Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ashooot спешл фо ю).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

39.Есептеу жүйесінде мəтіндік ақпараттарды өңдеу құралдарын атаңыз жəне қызметін анықтаңыз.

MS Word – мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы. Ол - мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.

Қазіргі компютерлік технологияда орындауға болатын кез – келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейін барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкіндіктеріде толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен кестелерді көрікті етіп, безендіруге қажет көптеген шаблондар, стильдер жазылып бірден орындалатын ішкі микропрограммалау тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т.с.с. жетіп артылады.

Мәліметтерді енгізу құрылғысы: Сканер, пернетақта, графикалық планшеттер, манипулятор, сенсорлық экран.

Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мəліметтерді (мəтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.

Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер.

Сканер көріністі машина кодына айыстырып, компьютер жадына жазады. Сканердің жұмыс атқару принципі былай: жарық сəуле жол-жолы бойынша жазық суретті сканерлейді. Бұл электрондық сəуленің дисплей экранын сканерленгені сияқты. Сканерлеу нəтижесінде қағаз құжаттың сызба бейнесі жасалады.

40.Есептеу жүйесіндегі мəтіндік құжат ішінде гиперсілтеме жəне макростарды құру технологияларының қолдану мақсатын түсіндіріңіз.

Гиперсілтеме - сілтемелер көмегі арқылы басқа файлдармен байланысы. Олар сілтеме жасалған жерден автоматты түрде басқа жерге өту үшін ыңғайлы. Сілтеме жасалатын басқа құжаттағы орынның бетбелгісі болу қажет. Гиперсілтеме жасау. Бетбелгі жасалған орынға сілтеме ұйымдастыру үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

1. Кірістіру→Гиперсілтеме менюі командасын орындайды.

2. Экранда Гиперсілтемені кірістіру терезесі пайда болады.Осы жерде сілтеме жасайтын объектіні, басқаша айтқанда қапшықты (файл) анықтап, ондағы файлды ерекшелейді.

3. Бетбелгі (Закладка) батырмасын сырт еткізіңіз.Экранда терезе пайда болады,оның ішінде құжаттағы қажетті бетбелгіні тауып, Жарайды батырмасын басыңыз.

Макростар. Бір әрекетті бірнеше рет қайталап орындайтын енгізу мен мәтнді түзету процесін жеделдету үшін макростарды қолданған тиімді. Макростар-бір команда болып жазылған бірнеше командалардың тізбегі,басқаша атауы-макрокоманда.Макростарда әрекеттердің орындалу барысында тізбектеліп командалар жазылады.Макростарды жасау.Макросты жасау үшін Құралдар→Макростар→Жаңа макрос жазбасы командасын орындаңыз.Сосын макрос жазбасы терезесі пайда болады,онда:

•Макрос аты өрісінде макростың атауын теріңіз;

•Макросты тағайындау өрісінде Құралдар үстелі немесе Пернетақта- макрос мақсатының объектісін таңдаңыз;

•Макросты сақтау өрісінде қандай құжаттарға кқатынай алатынын нұсқаңыз;

•Сипаттама өрісінде макростың күні мен авторы беріледі.

Макросқа атау беріп,макростың мақсатының объектісін таңдап, Жарайды батырмасын басыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]