
- •Ақпараттық технологиялар ұғымын анықтаңыз, оның объектілерін атап көрсетіңіз. Ақп техн-ң кәсіби
- •Ақпараттық технологиялардың даму тарихына шолу жасаңыз. Ақп-қ техн-ң дамуының сатыларын,
- •3.Ақпараттың эем-де берілуі және өлшем бірліктерін атап көрсетіңіз
- •4.Ақпарат ұғымына анықтама беріңіз. Ақпараттың құрылымын анықтаңыз.
- •5.Ақпарат ұғымын анықтап, оның қасиеттерін топтастырыңыз.
- •6.Ақпарат ұғымын анықтап, оның түрлерін және берілу формаларын жіктеңіз.
- •8.Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Ақпараттық ресурстар, ақпараттық үрдістерді атап көрсетіңіз
- •14. Логика дегеніміз не? Ойлаудың логикалық заңдарын атаңыз. Пікірге анықтама беріңіз
- •15. Бульдік алгебраға түсініктеме беріңіз. Логикалық амалдарды атап, анықтама беріңіз.
- •20.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы. Бағдарламалық жасақтаманы жіктеңіз
- •21. Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы. Жүйелік бағдарламалар.
- •22.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы. Инструменталдық бағдарламалар.
- •23.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы. Қолданбалы бағдарламалар.
- •24.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы.Қызметтік бағдарламалар.
- •27.Бумалар мен файлдар. Сілтеуіш бағдарламасы - файлдық жүйені басқару технологиялары екенін түсіндіріңіз
- •29.Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз. Амалдық жүйеде файлдар мен бумаларды іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
- •30. Алгоритм, бағдарлама ұғымдарына анықтама беріңіз. Алгоритмнің қасиеттері мен түрлерін анықтаңыз
- •33. Компьютерлік ақпаратты қорғау. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық əдістері.
- •34. Компьютерлік ақпаратты қорғау. Электрондық цифрлық қолтаңба және оны пайдалану аумағы.
- •35 Компьютерлік ақпаратты қорғау. Мұрағаттаушы бағдаламалармен жұмыс істеу технологиялары.
- •36.Есептеу желілері және телекоммуникациялар. Есептеу желісінің классификациясы және жұмыс істеу технологиясы.
- •39. Есептеу жүйесінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдарын атаңыз және қызметін анықтаңыз.
- •41 Есептеу жүйесіндегі кестелік процессорда мəліметтер қорын құру және басқару технологиялары.
- •42 Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелерге енгізілетін ақпарат түрлері жəне оларды өңдеу технологиялары.
- •43 Электрондық кестелерді өңдеу құралдары. Функция шеберлері арқылы есептеулер
- •45.Әлеуметтік желілер. Іздеу жүйелері. Әлеуметтік желілерде ақпаратты іздеу технологиясы.
- •46. Web парақтарды шолушы бағдарламалар. Internet Explorer және басқа шолушы бағдарламаларды қолдану.
- •47.Интернет-бұқаралық ақпарат құралы екенін анықтаңыз. Интернеттің қосымша қызмет түрлері.
- •48. Мәліметтер қорлары және мақсаты. Мқ модельдері.
- •49. Ms Access интерфейсі. Ms Access-те мәліметтер типі және қасиеттері.
- •52. Ms Access бағдарламасында пішімдер (формалар) түрлері жəне оларды құру технологиялары.
- •54. Ms Access бағдарламасында кестеаралық байланыстар. Байланыстар схемаларының түрлері.
- •55. Сайт жасау технологиясы. Html элементтері.. Html тегтері
- •56. Электрондық үкіметтің қызметі. Эү дамуының концепциясы. Электрондық үкіметтің бұқаралық ақпарат құралы ретінде пайдалануы.
- •57. Компьютерде қойылған есепті шешудің негізгі кезеңдері, концепциялары.
- •58. Жергілікті желі құру принциптері. Желінің аппараттық және бағдарламалық жасақтамалары.
- •59. Компьютерлік желі түрлері. Желі топологиясы.
- •60. Электронды үкімет-электронды құжат айналым жүйесімен жұмыс және мемлекетті басқаруда азаматтардың қатынасын кеңейту жүйелері.
36.Есептеу желілері және телекоммуникациялар. Есептеу желісінің классификациясы және жұмыс істеу технологиясы.
Қазіргі заманғы өндіріс ақпаратты жоғары жылдамдықта өңдеуді, оны өңдеу және берудің тиімді формаларын қажет етеді. Осы мақсатта компьютерлік желілер құрылады.
Желі–мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілеген компьютерлердің жиынтығы.
Есептеу желісі–бір-бірімен байланысқан желі элементтері арасында мәліметтер жеткізуге арналған программалық және аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесі. Программалық құрауыш операциялық жүйе мен желілік қолданбалардан тұрады.
Есептеу желісін бірнеше белгісі б/ша жіктеуге болады:
Аумақтық белгісі б/ша: жергілікті желілер (LAN - Local Area Network), ауқымды желілір (WAN - Wide Area Network)
Масштабы б/ша: жұмыс топтарының жергілікті жел/рі, бөліктердің жергілікті жел/рі, кампустардың жергілікті жел/рі, бірлескен желілер.
Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар: жұмыс станциялары; желі серверлері; қатынастық тораптар.
Желі абоненттері–ақпаратты өңдеу немесе қолданатын нысандар. Желі абоненттері жекелеген ЭЕМ-дер, ЭЕМ комплекстері, өндіріс роботтары, станоктар және т.б болуы мүмкін. Кез-келген желі абоненті станцияға қосылады.
Станция–ақпаратты қабылдау және беруге байланысты қызметтерді атқаратын аппаратура.
Абоненттер мен станция жиынтығы абоненттік жүйе деп аталады.
Абоненттердің өзара байланысын ұйымдастыру үшін физикалық тасмалдаушы орта қажет.
Физикалық тасымалдаушы орта - Физикалық тасмалдаушы орта негізінде коммуникациялық желі құрылады. Сонымен, компьютерлік желі–бұл абоненттік жүйе және коммуникациялық желілердің жиынтығы.
Абоненттік жүйелердің аймақтық орналасуына байланысты ақпараттық желілерді 3 негізгі класқа бөлуге болады:
Ғаламдық желілер;
Аймақтық желілер (корпоративтік);
Жергілікті желілер
Ғаламдық желі түрлі континент, елдер абоненттерін біріктіреді. Мұндай желі абоненттері арасындағы байланыс телефон жүйесі және спутниктік, радио байланыс арқылы жүзеге асады. Ғаламдық есептеу желілері барлық адамзаттардардың ақпараттық ресурстарын біріктіру мәселесін шешуге және осы ресурстарға қатынасты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ең әйгілі ғаламдық есептеу желісі –Интернет.
Аймақтық желі үлкен қалалар, экономикалық аймақтар сияқты бір-бірінен біршама алыс орналасқан абоненттерді біріктіреді.
Жергілікті желілер өте қашық емес территориядағы орналасқан абоненттерді біріктіреді. Жергілікті есептеу желісі– бір-бірінен алыс орнласқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі
Телекоммуникациялар — негізі ақпарат тарату құралдары мен әдістері болып табылатын әрекет аймағы. Телекоммуникациялар немесе коммуникациялар мемлекетгің инфрақұрылымның маңызды белігіне жатады. Телекоммуникациялардың арқасында абоненттік жүйелер қосу орталықтары арқылы бір-біріне деректер таратады. Бұл жүйелердің байланысы коммуникациялық желілер құрумен жүзеге асады. анықтайды. Олардың негізін РТТ (пошта, телефон, телеграф) деректер таратудың қоғамдық желілері қүрады. Ұлттық желілер бір-бірімен қосылып, глобальдік байланыс желісін жасайды. Бастапқыда телекоммуникациялар сөзді ғана таратты, сондықтан, негізінен электрлік аналогтік сигналдарды пайдаланды. Компьютерлердің пайда болуы және оларды байланыста кеңінен қолдану дискретті сигналдарға ауысуға алып келеді. Ауқымды ақпарат ағындарын тарату қажеттігі оптикалық арналарды пайдалануға және жарық сигналдары көмегімен деректер таратуға қол жеткізді. Телекоммуникацияны қамтамасыз ететін негізгі объектілер — аймақты желілер.
Коммуникациялық желілердің негізгі құрауыштары:
Тасымалдаушы, Қабылдаушы, Хабарлама, Тасымалдау құралдары
Байланыс арналары, Тасымалдау режимі, Тасымалдау коды, Синхронизациялық тип. Тасымалдау режимі: симплекстік (берілгендерді бір бағытта тасымалдау), жартылай дуплексті-кабылдаушы және беруші(көз) болғанда ақпаратты алма кезек тасымалдау, дуплексті- хабарларды бір уақытта тасымалдау және қабылдау
37. Бағдарламалау тілдеріне анықтама беріңіз және бағдарламалау тілдерін жіктеңіз. Программалау тілдері – программаларды ЭЕМ-де тікелей орындауға арналған алгоритмдерді жазу тәсілі. Программа – алгоритмнің ЭЕМ-ге түсінікті түрде жазылуы.
Қазіргі кезде 3500-ден жоғары әр түрлі программалау тілдері бар және осылардың ішінен шектелген саны ғана программалық бөлімді құруға жаппай қолданылады. Программалау тілдерінің саны көп болуына байланысты олардың біршене классификациясы бар. Оның ішінде негізгі 2 түрге: фукционалдық мәніне (қызметі) және қолданылатын программалау технологиясына байланысты бөлінеді. Программалау тілдері фукнционалдық мәніне байланысты 4 үлкен классқа бөлінеді: 1) программалауға үйретуші; 2) жалпы мәнді; 3) проблемалық-бағытталған; 4) параллель программалаушы.
Программалауға үйретуші тілдер қатарына жататын жоғарғы деңгейлі тілдердің негізгілері Logo, Basic және Pascal. Logo тілі 60-шы жылдардың аяғында С.Пейперттің басшылығымен құрылды. Дербес компьютерлерге бірінші қолданылған жоғарғы деңгейлі тіл және операциялық ортасы – Basic тілі.1971 жылы Н.Вирт құрылымдық технологияға үйретуші Pascal тілін құрды. Жалпы мәнді жоғары деңгейлі тілдер қатарына әр түрлі класс есептерін тиімді программалауға бағытталған тілдер жатады, негізгілері: C, Modula, Ada тілдері. Бұл тілдердің негізі 1966 жылы құрылған, ғылыми, пәндік облыстағы есептерді программалауға мүмкіндік беретін PL/1 тілі. Си тілін 1972 жылы Д.Ритчи құрды және Unix операциялық жүйесі осы тілде жазылды., Pascal тілінің идеологиясын тарату мақсатымен Н.Вирт 1980 жылы Modula–2 тілін құрды. Ada тілі құрылымды программалау тілі болып табылады және параллель программалау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Проблемалық–бағытталған жоғары деңгейлі тілдер деп нақты пәндік облыс есептерінің мәселесін түгел қамтитын тілдерді атаймыз. Бұл классқа жататын бірінші жоғары деңгейлі тіл – Fortran тілі. Fortran-I тілін 1956 жылы IBM фирмасы құрды және ғылыми-техникалық есептерді шешуге арналған. Жасанды интеллект символдық информацияларын және тізімдерін өңдеуге арналған есептерді программалауға Lisp, Prolog тілдері қолданылады.
Параллель программалау тілдерінің негізі – параллель есептеулерді программалау процесін ықшамдау, параллель архитектуралы есептеу машиналарына арналған параллель программалық жүйелердің тиімдісін алу.Қазіргі кезде қолданылып жүрген интерактивті параллель жөндеушілер IPSC және PDBX. Жиі қолданылатын векторлы матрицалық есептерге параллель программалар кітапханасы құрылған, BLAS- сызықтық алгебра программаларының кітапханасы, NAG – сандық алгоритмдер кітапханасы. Бұл есептерге белгілі матрицалы параллельдеушілер және жалпы мәнді параллельдеуші Parafrace қолданылады.
38. Бағдарламалау технологиялары түсініктеме беріңіз. Бағдарлама құрылымы. Программалау технологиясы - программалық жабдықтарды жасау процесіндеқолданылатын қолданылатын арнайы әдістер мен құралдардың жиынтығы. Бағдарламалау процесін жақсартатын және кең қолданылатын әдістердің бірі – құрылымдық бағдарламалау. Құрылымдық бағдарламалаудың 3 бөлігі (құраушысы) бар:1.Модульдік программалау;2.Құрылымдық кодтау;3.Жоғарыдан төменге қарай жобалау;
Модульдік бағдарламалау дегеніміз – программаны логикалық бөліктерге бөлу процесі. Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мына 2 мақсат орындалуы тиіс:
1) Модулдің дұрыс болуы және оның контекстерден тәуелсіз болуы қажет; 2) Модулдің ішкі жұмыстарын білмей тұра әр түрлі модулдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет. Pascal тілінде модуль процедуралар мен функциялардың көмегімен құрылады, Cи тілінде функциялардың көмегімен құрылады.
Құрылымдық кодтау деп программада басқарушы конструкциялардың – шартты операторлардың, циклдің (параметрлі, цикл-әзір, цикл-дейін) қолданылуын айтады. Шартсыз көшу операторы программада сирек қолданылуы керек немесе шартты оператордың, циклдің көмегімен өзгертілуі керек.
Программаны жоғарыдан төмен қарай жобалаудың өз иерархиялық құрылымы бар және қысқа есеп қойылымынан басталады. Одан кейін есеп бірнеше ұсақ ішкі есептерге бөлінеді. Ішкі есептердің өзі де ішкі есептерге бөлінуі мүмкін. Әр қадамда ішкі есептің орындайтын негізгі функциялары анықталуы керек. Бөлу процесі әр ішкі есеп қарапайым болғанға дейін, яғни әр ішкі есепке бір модуль сәйкес келгенше созылады.