Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эмтиханға дайындық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
212.4 Кб
Скачать

57. Компьютерде қойылған есепті шешудің негізгі кезеңдері, концепциялары.

Компьютерде есепті шешу процесі- бұл адам және ЭЕМ арасындағы біріктірілген сала. Бұл процесті бірнеше тізбектелген этаптар түрінде көрсетуге болады. Адамға тиісті этаптар, шығармашылық саламен байланыстысы- қойылуы, алгоритмизациясы, есепті программа және нәтижелерді талдау, ал компьютерге тиістісі- өңделген алгоритммен сәйкес келетін ақпаратты өңдеу этаптары.

Бұл этаптарды келесі мысалдарда қарастырамыз: екі бүтін санның соммасын есептеу және видеомонитордың экранына нәтижесін шығару.

Бірінші этап – есептердің қойылымы. Бұл этапта есепті қолданатын жұмыс саласын жақсы білетін адам қатысады, ол есептің мақсатын нақты анықтауы керек, есептің мазмұнына сөздік түсінік беруі және оның шешімімен жалпы жақындық ұсынуы керек. Мысалы, екі бүтін санның соммасын есептеу үшін сандар қалай қосылатын білетін адам, есепті келесі әдіспен түсіндіре алады: екі бүтін санды енгізу, оларды бір-біріне қосу және есептің нәтижесі ретінде соммасын шығару.

Екінші этап – математикалық немесе ақпараттық моделдеу. Бұл этаптың мақсаты – есеп компьютерде шешілуі үшін, есептің математикалық моделін құру. Көптеген есептердің математикалық моделінде тек қана формулалар мен логикалық шарттар келтіріледі. Бұл этап бірінші этаппен тығыз байланыста және оны бөлек қарастырмасада болады, бірақ құрылған модель үшін бірнеше шешу әдістері танымал болуы мүмкін және олардың ішінен ең ыңғайлысын таңда керек болады. Жоғарыда түсіндірілген есеп үшін екінші этап келесідей болады: компьютерге енгізілген сандарды А және В атауымен жадыда сақтаймыз, содан соң бұл сандардың соммсының мағынасын А + В формуласы бойынша есептейміз және нәтижесін жадыда Summa атауымен сақтаймыз.

Үшінші этап – есептің алгоритмі. Математикалық түсіндіру негізінде шешу алгоритмін құрастыру керек. Алгоритм дегеніміз – қойылған есептің шешуге бағытталған әрекеттер тобын іске асыру үшін атқарушыға түсінікті әрі дәл нұсқаулар жиынтығы. Алгоритмдерді орындайтындар адамдар, роботтар, компьютерлер болуы мүмкін.

Төртінші этап – программалау. Программа – бұл орындаушы(компьютер) орындайтын әрекеттердің жоспары. Үшінші этапта құрылған алгоритм бойынша программа алгоритмдік тілде жазылады.

Бесінші этап – жазылған программаны компьютерге программалау жүйесінде еңгізіледі.

Алтыншы этап – тестлеу және программаны жөндеу. Бұл қадамда ЭЕМ қөмегімен алгоритм орындалады, қателер ізделінеді және олар жойылады. Программаны жөндеу – бұл күрделі және стандартты емес процесс.Күрделі программалар бөлек фрагменттермен тексеріледі.

Жетінші этап - жөнделген программаның орындалуы және нетижені талдау. Бұл қадамда программа жұмысқа қосылып , алғашқы керекті мәндер беріліп. программа нәтижесі алынады. Шыққан нәтижелер талданып, нәтижелерге сай шешімдер, ұсыныстар, шығарулар жағдыланады. Талдау шешімі бойынша есептің құрылған жолдары қайтадан қарастырылып, есептің бірінші қадамына қайтып оралып, есеп жаңадан шешілуі мүмкін.

58. Жергілікті желі құру принциптері. Желінің аппараттық және бағдарламалық жасақтамалары.

Жергілікті желі (локальный-Local Area Network, LAN) - бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын тұрған ғимараттарда орналасқан компьютерлер жабық желісі. Мұндай желіге 10-20 шамасында компьютерлер біріктіріледі (ара қашықтықтары 10 км-ға дейін).

Жергілікті желіде жұмыс істеудің артықшылықтары:

1. Ортақ ресурстарды көп қолданушылық режімінде қолданылуы;

2. Барлық пайдаланушылардың ортақ принтерде бір уақытта баспаға шығара алуы;

3. Пайдаланушылардың өзара ақпарат алмасуы, электрондық пошта ұйымдастыру мүмкіндігі;

4. Сыртқы жадты тиімді қолдануы;

5. Пайдаланушының кез келген компьютерден, жалпы желінің коммуникациялық торабы болған жағдайда, жалпы желінің ресурстарына қамтамасыз етуі;

6. Оқу процесін әдістемелік жетілдіру үшін желілік ортаны пайдалану мүмкіндігі (жетекші компьютерден ілесетін компьютерлерге жұмысты көрсету және керісінше).

Топологиясы бойынша жергілікті желілерді мыналарға бөлуге болады:

1. Жекеарналы (шина). Мұндай желі арқылы бір торап берген деректерді, барлық тораптар қабылдайды, бірақ тек оған ғана арналған торап қана, оны таниды және қабылдайды.

2. Сақиналық (тұйық). Мұндай желіде деректер бергенде маркерлер қолданылады.

3. Жұлдыз пішінді. Мұндай желінің барлық компьютерлерін біріктіретін активті орта болады. Деректер бергенде мұнда да маркер қолданылады.

4. Ақшақар. Жұлдыз тәрізді топологияның бір түрі.

5. Ағаш түрінде. Жұлдыз топологияның бір түрі.

Жергілікті желілер, қосу және бағдарламалық жабдықтамасының құрылым бойынша мыналарға бөлінеді:

1. Бір рангылы;

2. Тікелей қосу желілері (екі компьютер)

3. Клиент – сервер

4. Бірнеше файлдық серверлерді қолданатын желілер

Жергілікті желіде қолданылатын операциялық жабдықтама немесе желі қызметі бірнеше негігі топқа бөлінеді:

1. NET WARE 4. 1

2. Windows NT

3. Vines 6. 0

4. OS 2 Warp.

5. UNIX

Жергілікті есептеу желісі – бір-бірінен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және мәліметтер тасымалданатын физикалық орта арқылы біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер (есептеу машиналары, жад құрылғылары, принтерлер және т.б. электрондық құрылғылар) жиынтығы. ЖЕЖ негізгі аппараттық жабдықтарына

  • жұмыс станциялары (ЖС);

  • серверлер

  • интерфейстік тақша (желілік адаптер);

  • кабельдер (коаксиальды кабель, қорғалмаған есулі қос өткізгіш, қорғалған есулі қос өткізгіш, талшықты-оптикалық кабель)жатады. ЖС және серверлер желіде орналасу көлемінде бір-бірімен мәліметтерді жеткізу арналары – кабельдер арқылы біріктіріледі. Компьютерлерді кабелге қосу интерфейстік тақша - желілік адаптер көмегімен жүзеге асырылады. Қолданылатын желілік адаптерлердің үш негізгі мінездемелері бар: қосылатын компьютердің шина типі (ISA, EISA, Micro Chanel, т.б.), разрядтылығы (8, 16, 32, 64), құрылатын желі ( Ethernet, Arcnet, Token Ring) топологиясы.