Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ashooot спешл фо ю).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

4. Ақпарат ұғымына анықтама беріңіз. Ақпараттың құрылымын анықтаңыз.

«Информация» - ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан.

Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелену. Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мəліметтер жиынын айтамыз. Олар біздерді коршаған объектілер туралы толық хабардар етіп, солар туралы мəлімсіздік, белгісіздік деңгейін азайтады Ақпарат (материалистік философия бойынша) - нақты дүние бейнесінің мəліметтер, хабарлар арқылы айтылуы. Хабарлар - информацияның тіл, мəтінін, цифрлық мəліметтер,график, кесте түрінде бейнелену түрі. Сонымен, салаға қарай:

•тұрмыста ақпарат деп қажет болған кез келген мəліметті немесе хабарды айтады;

•техникада ақпарат деп таңбалар немесе сигналдар түрінде берілетін кез келген хабарларды айтады;

• кибернетикада ақпарат деп бағыт алу, екпінді түрде əрекет ету, басқару үшін пайдаланылатын, яғни белгілі бір жүйені сақтау, дамыту, жетілдіру мақсатында колданылатын білімнің бөлігін айтады (Н. Винер).

Америка ғалымы - Клод Шеннон ақпаратты белгілі бір нəрсе туралы біздің біліміміздің айқындылығын арттыру (анық еместігін жою) деп санайды. Ақпараттың казіргі ғылыми мағынасын дəлірек анықтаған кибернетика «атасы» - Норберт Винер болып саналады. Ол: ақпарат - сыртқы ортадан сезімдеріміз бен оған бейімделуіміз арқасында алынған түсініктерді белгілеу деп түсіндіреді.

5 Ақпарат ұғымын анықтап, оның қасиеттерін топтастырыңыз.

«Информация» - ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан.

Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелену. Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мəліметтер жиынын айтамыз. Олар біздерді коршаған объектілер туралы толық хабардар етіп, солар туралы мəлімсіздік, белгісіздік деңгейін азайтады Ақпарат (материалистік философия бойынша) - нақты дүние бейнесінің мəліметтер, хабарлар арқылы айтылуы. Хабарлар - информацияның тіл, мəтінін, цифрлық мəліметтер,график, кесте түрінде бейнелену түрі.

Информатика тұрғысында ақпараттың негізгі қасиеттері мынадай:

-Сенімділігі: Ақпарат сенімді, егер ол істің шындығын көрсететін болса.

-Анықтылық (достоверность): Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның анық, айқын болғаны.

-Толықтық: Егер ақпарат түсінуге жəне белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны.

-Дəлдік (точность): Ақпарат дəлдігі оның сол объектінің, процестің, құбылыстың нақты жағдайына жақындығы жатады .

-Нақтылығы: Объективті жағдайының ақиқатылығын бейнелейтін ақпарат қасиеті:

-Адекваттығы: Жұмыстың нақты объективті күйінің сəйкестік дəрежесін білдіретін қасиет.

-Қол жетімділігі (доступность): Керек ақпаратты алу мүмкінділігінің шамасын анықтайтын қасиеті.

-Маңыздылығы: Ақпараттың ағымды уақытпен сəйкестігін анықтайтын қасиет.

-Объективтігі: Ақпараттың бұрмалану дəрежесін анықтайтын ақпарат қасиеті:

-Өзектілік (своевременность): Дер кезінде алынған өзекті ақпарат көп пайда береді

-Түсініктілік: Егер ол ақпарат жіберілген адамның пайдаланатын тілінде берілсе.

-Бағалылық: Ақпараттың бағалылығы, оны пайдалана отырып, қандай мəселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Егер бағалы ақпарат түсініксіз сөздермен жазылса, ол пайдаға аспайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]