Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия ОӘК Тұрғындар географиясы 050609-географи...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.13 Кб
Скачать

Тақырыбы: дүние жүзі халықтарының нәсілдік құрамы

Мақсаты: Халықтың нәсілдік құрамы жалпы түсінік барысында үлкен және кіші нәсілдер, олардың өтпелі және аралас түрлеріне тоқталып, оларға жалпы талдау жасау.

Дәрістің жоспары:

1. Үлкен және кіші нәсілдер, олардың таралу ерекшеліктері.

2. Өтпелі және аралас нәсілдер, олардың туындау себептері және өсу ырғағы.

Планетамыздың халқы — оны мекендеушi алуан түрлi ұлттар мен ұлыс­тардың этникалық сана-сезiмi мен олардың мәдени-тұрмыстық ерекшелiктерiнiң бет-бейнесi. Дүниежүзiнiң халқын әртүрлi өзiндiк белгiлерiне қарай кри­терийлер негiзiнде жiктеймiз. Әлемнiң тұрғын халықтары құрылымының жиынтық көрсеткiштерi еңбек ресурс­тарымен қамтамасыз етiлуге де әсерiн тигiзедi. Дүниежүзi халқы, оның iшiнде еңбекке қабiлеттi адамдар — қоғамның басты өндiргiш күшi. Жер шарындағы адамзат қауымдастығы өкiлдерi өзiнiң құрамы жағы­нан ала-құлалығына қарамастан, олардың материалдық өндi­рiске және рухани өмiрге қатынасуға қабiлет құқығы бiр.Жалпы, елдердiң және олардың жекелеген аудандарының халқы­ның құрамын зерттеп бiлуге әр уақытта үлкен мән берiледi. Олар барлық дерлiк мем­лекеттердiң халық санағының бағдарламасына енген. Халықтың құрамы туралы мәлiметтер еңбек ресурстарын есептеу, мектепке дейiнгi балалар мен оқушылар контингентiн, зейнет­керлер санын, халық тұтынатын тауарлардың түрлерiн шығаруды жоспарлау, т.б. үшiн өте қажет.

Адамдар ең негiзгi өзiндiк белгiлерi бойынша: яғни, терiсiнiң түсiне, бет-бейнесiне, дене құрылысына, шашына және көздерiнiң бiтiмiне қарай үш үлкен нәсiлге: еуро­пеоидтерге, монголоидтерге және негроидтерге (экваторлық нәсiлге) бөлiнедi. Бұл нәсiлдер өте ертеде пайда болған және олардың атаулары да олардың шыққан жерiне сәйкестендiрiлiп берiлген. Әрбiр нәсiлдерден олардың кейбiр белгiлерi жөнiнен бiр-бiрiнен айырма­шылықтар жасайтын жеке тармақтар пайда болды. Мысалы: еуро­пеоидтер екi тармаққа — солтүстiк және оңтүстiк; монголоидтер екi тармаққа — азиялық және америкалық; негроидтер екi тар­маққа — африкалық және аустралиялық болып бөлiнедi, ал кейбiр әдебиеттерде соңғысы аустралоид атауымен жеке нәсiл ретiнде берiледi.

Ғасырлар бойғы қарым-қатынас нәтижесiнде үлкен нәсiлдердiң қабысу шегiнде нәсiлдiк жағынан әртүрлi ауыспалы типтер пайда болып отырды. Негiзiнен, бұл өтпелi және аралас формалардың қалыптасуының үш кезеңiн бөлiп көрсетуге болады: ежелгi дүниеде, орта ғасырда, жаңа кезеңде пайда болғандар. Африкада ертеде оңтүстiк еуропалық және негроидтiк нәсiлдердiң арасынан — судандық және эфиопиялық өтпелi типтер қалыптасқан. Бұлар бет-бейнесi жағы­нан еуропалықтарға келсе, шаштары бұйра, ал өңдерi қара түстi болып келедi. Ал Үндiстанның оңтүстiгiнде ауыспалы форма — веддоидтiк тип пайда болды. Сол сияқты австралоидтер мен мон­голоидтер арасынан — Индонезия, Малай, Филиппин халықтары қалыптасты. Осы тәрiздес аралық формаларға: жапондық­тарды, полинезиялықтар мен микронезиялықтарды да жатқызуға болады, бұл

Орта ғасырлар мен одан берiгiрек жаңа кезеңде — Жер шарының әр бөлiгiнде ертедегi ауыспалы формалар мен нәсiлдер өкiлдерi арасынан аралас типтер қалыптасты.

Мысалға, олардың қатарына — ортаазиялық және оңтүстiк сiбiрлiк типтер жатады. Оның құрылуына еуропеоидтiк және монголоидтiк нәсiлдер қатысты. Оңтүстiк Африкада еуропалық қоныстанушылардың жергiлiктi буш- мен және готтентоттармен, т.б. араласуынан түрлi түстi топтар пайда болды. Латын Америкасы елде­рiн­дегi мулаттар, самболар мен метистер де аралас формаға жатады. Индонезиядан Мадагаскар аралына қоныс аударған оңтүстiк монголоид­тер жергiлiктi негроид­термен араласып, өзгеше мальгаш атты антропологиялық типтi таратты. Көптеген елдердiң халық санағында олардың нәсiл­дiк құрамын есепке алмайды. Сондықтан әрбiр жеке нәсiлдердiң сандық мәлiметтерi туралы дәл деректер жоқ.

Әртүрлi нәсiлдерге жататын халықтардың бiр-бiрiмен аралас некелесiп, ұрпақ беруi, барлық адамзат баласының биологиялық бiрлiгiн көрсетедi. Бұл қайтым-сыз процесс және де дүниежүзi халқының көпшiлiгiн нәсiлдiк құрауыштары жағы­­нан ала-құлалыққа немесе әр түстiлiкке әкеледi. Сондықтан да мұндай жағ­дай, әсiресе иммиграция басым елдерде байқалады (АҚШ, Латын Америкасы, т.б. аймақтар). Латын Америкасының көптеген халықтарын қалыптастыруға үш үлкен антро­пология­лық тип өкiлдерi қатысты.

Әрбiр үлкен нәсiл өкiлдерiнiң жалпы сан мөлшерi, планета­мыздағы пайыз­дық үлес салмағы мен таралу географиясы төмен­дегiдей: а) еуропеоид­тер — 2 млрд 500 млн адам (дүниежүзi халқының — 42%-ынан астамы). Олар: а) Еуропа дүние бөлiгi халқының 99%-ын, Аустралияның 75%-ын, Американың 52%-ын, ал Азия халқының 30%-ын құрайды; ә) монголоидтер — 1 млрд 200 млн аса адам (дүниежүзi халқының 20%-ын), осы нәсiлге жататындар: Азия халқының 31%-ынан астамын, ал Америка континентiнiң 6% тұрғынын құрайды; б) негроидтер — 500 млн-нан аса адам (Жер шары халқының 8,5% ы), бұл нәсiлдiң негiзгi өкiлдерi — Африка материгi халқының 54%-ын, ал Америка құрлығының 7%-ынан астамын құрайды; в) аустролоидтер — 17 млн адам (әлем халқының — 0,3%); г) ал ендi аралас және өтпелi нәсiлдiк типтерге келсек, олар дүние жүзi халқының 1/3-iнен астамын құрайды және үлес салмағы жөнiнен Азия (39%) мен Америка (35%) құрлық­тарында жетекшi орында.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

«Дүние жүзі халқының нәсілдік құрамы» картасын қолданып, нәсiлдiк типтердiң қалыптасуына әсер етушi табиғи орта ерекшелiктерiн анықтап, олардың қазiргi географиялық таралуының тарихи себептерiне тоқталып, түсiнiктеме берiңдер. Бұған жауап беруде география және тарих пәндерiнен алған бiлiм­дерiңдi пайдаланыңдар.

1. Этнографиялық карталардың жасалу жолдарын атаңдар. “Тарихи-этнографиялық аймақтар” дегенiмiз не?

Адамдардың нәсiлдiк жағынан айырмашылықтарының болу себебi нелiктен?

2. Өтпелi және аралас нәсiлдiк топтардың пайда болу кезеңдерi қандай? Олардың дүниежүзi халқын нәсiлдiк жағынан ала-құлалыққа әкелудегi орнын анықтаңдар.

3. Антропологиялық жағынан бiр-бiрiне өте ұқсас болып келетiн және әр нәсiлдiң өкiл­дерiнен тұратын халықтарды атаңдар.

4 ДӘРІС (2 сағат)

тАҚЫРЫБЫ:ХАЛЫҚТАРДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ (ҰЛТТЫҚ) ҚҰРАМЫ

Мақсаты: Халық, ұлт, ұлыс және этнос ұғымдарының сипаты, ұлтаралық қатнастарға түсінік беру.

Дәрістің жоспары:

1. Халықтың ұлттық құрамы, ұлтаралық қатнастар мәселелері

2. Халықтың ассимиляциясы мен консолидациясы, этнографиялық карталар.

Жер шары халқы­ның ұлттық-этникалық құрамы алуан түрлi болғанымен, этнографтар бұрыннан-ақ кейбiр жеке халықтардың арасында жалпы жақындықты байқаған. Бұл ұқсастық, негiзiнен, көршiлестiк, яғни жер аумағының, шаруашылығының, мәдениет, тұрмыстық қатынастары­ның жақын­дығынан туады. Орналасқан аумағына қарай халықтарды топтастыру географиялық жiктеу деп аталады. Мұндай белгiдегi жiк­телу елтану­шылық және аумақтық шолу барысында географияда кеңiнен қолда­нылады. Халықтарды осылайша топтастыру оның тек кеңiстiкте бөлiнуiн ғана көрсетiп қоймай, адамдардың жер бетiнiң жеке аудан­дарын қоныстану процестерiн де талдап бiлуге көмектеседi. Әрбiр халықтың өзiнiң тарихи-этникалық жер аумақтары болады. Онда сол халық­тың негiзгi бөлiгi тұрады, болмаса олар сол жерде тұратын тұрғын­дардың көпшiлiгiн құрайды. ТМД елдерiнде, оның iшiнде Ресейде осылайша анықтау арқылы республикалар, автономиялық облыстар мен округтер арасындағы шекаралар белгiленiп жүргiзiлген.

Белгiлi бiр жер аумақтарында қайсы халықтың санының басым екенiн анық­тау үшiн этнографиялық карталар жасалады. Мұндай карталарды жасаудағы көп таралған әдiс — түрлi түстi бояу реңi арқылы белгiлеу. Бұл әдiспен кейбiр аудан­дардағы халық санының аз бөлiгiн құрайтын халықтар мен ұлттардың орналасуын көрсету мүмкiн емес. Мұндай жағдайда олар карталарда үзiк сызық­тармен, жолақтармен, әрiп-жазулармен, цифрлармен, әртүрлi нүктелiк белгiлермен берiледi.

Бiр-бiрiмен көршiлес тұратын халықтардың тұрмысы мен мәдени өмiрiнде ұқсастық көп болады. Мұндай көршiлестiк неғұрлым ұзаққа созылса, соғұрлым бұл халықтардың шығу тегiне қарамастан, олардағы жалпы ұқсастық белгiлердiң көптiгiн көремiз. Мысалы, Кавказ халықтарында шығу тегi мен тiлдерiнiң әртүрлiлiгiне қарамастан, олардың мәдени-тұрмыстық деңгейiнде жалпы ұқсастық жақтары қалыптасқан. Мұндай халықтар арасында тарихи қалыптасқан ұқсастықтары бар аудандарды тарихи-этнографиялық аймақтар деп атаймыз. Мысалға, ТМД елдерiнде — Поволжье, Сiбiр, Орал, Кавказ және Орталық Азия, ал алыс шетелдерде — Үндiқытай, Прибалтика, Солтүстiк Африка, Скандинавия, Полинезия, т.б., әсiресе жалпы шолулар кезiнде, халықтардың осындай географиялық жiктелiнуi жиi қолданылады. Бiрақ географиялық жiктелулер халықтың шығу тегi мен материалдық-рухани мәдениетiнiң өзiне тән жақтарының пайда болуын, оның таралып орналасу ерекшелiктерiн түсiндiре алмайды. Соған қарамастан, мұндай жiктеудiң елтану мәселелерiнде, әсiресе халықтардың аумақтық орналасуын бiлу үшiн мәнi зор.

Этникалық бiрлестiктiң ең жоғары түрi — ұлт болып табылады. Ұлттың қалыптасуына ортақ экономикалық бiрлестiк және бiрыңғай жер аумағымен қатар әдеби тiлдiң дамуы да үлкен әсер етедi. Әдеби тiл, әдетте, белгiлi бiр ұлттың тiл диалектiсi негiзiнде пайда болады. Көбiнесе сол ұлттық мемлекеттiң құрылған жерi мен аумағына байланысты қалыптасады. Бiр әдеби тiлдi бiрнеше ұлттар пайдалануы мүмкiн. Мысалы, ағылшын тiлiмен 50-ден астам, француз тiлiмен 45-ке жуық, ал испан тiлiнде 30-дан аса немесе араб тiлiмен 25-тей мемлекет халықтары сөйлейдi. Ал, керiсiнше, бiр ұлт бiрнеше тiлдi пайдалануы мүмкiн. Мысалы, еврейлер иврит (араб тiлiне жақын) және идиш (герман тiл диалектiсi) тiлдерiн немесе өзi тұратын елдердiң мемлекеттiк тiлiн қолданады. Ал швейцарлықтар төрт еуропалық тiлде сөйлейдi, ирландықтардың бiр бөлiгi ағылшын, ал екiншiлерi өз тiлдерiн қолданады. Халықтарды тiлдерiнiң ұқсастығына қарай жiктеуде генеалогиялық, яғни тiлiнiң туыстық белгiлерiне қарай жiктеу тәсiлi қолданылады.

Ол тiлдiң грамматикалық құрылысы мен сөздiк құрамын салыстыру нәтижесiнде, тiлдердiң бiр негiзден шығуына, тектерiнiң ортақтығына қарай жiктеледi.

Осындай негiз болып, француз, итальян, румын, валлон, испан, т.б. тiлдерге Ежелгi Рим мемлекетiнiң тiлi — “латын тiлi” iргетас болып қаланды. Бiр кездерi ол Жерорта теңiзi алабында, Батыс және Орталық Еуропаның кең-байтақ жерiнде таралған болатын. Тiл жақындығының деңгей-дәрежелерiне қарай олар — тiлдiк семьяларға, топтар мен топшаларға бөлiнедi. Ең үлкен тiл семьясы — үндiеуропа, оған қарасты тiлдерде адамзат баласының жартысына жуығы сөйлейдi. Сол сияқты қытай-тибет, алтай, семит-хамит, т.б. iрi тiл семьялары топтастырылған.

Генеалогиялық тiл тобы өз кезегiнде топшалар мен тармақтарға бөлiнедi. Мысалға, орыстар украиндар мен беларусьтарды еркiн түсiнедi, ал чех, поляк, болгарларды ұғынуы бiршама қиынға түседi. Сондықтан славян тiл тобы: шығыс (орыс, украин, беларусь), батыс (чех, поляк, словак) және оңтүстiк (болгар, словен, серб, хорват) тiл топшаларына бөлiнедi. Ал үндiеуропа тiл семьясына славяннан басқа: герман, роман, балтық, кельт, иран, т.б. тiл топтары мен тармақтары кiредi. Сол сияқты алтай тiл семьясы да бiрнеше тiл топтары мен топшаларына бөлiнедi. Мысалы, түркi, моңғол, тунгус-маньчжур, т.б. тiл топтары. Ал түркiлер өз кезе­гiнде қыпшақ (қазақ, қарақалпақ, татар), қарлұқ (өзбек, ұйғыр), оғыз (түрiк, түрiкмен, әзiрбайжан), қырғыз (хакас, алтай, шор), булгар (чуваш), саха (якут, долган), т.б. тармақтарға бөлiнедi. Дүниежүзiнде 36 тiл семьясы, ондаған тiл топтары мен топшалары бар және 6000-нан аса тiл бар. Бiрақ қазiргi заманда осы тiлдердiң 90%-ы жоғалу қаупiнде тұр (оқулықтың қосар бетiндегi картаға қараңдар).

Этникалық бiрiгудiң екi түрi бар: бiрi — консолидация, ал екiншiсi — ассимиляция. Консолидация — бiр-бiрiне жақын, туыстас болып келетiн этникалық топтардың бiрiгуi нәтижесiнде одан бiршама үлкен және дамыған этникалық топтардың пайда болуы. Мысалы, мегрел, аджар, сван, т.б. ұлыстардың бiрiгуiнен — грузин ұлты; ал салар, теке, гоклен, т.б. этникалық топтардың бiрiгуi­нен түрiкмендер консоли­дациясы құрылды. Ассимиляция — дамыған үлкен этни­ка­лық топтың екiншi аз санды топты өзiне қосып алуы. Мұның нәтижесiнде, халық саны аз этникалық топтар халық саны көп екiншi бiр топқа сiңiп кетедi. Әдетте, ассими­лияция мен консолидация процестерi бiр-бiрiмен тоғысқан түрдегi байланыста жүредi. Мұнымен қоса, ассимиляцияның күшпен жүргiзiлуi немесе өз еркiмен де жүруi мүмкiн. Сонымен бiрге ассимиляцияға ұлтаралық неке­лесудiң көбеюi де әсер етедi. Мысалы, КСРО-дағы 1959 жыл­ғы халық санағы бойынша, 1000 отбасының 102-сi аралас ұлттардан құралса, ал 1990 жылы ол 200-ге жақындаған. Соңғы жылдары қазақтардың арасында аралас неке 3%-ға кемiсе, керiсiнше, Ресей қазақтарында 25%-ға, ал Өзбекстан қазақтарында 18%-ға артып отыр. Бүгiнгi таңда елiмiзде ұлтаралық некенi қолдау — қазақстан­дықтар, оның iшiнде қазақтар санын өсiрудегi бiрден-бiр қозғаушы күш болып табылады.

Ұлттық белгi өлшем бiрлiктерi мемлекеттi құрудың негiзi болып табылады. Мемлекеттердiң ұлттық шекаралары мен саяси карта­ларының үйлеспеулерi, тегi бiр халықтың бөлшектенуiне әкеледi. Мысалы, күрттер (20 млн аса адам) — Түркия, Иран, Сирия, Ирак және Закавказье елдерiнiң түйiскен аймағында тұрады. Дүниежүзi мемлекеттерiнiң жартысына жуығы — бiрұлтты. Яғни, халқының 90%-дан астамын негiзгi ұлт өкiлдерi құрайды. Қалғандары — көпұлтты, олардың қатарына халқының саны аса iрi елдер: АҚШ, Ресей, Үндiстан, Мексика, Индонезия, Нигерия, Пәкстан, Бразилия, т.б. жатады. Дүниежүзi тiлдерiнiң iшiнен анағұрлым көп таралғаны: қытай тiлi, онда 1 млрд-тан аса адам, ағылшын және хинди тiлдерiнiң әрқайсысында 400 млн адам, ал испан және араб тiлдерiнде 300 млн адамнан сөйлейдi. Сол сияқты орыс, француз және португал тiлдерi де кең таралған.

Қазiргi таңда дүниежүзi мемлекеттерiнiң ұлттық, дiни, нәсiлдiк құрамы бiртектi болмауы себептi ондағы өте күрделi мәселе — ұлтаралық қатынастар болып отыр. Олардың кейбiрiнде бұл мәселе аса ушыққан күйде. Мұндай кикiлжiңдi жерлерге — Таяу Шығыс (араб-израиль), Солтүстiк Ирландия (католик-протестант), ТМД, Балқан түбегi, т.б. аймақтардағы түрлi қақтығыс­тардың белең алуы мысал болады. Әрi кейбiр елдерде нәсiлшiлдiк кемсiтушiлiктер әлi де толық жойылған жоқ. Югославия, Ауғанстан, Палестина, Тәжiкстан, Бурунди, Шешенстан, Кашмир, т.б. жерлердегi жанжалдар, босқындар пробле­масын тудыруда. Осы орайда Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар проблемасын шешуде Елбасымыздың оңтайлы саясат ұстанып отыр­ғанын айтып өткенiмiз жөн. 130-ға жуық ұлт пен ұлыс өкiлдерi тұратын республикамыздағы ынтымақтастық пен тыныш­тықтың сақталуы да осы саяси бағдарымыздың дұрыстығының кәмiл көрiнiсi.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

Дүние жүзі мен ТМД-ның кейбір елдерінде ұлтаралық қатнастардың шиеленесуі нәтижесінде орын алып отырған сепаратистік (жікшілдік) мәселелердің себептерін анықтаңдар.

1. Халықтың тiлдiк құрамы мен олардың жiктелуiн мысалдар келтiре отырып түсiн­дiрiң­дер.

2. Дүниежүзi халқының ұлттық құрамының алуан түрлiлiгiне назар аударып, олардың гео­графиялық орналасу ерекшелiктерiн айтыңдар.

5 ДӘРІС (2 сағат)