Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия ОӘК Тұрғындар географиясы 050609-географи...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.13 Кб
Скачать

Дәрістер тезистері

1 ДӘРІС (2 сағат)

Тақырыбы: «тұрғындар географиясы» пәні, оның міндеттері мен маңызы, тарихи қалыптасуы

Мақсаты: Студенттерге «Тұрғындар географиясы» оқу курсының құрылымы мен қысқаша мазмұның түсіндіру арқылы, оның географиялық пәндер ішінде алатын орны мен маңызын түсіндіру. Тарихи қалыптасуы мен пәнаралық байланыстарына тоқталу.

Дәрістің жоспары:

1. «Тұрғындар географиясы» пәнінің орны мен мақсат-міндеттері.

2. Оқу курсының қалыптасуы мен пәнаралық байланыстары.

3. Пәннің құрылымы, мазмұны және маңызы.

Халықтар географиясының жалпы міндеттері, зерттеу обьектілері, халықтардың дүниежүзілік және отандық географиясындағы зерттелу мәселелері. Ғылымдар жүйесіндегі халықтар географиясы. Зерттеу әдістері, пәнаралық байланыстары (әсіресе: демография, этнография, экономика, культурология, политология, социология т.б. ғылымдар негіздерін кіріктіру), пратикалық және қолданбалық маңыздағы бағыт ұстану, т.б. мәселелерді қамту.

Адам — планетамыздың басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторының қоғам өмiрiнiң барлық саласындағы алатын орны аса маңызды. Сол себептi оны зерттеп бiлудiң мәнi де зор.

Тұрғындар географиясы зерттейтiн басты нысандар қатарына — халықтың саны, оның құрамы, таралып орналасуы мен ырғақты түрдегi ұдайы өсу режiмi жатады. Бұл мәселенi демография және этнография ғылымдары да зерттейдi. Ал тұрғындар географиясы халықты кеңiстiк­те орналасу тұрғысынан, оның ерекшелiктерiн және дамуын қарастырады [1]. Маман-географтар үшiн халықтың құрамын, оның ұдайы өсуiн, олардың арасындағы айырмашылықтарын бiлу арқылы, еңбек ресурсының сан мөлшерi мен құрамы жайлы мәлiметтердi бiлу өте маңызды. Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысында әрбiр халықтың этникалық тобының материалдық және рухани-мәдени жақтары, әдет-ғұрпы мен еңбек дағдылары ескерiлiп сипатталады.

Қазiргi кезеңде адамдар тұруға жарамды жерлерге толықтай қоныс­тандырылған. Бiрақ та барлық тарихи уақытта планетамыздың мекенделуi дәл осылайша болмаған. Осы заманғы адамдар «ойлау қабiлетi» бар адам ретiнде шамамен бұдан 50 мың жыл бұрын ертедегi адам тәрiздi маймылдардан пайда болған. Көптеген ғалымдардың пiкiрiнше, адамдар белгiлi бiр үлкен аумақты алатын географиялық ауданнан шыққан. Соңғы табылған археологиялық жаңалық­тарға байланысты алғашқы адам шыққан аймаққа: Солтүстiк-Шығыс пен Орталық Африка және Оңтүстiк-Батыс Азия мен Оңтүстiк-Шығыс Еуропаны жатқызып жүр. Әрi қарай адамдар көбейе келе бiртiндеп басқа да жерлерге тарала бастаған. Шамамен осыдан 30 мың жыл бұрын Еуропаның солтүстiк бөлiгiне, Оңтүстiк-Шығыс және Солтүс­тiк-Шығыс Азияға таралған. Болжам бойынша, одан Беринг бұғазы арқылы Жаңа Дүниеге, ал Оңтүстiк-Шығыс Азияның жiңiшке бұғаз­дары арқылы Аустралия мен Жаңа Гвинеяға өткен. Бiрақ алғашқы адамдардың санын бiлу мүмкiн емес. Тiптен бiздiң жыл санауымызға дейiнгi кезеңдегi халықтың санын мөлшерлеп айтуға да ешбiр деректер жоқ. Ғалымдар болжаммен: “Бiздiң жыл санауымызға дейiнгi VII ғасыр­ларда Жер шарында шамамен 10 млн адам болған”, — дейдi. Бiздiң заманымызға дейiнгi төрт мыңыншы жылы егiншiлiктiң пайда болуы халықтың тез өсуiне әкелдi.

Бiртiндеп егiншiлiкпен шұғылдану халықтың құрлықтағы қоныстану аймақтарының, яғни “ойкумендерiнiң” негiзгi факторы болды. Алғашқы егiншiлiк ошақтары пайда болған жерлер — Нiл аңғары, Оңтүстiк-Батыс және Оңтүстiк-Шығыс Азия, сол кезден бастап олар халықтың шоғырланып орналасу орталықтарына айналды.

Бiздiң жыл санауымыздың бас кезiнде халықтың санын анықтауға мүмкiндiк туды. Оны сол кездегi әскер құрамы, салық төлемi, т.б. деректерге қарап бiлуге болады. Осы мәлiметтерге сүйене отырып, Рим империясының, Қытай және Үндiстан халқының саны анықталды. Бiздiң жыл санауымыздың басында, Жер шары халқының 3/4 бөлiгi осы елдерде мекендедi. Ал халықтың жалпы саны сол кезде дүниежүзiнде шамамен 230 млн адамға жеттi. Алғашқы ғасырда халық саны соғыстар мен жұқпалы аурулардың таралуы салдарынан көп өспедi. Халықтың өсу қарқыны көбейгенiмен, ХVII ғасырға дейiн ол тұрақсыз болды. Осы уақытқа дейiнгi кезеңдi адамзаттың демографиялық дамуының алғашқы немесе аграрлық өркениет кезеңi деп атаймыз. Бұл кезеңдегi халықтың жалпы өсiмi бiршама төмендiгiмен сипатталады. Халықтың тұрақты өсуi ХVI ғасырдың екiншi жартысынан басталды. Өндiрiс қолға алынған өнеркәсiптiк революция кезеңiнде дүниежүзi халқы жылдам өсiп, еселенiп отырды. Халықты санауда әртүрлi әдiстер қолданыл­ғандықтан, кейбiр мәлiметтерде айтарлықтай айырмашылықтар бар. Тек ХХ ғасырдың 40-жылдарының соңынан бастап қана мәлiметтер бiр-бiрiне сай келедi. Ол БҰҰ-ның жыл сайынғы демографиялық жылнама мәлiметiне байланысты мүмкiн болып отыр. Халықтың саны туралы айтқанда, жаңа ғасыр басында дүниежүзi халқының жартысынан астамы келесi 8 елінде тұрғандығын бiлгендерiң жөн. Олар: Қытай, Үндiстан, АҚШ, Индонезия, Бразилия, Пәкстан, Бангладеш және Ресей.

2 ДӘРІС (2 сағат)