
- •Еңбекті қорғаудың түсінігін айтып беріңіз:
- •Еңбекті қорғау пәнінің түсінігін айтып беріңіз
- •Еңбекті қорғау пәнінің объектісін айтып беріңіз.
- •3) Экономикалық, 4) техникалық құрамдас элементтерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.
- •Еңбекті қорғау пәнінің субъектісін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғау саласының міндеттерін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғау саласының қағидаларын айтып беріңіз.
- •Еңбек қауіпсіздігінің түсінігін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғауды ұйымдастырудың мазмұнын айтып беріңіз.
- •Өндірістегі тергеп-тексерудің түсінігін айтып беріңіз.
- •Жеке еңбек шартының түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірістік жарақаттар түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірісте зардап шеккен адамның түсінігін айтып беріңіз
- •Өндірісте жазатайым оқиғаның түсінігін айтып беріңіз
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру түсінігін айтып беріңіз
- •Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттерін айтып беріңіз
- •Еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылықтың түсінігін айтып беріңіз
- •Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы кім
- •Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты
- •Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері
- •Жұмысқа қабылдау кезiндегі еңбек қауiпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктерi
- •Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы құқықтары
- •Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы міндеттері
- •Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтары
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері.
- •Мемлекеттiк еңбек инспекторының атқаратын қызметіне тоқталыңыз
- •Жоспарлы тексеруге себеп болатын жағдайларға тоқталыңыз
- •Тексеруді жүргізетін тұлғаларға тоқталыңыз
- •Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушыларға тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің принциптеріне тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің негізгі міндеттеріне тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекторының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігіне тоқталыңыз
- •Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауға тоқталыңыз
- •Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау тәртібі
- •Оқиғаларды тергеп-тексеруді жүзеге асыратын комиссияның құрылу тәртібі
- •Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібі
- •Еңбек нормаларының сақталуын тексеру тәртібі
- •Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру қалай жүргізіледі
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу тәртібі.
- •Жазатайым оқиға куәгерлерінен жауап алу және хаттама толтыру тәртібі
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру тәртібі
- •Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу тәртібі
- •Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау тәртібі
- •Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайына тоқталыңыз
- •Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу тәртібі
- •Жұмыс беруші өз жұмысшысын заңсыз жұмыстан босатқан жағдайда жасалатын шаралар тәртібі
- •Қазақстан Республикасы Президентінің «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында еңбекті қорғауға қатысты қандай мәселелер қарастырылған
- •Еңбек дауларын шешу тәртібін
1 деңгей:
Еңбекті қорғаудың түсінігін айтып беріңіз:
Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында қысқаша тоқталған. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» туралы 2004 жылғы 28 ақпандағы №528-II-ші Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 16-тармағында еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.
Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау 1) құқықтық, 2) медициналық,
3) экономикалық, 4) техникалық құрамдас элементтерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.
Еңбекті қорғау пәнінің түсінігін айтып беріңіз
Еңбекті қорғау пәні – бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады. Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, еңбек мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне де қатысты болып табылады.
Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі.
Бұл шаралар мен құралдар мыналардан тұрады:
еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулардан;
ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормалардан;
әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормалардан;
өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінен;
қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерден тұрады.
Еңбекті қорғау пәнінің объектісін айтып беріңіз.
Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау 1) құқықтық, 2) медициналық,
3) Экономикалық, 4) техникалық құрамдас элементтерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.
Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз. 1) Егерде, қызметкердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі бұзылса, яғни қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда, олардың еңбекті қорғаудағы құқықтары қорғалмаса еңбекті қорғаудың құқықтық құрамдас элементі бұзылған болып табылады.
2) Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса, не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе – бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас элементінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылды, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр деген сөз.
3) Егерде еңбекті қорғау қаржыландырылмаса, және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз, бұл дегеніміз, еңбекті қорғаудың экономикалық құрамдас элементі бұзылды деген сөз.