Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эмтиханға дайындық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
212.4 Кб
Скачать

49. Ms Access интерфейсі. Ms Access-те мәліметтер типі және қасиеттері.

MS Access-те мəліметтер типі жəне өріс қасиеттері. MS Access – мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ Access 2010 бағдарламасы бұрынғы нұсқаулардан, әсіресе Access 2007 бағдарлама нұсқаларынан, бірнеше маңызды өзгертулері бар пайдаланушының интерфейсін қамтиды. Пайдаланушы интерфейсінің екі негізгі құрамдасы  — таспа және шарлау аумағы — Access 2007 бағдарламасына енгізілген. Таспаға бірнеше өзгертулер енгізіліп, үшінші пайдаланушы интерфейсінің құрамдасы — Backstage көрінісі — Access 2010 бағдарламасының жаңа мүмкіндігі болып табылады.

Бұл мақала Access 2010 бағдарлама пайдаланушылық интерфейсі элементтерін сипаттайды және сол элеменеттер мен жұмысты теңшеу жолы туралы қосымша мәлімет сілтемелерін қамтамасыз етеді.

Access 2010 бағдарлама пайдаланушылық интерфейсінің үш негізгі құрамдасына төмендегілер жатады:

  • Таспа — бұл, құрамында пәрмендер топтары бар бағдарлама терезесінің үстіңгі жағындағы қойындылар жолағы.

  • Backstage көрінісі— бұл, таспадағы Файл қойындысынан көрінетін пәрмендер жинағы.

  • Шарлау аумағы    — бұл, дерекқор нысандарымен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін Access бағдарламасы терезесінің сол жағындағы аумағы. Шарлау аумағы Access 2007 бағдарламасында дерекқор терезесін ауыстырады.

Осы үш элемент дерекқорларды жасауға және пайдалануға болатын ортаны қамтамасыз етеді

Интерфейс-программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.Яғни байланыс түрі болып табылады.

Аccess программасы мәліметтер қорын басқару жүйесінің ең бір жоғарғы танымал тамырларының бірі.Бұл қолданбалы программа мәліметтер қорын басқарудың жүйесін жүзеге асыру мүмкіндіктерін өз ішінде алады. Access графикалық интерфейсі қолданушының жеңіл әрі ыңғайлы түрде жұмыс жасауына қолайлы жағдай туғызады.Интерфейс мүмкіндігінің кең болуына байланысты АCCESS те қолданылатын құралдар түрі мен мүмкіндіктері де жоғары дәрежелі болады.

Бұл бағдарламада IntelliSense технологиясының кеңінен қолдану мүмкіндігі бар. Бұл қолданушыға жұмыс жасау барысында дұрыс бағыт бағдар беріп,қандай батырмаларды басу керек екендігін нұсқап тұрады.Бұл технология орындалу барысы автоматты түрде жүргізіледі.

Мәліметтер типтері-windows желісінде қолданылатын стандартты типтер. Онің 8 түрі бар:

Мәтіндік- есеп жасауда қолданылмайтын мәтіндерді немесе мәтін мен сандарды енгізу үшін қолданылады

МЕМО өрісі – 255 белгіден көп мәтіндер немесе форматталған мәтіндер үшін қолданылады. Бұл типтің өрісіне алфавитті цифрлық белгілерді енгізуге болады. Мысалы: ескертулер, жартылай қою немесе курсивпен жазылған ұзақ сипаттаулар мен азат жолдар.

Сандық – ақшалық мәндерден басқа есептеулерде қолданылатын сандық мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Мерзім -бұл типтегі өріске мерзім мен уақытты енгізуге болады. Ақшалық -бұл өріс ақшалық мәндерді енгізуге және сақтауға арналған. Есептегіш- Access те автоматты түрде енгізілетін Уникальное атты сандық мән

Логикалық- мәліметтердің бұл типі мына мәндердің біреуін «Иа» және «Жоқ» немесе «True» және «False» қамтитын өрістер үшін қолданылады.

OLE обьектісінің өрісі- бұлөріске оле обьектілері немесе басұа екілік мәліметтер енгізіледі.

Өріс қасиеттері. Өріс өлшемі - өрісте сақталынған мәтіндік сандық немесе есептегіш типтеріндегі мәліметтердің максимал мәндерін анықтау.

Формат- бейнелеу немесе баспаға шығару үшін өрістің мәліметтер форматын баптау.

Ондық белгілер саны- сандық мәндер үшін бөлшек бөлігінде бейнеленетін белгілердің мөлшерін беру.

Жаңа мәндер- есептегіш типіндегі өріс үшін мәндер меншіктеу тәсілдерін анықтау.

Подпись -формалар есептер немесе сұраныстар үшін үнсіз келісім бойынша жазбалардағы мәтінді анықтау.

Үнсіз келісім мәні- өріске жаңа жазбалар үнсіз келісім бойынша қосу үшін мәндерді автоматты тағайындау.

Тағайындау шарты -осы өрісте мәндерді әрбір қосуда немесе өзгертуде шынайылық болу үшін тұжырымдамалар беру.

Дәлдік -ондық бөлгіштің екі жағына сақталатын белгілердің қосынды рұқсат етілген сандарды тапсыру.

Масштаб -ондық бөлгіштің оң жағына сақталатын белгілердің максималды рұқсат етілген сандарды анықтау.

Тек қана қосу -МЕМО типті өріс үшін нұсқаларды басқаруды белсендіру.

Смарт тегтер -осы өріске смарт тегтер қосу.

Unicode сығылуы- мәтінді сығу,егер осы өрісте 4096 белгіден көп болса.

Индекстелген өріс- индекстерді құру және пайдалану арқылы оосы өріске мәліметтерді енгізуді жеделдету.

50.MS Access бағдарламасында базалық кестелерді анықтаңыз жəне оларды құру технологиялары. Кестелер.

Бұл кез-келген мәліметтер базасының негізгі обьектісі болып

табылады және мәліметтер базасының құрылымын анықтайды. Ал басқа обьектілер алдын -ала дайындалған кестелердің негізінде құрылады.

Кесте - мәліметтерді жазба және өріс түрінде сақтауға арналған обьект болып табылады.

    • Кестемәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, бір тақырыпқа берілген нақты мәліметтер жиыны. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи) тұрады.

Мәліметтер қорын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта (бумада) орналасады. Кестелер файлда сақталып, бөлек құжаттарға немесе электрондық кестелерге (мысалы, кестелік процессор Microsoft Excel) ұқсайдыҚолданылатын терминология кесте типі мен қолданбаны құру жүйесіне таңдауға байланысты өзгереді. Мысалы, InterBase-та кесте өрісі баған деп аталады. Кесте негізін оның өрістерінің сипаттамасы құрайды, әрбір кесте кем дегенде бір өрістен тұруы керек. Кесте құрылымы кең мағыналы ұғым, оның құрамына: - өрістер сипаттамасы; - кілт; - индекстер; - өріс мәндерінің шектеулері; - кестелер арасындағы сілтемелік тұтастықтың шектеулері; - парольдер.

Жалпы кестемен келесі операцияларды орындауға болады:

- құру (құрылымын анықтау); - құрылымын өзгерту (қайта құрылымдау); - жою.

Кестені құру кезінде кесте аты мен оның құрылымы беріледі.

MS Access–те кестелер құрудың үш түрі бар: 1)Кесте шеберімен 2)Конструктор көмегімен 3)берілгендерді енгізу арқылы.

Дискіге сақтау кезінде кестеге қатысты барлық қажет файлдар құрылады. Олардың аттары кесте атымен өзара сәйкес келеді.

Paradox кестелері едәуір дамыған және мәліметтер қорын құруға өте ыңғайлы болып табылады.

Кесте құжаттық мәтіннің кез келген жеріне қойыла береді.Кесте мөлшері қағаз парағынан үлкен болуы да мүмкін,сондықтан ол бір немесе бірнеше беттерде орналаса алады.Мұндай жағдайда сіздер кесте тақырыптарын әрбір беттің жоғарғы жағына автоматты түрде орналастыра аламыз.Кестені алғаш рет даярлау үшін Кесте Кестені кірістіру командасын немесе стандартты аспаптар тақтасының Кестені кірістіру батырмасын пайдалану керек.Кесте даярланған соң ұсынылған стандартты форматтардың жиынынан өзіңізге қажетті форматты таңдап алу үшін Кесте Кестені автоформаттау командасын пайдаланған жөн.Бұл тәсіл кестелерді форматтау процесін анағұрлым жеңілдетеді. Жаңа кестені құру кезінде (кестелер режимінде) Access автоматты түрде алғашқы кілтті жасайды жəне өріске Код атын жəне мəліметтер типін Есептегіш тағайындайды Бұл өріс кестелер режимінде жасырылған, оны көру үшін кестелер конструкторы режиміне өту керек.

Алғашқы кілт тапсырмасы. Кестенің алғашқы кілті осы кестедегі əрбір жолды бір мəнді анықтау үшін бір немесе бірнеше өрістен тұрады. Алғашқы кілт ретінде уникальный инвентарлық номір, реттік нөмір немесе код жиі қолданылады.

51. MS Access бағдарламасында басылымдар түрлері жəне оларды құру технологиялары. Басылым (отчет) мәліметтердің керекті құрылымын баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі Баспаға басу командасы деректерді қағазға басумен қатар принтердің параметрлерін де анықтауға мүмкіндік береді.Құжатты құрын және сақтағаннан кейін оны жариялау мәселесі туылады. Құжатты көрсету типі бойынша жариялау үш типі бар: құжатты басу (таспада қатты көшірме жасайды), электрондық жариялау (электрондық почта арқылы), веб құжаттары(интернет арқылы). Есеп беру конструкторы терезесінен немесе деректер базасының терезесінен құрылған есеп беруді басу үшін келесі тәсілдердің бірін пайдаланамыз:

• Файл │Печать командасын орындаңыз. Баспа параметрлерін беретін «Баспа» сұхбат терезесі ашылады.

• MS Access саймандар панелінде Печать батырмасын басыңыз. Бұл жағдайда есеп беру ағымдағы орнатылуымен баспаға шығарылады.

«Баспа» сұхбат терезесінде басқыңыз келетін бет номерімен көшірме санын көрсетіп, файлға баспа режимін таңдай аласыз. Басып шығарылатын бет номерін беру үшін сұхбат терезесінің төменгі сол жақ бұрышындағы «басу» аймағында беттер опциясын орнатыңыз. С: енгізу өрісінде басылатын беттердің біріншісін, ал По: енгізу өрісінде басылатын беттердің соңғысын көрсетіңіз. Басылатын көшірмелер санын беру үшін Көшірме саны санаушының көмегімен «Көшірмелер» аймағына тиісті мәнді орнатыңыз.Баспа бағдарын беру үшін «Баспа» сұхбат терезесінің Свойства батырмасын басқанда ашылатын Кітаптық (Portrait) және Альбомдық (Landscape) опциялары пайдаланылады. Бет өрістерінің мөлшерін өзгерту үшін «Баспа» сұхбат терезесінің Настройка батырмасын басқанда ашылатын «Бет параметрлері» сұхбат терезесі пайдаланылады. Ашылған сұхбат терезесінің «Өрістер» жапсырмасына көшіп, өзгерткіңіз келген бет өрісінің мәнін ерекшелеп, орнатылған өзгерту бірліктерін (дюймдер немесе миллиметрлер) ескеріп, жаңа мәнді енгізіңіз. MS Access-тің есеп объектісі деп ДБ-дағы деректерді қолданушыға қажетті мәліметтерді басып шығаруға дайындалған есеп құжатын айтамыз. Форма мен есеп объектілерінің құрылымдары ұқсас, яғни формада айтылған мәліметтердің көбі есеп объектісі үшін де орынды. Есеп құру кезінде жұмыстың басым көпшілігі оның Конструктор режимінде орындалады. Есеп құрылғаннан кейін оны баспаға басып шығаруға болады. ДҚ терезесінде Есеп жапсырмасы мен Құру батырмасын шерткенде пайда болатын Жаңа есеп терезесінде есеп құру тәсілдерін қарастырамыз. Баспаға шығару Accessте форманың экрандағы көрінісі бойынша баспаға шығару мүмкіндігі бар. Бірақ баспаға шығар алдында төмендегідей кемшіліктерді ескеру керек. Егер құрал саймандар қатарындағы Баспа(Печать) батырмасын бассақ, онда форманың әрбір жазбасы әрбір параққа басылып шығады, 100 жазба 100 параққа басылып шығады. Формадағы бір жазбаны баспаға шығару керек болғанда ғана форманы баспаға шығаруды қолданады. Көптеген жазбаларды баспаға шығару үшін Есепті(Отчет) қолданылады.