
- •Ақпараттық технологиялар ұғымын анықтаңыз, оның объектілерін атап көрсетіңіз. Ақп техн-ң кәсіби
- •Ақпараттық технологиялардың даму тарихына шолу жасаңыз. Ақп-қ техн-ң дамуының сатыларын,
- •3.Ақпараттың эем-де берілуі және өлшем бірліктерін атап көрсетіңіз
- •4.Ақпарат ұғымына анықтама беріңіз. Ақпараттың құрылымын анықтаңыз.
- •5.Ақпарат ұғымын анықтап, оның қасиеттерін топтастырыңыз.
- •6.Ақпарат ұғымын анықтап, оның түрлерін және берілу формаларын жіктеңіз.
- •8.Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Ақпараттық ресурстар, ақпараттық үрдістерді атап көрсетіңіз
- •14. Логика дегеніміз не? Ойлаудың логикалық заңдарын атаңыз. Пікірге анықтама беріңіз
- •15. Бульдік алгебраға түсініктеме беріңіз. Логикалық амалдарды атап, анықтама беріңіз.
- •20.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы. Бағдарламалық жасақтаманы жіктеңіз
- •21. Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы. Жүйелік бағдарламалар.
- •22.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы. Инструменталдық бағдарламалар.
- •23.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы. Қолданбалы бағдарламалар.
- •24.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы.Қызметтік бағдарламалар.
- •27.Бумалар мен файлдар. Сілтеуіш бағдарламасы - файлдық жүйені басқару технологиялары екенін түсіндіріңіз
- •29.Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз. Амалдық жүйеде файлдар мен бумаларды іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
- •30. Алгоритм, бағдарлама ұғымдарына анықтама беріңіз. Алгоритмнің қасиеттері мен түрлерін анықтаңыз
- •33. Компьютерлік ақпаратты қорғау. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық əдістері.
- •34. Компьютерлік ақпаратты қорғау. Электрондық цифрлық қолтаңба және оны пайдалану аумағы.
- •35 Компьютерлік ақпаратты қорғау. Мұрағаттаушы бағдаламалармен жұмыс істеу технологиялары.
- •36.Есептеу желілері және телекоммуникациялар. Есептеу желісінің классификациясы және жұмыс істеу технологиясы.
- •39. Есептеу жүйесінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдарын атаңыз және қызметін анықтаңыз.
- •41 Есептеу жүйесіндегі кестелік процессорда мəліметтер қорын құру және басқару технологиялары.
- •42 Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелерге енгізілетін ақпарат түрлері жəне оларды өңдеу технологиялары.
- •43 Электрондық кестелерді өңдеу құралдары. Функция шеберлері арқылы есептеулер
- •45.Әлеуметтік желілер. Іздеу жүйелері. Әлеуметтік желілерде ақпаратты іздеу технологиясы.
- •46. Web парақтарды шолушы бағдарламалар. Internet Explorer және басқа шолушы бағдарламаларды қолдану.
- •47.Интернет-бұқаралық ақпарат құралы екенін анықтаңыз. Интернеттің қосымша қызмет түрлері.
- •48. Мәліметтер қорлары және мақсаты. Мқ модельдері.
- •49. Ms Access интерфейсі. Ms Access-те мәліметтер типі және қасиеттері.
- •52. Ms Access бағдарламасында пішімдер (формалар) түрлері жəне оларды құру технологиялары.
- •54. Ms Access бағдарламасында кестеаралық байланыстар. Байланыстар схемаларының түрлері.
- •55. Сайт жасау технологиясы. Html элементтері.. Html тегтері
- •56. Электрондық үкіметтің қызметі. Эү дамуының концепциясы. Электрондық үкіметтің бұқаралық ақпарат құралы ретінде пайдалануы.
- •57. Компьютерде қойылған есепті шешудің негізгі кезеңдері, концепциялары.
- •58. Жергілікті желі құру принциптері. Желінің аппараттық және бағдарламалық жасақтамалары.
- •59. Компьютерлік желі түрлері. Желі топологиясы.
- •60. Электронды үкімет-электронды құжат айналым жүйесімен жұмыс және мемлекетті басқаруда азаматтардың қатынасын кеңейту жүйелері.
39. Есептеу жүйесінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдарын атаңыз және қызметін анықтаңыз.
Ақпаратты автоматты өңдеу – адамның қатысуынсыз өңдеу. Бұл кезде компьютер алдын ала берілген бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді. Компьютер мынадай ақпарат түрлерін өңдей алады:Мәтіндік, сандық, графикалық, дыбыстық;
Компьютер өңдеу үшін бұл ақпараттың бәрі де сандық түрге айналдырылуы тиіс. Мысалы: мәтіндік ақпаратты өңдегенде компьютерге енгізілген әрбір әріп белгілі бір санмен (0 мен 1-лерден тұратын) кодталады, ал адамға түсінікті болуы үшін, мониторға немесе принтерге шығарғанда кодтары бойынша әріптердің бейнелері шығарылады.
Компьютердің аппараттық құралдары:
- кодтауға және мәліметтер мен бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсетілуде ұсынуға арналған енгізу құрылғыларынан;
-ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды сақтауға арналған компьютер жадынан;
- мәліметтерді өңдеудің және өңдеу процесін басқарудың негізгі құрылғысы – процессордан;
- өңдеу нәтижелерін кері кодтауға және оларды адамға қолайлы түрде шығарып беруге арналған шығару құрылғыларынан;
- бұл барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізуші қызметін атқаратын ақпараттық кеңарнадан тұрады.
Мәліметтерді бағдарламамен өңдейді. Бағдарлама – нұсқаулар тізбегі, оларды орындау барысында компьютер белгілі әрекеттер жасайды немесе мәліметтерді өңдеу мәселесін шешеді.
Бағдарламалық құралдар - әр түрлі мақсаттарға арналған бағдарламалар жиынтығы. Оны бағдарламалық жасақтама деп те атайды.
Олар:
- жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық құрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау жұмыстарын басқаратын;
- қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;
- бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.
Жүйелік бағдарламалардың ішінде Опреациялық жүйе (ОЖ) негізгі болып табылады. Себебі:
ОЖ компьютердің барлық мәліметтерін өңдеу жұмысын ұйымдастырады;
Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады.
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырады.
ОЖ түрлері көп. Бірақ біз Windows типті Ож-ді қарастырамыз. Бұл ОЖ-ні әзірлеген американың Microsoft компаниясы.
Компьютерде жұмыс жасау негізінен оның ОЖ-мен жұмыс істеу болып табылады. Сондықтан компьютермен жұмыс жасаудың жеңіл, қиындығы оның ОЖ-нің адаммен қандай қарым-қатынас ұйымдастыруына байланысты. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі – интерфейс деп аталады. Интерфейстің екі түрі бар. Олар:командалық және терезелік.
Командалық интерфейсте адам компьютермен ОЖ-нің командалары арқылы қатынасады. Командалар көп және жазылу дұрыстығы сақталу қажет болғандықтан мұндай тәсіл жұмыс жасауға қиын. Командалық интерфейсі бар ОЖ – MS-Dos. Ол Windows-қа дейін қолданылды.
Терезелік интерфейс Windows типті ОЖ-де қолданылады. Мұнда компьютермен қатынас маус арқылы жүзеге асады. Команда жазып қажеті жоқ, тек керек әрекетті маус арқылы таңдап, жұмыс атқарылады.
Сонымен бірге Windows-тың MS-Dos-қа қарағандағы артықшылығы, бір мезгілде бәрнеше мәселелерді шешуге мүмкіндік беретіні.
Жүйелік бағдарламалық жасақтамаға драйверлер де кіреді. Бұл компьютерге қосымша құрылғылармен бірге жабдықталатын бағдарламалары. ОЖ қосымша құрылғылармен олардың драйверлері арқыллы қатынасады. Қолданбалы программалық жасақтама арнайы және әмбебап болып екіге бөлінеді.
Арнайы бағдарламаларға бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын бағдарламалар жатады. Мысалы: бухгалтерлік бағдарламалар, проект жасаушылар, дәрігерлер пайдаланатын программалар.
Әмбебеп бағдарламаларға мәтіндік және графикалық редакторлар, электрондық кестелер, т.б. адамдардың көбі пайдаланатын бағдарламалар жатады.
Бағдарламалау жүйелерінң құрамына бағдарламалау тілдері және анайы бағдарламалар кіреді, олар көмегімен құрылған бағдарламалар компьютердің жадына енгізіледі, түзетіледі, тестіленеді және орындалады. Бағдарламалау жүйелерін көбінесе прораммистер қолданады.
Ақпаратты компьютерде сақтау.
Ақпарат компьютердің ішкі және сыртқы жадында сақталады. Компьютердің ішкі жады негізгі болып табылады, себебі процессор тек осы жадпен тікелей жұмыс істейді. Оны көп жағдайда оперативті (жедел) жады деп атайды. Компьюттер өшкенде жедел жады тазарады. Мәліметтер мен бағдарламалар ішкі жадтың ұяшығына байт немесе байттар тобы түрінде орналасады. Олармен ұяшықтың адресі бойынша қатынасады.
Компьютердің сыртқы жады ақпаратты ұзақ уақытқа сақтауға арналған. Ол қатқыл дискіде, иілгіш дискіде, лазерлік дискілерде, магнитті таспаларда орналасады. Ал сыртқы жадқа ақпарат белгілі бір үлестер (порциялар) түрінде жазылады. Мұндай үлестер файлдар деп, құрылым файлдық деп аталады. Басқаша айтқанда файл – бір типті байттар тізбегі.
Файл деген ағылшын тілінен аударғанда қапшық дегенді білдіреді. Нені файл деуге болады. Файл дегеніміз – бағдарламалар, мәліметтер немесе олардың бөліктері. Файл атауы өзара екі нүктемен бөлінген бөліктерден тұрады. Бірінші бөлігі өз аты, екінші бөллігі кеңейтілуі.
Файлдарды біртұтас обьект ретінде жазуға, көшіруге, жоюға, даярлауға, жылжытуға, қайта атауға болады.
Яғни сыртқы тасуыштағының бәрі де файл ретінде сақталады.
40 Есептеу жүйесіндегі мəтіндік құжат ішінде гиперсілтеме жəне макростарды құру. Гиперсілтеме - сілтемелер көмегі арқылы басқа файлдармен байланысы. Олар сілтеме жасалған жерден автоматты түрде басқа жерге өту үшін ыңғайлы. Сілтеме жасалатын басқа құжаттағы орынның бетбелгісі болу қажет. Гиперсілтеме жасау. Бетбелгі жасалған орынға сілтеме ұйымдастыру үшін мына әрекеттерді орындау қажет:
1. Кірістіру→Гиперсілтеме менюі командасын орындайды.
2. Экранда Гиперсілтемені кірістіру терезесі пайда болады.Осы жерде сілтеме жасайтын объектіні, басқаша айтқанда қапшықты (файл) анықтап, ондағы файлды ерекшелейді.
3. Бетбелгі (Закладка) батырмасын сырт еткізіңіз.Экранда терезе пайда болады,оның ішінде құжаттағы қажетті бетбелгіні тауып, Жарайды батырмасын басыңыз.
Макростар. Бір әрекетті бірнеше рет қайталап орындайтын енгізу мен мәтнді түзету процесін жеделдету үшін макростарды қолданған тиімді. Макростар-бір команда болып жазылған бірнеше командалардың тізбегі,басқаша атауы-макрокоманда.Макростарда әрекеттердің орындалу барысында тізбектеліп командалар жазылады.Макростарды жасау.Макросты жасау үшін Құралдар→Макростар→Жаңа макрос жазбасы командасын орындаңыз.Сосын макрос жазбасы терезесі пайда болады,онда:
•Макрос аты өрісінде макростың атауын теріңіз;
•Макросты тағайындау өрісінде Құралдар үстелі немесе Пернетақта- макрос мақсатының объектісін таңдаңыз;
•Макросты сақтау өрісінде қандай құжаттарға кқатынай алатынын нұсқаңыз;
•Сипаттама өрісінде макростың күні мен авторы беріледі.
Макросқа атау беріп,макростың мақсатының объектісін таңдап, Жарайды батырмасын басыңыз.