Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ashooot спешл фо ю).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

50.Ms Access бағдарламасында базалық кестелерді(таблицы) анықтаңыз жəне оларды құру

Мәліметтер қорын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта (бумада) орналасады. Кестелер файлда сақталып, бөлек құжаттарға немесе электрондық кестелерге (мысалы, кестелік процессор Microsoft Excel) ұқсайды. Оларды орын ауыстыруға және қарапайым тәсілмен көшірмесін алуға болады. Бірақ, құжат-тардан бір ерекшелігі мәліметтер қорының кестелері көпқолданушылық қатынау режимін қолдайтындықтан оларды бір уақытта бірнеше басқа қолданбалы про-грамммаларда қолдануға болады. Бір кесте үшін мәліметтерден, индекстерден, кілт-терден т.б. тұратын бірнеше файлдар құры-лады. Олардың ішіндегі ең бастысы мәліметтерден тұратын файл. Кестені құру кезінде кестеге берілетін ат автоматты түрде кесте файлына да беріледі. DBase кестесі үшін DBF кеңейткішті файл, Paradox кестесі үшін DB кеңейткішті файл құрылады. Мәліметтер қорының әр кестесі ақпараттық жүйенің бірдей типті объектілері туралы мәліметтерді сақтауға арналған жолдар мен бағаналардан тұрады. Кесте жолын жазба деп, бағанын өріс деп атаймыз. Кестелерді ұйымдастыру ерекшеліктері нақтылы мәліметтер қорын басқару жүйесіне тәуелді болады. Мысалы үшін, жергілікті dBase кестесі мен InterBase сервер кестесінде автоикрементті типтен тұратын өріс жоқ, сол сияқты кестесінде кілтті анықтауға да мүмкіндік жоқ. Мұндай ерекшеліктерді кесте типін (пішімін) таңдау барысында ескеру керек, себебі, олар тек мәліметтер қорын ұйымдастыруда ғана емес, осы мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған қолданбаны құруда да өз әсерін тигізеді. Бірақ кестелердің әр түрлілігіне қарамастан, мәліметтер қорын құруға арналған ортақ ережелер бар.

Қолданылатын терминология кесте типі мен қолданбаны құру жүйесіне таңдауға байланысты өзгереді. Мысалы, InterBase-та кесте өрісі баған деп аталады. Кесте негізін оның өрістерінің сипаттамасы құрайды, әрбір кесте кем дегенде бір өрістен тұруы керек. Кесте құрылымы кең мағыналы ұғым, оның құрамына:

- өрістер сипаттамасы;

- кілт;

- индекстер;

- өріс мәндерінің шектеулері;

- кестелер арасындағы сілтемелік тұтастықтың шектеулері;

- парольдар.

Жалпы кестемен келесі операцияларды орындауға болады:

- құру (құрылымын анықтау);

- құрылымын өзгерту (қайта құры-лымдау);

- жою.

Кестені құру кезінде кесте аты мен оның құрылымы беріледі. Дискіге сақтау кезінде кестеге қатысты барлық қажет файлдар құрылады. Олардың аттары кесте атымен өзара сәйкес келеді.

Paradox кестелері едәуір дамыған және мәліметтер қорын құруға өте ыңғайлы болып табылады.

Кесте құжаттық мәтіннің кез келген жеріне қойыла береді.Кесте мөлшері қағаз парағынан үлкен болуы да мүмкін,сондықтан ол бір немесе бірнеше беттерде орналаса алады.Мұндай жағдайда сіздер кесте тақырыптарын әрбір беттің жоғарғы жағына автоматты түрде орналастыра аламыз.Кестені алғаш рет даярлау үшін Кесте Кестені кірістіру командасын немесе стандартты аспаптар тақтасының Кестені кірістіру батырмасын пайдалану керек.Кесте даярланған соң ұсынылған стандартты форматтардың жиынынан өзіңізге қажетті форматты таңдап алу үшін Кесте Кестені автоформаттау командасын пайдаланған жөн.Бұл тәсіл кестелерді форматтау процесін анағұрлым жеңілдетеді. Жаңа кестені құру кезінде (кестелер режимінде) Access автоматты түрде алғашқы кілтті жасайды жəне өріске

Код атын жəне мəліметтер типін Есептегіш тағайындайды Бұл өріс кестелер режимінде жасырылған, оны көру үшін кестелер конструкторы режиміне өту керек.

Алғашқы кілт тапсырмасы. Кестенің алғашқы кілті осы кестедегі əрбір жолды бір мəнді анықтау үшін бір немесе бірнеше өрістен тұрады. Алғашқы кілт ретінде уникальный инвентарлық номір, реттік нөмір немесе код жиі қолданылады. Мысалға, «Контактлер» кестесінде əрбір тапсырушы үшін осы кестенің алғашқы кілті болып табылатын тапсырушының уникальный коды анықталады. Алғашқы кілт ретінде келесі сипаттамаларға ие өрісті пайдалануға болады. Біріншіден, оның көмегімен əрбір жол бір мəнді анықтала алады. Екіншіден, мүмкіндігінше бұл өрістің бос болуы тиіс емес. Үшіншіден, бұл өрісті өзгерту керек емес. Алғашқы кілт барлық кестелер үшін анықталады. Оның негізінде сұраныстар мен операциялардың орындалуын жеделдететін, индекс конструкцияланады. Бұдан басқа, Access 2007 алғашқы кілт өрісінде мəндердің болуы мен уникальностын тексереді. Жаңа кестені құру кезінде (кестелер режимінде) Access автоматты түрде алғашқы кілтті жасайды жəне өріске Код атын жəне мəліметтер типін Есептегіш тағайындайды. Бұл өріс кестелер режимінде жасырылған, оны көру үшін кестелер конструкторы режиміне өту керек.

Өрістер қасиеттері. Олардың маңызды сипаттамаларын қарастыру үшін біз Өрістер қасиеттері деп аталатын бөлім арқылы тағы да өрістерге ораламыз. Өрістер қасиеттерінің мағынасын пайдалана отырып, мəліметтердің бейнеленуін басқаруға болады, сенімсіз мəндерді енгізуді болдырмау, үнсіз келісім бойынша мəндерді беру, іздеу мен сорттауды жеделдету, сол сияқты өрістің басқа да функциональдық сипаттамалары мен сыртқы түрін басқаруға болады. Мысалға, сандардың ыңғайлырақ оқылуы үшін, оларды форматтауға болады, ал өріске енетін, жауап беретін мəліметтерге мəндер шартын анықтау керек.

Мəліметтерді қарау жəне өзгерту кезінде Аccess 2007 өрістер қасиеттерінің мəндері пайдаланылады. Мысалға, Формат, Енгізу Маскасы жəне Подпись қасиеттері кестеде мəліметтердің берілуін жəне кестелер режимінде сұраныстарды анықтайды. Бұдан басқа, кестенің осы өрістеріне негізделген жаңа формалардағы жəне есептердегі басқарудың барлық элементтері, үнсіз келісім бойынша қасиеттердің сол мəндеріне ие.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]