- •Дәрістер тезистері
- •Тақырыбы: «тұрғындар географиясы» пәні, оның міндеттері мен маңызы, тарихи қалыптасуы
- •Тақырыбы: халықтың ұдайы өсіп-өнуі және жастық-жыныстық құрамы
- •Демографиялық саясат және халықтың өсуiн реттеу
- •Халықтың жастық және жыныстық құрамы
- •Тақырыбы: дүние жүзі халықтарының нәсілдік құрамы
- •Тақырыбы: дүние жүзі халықтаРынЫң діни құрамы және өркениет географиясы
- •Тақырыбы: еңбек ресурстары және оларды қолдану
- •Халықтың жұмыспен қамтылуы
- •Тақырыбы: ХаЛықтың көші-қон (миграциясы)
- •Тақырыбы: халықтың таралып орналасуы
- •Тақырыбы: қоныстану географиясы, қала-село халқы және урбандалу мәселелері
- •Зертханалық сабақтардың сипаттамасы
- •Соөж, сөж (жоспарлар, сабақтарды жүргізуге арналған тапсырмалар).
- •Ауылдық елді мекендер
- •ТақырыпбыТұрғын халықтың көші-қоны (миграциясы)
- •Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар, соның ішінде тесттер
- •«Тұрғындар географиясы» пәніне арналған тест сұрақтары
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •Глоссарий
Тақырыбы: дүние жүзі халықтаРынЫң діни құрамы және өркениет географиясы
Мақсаты: Дүниежүзілік және ұлттық (мемлекеттік) діндер, діни наным-сенім ұғымдарын түсіндіру. Өркениеттер және олардың таралу географиясы жайлы баяндау.
Дәрістің жоспары:
1. Әлемдік және мемлекеттік (ұлттық) діндер, діни наным-сенімдердің туындауы мен қазіргі жағдайы.
2. Өркениеттер және олардың таралу келбеті, мұндағы діни фактордың орны мен әсері.
Дүние жүзiнде өзiнiң кең таралуы мен маңызына қарай дiндер: әлемдiк және ұлттық болып бөлiнедi.
Кейiнгi ғасырлардағы адамзат баласының дiни түсiнiктерi мен ой-өзгерiстерi нәтижесiнде, олардың бiраз бөлiгiнiң дiннен қол үзгендiгiне қарамастан, жалпы дүниежүзiнде дiни наным-сенiмдер берiк сақталған. Өйткенi дiн — халықтың күнделiктi тыныс-тiршiлiгi мен қарым-қатынасына әсерiн тигiзумен қатар, кейбiр мемлекеттердiң iшкi ғана емес тiптен сыртқы саясаттарына да ықпалын тигiзуде. Дүниежүзiнде қазiргi таңда әлемдiк деп аталынатын үш дiн бар, оларды Жер шары халқының көпшiлiгi ұстанады. Әлемдiк дiннiң ең көп таралғаны — христиан дiнi, ол өзi бiрнеше тармаққа бөлiнедi. Олардың негiзгiсi — католик, протестант және православие дiндерi. Бұл дiннiң негiзгi ұстанушылары — Еуропа, Америка және Аустралия құрлығының 2 млрд-тан астам тұрғындары. Ең жас әлемдiк дiн әрi сан жағынан тез өсiп келе жатқаны — ислам дiнi (1,5 млрд-қа жуық адам). Ол, негiзiнен, Азия мен Африка құрлықтарында кең таралған. Үшiншi орындағы әлемдiк дiн — буддизм. Оның таралу аймағы — Шығыс және Оңтүстiк Шығыс Азия. Дүниежүзiнде әлемдiк дiндерден басқа өзiндiк ерекшелiктерiмен сипатталатын ұлттық дiндер де бар. Олар Үндiстанда — индуизм, Қытайда — даосизм мен конфуцийшiлдiк, Жапонияда — синтоизм. Ал ежелгi дiндердiң бiрi иудаизм Израиль және басқа елдерде тұратын еврей ұлты өкiлдерi арасында таралған.
Сол сияқты Латын Америкасы, Азия, Африка және Аустралияның iшкi аймақтарында тұратын дамуы мешеу жергiлiктi халықтардың өздерiнiң дiни наным-сенiмдерi бар.
Өткен ғасырларда дүниежүзiлiк даму мен қоғам өмiрiнде дiн аса маңызды орында болған, қазiргi заманда да ол өз мәнiнде. Осы себептi дүниежүзi халқының басым бөлiгi дiнге сенедi әрi оны қолдаушылар да көп. Өйткенi қазiргi таңдағы келелi мәселелердiң оңтайлы шешiлуiнiң өзi, көп жағдайда, дiнге сенушiлер мен сенбеушiлер арасындағы ынтымақ жарастығына байланысты болып отыр. Бүгiнгi дiнбасылары бейбiтшiлiктi сақтау және қарусыздандыру мәселелерiнде, қоршаған ортаны қорғау және адамзат баласына жат келеңсiз құбылыстарды болдырмау жолында табанды түрде күрес жүргiзуде. Дiн адамдардың салауатты өмiр сүру салт-дәстүрлерiн дәрiптеп және оларды адамгершiлiк iзгi қасиетке үндейдi. Өз кезегiнде дiндергеографиясы, планетамыздың шаруашылық тұрғысынан игерiлуi мен әлем халқының рухани мәдениетi дамуының жалпы жиынтық процесiн бейнелей отырып әрi адамзат өркениетiнiң қалыптасуына iргетас болып қаланумен бiрге оның кең қанат жаюына жан-жақты ықпалын тигiзуде.
Өркениет — белгiлi бiр адамзат қауымдастығының дiнi, тiлi, мәдениетi, әдет-ғұрпы, салт-санасы және т.б. туыстық белгiлерiнiң, өмiр сүру салты мен мүдделерiнiң жиынтығы. Қазiр дүниежүзiнде бiрнеше өркениет аумақтары бар. Олардың қазiргi таралу географиясын батыс ғалымдары басты 8 аймаққа бөлiп қарастыруда.
Негiзгi өркениет аймақтарын дүниежүзiндегi халық санының үлесiне қарай сараласақ: Қытай өркениетiнде — 23%; Ислам өркениетiнде —18%; Индуизм өркениетiнде — 17%; Батыс Еуропалық өркениетiнде — 12%; Негр-африкалық өркениетiнде — 11%; Латын американдық өркениетте — 10%; Православие өркениетiнде — 6%; Жапондық өркениетте — 2% шамасында халық қамтылған, ал басқа шағын өркениеттерде осы соңғы мөлшерде халық тұрады.
Осы басты өркениет аймақтары өз кезегiнде жеке тармақтарға бөлiнiп, кiшiөркениетаудандарын құрайды. Мысалы, Батыс Еуропалық өркениет өз iшiнде — скандинавиялық, англо-саксондық, жерортатеңiздiк, т.б. өркениет аудандарына бөлiнсе, ислам өркениетi — араб, парсы, түркi және басқа да кiшi өркениеттерге тармақталады. Түркiлер өркениетi 30-ға жуық түркi тiлдес халықтарды бiрiктiредi, олардың жалпы саны 150 млн адамнан астам. Ал бұлардың жер аумағы Балқан тауынан Байкал көлiне дейiн созылып жатыр. Олар өздерiнiң тiлi мен мәдениетiн жаңғыртып дамыту мақсатында “Түрiк—Сой” атты халықаралық ұйымға бiрiгiп отыр. Сонымен қатар тәуелсiз алты түркi тiлдес (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрiкменстан, Әзiрбайжан, Түркия) елдер арасында жан-жақты мемлекетаралық қатынастар орнаған. Бұл мемлекеттер, оның iшiнде ислам өркениетiнiң бiр пұшпағы — Қазақстан да “мұсылман әлемiмен” байланысын нығайту үстiнде. Бiздiң елiмiз 1995 жылғы желтоқсан айынан бастап халықаралық ұйым — Ислам конференциясының толық мүшесi. Республикамызда барлық ұлттар мен ұлыстардың дiни және рухани дамуына бiрдей жағдай жасалынған. Оның айғағы — Қазақстанның түкпiр-түкпiрлерiнде мешiттер мен шiркеулер, басқа дiндер ғибадатханалары мен мәдени орталықтардың көбеюi. Әрi елiмiзде дiндер мен түрлi конфессиялар арасындағы түсiнiстiк пен ынтымақтасты дамыту мақсатында олардың съездерiнiң өткiзiлуi мұның кепiлi.
Өркениеттер арасындағы қарым-қатынас жыл сайын күшеюде. Сонымен бiрге кедергiлер мен қайшылықтар да баршылық. Мәселен, француздар өз елiнде Солтүстiк Африкалық эмигранттардан гөрi дiнi бiр Польшадан келген католиктерге жылы шырай танытады. АҚШ көбiне жапон инвестициясына қарсылық бiлдiрсе, батысеуропалықтарға келгенде тез тiл табысады. Осындай өркениеттер арасындағы кейбiр қарама-қайшылықтарға қарамастан, жалпы өркениеттi адамзат баласы олардың арасындағы өзара түсiнiстiк пен ымырашылдықты сақтауға тырысуда.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Тақырып мазмұнында және қосымша мәлiметтердi пайдаланып, әлемдiк және ұлттық дiндердiң көнелерi мен жасамыстарын әрi олардың басқа жерлерге таралу географиясының тар немесе кең аумақ мағынасында болуының себептерiн түсiндiрiңдер. Олардың қандай өркениеттерге бастау берiп, iргетас болып қаланғанына тоқталыңдар.
1. Әлемдiк дiндерге сипаттама берiп, олардың келелi проблемаларды шешудегi рөлiне баға берiңдер.
2. “Ұлттық дiндер” дегенiмiз не? Оларға анықтама берiңдер.
3. Не себептi әлемдiк және ұлттық дiндер Азия құрлығынан шыққан?
4. “Өркениет” дегенiмiз не? Олардың таралу географиясының ерекшелiктерiн сипаттаңдар.
№6 ДӘРІС (2 сағат)
