- •1.Ақпараттық технологиялар ұғымын анықтаңыз, оның объектілерін атап көрсетіңіз. Ақпараттық технологиялардың кəсіби бағыттағы қолдану мақсатын түсіндіріңіз.
- •4. Ақпарат ұғымына анықтама беріңіз. Ақпараттың құрылымын анықтаңыз.
- •5 Ақпарат ұғымын анықтап, оның қасиеттерін топтастырыңыз.
- •6. Ақпарат ұғымын анықтап, оның түрлерін жəне берілу формаларын жіктеңіз.
- •7. Ақпараттық технологиялар - ғылым мен технологиялардың бірлігі екенін түсіндіріңіз. Ақпараттық технологияларды қолданудың салалық аумағын атап көрсетіңіз.
- •8.Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не. Ақпараттық ресурстар және ақпараттық үрдістерді атап көрсетіңіз.
- •9.Есептеу техникасы дегеніміз не. Есептеу техникасының даму тарихы мен кезеңдерін атап көрсетіңіз.
- •11 Санау жүйелеріне анықтама бер. Санау жүйелерінің түрлерін жікте.
- •12 Санау жүйелеріне анықтама бер. Санау жүйелеріндегі түрлендіру мен ауыстыру технологияларының ережелерін мысалдармен көрсет.
- •14 Логика дегеніміз не? Ойлаудың логикалық заңдарын ата.Пікірге анықтама бер.
- •15 Бульдік алгебраға түсініктеме бер. Логикалық амалдарды атап,анықтама бер. Қорытындының заңдары. Ақиқат кестелер.
- •16 Бульдік алгебра. Логикалық қорытындының заңдары. Ақиқат кестелер.
- •19 Жедел,тұрақты және кэш жады құрылымын және қызметтерін анықта.Жадтың өлшем бірліктерін атап көрсет.
- •20.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама бер және қызметін анықта.Бағ. Жас-ны жікте.
- •21. Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Жүйелік бағдарламаларды атап, қызметін анықтаңыз.
- •22. Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Қолданбалы бағдарламалар.
- •23. Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Қолданбалы бағдарламалар.
- •24. Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Қызметтік бағдарламалық жүйелер.
- •25 Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз, амалдық жүйенің қолдануына қарай жіктеңіз.
- •28.Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз. Windows амалдық жүйесінің анықтамылық жүйелері туралы не білесіз.
- •29.Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз. Амалдық жүйеде файлдар мен бумаларды іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
- •30.Алгоритм, бағдарлама ұғымдарына анықтама беріңіз. Алгоритмнің қасиеттері мен түрлерін анықтаңыз.
- •33.Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық əдістерін анықтаңыз.
- •34.Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Электрондық цифлық қолтаңба жəне оны пайдалану аумағын атап көрсетіңіз.
- •35.Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Мұрағаттаушы(архивтеуші) бағдарламалармен жұмыс істеу технологияларын анықтаңыз.
- •36.Есептеу желілері жəне телекоммуникациялар. Есептеу желісінің классификациясы жəне жұмыс істеу технологиясын анықтаңыз.
- •37.Бағдарламалау тілдеріне анықтама беріңіз жəне бағдарламалау тілдерін жіктеңіз.
- •38.Бағдарламалау технологияларына түсініктеме беріңіз. Бағдарлама құрылымын анықтаңыз.
- •39.Есептеу жүйесінде мəтіндік ақпараттарды өңдеу құралдарын атаңыз жəне қызметін анықтаңыз.
- •41.Есептеу жүйесіндегі кестелік процессорда мəліметтер қорын құру жəне басқару
- •42.Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелерге енгізілетін ақпарат түрлері жəне оларды өңдеу технологияларын анықтаңыз. Өзтолтыру маркері.
- •43.Электрондық кестелерді өңдеу құралдарын атаңыз. Функция шебері арқылы есептеулер алгоритмдерін ұсыныңыз.
- •44.Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелердегі ұяшықты адрестеу, сілтемелер түрлерін анықтаңыз.
- •50.Ms Access бағдарламасында базалық кестелерді(таблицы) анықтаңыз жəне оларды құру
- •51. Ms Access бағдарламасында басылымдар түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз
- •52. Ms Access бағдарламасында пішімдер түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз
- •53. Ms Access бағдарламасында сұраныстар түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз
- •57 Компьютерде қойылған есепті (мәселені) шешудің негізгі кезендерін анықтап, концепцияларын атаңыз.
- •58 Жергілікті желі құру принціптерін анықтаңыз.Желінің ақпараттық және бағдарламалық жасақтамаларын атаңыз.
- •60 Электронды үкімет – электронды құжат айналым жүйесімен жұмыс және мемлекетті басқаруда азаматтардың қатынасын кеңейту жүйелері екенін түсіндіріңіз.
53. Ms Access бағдарламасында сұраныстар түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз
MS Access – мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ.
Сұраныстар әртүрлі әдістермен мәліметтерді қарау үшін, өзгерту үшін, анализдеу үшін қолданылады. Оларды формаларды, отчеттарды, мәліметтерге жету бетін толтыру көзі ретінде де қолдануға болады. MS Access-те сұраныстардың бірнеше типі бар:
А) таңдау бойынша сұраныс сұраныстың көп қолданылатын типі. Бұл типтегі сұраныстар бір немесе бірнеше кестелердегі жазбаларды кесте түрінде көретеді, олардағы мәліметтерді жаңартуға болады, бірақ оған кейбір шектеулер қойылады. Таңдау бойынша сұранысты мәліметтерді топтастыру үшін, суммаларды, орташа мәндерді, жазбаларды санау үшін, басқа да типтегі мәліметтерді қорытындылау үшін қолдануға болады;
Б) параметрлік сұраныс диалогты терезеде мәліметтерге қойылатын шарттарды енгізуге мүмкіндік береді. Мысалы, өрісте көрсетілетін мәлімет қандай шартты қанағаттандыруы керек екенін көрсету. Параметрлік сұраныстарды формаларды, отчеттарды, мәліметтерге жету бетін толтыру көзі ретінде де қолдануға болады;
В) қиылысқан сұранысты мәліметтерді есептеулерде және анализдеуге ыңғайлы болатын түрде көрсету үшін қолданады. Қиылысқан сұраныс сумма, орташа арифметикалық, санын санау және басқа да статистикалық есептеулерді орындайды. Нәтижесі кесте түрінде топтастырылады.
Г) өзгертуге арналған сұраныс бір әрекет кезінде бірнеше жазбаларды өзгертеді немесе орын ауыстырады.
Өзгертуге арналған сұраныстардың төрт түрі бар:
Жазбаны өшіруге арналған сұраныс – бір немесе бірнеше кестеден жазбалар тобын өшіреді. Бұл сұраныс көмегімен жазбаны ғана өшіруге болады, өріс мәліметтері өшірілмейді;
Жаңарту сұранысы – бір немесе бірнеше кестенің мәліметтерге жалпы өзгерту енгізеді;
Мәлімет енгізуге арналған сұраныс – жазбалар тобын бір немесе бірнеше кестеден басқа кестеге енгізеді;
Кесте құруға арналған сұраныс – бір немесе бірнеше кестенің барлық немесе кейбір мәліметтерінің негізінде жаңа кесте құрады; MS Access-тің басқа мәліметтер қорына экспорттауға арналған кестелерді немесе ескі жазбалардан тұратын архивтік кестелерді құруда маңызды.
Сұраныстарды құру және өзгерту әдетте конструктора режимінде орындалады. Бірақ қиылысқан сұраныстар мен қарапайым сұраныстарды өзгертуде сұраныстар мастерін қолданған ыңғайлы.
54.MS Access-те кестеаралық байланыстар. Байланыстар схемаларының түрлері.
MS Access – мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ.
ДҚ-да негізгі кестелер құрылғаннан кейін, олар бір-бірімен қалайбайланысқанын көрсету керек. Бұл байланыстарды Access сұратуда, пішінді және есепте, бірнеше кестеден ақпаратты жинағанда қолданылады. кестелер арасныда байланыстың болуы ДҚ-да деректің тұтастығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Біреуі басты (главная), ал екіншісі бағынышты(подчиненная) болатын екі кесте арасында байланыс орнату үшін, бұл кестелердің жазбалары арасында сәйкестік орнатылады.
Байланыс орнату үшін басты кестеде, мәндер жиыны жазбаны анықтайтын (бірегейлі болу) өріс немесе өрістер жинағы таңдалады, бірақ оның бірегейлі индексі болса жеткілікті. Оған сәйкес Сыртқы түйін деп аталатын бағынышты кестенің өрісі қойылады. Жазбалар арасындағы байланыс, байланыс өрісінде мәндердің сәйкес келуі бойынша орнатылады. Access басты кестенің кез-келген жазбасының байланыс өріс мәнін тексеріп, сыртқы түйіннің осындай мәні бар бағынышты кестенің барлық жазбаларымен байланыстырады.
Кестелер арасында байланысты орнату үшін ДҚ терезесіне оралып, барлық ашық кестелерді жауып, Саймандар тақтасындағы деектер схемасын басу керек немесе тышқанның оң батырмасы арқылы контексті шақырып деректер схемасын пунктін таңдау керек. Егер ДҚ байланыс бірінші рет анықталып жатқан болса, онда бос деректер схемасы терезесі ашылады. Бұл терезеге байланыс орнатылып кестелерді қосу керек. Кестелерді қосу үшін деректер схемасы терезесін тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы контексті шақырамыз, ондағы кестені қосу пунктін таңдау қажет. ДҚ кестелер тізімнен тұратын кестенің қосылуы сұқбат терзесі ашылады. Кестені қосу үшін оның атын шертіп сосын қосу(добавить) түймесін шерту керек.
Барлық кестелер алынғанна кейін бұл терезені жауып, деректер схемасы терезесіне оралу керек. Кестенің қосылу сұқбат терезесі кестелерін сонымен қатар сұратуды қосуға мүмкіндік береді.
Кейде кестелер сұратулар арасында байланысты анықтау керек немесе Access бұл объектілерді қалай дұрыс біріктіруін білу үшін тек сұратулар арасындағы байланысты анықтау керек. Деректер схемасы терезесінде орналасатын кестелер арасындағы байланысты анықтау үшін, тышқанның көмегімен басты кестелердің байланыс өрісін тасымалдап, оны бағынышты кестенің байланыс өрісіне орналастыру керек. Байланыс сұқбат терезесі ашылады. Сол жақ бағанды басты кестенің аттары мен байланыс үшін қолданылатын түйін шығарылады, ал оң жақ бағанды-бағынышты кестенің атымен сыртқы түйіннің аты.
Кестеаралық байланыстар түрлері:
Бірдің көпке қатынасы – кестелер арасында өте көп қолданылатын байланыс типі. Бірдің көпке қатынасы кезінде «А» кестесіндегі бір жазбаға «В» кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес болуы мүмкін.
Көптің көпке қатынасы – кезінде «А» кестесіндегі бір жазбаға «В» кестесіндегі бір жазбаға «В» кестесінен бірнеше жазба сәйкес келеді, «В» кестесіндегі бір жазбаға «А» кестесінен бірнеше жазба сәйкес келеді.(кілттік өріс жоқ)
Бірдің бірге қатынасы – «А» кестесіндегі бір жазбаға «В» кестесіндегі бір жазба сәйкес келеді және керісінше.
55. Сайт жасау технологиясы. HTML элементтері. HTML тегтері.
HTML тілі (Hypertext Markup Language) – құжаттардың әйгілі стандартты гипертексттік белгі тілі. Барлық веб-беттер HTML (немесе XHTML) тілінің көмегімен жасалады. HTML тілі браузерде анықталады және адамға ыңғайлы құжат ретінде көрсетіледі. HTML тілі SGML (Standard Generalized Markup Language) қосымшасы болып табылады және әлемдік программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:
1. Навигациялық құрылымын жасау.
2. Беттің дизайнын жасау.
3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.
Бағдарламау: Бұл кезеңнің мәні сайтты форматтауда.a
Тестілеу Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:
1. Сілтеменің жұмысы; 2. Мәтіндегі қателер; 3. Навигацияның тиімділіғі.4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы. 5. Графикалық файлдардың ашылуы. 6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.
Тегтер - текстті белгілеу құралы. Тегтер бас əріппен де кіші əріппен де жазыла береді, еш айырмашылығы жоқ. Əрі олар жұптарымен де, жалғыз да болады. Жұптарымен тұратын тегке мысал ретінде келесі тегті келтіруге болады: <html></html>. Бұл тег кез-келген HTML құжатты ашып жəне жабатын тег. Тегтің екінші бөлігін бірінші бөлігінен мына символ арқылы "/" ажыратуға болады. Бірақ бірінші бөлігі қосымша параметрлерден тұруы мүмкін. Мысалы: <font size="4"></font> тегінде, size="4" параметрі мəтіннің өлшемін анықтайды. Ал дара, яғни жұп емес тегтің мысалы ретінде <hr> тегін келтіруге болады, ол HTML құжатқа көлденең сызықты орналастырады.
<html></html> |
Бұл программада беттің HTML құжат екенін көрсетеді |
<head></head> |
Құжаттардың денесінде көрінетін, әртүрлі ақпараттар орналасқан орынды анықтап, мұнда құжаттың атына арналған тегтер орналасады |
<body></body> |
Құжаттың көрінетін бөлігі яғни денесі анықталады |
<title></title> |
Программаның бетті көру мазмұнына құжаттың аты кіреді |
<body_bgcolor=?> |
RRGGBB түріндегі түстердің мәнін қолдана отырып құжат мәтінінің түсін береді |
<body_text=?> |
RRGGBB түріндегі түстердің мәнін құжат мәтінінің түсін береді (мысалы, 000000 = қара түс) |
<body_link=?> |
RRGGBB түріндегі түстердің мәнін қолдана отырып гиперсілтемелердің түсін береді |
<body_v link=?> |
RRGGBB түріндегі түстің мәнін қолдана отырып сіз қолданып кеткен гиперсілтемелердің түсін береді |
<pre></pre> |
Формат-н мәтінді шамалау |
<h1></h1> |
Ең үлкен тақырыпты құрады |
<h6></h6> |
Ең кіші тақырыпты құрады |
<b></b> |
Батырылған (жирный) мәтін |
<i></i> |
Курсивті мәтін |
<tt></tt> |
Баспа машинасының стиліне ұқсас |
<cite></cite> |
Дәйексөзде қолданылатын, әдеттегі курсив |
<em></em> |
Мәтіннен сөз бөліп алу үшін қолданылады |
<font_size=?></font> |
1-ден 7 аралығындағы мәтіннің өлшемін анықтайды |
<font_color=?></font> |
Мәтіннің түсін анықтайды |
<a_href=”URL”></a> |
Басқа құжатқа немесе сол құжаттың бір бөлігіне гиперсілтеме |
<a_href=”mailto EMML”></a> |
Құжаттың авторына хат жазу үшін пошталық программаны шақыратын гиперсілтеме жасау |
<a_name=”NAME”></a> |
Құжаттағы сілтемеге арналған мақсат ретінде мәтіннің бір бөлігін белгілейді |
<a_href=”#NAME”></a> |
Сол құжаттың бір бөлігіне сілтеме жасайды |
Егер абзац жасап бос жол қалдырмай жаңа жолға көшу қажет болса, онда жалғыз қолданатын<br> тегін пайдаланамыз.
1.Әріптің мөлшерін, түсін және сызылымын таңдап алу үшін <font> тегін пайдаланамыз.
Сolor= – әріптің түсін таңдау мүмкіндігін береді. face= – қаріп (шрифт) типін береді.
Text – мәтін түсі;
Link – гиперсілтеме түсі;
Vlink – қаралған гиперсмідтеменің түсі;
Alink – сілтемені тышқанмен басқан кездегі түс.
align=” bottom”- мәтін суреттердің төменгі жағында.
align=” lest”- мәтін суреттердің сол жағында.
align=” middle”- мәтін суреттердің ортасында.
align=” top”- мәтін суреттердің жоғарғы жағында.
align=” right”- мәтін суреттердің оң жағын
56 Электрондық үкіметтің (ЭҮ) қызметін анықтап көрсетіңіз. ЭҮ дамуының концепциясын атаңыз. Электрондық үкіметтің бұқаралық ақпарат құралы ретінде пайдалануын атап көрсетіңіз.
Электрондық үкімет– қызмет көрсету, азаматтардың саясатқа араласуы және басқару үрдістерін ішкі және сыртқы қарым-қатынастарды техникалық құралдардың, Internet-тің, қазіргі заманғы БАҚ көмегімен өзгерту арқылы үздіксіз оңтайландыру.
Электрондық үкімет дамуының пайда болу концепциясы: Бүгіндері электрондық үкімет дегеніміз – бұл ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданумен мемлекеттік органдар, халық және бизнестің өзара іс-қимыл жүйесі. Электрондық үкіметтің ішінде негізгі моделдері 3 байланыс болып табылады: халыққа, бизнеске, мемлекеттік органдарға G2C мемлекеттік қызметін көрсету.Электрондық үкіметтің идеологиясы 2 затқа негізделген. Бұл сервистерді көрсетуге арналған инфрақұрылымды құру және сервистердің өздері. Электрондық үкіметтің құрылымы инфрақұрылымдық компоненттерді құру болып табылады. Олар бірыңғай мемлекеттік деректер қоры, электрондық цифрлық қолтаңба берілетін куәландыру орталығы, азамат қызметті алатын және төлейтін шлюз.
Электрондық үкімет дамуының пайда болу концепциясы.
Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Қ.Р. Президентiнiң "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қ.Р. Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 маусымдағы отырысында N 9 хаттамамен мақұлданған Қ.Р."электрондық үкiмет" тұжырымдамасының ережелерi ескерiле отырып әзiрлендi.
"Электрондық үкiмет" құрудың басты басымдықтары Интернет-байланысқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм деңгейiн көтеру, сондай-ақ мемлекеттiк басқару жүйесiне жаңғырту жүргiзу болып табылады.Қазақстанда "электрондық үкімет" құрудың ұзақ мерзiмдi болашағы бар және ол үш кезеңде iске асырылатын болады. Бiрiншi кезең "электрондық үкiметтiң" инфрақұрылымын құру. Осы кезеңде Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде ақпараттық және интерактивтiк қызмет көрсетулер жоспарлануда.
Екінші кезең - "электрондық үкiметтің" сервисiн дамыту азаматтардың тіршілік-тынысы мен мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің барлық саласын қамтитын сан алуан сервистердi дамытуға, сондай-ақ әкiмшiлiк процестерге кең ауқымды технологиялық қайта жабдықтау жүргізуге бағытталатын болады. Осы кезеңде транзакционды қызмет көрсетулер iске асырылатын болады.
Үшiншi кезең - ақпараттық қоғам құру e-медицина, e-бiлiм, e-мәдениет, е-демократия және басқалары сияқты жобаларды iске асыруды қоса алғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет көрсетулерiн трансформациялауды, ақпараттық қоғам құруды көздейдi.
