
- •Ақпараттық технологиялар ұғымын анықтаңыз, оның объектілерін атап көрсетіңіз. Ақп техн-ң кәсіби
- •Ақпараттық технологиялардың даму тарихына шолу жасаңыз. Ақп-қ техн-ң дамуының сатыларын,
- •3.Ақпараттың эем-де берілуі және өлшем бірліктерін атап көрсетіңіз
- •4.Ақпарат ұғымына анықтама беріңіз. Ақпараттың құрылымын анықтаңыз.
- •5.Ақпарат ұғымын анықтап, оның қасиеттерін топтастырыңыз.
- •6.Ақпарат ұғымын анықтап, оның түрлерін және берілу формаларын жіктеңіз.
- •8.Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Ақпараттық ресурстар, ақпараттық үрдістерді атап көрсетіңіз
- •14. Логика дегеніміз не? Ойлаудың логикалық заңдарын атаңыз. Пікірге анықтама беріңіз
- •15. Бульдік алгебраға түсініктеме беріңіз. Логикалық амалдарды атап, анықтама беріңіз.
- •20.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы. Бағдарламалық жасақтаманы жіктеңіз
- •21. Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы. Жүйелік бағдарламалар.
- •22.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы. Инструменталдық бағдарламалар.
- •23.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы. Қолданбалы бағдарламалар.
- •24.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы.Қызметтік бағдарламалар.
- •27.Бумалар мен файлдар. Сілтеуіш бағдарламасы - файлдық жүйені басқару технологиялары екенін түсіндіріңіз
- •29.Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз. Амалдық жүйеде файлдар мен бумаларды іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
- •30. Алгоритм, бағдарлама ұғымдарына анықтама беріңіз. Алгоритмнің қасиеттері мен түрлерін анықтаңыз
- •33. Компьютерлік ақпаратты қорғау. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық əдістері.
- •34. Компьютерлік ақпаратты қорғау. Электрондық цифрлық қолтаңба және оны пайдалану аумағы.
- •35 Компьютерлік ақпаратты қорғау. Мұрағаттаушы бағдаламалармен жұмыс істеу технологиялары.
- •36.Есептеу желілері және телекоммуникациялар. Есептеу желісінің классификациясы және жұмыс істеу технологиясы.
- •39. Есептеу жүйесінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдарын атаңыз және қызметін анықтаңыз.
- •41 Есептеу жүйесіндегі кестелік процессорда мəліметтер қорын құру және басқару технологиялары.
- •42 Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелерге енгізілетін ақпарат түрлері жəне оларды өңдеу технологиялары.
- •43 Электрондық кестелерді өңдеу құралдары. Функция шеберлері арқылы есептеулер
- •45.Әлеуметтік желілер. Іздеу жүйелері. Әлеуметтік желілерде ақпаратты іздеу технологиясы.
- •46. Web парақтарды шолушы бағдарламалар. Internet Explorer және басқа шолушы бағдарламаларды қолдану.
- •47.Интернет-бұқаралық ақпарат құралы екенін анықтаңыз. Интернеттің қосымша қызмет түрлері.
- •48. Мәліметтер қорлары және мақсаты. Мқ модельдері.
- •49. Ms Access интерфейсі. Ms Access-те мәліметтер типі және қасиеттері.
- •52. Ms Access бағдарламасында пішімдер (формалар) түрлері жəне оларды құру технологиялары.
- •54. Ms Access бағдарламасында кестеаралық байланыстар. Байланыстар схемаларының түрлері.
- •55. Сайт жасау технологиясы. Html элементтері.. Html тегтері
- •56. Электрондық үкіметтің қызметі. Эү дамуының концепциясы. Электрондық үкіметтің бұқаралық ақпарат құралы ретінде пайдалануы.
- •57. Компьютерде қойылған есепті шешудің негізгі кезеңдері, концепциялары.
- •58. Жергілікті желі құру принциптері. Желінің аппараттық және бағдарламалық жасақтамалары.
- •59. Компьютерлік желі түрлері. Желі топологиясы.
- •60. Электронды үкімет-электронды құжат айналым жүйесімен жұмыс және мемлекетті басқаруда азаматтардың қатынасын кеңейту жүйелері.
47.Интернет-бұқаралық ақпарат құралы екенін анықтаңыз. Интернеттің қосымша қызмет түрлері.
Интернет (Internet — International Network) — компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады. Интернет жүйесі жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр. Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi. Ол үлкен және кіші компютерлік желілердің бірігуі ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістіктегі қызметі болып табылады.
Интернеттің негізгі қызметтерінің түрлері
Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты таратуға арналғандары: WWW, FTP, Telnet т.б.; электрондық мәлімет алмасу үшін: E-mail, Usenet, ICQ, IRC, IP – телефония және басқалары.
қазіргі желілерде жұмыс істейтін негізгілерінің қысқаша сипаттамаларын қарастырып өтейік.
WWW (World Wide Web – дүниежүзілік өрнек) – Интернеттің гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі, оны Web деп те атайды. Мәліметтер блоктары (Web - парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW – сервер немесе Web – сервер деп аталатын жеке компьютерлерде сақталады.
WWW мәліметтермен жұмыс істеу үшін ағылшынша browsers («browse» - қарап шығу, шолу), яғни браузер, навигатор, көрсеткі, шолушы деп аталатын бағдарламалар қолданылады. Олар жайлы 4 тарауда айтылады. Қазіргі кезде Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator тәрізді браузерлер жиі қолданылады.
FTP. Қашықта орналасқан машинаның каталогтарымен және файлдарымен жұмыс істейтін хаттама (File Transfer Protocol – файлдарды тасымалдау хаттамасы) мен бағдарламалар осылай аталады.
TELNET. Бұл термин арқылы клиенттің алыстағы сервер – компьютермен қатынасуын қамтамасыз ететін хаттама мен бағдарлама белгіленеді.
E – mail. Бұл электрондық поштаның ағылшынша аталуы, ол – желі қызметтерінің ішіндегі электрондық мәлімет алмасудың ең негізгісі.
Usenet жүйесінің бірнеше анықтамалары бар, олар – тармақталған дискуссия клубы, телеконференция, жаңалықтар тобы.
IRC (Internet Relay Chat) – нақты уақыт кезеңінде телеконференция өткізудің бір түрі, тұтынушылардың бір – бірімен әңгіме – дүкен құруға болатын қызметі. IRC – серверлері мен IRC – клиенттері көмегімен тұтынушылар бір – бірімен «виртуальды» әңгіме өткізуді пернетақтада сөздерді теру арқылы жүргізеді.
IP – телефония. Интернетте телефондағы дауыс арқылы мәлімет алмасуды өте тиімді деп айтуға болмас, бұл тек TCP/IP хаттамалары негізінде электрондық мәлімет алмасудың жеке бір түрі ғана.. Қазақстан Республикасы байланысының Ұлттық операторы болып саналатын «Қазақтелеком» ААҚ – ы осы байланыс түрін практикада пайдаланып жүр.
48. Мәліметтер қорлары және мақсаты. Мқ модельдері.
Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтерді ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз.
Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) мәлiметтер құрылымы
типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк МҚБЖ, реляциялық МҚБЖ болып үшке бөлiнедi.
Мәлiметтер қоры ақпараттар сақталатын қойма. Мәлiметтер қорынан керегiне қарай қажеттi мәлiметтер алу үшiн сақталады. Басқаша айтсақ, мұнда керектi ақпаратты iздеу ұйымдастырылады.
МҚБЖ бағдарламалық жабдық, оның көмегiмен МҚ (мәлiметтер қоры) құрылады, соның негiзiнде ақпаратты iздеу жүйесi (АIЖ) құрылады және жұмыс iстейдi.
Ақпаратты iздеу жүйесi дегенiмiз мәлiметтер қорының
жиынтығы және оларға қызмет көрсетушi бағдарламалар.
Кез келген мәліметтер қоры деректердің реляционды моделіне негізделеді.Мәліметтердің реляционды моделінің негізінде қатынастар (relation ағылшын тілінде қатынас) ұғымы жатыр. Егер белгілі шарттарды орындасақ, қатынасты екі өлшемді кесте түрінде берген ыңғайлы болады. Кесте көрнекті, әрі адамға түсінікті бейнелеу болып табылады. Реляционды мәліметтер қоры бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны.
Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі.
Қатынастарға қолданылатын негізгі амалдарға:Жиындарға қолданылатын амалдар: қиылысу, айырма, декарттық
көбейту, бөлу, біріктіру; Арнайы реляционды амалдар: проекциялау, біріктіру, таңдау (селекция,
шектеулер) жатады. Мәліметтер қорын басқару жүйесінің деңгейі осы айтылған амалдарды орындауда қолданылатын құралдардың бар болуымен және олардың қолайлылығымен өлшенеді. Қатынастарда, реляционды мәліметтер қорында бұл амалдарды орындауда қолданатын тілдерді екі класқа бөлуге болады: - Реляционды алгебра тілдері; Реляционды есептеулер тілдері. Реляционды алгебра тілдері реляционды алгебраға негізделген.
Қатынастарға қолданылатын амалдарды тізбектей белгілі ретпен жазып, қажетті нәтиже аламыз. Сондықтан реляционды алгебра тілдері процедуралық тіл болып, ал мәліметтер қорын басқару жүйелері тілдерінің көбі процедуралық программалау тілдері болып табылады. Бұтақ тәрізді объектілердің кестесі иерархиялық құрылым болады. Бұндай құрылым үшін төменгі деңгейдегі объекті жоғарғы деңгейдегі объектіге бағынышты.
Мәліметтер құрылымының үшінші түрі желілік МҚБЖ.
Керектi ақпараттарды жинау ғана емес, оларды жақсылап құрылымдау да маңызды. Кез келген ақпараттық құрылым келешекте қажеттi ақпаратты алу үшiн құрылады. Сондықтан да ол мәлiметтердiң құрылымын жасау мына әдiстерге сүйену арқылы жасалады:
1) объектiнiң сипаттамаларын анықтау; 2) осы объектiлердiң атрибуттарын (атрибут қатынас бағандары) анықтау; 3) объектiлердiң арасындағы байланысты көрсететiн құрылым типтерiн таңдау (кесте, иерархиялық, желiлiк), 4)ақпараттық құрылымның дәл экземплярын құру.
Мқ негізгі мақсаты-нақты өмірдің объекті туралы үлкен мәліметтер санын олардың арасындағы байланыстарды ескере отырып өңдеу.