- •1.Ақпараттық технологиялар ұғымын анықтаңыз, оның объектілерін атап көрсетіңіз. Ақпараттық технологиялардың кəсіби бағыттағы қолдану мақсатын түсіндіріңіз.
- •4. Ақпарат ұғымына анықтама беріңіз. Ақпараттың құрылымын анықтаңыз.
- •5 Ақпарат ұғымын анықтап, оның қасиеттерін топтастырыңыз.
- •6. Ақпарат ұғымын анықтап, оның түрлерін жəне берілу формаларын жіктеңіз.
- •7. Ақпараттық технологиялар - ғылым мен технологиялардың бірлігі екенін түсіндіріңіз. Ақпараттық технологияларды қолданудың салалық аумағын атап көрсетіңіз.
- •8.Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не. Ақпараттық ресурстар және ақпараттық үрдістерді атап көрсетіңіз.
- •9.Есептеу техникасы дегеніміз не. Есептеу техникасының даму тарихы мен кезеңдерін атап көрсетіңіз.
- •11 Санау жүйелеріне анықтама бер. Санау жүйелерінің түрлерін жікте.
- •12 Санау жүйелеріне анықтама бер. Санау жүйелеріндегі түрлендіру мен ауыстыру технологияларының ережелерін мысалдармен көрсет.
- •14 Логика дегеніміз не? Ойлаудың логикалық заңдарын ата.Пікірге анықтама бер.
- •15 Бульдік алгебраға түсініктеме бер. Логикалық амалдарды атап,анықтама бер. Қорытындының заңдары. Ақиқат кестелер.
- •16 Бульдік алгебра. Логикалық қорытындының заңдары. Ақиқат кестелер.
- •19 Жедел,тұрақты және кэш жады құрылымын және қызметтерін анықта.Жадтың өлшем бірліктерін атап көрсет.
- •20.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама бер және қызметін анықта.Бағ. Жас-ны жікте.
- •21. Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Жүйелік бағдарламаларды атап, қызметін анықтаңыз.
- •22. Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Қолданбалы бағдарламалар.
- •23. Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Қолданбалы бағдарламалар.
- •24. Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Қызметтік бағдарламалық жүйелер.
- •25 Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз, амалдық жүйенің қолдануына қарай жіктеңіз.
- •28.Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз. Windows амалдық жүйесінің анықтамылық жүйелері туралы не білесіз.
- •29.Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз. Амалдық жүйеде файлдар мен бумаларды іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
- •30.Алгоритм, бағдарлама ұғымдарына анықтама беріңіз. Алгоритмнің қасиеттері мен түрлерін анықтаңыз.
- •33.Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық əдістерін анықтаңыз.
- •34.Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Электрондық цифлық қолтаңба жəне оны пайдалану аумағын атап көрсетіңіз.
- •35.Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Мұрағаттаушы(архивтеуші) бағдарламалармен жұмыс істеу технологияларын анықтаңыз.
- •36.Есептеу желілері жəне телекоммуникациялар. Есептеу желісінің классификациясы жəне жұмыс істеу технологиясын анықтаңыз.
- •37.Бағдарламалау тілдеріне анықтама беріңіз жəне бағдарламалау тілдерін жіктеңіз.
- •38.Бағдарламалау технологияларына түсініктеме беріңіз. Бағдарлама құрылымын анықтаңыз.
- •39.Есептеу жүйесінде мəтіндік ақпараттарды өңдеу құралдарын атаңыз жəне қызметін анықтаңыз.
- •41.Есептеу жүйесіндегі кестелік процессорда мəліметтер қорын құру жəне басқару
- •42.Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелерге енгізілетін ақпарат түрлері жəне оларды өңдеу технологияларын анықтаңыз. Өзтолтыру маркері.
- •43.Электрондық кестелерді өңдеу құралдарын атаңыз. Функция шебері арқылы есептеулер алгоритмдерін ұсыныңыз.
- •44.Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелердегі ұяшықты адрестеу, сілтемелер түрлерін анықтаңыз.
- •50.Ms Access бағдарламасында базалық кестелерді(таблицы) анықтаңыз жəне оларды құру
- •51. Ms Access бағдарламасында басылымдар түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз
- •52. Ms Access бағдарламасында пішімдер түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз
- •53. Ms Access бағдарламасында сұраныстар түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз
- •57 Компьютерде қойылған есепті (мәселені) шешудің негізгі кезендерін анықтап, концепцияларын атаңыз.
- •58 Жергілікті желі құру принціптерін анықтаңыз.Желінің ақпараттық және бағдарламалық жасақтамаларын атаңыз.
- •60 Электронды үкімет – электронды құжат айналым жүйесімен жұмыс және мемлекетті басқаруда азаматтардың қатынасын кеңейту жүйелері екенін түсіндіріңіз.
44.Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелердегі ұяшықты адрестеу, сілтемелер түрлерін анықтаңыз.
Microsoft Excel – Microsoft Office дестесінің электронды кестелерді әзірлеуге және өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламасы. Электронды кестенің басты артықшылығы – кез келген операнд мәні өзгерген кезде өрнектік тәуелділік арқылы байланысқан барлық деректерді қайта есептеу мүмкіндігі. Microsoft Excel-дің қолданылу аясы өте кең. Excel терезесі дайын кесте болып табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар (кестелер, прайс-беттері, т.б.) жасау үшін қолданылады. Ұяшықтарда адрес көрсетіледі оны ұяшықтарға сілтеме деп атаймыз. Есептеу нәтижесі формуладағы пайдалынылған ұяшықтарға тәуелді болады. Тәуелді ұяшықтағы мәндер бастапқы ұяшықтағы мәндердің өзгеруіне байланысты өзгеріп тұрады.
Ұяшықтарға сілтемені әр түрлі тәсілдермен беруге болады:
• біріншіден, ұяшықтың адресін қолмен теруге болады;
• екінші тәсілі қажетті ұяшыққа тышқанмен шерту арқылы ерекшелеп енгізуге болады. Ұяшықтарға сілтемелер. Формулада ұяшықтарға сілтемелер, яғни есептеуде қолданылатын ұяшық адрестері болуы мүмкін. Демек есептеу нәтижесі басқа ұяшықта орналасқан мәнге тәуелді, ол мән өзгерсе, нәтиже де автоматты түрде қайта есептеледі. Сілтемелер салыстырмалы, абсолютті және аралас болуы мүмкін..
Салыстырмалы сілтеме. Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтиже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адресі автоматты түрде өзгереді деген сөз. Мысалы: В2 ұяшығында одан бір жол солға қарай және төмен орналасқан А3 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы формула көшірлсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады. Мысалы: А9, D25, F5 салыстырмалы сілтеме болып табылады. Абсолют сілтеме. Абсаолют адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің адресі өзгермейді, сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақтыы болып қалады. Формулаларды редактерлеу кезінде адрестеу әдісін өзгерту үшін ұяшықтың сілтемесін ерекшелеп алып F4 басу керек. Абсолют адрестелінген ұяшықтың нөмірінің алдына $ белгісін қояды. Мысалы: $А$16, $А9, А$7. Соңғы екі жағдайда ұяшық нөмірлерінің бірі абсолют, екіншісі салыстырмалы болып есептеледі, бұл аралас сілтеменің мысалдары.
45.Əлеуметтік желілер. Іздеу жүйелерін атап көрсетіңіз. Əлеуметтік желілерде ақпаратты іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
20-ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi. Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі. Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .
Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келеді
Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін.Интернетттегі ауқымды іздестіру жүйелері. Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап кең тараған, осы жылы бірінші әлеуметтік желі - Classmates.com (Сыныптастар) сайт ашылды. 2003-2004 жж. MySpace, Facebook жобалары шықты. Сауда ұжымдары әлеуметтік желілерге үлкен қызығушылық көрсетті. Осындай жобалар бірнеше миллиондық аудиторияны тартты әрі олардың жарнамасы қатты әсер жасады
Интернетттегі ауқымды іздестіру жүйелері
Интернет желісіндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Әлемдік желідегі ақпараттарды тез тауып алуда іздеу серверлерінің көмегі зор. Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың адрестері сақталады. Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары(directories) мен машиналары (search engines) бар.
http:\\www.altavista.com - AltaVista ақпараттық іздестіру жүйесі 1995 жылы желтоқсан айында ашылған. Ол қазіргі таңда индекстелген html- құжаттар (350 миллионға жуық) көлемімен алдыңғы қатарда. AltaVista қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндігін және WWW арасында жұмыс істеуде қосымша сервистерді ұсынады. Арнаулы “Help” (көмек) деген бөлімде барлық парақтарды қолданушылар интерфейсі сілтемелермен жабдықталған. Ол қарапайым қолданушыларға өздерінің тапсырыстарын дұрыс құрастыруда көмек бере алады. Әлемнің 25 тілінде ақпарат іздестіру мүмкіндігі бар.
http:\\www.hotbot.com –HotBot – іздестіру жүйесі арқылы құжаттар ішінде кездесетін бір немесе бірнеше терминдер арқылы, жеке фразалар бойынша іздестіру мүмкіндігін береді. Құрамында аудео, видео немесе анимациялары бар файлдарды іздестіруге де болады.
http:\\www.google.com – GOOGLE ақпараттық іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Searchenginewatch.com эксперттерінің айтуына қарағанда базаның көлемін 560 млн құжаттар құрайды. Жүйе қолданушыларға қарапайым және кеңейтілген іздестіру интерфейсін ұсынады. Көптеген тілдерде сонымен қатар орыс тілінде ақпарат іздеу мүмкіндігі бар.
http:\\www.yahoo.com – Yahoo – тез іздестіретін анықтамалықтардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу мүмкіндігін береді.
http:\\www.aport.ru – Апорт - ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйеде іздестірудің кең спектрлі мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері ұсынылады. Ақпараттарды ағылшын және орыс тілінде іздеуге болады.
Іздеу жүйесі дегеніміз-кілттік сөздерді пайдалану арқылы өзімізге қызықты ,қажетті ақпараттарды табу,іздеу Webсайтын айтады.Іздеу жүйесінің көптеген түрлері бар,оны көбінесе 4 компонент арқылы ақпаратты іздеу және ұйымдастыру кеңінен қолданылады.Олар:
1.«Паук»-автоматтандырылған программа.Интернет жүйесінде іздеу арқылы WEB сайттарды табады.Сонымен қатар WEB парақтарды ды анықтайды.Сол арқылы оларды бағалық тізімге енгізеді.Бот және Веб-Краулер программаларын пайдалану арқылы тұтынушыға жасырын түрде іздестіруді ұйымдастырады.
2.Индекстеуші программа.Ақпараттарды құрылымдайтын және ұйымдастыратын программа.Ол WEB сайтқа сіздің табуыңызды ұйымдастыратын программа.Индекстеуші программа тұтынушыға көрінбейді.
3.Іздеу жүйесінің деректер қоры.Барлық ақпараттардың жиынтығы.Ол сіздің іздеуіңізге жол ашады.Ол біздің іздеуімізге жол ашады.Ол да тұтынушыға көрінбейді.
4.Интерфейс. Интернет жүйесінде не керектігін кілттік сөз арқылы іздестірүді ұйымдастыратын терезе.
Іздеу жүйесін пайдалану арқылы бүкіләлемдік тордан көптеген іздеу жүйесінің тізімін таңдай аламыз.Ал қай жүйенің сізге ыңғайлы екенін білу үшін,олардыңбір-бірінен айырмашылығын білуіңіз керек.
Іздеу жүйесінің 3 түрі бар:
Метамәліметтер арқылы.Бұл көптеген іздеу жүйесін зерттейтін және нәтижесін жинақтайтын жүйе.
Универсалды іздеу жүйесі.Ақпаратты әдеттен тыс іздеу арқылы ақпараттардың кең көлемде қамтитын іздеу жүйесін айтады.
Іздеу агенті.Күрделі іздеуге арналған программалық құралдар.
46.Web парақтарды шолушы бағдарламалар. Internet Explorer жəне басқа шолушы бағдарламаларды қолдану
Компьютерде WWW-да жұмыс істеу үшін арнайы бағдарлама шолушы немесе браузер (browser) болуы керек. Шолушы–бұл WWW-мен байланыстағы және желіден әр түрлі құжаттарды алып,оны қарап,редактілеуге мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарлама. Шолушының мультимедиалық және мәтіндік ақпараттан тұратын құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар олар Internet-ке қатынаудың бұрын қаралған барлық тәсілдері мен хаттамаларын модельдейді.
WWW-да құжаттар гипермәтіндерден құралады (гипермәтін дегеніміз–гиперсілтемелері бар мәтіндер).Қарапайым мәтіндерге қарағанда құжаттар желіде олардың құрылымын (басқа құжатқа сілтеме қосу) беретін командамалардан тұрады.Бұл шолушыға компьтердің мүмкіндіктеріне қарай құжатты экранда бейнелендіруі үшін оны пішімдеуге мүмкіндік береді.Web-парақты құру үшін арнайы универсальді гипермәтінді белгілеу тілі–HTML(Hyper Text Markup Language) тілі қабылданады.
HTML-дің команданың жиынына құжаттың құрылымын бейнелеуде қолданылатын командалар кіреді. HTML-дің көмегімен құжат логикалық компоненттерге: абзац,тақырып,тізімдер т.б бөлінеді.Құжатты пішімдеудің атрибуттары оны қарауда шолушылардың қолданылуымен анықталады.Ең көп тараған шолушылар:Mosaic для Windows;программа Cello;программа Linx;EINet WinWeb;Internet Works;Microsoft Internet Explorer(MSIE);Netscape Communicator
Веб шолғыш (ағылш. web browser) — интернеттегі не басқа кез-келген желілердегі http/https веб сайттарын, яғни веб парақтарын (html, php және т.б.) қарап шығу, өңдеу және араларымен өту әрекеттерін орындауға арналған бағдарлама.
WWW бүкіләлемдік желісі (World Wide Web – «Бүкіләлемдік тор»), әдетте веб деп аталады, Internet жабдықтары арқылы жеткізілетін құжаттардан тұрады. Web – бұл веб-беттер мен веб-тораптар жиынтығы.Веб-беттер ақпараттың алуан пішімдерін – мәтін, сызба, дыбыстық және бейне жазбаларды, жан бітірімдерді қамти алады. Web-бетіндегі еренсілтемелер кез келген Internet серверінің кез келген басқа бетіне өтуді қамтамасыз ете алады. Еренсілтемелер ретінде кез келген сөз немесе сурет көрінуі мүмкін. Ерекшеленген таңбалар бойынша өту жүзеге асырыла алатын мәтін еренмәтін деп аталады. Web-беттердегі құжаттардың кеңейтімі әдетте .htm болады. nternet желісінде адасып қалмау үшін шолғыш – браузер деп аталатын арнайы бағдарлама қажет.
Браузер – бұл веб-бетінің мәліметтерін Сіздің компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, Internet қор көздерін қарауға арналған бағдарлама. Windows амалдық жүйесінің құрамына Internet Explorer браузері кіреді. Internet Explorer қазақ тілді нұсқасы Web-беттерді әзірлеушілер жасайтын ақпаратты дыбыстық және бейне сүйемелдеу сияқты түрлі мүмкіндіктерді қолдайды.
Браузер- бұл Web беттерін (гипермәтіндік беттерді ) қарауға негізделген программа (Internet Explorer, Netscape Navigator ). Графикалық , бейнелік және аудиомәліметтер жеке файлдарға жазылады да , құжат ішіндегі сілтемелерге сәйкес браузерлер оларды біртіндеп іске қосу қызметін атқарады. Файлдарға мәліметтерді қабылдап браузер оларды реттеп орналастырады да , HTML тілінің командалары арқылы мәтінге қажетті түстер енгізіп , терезе көлемін, мәтін қаріпі мен оның мөлшерін және т.б әрекеттерді анықтап, нәтижесін экранда көрсетеді. HTML файлдары htm немесе html деген кеңейтілулер арқылы өрнектеледі. Оны құрастыру үшін “ Стандартные” программасындағы Блокнотты пайдаланамыз. Ал оның нәтижесін экранда көру үшін Microsoft Internet Exploler браузері қолданылады Интернеттегі беттерді қарауға арналған шолушылар немесе сілтеушілер деп аталатын арнайы бағдарламалар бар. Олардың ішінде бүкіл әлемде көп қолданылатын - Іпtегпеt Ехрloгег. nternet Explorer (қысқаша ІЕ не MSIE) — Microsoft компаниясы 1995 ж. бастап Microsoft Windows амалдық жүйесі құрамдас бөлігі ретінде жасаған графиктік ғаламтор шолғыш өнімі. Internet Explorer ең кең көлемді ғаламтор шолғыш есептеледі, ол жэне амалдық жүйе ішіндегі мэлім қасиеттерды алды, мысалы: Microsoft Update. Аты шулы шолғыншы ұрысында Internet Explorer өзінің деркезінде жаңалау ерекшелігіне сүйеніп Netscapе-тың орнын басты.
47.Интернет - бұқаралық ақпарат құралы екенін анықтаңыз. Интернеттің қосымша қызметтер түрлерін атаңыз
20-ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі. Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .
Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келеді
Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстырып тұрған оразсан зор.
Интернеттің негізгі қызметтерінің түрлері
Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты таратуға арналғандары: WWW, FTP, Telnet т.б.; электрондық мәлімет алмасу үшін: E-mail, Usenet, ICQ, IRC, IP – телефония және басқалары.
қазіргі желілерде жұмыс істейтін негізгілерінің қысқаша сипаттамаларын қарастырып өтейік.
WWW (World Wide Web – дүниежүзілік өрнек) – Интернеттің гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі, оны Web деп те атайды. Мәліметтер блоктары (Web - парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW – сервер немесе Web – сервер деп аталатын жеке компьютерлерде сақталады.
WWW мәліметтермен жұмыс істеу үшін ағылшынша browsers («browse» - қарап шығу, шолу), яғни браузер, навигатор, көрсеткі, шолушы деп аталатын бағдарламалар қолданылады. Олар жайлы 4 тарауда айтылады. Қазіргі кезде Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator тәрізді браузерлер жиі қолданылады.
FTP. Қашықта орналасқан машинаның каталогтарымен және файлдарымен жұмыс істейтін хаттама (File Transfer Protocol – файлдарды тасымалдау хаттамасы) мен бағдарламалар осылай аталады.
TELNET. Бұл термин арқылы клиенттің алыстағы сервер – компьютермен қатынасуын қамтамасыз ететін хаттама мен бағдарлама белгіленеді.
E – mail. Бұл электрондық поштаның ағылшынша аталуы, ол – желі қызметтерінің ішіндегі электрондық мәлімет алмасудың ең негізгісі.
Usenet жүйесінің бірнеше анықтамалары бар, олар – тармақталған дискуссия клубы, телеконференция, жаңалықтар тобы.
IRC (Internet Relay Chat) – нақты уақыт кезеңінде телеконференция өткізудің бір түрі, тұтынушылардың бір – бірімен әңгіме – дүкен құруға болатын қызметі. IRC – серверлері мен IRC – клиенттері көмегімен тұтынушылар бір – бірімен «виртуальды» әңгіме өткізуді пернетақтада сөздерді теру арқылы жүргізеді.
IP – телефония. Интернетте телефондағы дауыс арқылы мәлімет алмасуды өте тиімді деп айтуға болмас, бұл тек TCP/IP хаттамалары негізінде электрондық мәлімет алмасудың жеке бір түрі ғана Қазақстан Республикасы байланысының Ұлттық операторы болып саналатын «Қазақтелеком» ААҚ – ы осы байланыс түрін практикада пайдаланып жүр.
48.Мəліметтер қорларын(МҚ) жəне мақсатын анықтаңыз. МҚ модельдерін жіктеңіз.
Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтерді ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз.
Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) мәлiметтер құрылымы
типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк МҚБЖ, реляциялық МҚБЖ болып үшке бөлiнедi.
Мәлiметтер қоры ақпараттар сақталатын қойма. Мәлiметтер қорынан керегiне қарай қажеттi мәлiметтер алу үшiн сақталады. Басқаша айтсақ, мұнда керектi ақпаратты iздеу ұйымдастырылады.
МҚБЖ бағдарламалық жабдық, оның көмегiмен
МҚ (мәлiметтер қоры) құрылады, соның негiзiнде ақпаратты iздеу жүйесi (АIЖ) құрылады және жұмыс iстейдi.
Ақпаратты iздеу жүйесi дегенiмiз мәлiметтер қорының
жиынтығы және оларға қызмет көрсетушi бағдарламалар.
Кез келген мәліметтер қоры деректердің реляционды моделіне негізделеді.Мәліметтердің реляционды моделінің негізінде қатынастар (relation ағылшын тілінде қатынас) ұғымы жатыр. Егер белгілі шарттарды орындасақ, қатынасты екі өлшемді кесте түрінде берген ыңғайлы болады. Кесте көрнекті, әрі адамға түсінікті бейнелеу болып табылады. Реляционды мәліметтер қоры бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны.
Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі.
Қатынастарға қолданылатын негізгі амалдарға:Жиындарға қолданылатын амалдар: қиылысу, айырма, декарттық
көбейту, бөлу, біріктіру; Арнайы реляционды амалдар: проекциялау, біріктіру, таңдау (селекция,
шектеулер) жатады. Мәліметтер қорын басқару жүйесінің деңгейі осы айтылған амалдарды орындауда қолданылатын құралдардың бар болуымен және олардың қолайлылығымен өлшенеді. Қатынастарда, реляционды мәліметтер қорында бұл амалдарды орындауда қолданатын тілдерді екі класқа бөлуге болады:
Реляционды алгебра тілдері;
Реляционды есептеулер тілдері.
Реляционды алгебра тілдері реляционды алгебраға негізделген.
Қатынастарға қолданылатын амалдарды тізбектей белгілі ретпен жазып, қажетті нәтиже аламыз. Сондықтан реляционды алгебра тілдері процедуралық тіл болып, ал мәліметтер қорын басқару жүйелері тілдерінің көбі процедуралық программалау тілдері болып табылады. Бұтақ тәрізді объектілердің кестесі иерархиялық құрылым болады. Бұндай құрылым үшін төменгі деңгейдегі объекті жоғарғы деңгейдегі объектіге бағынышты.
Мәліметтер құрылымының үшінші түрі желілік МҚБЖ.
Керектi ақпараттарды жинау ғана емес, оларды жақсылап құрылымдау да маңызды. Кез келген ақпараттық құрылым келешекте қажеттi ақпаратты алу үшiн құрылады. Сондықтан да ол мәлiметтердiң құрылымын жасау мына әдiстерге сүйену арқылы жасалады:
1) объектiнiң сипаттамаларын анықтау;
2) осы объектiлердiң атрибуттарын (атрибут қатынас бағандары) анықтау;
3) объектiлердiң арасындағы байланысты көрсететiн құрылым типтерiн таңдау
(кесте, иерархиялық, желiлiк).
ақпараттық құрылымның дәл экземплярын құру.
Мқ негізгі мақсаты нақты өмірдің объекті туралы үлкен мәліметтер санын олардың арасындағы байланыстарды ескере отырып өңдеу.
49.MS Access бағдарламасының интерфейсі. MS Access-те мəліметтер типі жəне қасиеттерін анықтаңыз.
MS Access – мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ Access 2010 бағдарламасы бұрынғы нұсқаулардан, әсіресе Access 2007 бағдарлама нұсқаларынан, бірнеше маңызды өзгертулері бар пайдаланушының интерфейсін қамтиды. Пайдаланушы интерфейсінің екі негізгі құрамдасы — таспа және шарлау аумағы — Access 2007 бағдарламасына енгізілген. Таспаға бірнеше өзгертулер енгізіліп, үшінші пайдаланушы интерфейсінің құрамдасы — Backstage көрінісі — Access 2010 бағдарламасының жаңа мүмкіндігі болып табылады.
Бұл мақала Access 2010 бағдарлама пайдаланушылық интерфейсі элементтерін сипаттайды және сол элеменеттер мен жұмысты теңшеу жолы туралы қосымша мәлімет сілтемелерін қамтамасыз етеді.
Access 2010 бағдарлама пайдаланушылық интерфейсінің үш негізгі құрамдасына төмендегілер жатады:
Таспа — бұл, құрамында пәрмендер топтары бар бағдарлама терезесінің үстіңгі жағындағы қойындылар жолағы.
Backstage көрінісі— бұл, таспадағы Файл қойындысынан көрінетін пәрмендер жинағы.
Шарлау аумағы — бұл, дерекқор нысандарымен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін Access бағдарламасы терезесінің сол жағындағы аумағы. Шарлау аумағы Access 2007 бағдарламасында дерекқор терезесін ауыстырады.
Осы үш элемент дерекқорларды жасауға және пайдалануға болатын ортаны қамтамасыз етеді
Интерфейс-программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.Яғни байланыс түрі болып табылады.
Аccess программасы мәліметтер қорын басқару жүйесінің ең бір жоғарғы танымал тамырларының бірі.Бұл қолданбалы программа мәліметтер қорын басқарудың жүйесін жүзеге асыру мүмкіндіктерін өз ішінде алады. Access графикалық интерфейсі қолданушының жеңіл әрі ыңғайлы түрде жұмыс жасауына қолайлы жағдай туғызады.Интерфейс мүмкіндігінің кең болуына байланысты АCCESS те қолданылатын құралдар түрі мен мүмкіндіктері де жоғары дәрежелі болады.
Бұл бағдарламада IntelliSense технологиясының кеңінен қолдану мүмкіндігі бар. Бұл қолданушыға жұмыс жасау барысында дұрыс бағыт бағдар беріп,қандай батырмаларды басу керек екендігін нұсқап тұрады.Бұл технология орындалу барысы автоматты түрде жүргізіледі.
Мәліметтер типтері-windows желісінде қолданылатын стандартты типтер. Оның 8 түрі бар:
Мәтіндік- есеп жасауда қолданылмайтын мәтіндерді немесе мәтін мен сандарды енгізу үшін қолданылады
МЕМО өрісі – 255 белгіден көп мәтіндер немесе форматталған мәтіндер үшін қолданылады. Бұл типтің өрісіне алфавитті цифрлық белгілерді енгізуге болады. Мысалы: ескертулер, жартылай қою немесе курсивпен жазылған ұзақ сипаттаулар мен азат жолдар.
Сандық – ақшалық мәндерден басқа есептеулерде қолданылатын сандық мәліметтерді сақтау үшін қолданылады.
Мерзім -бұл типтегі өріске мерзім мен уақытты енгізуге болады.
Ақшалық -бұл өріс ақшалық мәндерді енгізуге және сақтауға арналған.
Есептегіш- Access те автоматты түрде енгізілетін Уникальное атты сандық мән
Логикалық- мәліметтердің бұл типі мына мәндердің біреуін «Иа» және «Жоқ» немесе «True» және «False» қамтитын өрістер үшін қолданылады.
OLE обьектісінің өрісі- бұлөріске оле обьектілері немесе басұа екілік мәліметтер енгізіледі.
Өріс қасиеттері. Өріс өлшемі - өрісте сақталынған мәтіндік сандық немесе есептегіш типтеріндегі мәліметтердің максимал мәндерін анықтау.
Формат- бейнелеу немесе баспаға шығару үшін өрістің мәліметтер форматын баптау.
Ондық белгілер саны- сандық мәндер үшін бөлшек бөлігінде бейнеленетін белгілердің мөлшерін беру.
Жаңа мәндер- есептегіш типіндегі өріс үшін мәндер меншіктеу тәсілдерін анықтау.
Подпись -формалар есептер немесе сұраныстар үшін үнсіз келісім бойынша жазбалардағы мәтінді анықтау.
Үнсіз келісім мәні- өріске жаңа жазбалар үнсіз келісім бойынша қосу үшін мәндерді автоматты тағайындау.
Тағайындау шарты -осы өрісте мәндерді әрбір қосуда немесе өзгертуде шынайылық болу үшін тұжырымдамалар беру.
Дәлдік -ондық бөлгіштің екі жағына сақталатын белгілердің қосынды рұқсат етілген сандарды тапсыру.
Масштаб -ондық бөлгіштің оң жағына сақталатын белгілердің максималды рұқсат етілген сандарды анықтау.
Тек қана қосу -МЕМО типті өріс үшін нұсқаларды басқаруды белсендіру.
Смарт тегтер -осы өріске смарт тегтер қосу.
Unicode сығылуы- мәтінді сығу,егер осы өрісте 4096 белгіден көп болса.
Индекстелген өріс- индекстерді құру және пайдалану арқылы оосы өріске мәліметтерді енгізуді жеделдету.
