- •Еңбекті қорғаудың түсінігін айтып беріңіз:
- •Еңбекті қорғау пәнінің түсінігін айтып беріңіз
- •Еңбекті қорғау пәнінің объектісін айтып беріңіз.
- •3) Экономикалық, 4) техникалық құрамдас элементтерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.
- •Еңбекті қорғау пәнінің субъектісін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғау саласының міндеттерін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғау саласының қағидаларын айтып беріңіз.
- •Еңбек қауіпсіздігінің түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірістегі тергеп-тексерудің түсінігін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғауды ұйымдастырудың мазмұнын айтып беріңіз.
- •Жеке еңбек шартының түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірістік жарақаттар түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірісте зардап шеккен адамның түсінігін айтып беріңіз
- •Өндірісте жазатайым оқиғаның түсінігін айтып беріңіз
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру түсінігін айтып беріңіз
- •Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттерін айтып беріңіз
- •Еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылықтың түсінігін айтып беріңіз
- •Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы кім
- •Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты
- •Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері
- •Жұмысқа қабылдау кезiндегі еңбек қауiпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктерi
- •Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы құқықтары
- •Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы міндеттері
- •Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтары
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері.
- •Мемлекеттiк еңбек инспекторының атқаратын қызметіне тоқталыңыз
- •Жоспарлы тексеруге себеп болатын жағдайларға тоқталыңыз
- •Тексеруді жүргізетін тұлғаларға тоқталыңыз
- •Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушыларға тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің принциптеріне тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің негізгі міндеттеріне тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекторының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігіне тоқталыңыз
- •Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауға тоқталыңыз
- •Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау тәртібі
- •Оқиғаларды тергеп-тексеруді жүзеге асыратын комиссияның құрылу тәртібі
- •Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібі
- •Еңбек нормаларының сақталуын тексеру тәртібі
- •Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру қалай жүргізіледі
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу тәртібі.
- •Жазатайым оқиға куәгерлерінен жауап алу және хаттама толтыру тәртібі
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру тәртібі
- •Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу тәртібі
- •Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау тәртібі
- •Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайына тоқталыңыз
- •Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу тәртібі
- •Жұмыс беруші өз жұмысшысын заңсыз жұмыстан босатқан жағдайда жасалатын шаралар тәртібі
- •Қазақстан Республикасы Президентінің «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында еңбекті қорғауға қатысты қандай мәселелер қарастырылған
- •Еңбек дауларын шешу тәртібін
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері.
1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексерудi мемлекеттiк еңбек инспекциясы органының аумақтық бөлiмшесi құрған комиссия мына құрамда жүргiзедi: төраға - мемлекеттiк еңбек инспекторы; мүшелерi - жұмыс берушi және қызметкерлердiң өкiлi. 2. Екi адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттiк еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргiзедi. 3. Қауiптi өнеркәсiп объектiлерiнде болған жазатайым оқиғалар кезiнде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспектор кiредi. Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде болған жазатайым оқиғалар кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспектор арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттiк еңбек инспекторы комиссия мүшесi болып табылады. 4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейiн болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкiметi құрған комиссия жүргiзедi. 5. Сараптамалық қорытындыны талап ететiн мәселелердi шешу үшiн арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кiшi комиссиялар құруға құқылы. 6. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кiсi өлiмiмен аяқталған жазатайым оқиғаны, қызметкерлердiң топтық жазатайым оқиғасын және топтық қатерлi улану жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандағы арнайы тергеп-тексеру актiсiмен ресiмделедi. 7. Арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының келiсiмiнсiз куәлерден, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның жұмыс күндерiнде кез келген бiреудiң немесе өзге де комиссияның осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргiзуiне үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады. 8. Ұйым объектiлерiндегi жарылыстың, аварияның, қираудың және басқа да жағдайлардың нәтижесiнде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) iздеудiң тоқтатылуын арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия авариялық-құтқару бөлiмшесi басшысының және сарапшы мамандардың қорытындысы негiзiнде айқындайды.
Мемлекеттiк еңбек инспекторының атқаратын қызметіне тоқталыңыз
Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады. 2. Мемлекеттiк еңбек инспекторларына: 1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк еңбек инспекторы - Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының мемлекеттiк еңбек инспекциясының басшысы; 2) мемлекеттiк еңбек инспекциясының бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары - еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекциясының лауазымды адамдары; 3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттiк еңбек инспекторы - еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы; 4) мемлекеттiк еңбек инспекторлары - мемлекеттiк еңбек инспекциясы органының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлiмшесiнiң лауазымды адамдары жатады. 3. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады. 4. Мемлекеттiк еңбек инспекторына қызметтiк мiндеттерiн орындауға кедергi келтiрген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 5. Өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттiк бақылауды Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады. Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган: 1) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органды Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылу фактiлерi туралы өз құзыретi шегiнде хабардар етуге; 2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйi туралы ақпаратты еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанға сәйкес еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға тоқсан сайын берiп отыруға мiндеттi. 6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
