Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ashooot спешл фо ю).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

8.Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не. Ақпараттық ресурстар және ақпараттық үрдістерді атап көрсетіңіз.

Ақпараттандыру — бұл халықтың тұрмыс салтының маңызды өзгерістерімен байланысты, күрделі əлеуметтік үрдіс(процесс). Ол көптеген бағыттарда, соның ішінде компьютерлік сауатсыздықты жоюда, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мəдениетін қалыптастыруда жəне т.б. қажырлы еңбекті қажет етеді Ақпараттандырудың мақсаты — адамдар еңбегінің өнімділігін арттыру мен жағдайларын жеңілдету есебінен олардың тұрмысын жақсарту . Қоғамды ақпараттандыру — ақпараттық ресурстарды жасақтау мен пайдалану негізінде, азаматтардың, мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің жергілікті басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің ақпараттық сұраныстары мен құқықтарын іске асыруды қанағаттандыру үшін, тиімді жағдайлар жасауға ұйымдастырылған əлеуметтік-экономикалық жəне ғылыми-техникалық үрдіс. Ақпараттықтық қоғам - еңбек адамдарының басым бөлігі акпаратты сақтау, өңдеу жəне тарату істерімен, əсіресе тың ең жоғары формасы болып саналатын білім беру ісімен айналысатын қоғам. Ақпараттық коғамда тек өндіріс қана өзгеріп коймай, өмірдің бұрынғы үрдісі, құндылықтары өзгеріске ұшырап, материалдық байлық жинайтын бұрынғы дағдыдан уақыттың қажетті бөлігін мəдени байлық жинауға деген талпыныс ығыстыра бастайды. Тауарларды көптеп шығарып, соларды пайдалануға бағытталған бұрынғы индустриялық коғамға карағанда, ақпараттық коғамда парасат, зерде, білім кұндылыққа айналып, соларға көніл бөлініп, ой еңбегінің үлесі арта түседі. Өмірдің өзі адамнан шығармашылық жағын талап етіп, білімге деген сұраныс өсе бастайды.

Ақпараттық ресурстар — бұл ақпаратты өндіруге мүмкіндік беретін формада жинақталған, адамзаттың идеалары мен оларды іске асырудың нұсқаулары. Бұл кітаптар, мақалалар, патенттер, диссертациялар, ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік- конструкторлық құжаттар, алдыңғы қатарлы өндірістік тəжірибелер туралы мəліметтер жəне т.б Ақпараттық ресурстар (ресурстардың басқа да түрлерінен өзгеше — еңбек, энергетикалық, минеральдық жəне т.б.) неғұрлым жылдам өскен сайын, соғұрлым оларды көбірек жаратады.

Ақпараттықтық үрдістер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық кұрылғыларда жəне коғамдық өмірде ақпаратты жеткізу, жинақтау жəне түрлендіру процесстері.

Ақпаратпен орындалатын үрдістер:

· дайындау;

· тасымалдау;

· қабылдау;

· түрлендіру; сақтау; жинау; қарапайым ету(упрощать); көшіру; есте сақтау;

· пайдалану;

· араластыру (комбинировать);

· тарату;

· бұзу, жою, (разрушать);

· өлшеу; іздеу;

· бөліктерге бөлу;

Кез келген ақпарат басқа өнімдер секілді өңделеді. Ақпаратты өңдеу - оны қабылдау, сақтау, түрлендіру жəне басқаларға беру əрекеттерінен тұрады. Адам, компьютер, теледидар - ақпаратты өңдей алатын объектілер болып табылады. Ақпаратты өңдеу — бірнеше алгоритмдерді орындау жолымен бір ақпараттық объектілерден екінші бір ақпараттықобъектілердіалу.

9.Есептеу техникасы дегеніміз не. Есептеу техникасының даму тарихы мен кезеңдерін атап көрсетіңіз.

Есептеу техникасы – кез келген ақпарат түрін автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған электрондық құрылғылар жиыны. Бір-бірімен нақты түрде байланысып, біртұтас кешендік қызмет атқара алатын құрылғылар жиыны есептеу жүйесі деп аталады. Есептеу жүйелерінің орталық құрылғысы электрондық есептеу машинасы (ЭЕМ) немесе компьютер болып саналады. ЭЕМ құрылғылары белгілі бір заңдылықтармен өз деңгейлеріне, яғни архитектурасына сəйкес жұмыс атқарады. Барлық ЭЕМ-дер жұмысы осы негізгі архитектураға сəйкес жүзеге асырылады.

Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашанда мүқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған, аяқ-кол саусақтары секілді қарапайым қүралдар жеткілікті болды. Рылым мен техника дамуына байланысты есептеу жүмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар - абак, есепшот, арифмометр, арнаулы математикалык кестелер шығарыла бастады.

Бірақ үстіміздегі ғасырдың 40 жылдарында, ядролық физиканьщ даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмеи есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды жәнг адамның тікелей араласуын талап ете бастады. Мысалы, "Манхеттен жобасын" (АҚШ-тағы атом бомбасын жасау) іске асыру кезінде есептеу жүмыстарына 600 адам қатысты, олардың бірсыпырасы тікелей есептеумен айналысып, қалғандары сол жұмыстың дұрыстығын тексеріп отырды.

XX ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды. Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады. 1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ-дер электрондық шамдар негізінде жүмыс істейтін, үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болатын. Бірак 1948 жылдың өзінде-ақ электрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен - транзисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы жүмыс өнімділігі сақталынғанмен, көлемі жүз есеге дейін төмендеді.

70 жылдар соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған мини-ЭЕМ-дер шыға бастады (транзисторлар мен олардың арасындағы қажетті байланыстар бір пластинада орналасқан). Осындай микропроцессорлардың (біріктірілген интегралдық схемадан - БИС элементтерінен тұратын) шығуы дербес компьютерлер заманының басталғанының алғашқы белгісі болды. Алғашқы есептеу жұмыстарын автоматтандыруға арналған ЭЕМ-дер күннзн күнге артып келе жатқан информация ағынымен жұмыс істеуде өте ыңғайлы құрал болып шықты. Бастапқы кезеңдерде ЭЕМ-дерде тек арнайы үйретілген адамдар ғана жұмыс істеді, бірақ онша дайындығы жоқ адамдардың компьютерді пайдалану мұқтаждығы маман еместерге арналған машина жасау қажеттілігін тудырды. 70 жылдар басында "тұрмыстық" (үйдегі) компьютерлер деп аталған микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатын, тек ойнау үшін және шағын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланылды. 70 жылдар ортасында тұрмыстық компьютерлердің етек алғаны сондай, оларды сусын шығаратын фирмалар да (Coca Cola) жасай бастады.

Дегенмен, микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы IBM фирмасы жасаған, кейіннен "дербес компьютер" деп аталған шағын компьютердің шығуы болды. Сол уақыттан бастап осы атау шағын компьютерлер тобының жалпы аты есебінде түрақталынып қалды.

10. Ақпаратты енгізу, шығару және сақтау құрылғыларын жіктеңіз.

Мәліметгерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.

Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик — компьютерлік ойындарда колданылатын қолмен басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен козғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады.

Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар колданылады. Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы программалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді. Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер

Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары. Мәліметтерді баспаға шығару үшін мониторға қосымша принтер деп аталатын баспаға шығару кұралы қолданылады. Принтердің көмегімен экрандағы құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерлерді жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік деп бөледі. Плоттер (графиксызғыш) сызбаларды (графиктерді,суреттерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы. Колонка — дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.

Мәліметтерді сақтау құрылғылары. Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге косымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер, ZІР-тасуыштар және НіҒD-тасуыштары жатады. Стримерлер — мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар. ZІР — Бұл құрылғы өлшемдері стандарттық иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын дискілермен жұмыс жасайды. ZІР -тасуыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5 дюймдік иілгіш дискілермен үйлесімсіздігінде.

Ақпараттарды сақтау құрылғысы. Жады — деректерді алу, сақтау, шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі. Жады — компьютердің құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Компьютер жадысын екі түрге бөлуге болады: ішкі жəне сыртқы. Компьютердің ішкі жады негіз болып табылады, өйткені процессор тек сонымен ғана тікелей жұмыс істейді. Процессорды ақпаратпен қамтамасыз етеді, үнемі жұмыс істейтін болғандықтан, оны жедел жад деп те атайды. Ішкі жадта есте сақтайтын құрылғының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы және жедел жадтайтын құрылғы. Сыртқы жад ДК-нің сыртқы құрылғыларына жатады және қашан болса да, қандай болса да міндеттерді шешуге қажет болуы мүмкін кез келген ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]