- •1.Ақпараттық технологиялар ұғымын анықтаңыз, оның объектілерін атап көрсетіңіз. Ақпараттық технологиялардың кəсіби бағыттағы қолдану мақсатын түсіндіріңіз.
- •4. Ақпарат ұғымына анықтама беріңіз. Ақпараттың құрылымын анықтаңыз.
- •5 Ақпарат ұғымын анықтап, оның қасиеттерін топтастырыңыз.
- •6. Ақпарат ұғымын анықтап, оның түрлерін жəне берілу формаларын жіктеңіз.
- •7. Ақпараттық технологиялар - ғылым мен технологиялардың бірлігі екенін түсіндіріңіз. Ақпараттық технологияларды қолданудың салалық аумағын атап көрсетіңіз.
- •8.Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не. Ақпараттық ресурстар және ақпараттық үрдістерді атап көрсетіңіз.
- •9.Есептеу техникасы дегеніміз не. Есептеу техникасының даму тарихы мен кезеңдерін атап көрсетіңіз.
- •11 Санау жүйелеріне анықтама бер. Санау жүйелерінің түрлерін жікте.
- •12 Санау жүйелеріне анықтама бер. Санау жүйелеріндегі түрлендіру мен ауыстыру технологияларының ережелерін мысалдармен көрсет.
- •14 Логика дегеніміз не? Ойлаудың логикалық заңдарын ата.Пікірге анықтама бер.
- •15 Бульдік алгебраға түсініктеме бер. Логикалық амалдарды атап,анықтама бер. Қорытындының заңдары. Ақиқат кестелер.
- •16 Бульдік алгебра. Логикалық қорытындының заңдары. Ақиқат кестелер.
- •19 Жедел,тұрақты және кэш жады құрылымын және қызметтерін анықта.Жадтың өлшем бірліктерін атап көрсет.
- •20.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама бер және қызметін анықта.Бағ. Жас-ны жікте.
- •21. Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Жүйелік бағдарламаларды атап, қызметін анықтаңыз.
- •22. Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Қолданбалы бағдарламалар.
- •23. Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Қолданбалы бағдарламалар.
- •24. Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Қызметтік бағдарламалық жүйелер.
- •25 Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз, амалдық жүйенің қолдануына қарай жіктеңіз.
- •28.Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз. Windows амалдық жүйесінің анықтамылық жүйелері туралы не білесіз.
- •29.Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз. Амалдық жүйеде файлдар мен бумаларды іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
- •30.Алгоритм, бағдарлама ұғымдарына анықтама беріңіз. Алгоритмнің қасиеттері мен түрлерін анықтаңыз.
- •33.Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық əдістерін анықтаңыз.
- •34.Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Электрондық цифлық қолтаңба жəне оны пайдалану аумағын атап көрсетіңіз.
- •35.Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Мұрағаттаушы(архивтеуші) бағдарламалармен жұмыс істеу технологияларын анықтаңыз.
- •36.Есептеу желілері жəне телекоммуникациялар. Есептеу желісінің классификациясы жəне жұмыс істеу технологиясын анықтаңыз.
- •37.Бағдарламалау тілдеріне анықтама беріңіз жəне бағдарламалау тілдерін жіктеңіз.
- •38.Бағдарламалау технологияларына түсініктеме беріңіз. Бағдарлама құрылымын анықтаңыз.
- •39.Есептеу жүйесінде мəтіндік ақпараттарды өңдеу құралдарын атаңыз жəне қызметін анықтаңыз.
- •41.Есептеу жүйесіндегі кестелік процессорда мəліметтер қорын құру жəне басқару
- •42.Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелерге енгізілетін ақпарат түрлері жəне оларды өңдеу технологияларын анықтаңыз. Өзтолтыру маркері.
- •43.Электрондық кестелерді өңдеу құралдарын атаңыз. Функция шебері арқылы есептеулер алгоритмдерін ұсыныңыз.
- •44.Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелердегі ұяшықты адрестеу, сілтемелер түрлерін анықтаңыз.
- •50.Ms Access бағдарламасында базалық кестелерді(таблицы) анықтаңыз жəне оларды құру
- •51. Ms Access бағдарламасында басылымдар түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз
- •52. Ms Access бағдарламасында пішімдер түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз
- •53. Ms Access бағдарламасында сұраныстар түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз
- •57 Компьютерде қойылған есепті (мәселені) шешудің негізгі кезендерін анықтап, концепцияларын атаңыз.
- •58 Жергілікті желі құру принціптерін анықтаңыз.Желінің ақпараттық және бағдарламалық жасақтамаларын атаңыз.
- •60 Электронды үкімет – электронды құжат айналым жүйесімен жұмыс және мемлекетті басқаруда азаматтардың қатынасын кеңейту жүйелері екенін түсіндіріңіз.
14 Логика дегеніміз не? Ойлаудың логикалық заңдарын ата.Пікірге анықтама бер.
ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің арасында дәстүр бойынша логикалық деп аталатын мұндай есептер аз емес.Логика – бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нұсқалары дараланады: формалды логика, математикалық, логика, ықтималды логика, диалектикалық логика және т.б.Әр түрлі кестелерді жасау, қарама-қайшы түйіндерді шешу және басқа да көптеген жағдайларда адамдар логиканың көмегіне жүгінеді.Формалды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізге талдау жасаумен байланысты.Математикалық логика формалды логиканың бір бөлігі болып табылады және ол кесіп – пішіп, айқындалған объектілермен пікірлердің ақиқаттығын немесе жалғандығын бір жақты шешуге болатын дәйектемелерді ғана үйретеді. Математикалық логика саласы,алгебралық қисын секілді, информатикада да жақсы меңгеріледі. Қазіргі уақытта алгебралық қисынның негізгі операцияларына қосылмаған бір де бір программалау тілі жоқ.
Пікірлер дегеніміз – жалған немесе ақиқат болатын кейбір пайымдаулар.
Мысалы, «ақ қар» , «2*2=4» пікірлері ақиқат, ал «жер тегіс» , «2*2=5» пікірлері жалған. Әдетте, біз бақылайтын фактілер ақиқатқа қабылданады. Жалған пайымдаулар көбіне жиі талқлаулардағы немесе сөйлемдердегі қателерден немесе қалауды шындықтың орнына беруге ұмтылудан пайда болады. Пікірлер жалпы және жеке болып бөлінеді. Қиын жағдайларда сұрақтардың жауабы және немесе емес жалғаулары арқылы құрамды пікірлермен көрсеттілерді. Мысалы, «Мына оқушы ақылды және зерек» пікірі екі қарапайым: «Мына оқушы ақылды» және «Мына оқушы зерек» пікірлерне тұратын пікір болып табылады.
Логикалық заңдар — дұрыс пайымдаудың нормаларын, ережелерін, заңдылықтарын бейнелейтін ұғым. Кең мағынасында Логикалық заңдар объективті шындықты абстрактілі ой дәрежесінде бейнелеу әдістері мен формаларын, ұғымдар мен пікір байланысын және ойдың дамуы мен қалыптасуын анықтайды. Логикалық заңдарды зерттеудегі мақсат — танымның ақиқаттылығының объективті жағдайларын айқындау. Адам Логикалық заңдарды зерттеп ашуы мүмкін, бірақ адам ол заңдарды ойдан шығарып не өзгерте алмайды. Логикалық заңдар адамның санасы мен еркінен тыс, объективті, жалпы адамзатқа бірдей болғандықтан ғана, адамдар белгілі бір жүйеде бірыңғай ойлап, дүниені бірдей танып және бірінің ойын бірі ұғынып түсіне алады. Логикалық заңдарды ойлау процесінде мүлтіксіз дұрыс қолдану — ойлау процесінің негізгі шарттарының бірі.
Тар мағынасында Логикалық заңдар деп дәстүрлі логиканың белгілі 4 заңын айтады, олар: Тепе-теңдік заңы, Қайшылық заңы, Үшіншінің аластатылуы заңы, Негіздің жеткіліктілігі заңы.Бұл заңдар формальдық тұрғыдан дұрыс, яғни дәл, анық, нақтылы ойлаудың негізгі шарттары болып табылады. Тепе-теңдік заңы бойынша ой қорыту процесіне қатысатын әрбір ойдың өзіне сай белгілі бір орнықты мазмұны болуы, яғни ол өзіне-өзі тең болуы тиіс.
Дәстүрлі логикада бұл заң А дегеніміз А (мұнда А — белгілі бір ой) немесе А тең А (А=А) деп айтылады.Қайшылық заңы бойынша бір уақытта және бір қатынаста алынған нәрсе туралы екі қарама-қарсы ой сол мезетте бірдей ақиқат бола алмайды. Бұл заңның формуласы: АА (А және А —қарама-қарсы ойлар, — “және” дегенді білдіретін логикалық белгі, ал үстіндегі сызықша — бүкіл күрделі лебізді терістеу белгісі).Үшіншінің аластатылуы заңы бойынша бір уақытта және бір қатынаста айтылған екі қарама-қайшы ойдың біреуі қалай болғанда да ақиқат болады. Бұл заңның формуласы: А мен А — бір-біріне қарама-қайшы ойлар.Негіздің жеткіліктілігі заңы әрбір ақиқат ойдың ақиқаттылығы дәлелденген ойға негізделуі тиіс екенін талап етеді. Бұл заңның Формуласы: А мен В — өзара байланысты ойлар. — 1В болса, оның негізі А болуға тиіс.
