамының iлгерi дамуы, дүниежүзi халқының көбеюi нәтижесiнде ғана жүзеге асып отырады. Осы кезге дейiн Жер шарында халықтың ұдайы өсуiнде соңғы тип басым болып келдi. “Әрi қарай қалай болады?” деген заңды сұрақ туады. Дүниежүзiне халықтың шамадан тыс артық көбею қаупi төнбей ме? Өйткенi бiздiң планетамыздағы ресурстар шексiз емес қой! Осы сауалнамалық сұрақтарға жауап iздеу үшiн тек қана Жер шарының ресурсын ғана бiлiп қоймай, сонымен бiрге халықтың табиғи өсуiнiң заңдарын да бiлу қажет. Халықтың ұдайы өсуi туу мен өлiмнiң мөлшерiне байланысты олардың арасындағы айырма табиғи өсiм деп аталады. Оның сан-мөлшерi 1000 адамға шаққандағы промилле (%0)көрсеткiшiмен есептеледi. Дүниежүзiлiк орташа есеп: туу — 28%0, өлiм — 10%0, ал табиғи өсiм — 18%0. Халықтың ұдайы өсуiне бiрнеше факторлар әсер етедi. Бұл факторлар, негiзiнен, 5 топқа бiрiктiрiледi:
1. Табиғи-биологиялық фактор. Адамның тууы мен өлуi — биологиялық құбылыс. Сол сияқты халықтың ұдайы өсуiне әртүрлi климат және табиғат жағдайлары үлкен әсер етедi. Ал өлiмге келсек, бұл — қайтымсыз процесс. Көбiнесе адамдар физиологиялық қартаюдан емес, негiзiнен, олар аурудан немесе басқа да себептерден өледi. Аурудың таралуы әрбiр жердiң табиғи ортасына байланысты болуы мүмкiн. Мысалы, батпақты жерде — безгек ауруы, тропикада — ұйқы ауруы, т.б.
2. Әлеуметтiк-экономикалық фактор. Бұған жататындар: халықтың тұрмыстық хал-ахуал деңгейi, денсаулық сақтау шараларының дамуы, әйелдердiң қоғамдық жағдайы, халықтың мәдени және бiлiм деңгейi, шұғылданатын кәсiбi, т.б.Мәселен, жыл сайын Жер шарында 14 млн адам, оның iшiнде 6 млн сәби) аштықтан көз жұмуда.
3.Табиғи өсiмнiң мөлшерiне әсер етушi факторлардың келесiсi демографиялық топқа бiрiктiрiледi. Бұларға: халықтың жастық және жыныстық құрамы, некелесу және ажырасу факторлары жатады. Мысалға, халықтың жастық және жыныстық құрамында жас балалар мен қарттар көп болса, онда туу мөлшерi де өте аз болады. Бұған керiсiнше, үйлену нәтижесiнде некеде тұрғандар саны көбейсе, онда халық саны да күрт өседi. Халықтың некелесудегi жас ерекшелiгi факторы да тууға көп әсер етедi.
4. Табиғи өсiмге үлкен әсер етушi негiзгi факторлар тобының бiрi —ол мәдени-әлеуметтiк және психологиялық факторлар. Мысалы, көп балалы болу әдет-ғұрпының сақталуы, мұндай жағдай демографиялық дәстүр деп аталады. Дiннiң әсерiне келсек, ислам, индус, католик, т.б. дiндер көбеюдi қолдайды. Кейбiр дiндердiң тууға онша әсерi жоқ, мысалы, будда, протестант, православие дiндерi.
5. Халықтың табиғи өсiмiне әсер етушi факторлардың арасында ерекше орынды соғыс пен стихиялық апаттар алады. Әсiресе соңғы екi дүниежүзiлiк соғыстың зардабы аса көп. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыста шамамен 10 млн-нан аса адам көз жұмса, Екiншi дүниежүзiлiк соғыста 50 млн-ға жуық адам қаза тапты. Соғыстың зардабы сонымен бiрге адамдардың тұрмыс ахуалының төмендеуiне, аш-жалаңаштыққа, түрлi ауруларға шалдықтырады. Әрi қосымша шығындарға ұшыратады. Мысалы, некеге тұрушылар санының азаюы, халықтың жыныстық құрамының бұзылуы, еркектердiң бiраз бөлiгiнiң соғыста шығынға ұшырауы туудың мөлшерiнiң кемуiне әкеледi. Табиғи апаттардың — жер сiлкiну, су тасу, дауыл, құрғақшылық, температуралық режiмдердiң шұғыл өзгерiсi, т.б. жыл сайын мыңдаған адам өмiрiн қиюда.
