Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия ОӘК Тұрғындар географиясы 050609-географи...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.13 Кб
Скачать

Тақырыбы: еңбек ресурстары және оларды қолдану

Мақсаты: Еңбек рыногы, оның қалыптасуы. Еңбек ресурстары артық немесе олардың жетіспейтін аймақтары және оларды оңтайлы шешу мәселелері туралы айту.

Дәрістің жоспары:

1. Еңбек ресурстарының қазіріг жай-күйі, халықтың еңбек дағдылары мен олардың қалыптасуы.

2. Еңбек рыногының жеке аймақтар бойынша таралуының әркелкілігі және оған механикалық өсімнің әсері.

Еңбек ресурстарына халықтың жұмыс iстеуге қабiлеттi бөлiгiн жатқызамыз. Ал оның мөлшерiн халықтың жастық құры­лымы анықтайды. Жалпы еңбекке тартылған адамдарды үш топқа бөлемiз: еңбек жасына дейiнгiлер, еңбекке қабiлеттi жастағылар және ол жастан асқандар. Оның iшiнде еңбек жасындағы, бiрақ жұмыс iстемей жеңiлдiкпен зейнетақы алатын адамдар мен I және II топтағы мүгедектерден басқа еңбекке қабiлеттi халық — негiзгi еңбек ресурсын құрайды. Ал жұмыс iстейтiн зейнеткерлер мен 14—16 жас аралығын­дағы жасөспiрiмдер қосымша еңбек ресурстарына жатады. Дүниежүзi­нiң әрбiр мемлекетiнде еңбекке қабiлеттi адамдардың жас айырма­шылығы заңменен белгiленген. Мәселен, Ресейде әйелдер — 16—55, ал ерлер — 16—60 жас аралығында, ал Қазақстанда әйелдер — 16—58, ерлер — 16—63 жасқа сәйкес келедi. АҚШ-та әйелдер мен ерлер үшiн бiрдей 16—65 жас аралығы еңбекке қабiлеттi болып табылады. Кейбiр елдерде еңбекке қабiлеттiлiк 15 жастан басталады. Ал оның жоғары шегi көбiнесе халықтың орта жасының ұзақтығына тәуелдi. Сол сияқты мемлекеттердiң егде адамдарды зейнетақымен қамтамасыз етудегi қаржылық мүмкiн­дiгiне байланысты болады.

БҰҰ енгiзген “экономикалық белсендi халық” санатына — жалпы өндiрiстiк және өндiрiстiк емес саладағы еңбекке тартылған әрi еңбек етудi қалайтын адамдар жиынтығын жатқызамыз. Бұл тұрғыда оның құрамына жұмыссыздар, яғни қызмет орны жоқ еңбекке қабiлеттi жастағылар, жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен немесе өз бетiнше жұмыс iздеп жүрген адамдар тобы да кiредi. Экономикалық белсендi халық арасында жұмыссыздық деңгейi Қазақстанда — 8,8%; Ресейде — 7,6%; АҚШ-та — 6,7%; Батыс Еуропа елдерiнде 5%-дан (Швейцария) 18%-ға (Финляндия) дейiн көтерiледi. Ал кейбiр дамушы елдерде бұдан да жоғары дәрежедегi жұмыссыздық көрсеткiштерi әдеттегi жайт.

Жұмыссыздар iшiнде көп жағдайда әйелдер мен 30 жасқа дейiнгi ерлердiң үлес салмағы бiршама жоғары болады. Еңбек ресурстары санатына экономикалық белсендi емес халықтарды, яғни еңбек жасындағы оқушы жастарды, науқастарды күтушi немесе

балалар тәр­биесiмен айналысушыларды және еңбекке қабiлеттi адамдар iшiнен жұмыс iстемейтiн “экономикалық енжар халықтар” тобын да жатқызамыз.

Қазiргi таңда халықтың еңбекке қабiлеттi бөлiгi мен осы жасқа дейiнгiлер және одан жасы асқандар арасындағы салмақ үлесi тең емес. Мұндай арақатынас демографиялық жүктеме деп аталады. Орта есеппен дүниежүзiндегi еңбекке қабiлеттi 100 адам өз еңбекақысымен 70 бала мен зейнеткердi асырайды. Дамушы елдерде бұл көрсеткiш тепе-тең болса, яғни 100-ге 100-дi құраса, ал Жапонияда 100-ге 40-тан келедi. Ресей мен Балтық бойы елдерiнде демографиялық жүктеме әлемдiк орташа деңгейге сәйкес келсе, Орталық Азия респуб­лика­ларында (оның iшiнде Қазақстанда) ол дамушы елдер көрсеткiштерiмен шамалас келедi.

Елдердiң әлеуметтiк-экономикалық даму дәрежесiне, халықтың жастық құрылымына және орта жас ұзақтығы деңгейiне қарай олардағы еңбек ресурстары мен экономикалық тұрғыдағы белсендi халықтың арасалмағы әртүрлi болады. Жалпы халық санындағы еңбек ресурстарының мөлшерi Қазақстан мен Ресейде шамалас 72,6—75,3%-ды құраса, Батыстың дамыған елдерiнде бұдан да жоғары. Ал дамуы жағынан кенжелеп қалған елдерде адамдардың орта жасының ұзақ болмауы және халықтың жастық құрылымында балалардың үлесiнiң көп болуы себептi, мұндағы еңбек ресурстарының үлес салмағы 45%-ға дейiн төмендейдi. Осыған байланысты дамушы елдерде әрбiр жұмыс iстейтiн адамдар басына халықтың қалған бөлiгiн асырау үшiн ауыр жүктеме түседi.

Дамыған елдердiң еңбек ресурстарында халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiнiң үлес салмағы жоғары болады. Дамушы елдерде бұл көрсеткiш, керiсiнше, төмен, оның iшiнде әйелдердiң үлесi 25% шамасында ғана. Бұл олардың экономикалық мешеулiгiне, жұмыс орындарының жетiспеушiлiгiне, көп балалы отбасылардың басым­дығына орай әйелдердi еңбекке тартудың қиындығына және жас балалардың көп болуына байланысты. Сонымен бiрге дамушы елдерде жұмыс­­сыздық деңгейiнiң жоғары болуымен қатар, балалардың еңбегiн қанау және еркектермен бiрдей атқарылған әйелдер еңбегiне төлемақыны аз төлеу тәрiздi оларды арзан жұмыс күшi ретiнде пайдалануға жол берiлген.