Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ashooot спешл фо ю).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

11 Санау жүйелеріне анықтама бер. Санау жүйелерінің түрлерін жікте.

Кез келген типті және кластағы ЭЕМ-де ақпаратты бейнелеу сұрақтарының екі негізгі аспектісі бар: қолданылатын базалық санау жүйесі және сандық және алфавитті-цифрлық ақпаратты бейнелеу. Санау жүйесі деп қандай да бір цифр деп аталатын символдар алфавитінің көмегімен кез келген санды бейнелеу тәсілін айтады. Барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып

бөлінеді. Позициялық санау жүйесінде қолданылдатын әртүрлі цифрлар саны Р санау жүйесінің атын анықтайды және «Р» санау жүйесінің негізі деп аталады. Негізі Р болатын позициялық санау жүйесінде кез-келген N санын Р негізінде полином түрінде жазуға болады. N=anpn+ an-1pn-1+…+ a1p1+ a0+ a-1p-1+ a-2p-2+…, Мұндағы N берілген сан, аj – коэффициенттер (санның цифры), Р санау

жүйесінің негізі (Р>1). Санды цифрлардың тізбегі түрінде жазу келісілген: N=an an-1… a1a0.a-1a-2…, Тізбектегі нүкте санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен бөліп тұрады. Егер санның бөлшек бөлігі жоқ болса, онда нүкте түсіп қалады. ЭЕМ-де негізі ондық емес позициялық санау жүйесі қолданылады: екілік, сегіздік, он алтылық. ЭЕМ-нің аппараттық негізін тек екі күйде бола алатын екі позициялық элемент құрайды; біреуі 0 арқылы ал екіншісі 1 арқылы белгіленеді. Сондықтан ЭЕМ-де негізінен қолданылатын санау жүйесі – екілік санау жүйесі болады.

Екілік санау жүйесі. Екілік жүйеде кез-келген сан екі 0 және 1 цифрларының көмегімен жазылады. Екілік жүйеде кез-келген санды N=bn bn-1… b1b0.b-1b-2…, деп жазуға болады, мұндағы bj не 0 не 1-ді қабылдайды.

Сегіздік санау жүйесі. Санды жазу үшін сегіз цифр қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7. ЭЕМ-де ақпаратты қысқаша түрде жазу үшін осы сегіздік санау жүйесі көмекші құрал ретінде қолданылады. Сегіздік санау жүйесінде бір цифрды жазу үшін үш екілік разряд (триадо) қолданылады. (Кесте 1).

Он алтылық санау жүйесі. Санды бейнелеу үшін он алты цифр қолданылады. Бұл жүйенің алғашқы он цифры о-ден бастап 9-ға дейінгі цифрлармен, ал одан жоғарғы алты цифры латынның әріптері арқылы жазылады. 10-A, 11-B, 12-C, 13-D, 14-E, 15-F. Он алтылық санау жүйесі ақпаратты қысқа түрде жазу үшін қолданылады.

Екілік

(Негізі 2)

Сегіздік

(Негізі 8)

Ондық

(Негізі 10)

Он алтылық

(Негізі 16)

0

триады

тетрады

1

0

000

0

0

0000

1

001

1

1

0001

2

010

2

2

0010

3

011

3

3

0011

4

100

4

4

0100

5

101

5

5

0101

6

110

6

6

0110

7

111

7

7

0111

8

8

1000

9

9

1001

10

A

1010

B

1011

C

1100

D

1101

E

1110

F

1111

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]