Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ashooot спешл фо ю).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

37.Бағдарламалау тілдеріне анықтама беріңіз жəне бағдарламалау тілдерін жіктеңіз.

Программалау тілі – алгоритмдерді жазуға арналған формальді тіл.(Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.)

Ол алфавитінің берілуімен (бастапқы символдар сөздігі), оның синтаксисі (грамматикасы) мен семантикасының дұрыс сипатталуымен анықталады. Информацияларды түрлендіру ережесі әр түрлі алгоритмдерде әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ та барлық алгоритмдер өте көп емес элементарлы командалардан құрылуы мүмкін. Қазіргі уақытта қолданылып жүрген программалау тілдері машинаның типіне және шығарылатын есептердің түріне байланысты бөлінеді. Бірінші белгі бойынша олар екі үлкен топқа бөлінеді: машинаға-тәуелді және машинаға-тәуелді емес тілдер. Машинаға-тәуелді тілдер машиналық және машинаға бағытталған болып екіге бөлінеді. Машинаға-бағытталған тілдер екіге бөлінеді: символдық кодтау (ассемблерлер) және макротілдер (макроассемблерлер). Мнемокодта амалдардың цифрлық коды әріптермен, ал цифрлық адрестер - әріптік атаулармен алмастырылған. Макротілдерде мнемотілдің кодтарынан басқа машиналық тілде ешқандай аналогы жоқ макрокомандалар қолданылады. Макротілдер бастапқы программаның ұзындығын қысқарта отырып, программисттің жұмысын жақсартады. Машинаға-тәуелді тілмен жұмыс жасайтын программист программа құратын ЭЕМ-нің конструктивті ерекшелігін жақсы білуі қажет. Бұл талап машинаға-тәуелсіз тілді қолданған кезде біршама азаяды. Машинаға-тәуелсіз тілде жазылған программа ЭЕМ-нің типіне мүлдем байланысты болмайды. Бұл тілдердің құрылымы табиғи тілдер құрылымына жақын, мысалы машинаға- бағытталған тілдер құрылымына қарағанда ағылшын тілдер құрылымына жақын. Сондықтан да бұл тілдерді мамандандырылмаған программистер қолдана алады. Машинаға-тәуелсіз тілдер екі топқа бөлінеді: процедуралық-бағытталған және проблемалық бағытталған. Процедуралық-бағытталған тілдер есептердің шешімінде дайын алгоритмдерді (процедураларды) сипаттау үшін қолданылады. Оларды өз есебінің тұжырымын және олардың шешілу әдісін жақсы білетін мамандар қолданады. Проблемалық-бағытталған тілдер өз есебінің шығарылу әдісімен таныс емес қолданушыларға арналған. Бұл жағдайда қолданушы есебін тұжырымдап, бастапқы мәндерін беруі және нәтижені шығарудың талап етілген формасын көрсетуі керек. Енгізілген информациялардың негізінде программа генераторы есепті шығарудың жұмысшы программасын құруы керек.

38.Бағдарламалау технологияларына түсініктеме беріңіз. Бағдарлама құрылымын анықтаңыз.

Программалау тілі – алгоритмдерді жазуға арналған формальді тіл. Ол алфавитінің берілуімен (бастапқы символдар сөздігі), оның синтаксисі (грамматикасы) мен семантикасының дұрыс сипатталуымен анықталады. (Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.)

Бағдарламалау тілдерінің негізгі құрылымы:

Синтаксис. Кәдімгі тілдердегідей, бағдарламалау тілдері элементтерінің синтаксисі бар. Бағдарламалау тілдері элементтерінің синтаксисі - бұл тілдегі қандай символдар тізбегі мүмкін өрнектер болып есептелетінін анықтайтын ережелер жиыны. Синтаксис формальды шартты белгілер көмегімен беріледі. Синтаксистің кең таралған формальды шартты белгісі - бұл Бекус Наураның кеңейтілген формасы (БНКФ). БНКФ-де біз ең жоғарғы деңгейдегі обьектіден (бағдарламалардан) бастауымыз керек және обьектілерді декомпозициялау ережелерін қолдана отырып, белгілі бір символ деңгейіне жеткенге дейін. Мысалы: Айнымалыны - жариялау::= тип-спецификаторы идентификатор {идентификатор}; Бұл былай оқылады: Айнымалыны жариялау тип спецификаторын көрсетеді, одан соң идентификатор (айнымалының аты) ұсынылады және бір-бірінен үтірмен ажыратылған міндетті емес идентификаторлар тізбегі, соңында нүктелі үтір қойылады.

Семантика - бұл бағдарламалау тілдері сөйлемдерінің (бағдарламаның) мағынасы, бағдарламалау тілінің семантикасын құрастыру қосымша үстемділік - бағдарламаның дұрыстығын дәлелдеу мүмкіндігін береді. Бағдарламаның орындалуын, қалай оператор кірістегі бекітілімдерді қанағаттандыратын күйді шығыстағы бекітілімдерді қанағаттандыратын күйге айналдыратынын сипаттайтын аксиомалар көмегімен қалыптастыруға болады.

Деректер. Бағдарламалау тілдерімен алғашқы танысқанда көңіліңіз оператор мен командаларға бөлінеді. Операторларды үйреніп, оларды қолдана бастаған кезде, деректерге көңіл аударасыз. Қазіргі тілдерде операторлар белгілі бір обьект үшін қолданылатын деректерді

манипуляциялау құралдары деп есептеледі. Бағдарламалаудың орталық концепциясы:

Тип - бұл шамалардың көпшесі және оларға жасалатын көптеген операциялар. Типті анықтау тілге байланысты. Деректерді талдау үшін кейбір анықтамалар қажет.

Шама. Қарапайым анықталмаған түсінік.

Литерал. Бағдарламада таңбалар тізбегі түрінде берілген нақты мән. Мысалы: 154, FALSE, «бағдарламалау».

Көрсеткіш (представление). Компьютер ішінде нақты биттер жолымен көрсетілген мән. Мысалы: символдық мән ' х ' 01 11 10 00 сегіз бит жолымен көрсетілуі мүмкін.

Айнымалы. Нақты типтегі мән көрсетілімінен тұратын жад ұяшығына немесе ұяшықтарына берілген ат. Мәні бағдарлама жұмысы үрдісінде өзгере алады.

Тұрақты. Нақты типтегі мән көрсетілімінен тұратын ұяшық немесе ұяшықтар аты. Программа орындалу барысында мәні өзгермейді. Обьект- бұл айнымалы немесе тұрақты.

Меншіктеу операторы. Әдеттегі бағдарламалау тілдерінде нақты жұмыс істейтін бір ғана оператор бар. Ол- меншіктеу операторы. Басқа операторлар (шарт операторы, процедураларды шақыру) тек меншіктеу операторының орындалу тізбегін басқару үшін қолданылады. Меншіктеу операторы әр түрлі үш есептерді орындайды: Оператордың оң жағындағы өрнек мәнін есептеу. Оператордың сол жағындағы өрнекті есептеу; өрнек жад ұяшығының адресін анықтау керек. 1 қадамда есептелген мәнді 2 қадамда алынған адрестен бастап, жад ұяшықтарына көшіру.

Тип сәйкестіктерін бақылау. Тип сәйкестіктерін бақылау - бұл өрнек типі меншіктеу кезінде адрестелген айнымалы түрімен сәйкестігін тексеру. Бұған процедураны шақырғанда фактілік параметрді формальдыққа меншіктеу де кіреді. Тип сәйкестіктерін бақылауға келесі лайықты мүмкіндіктер бар: Ештеңе істемеу; меншіктеу мағыналы болуына тек бағдарламалаушы жауапты;

Сол жағы талап ететін типке өрнек мәнін айқындамай түрлендіру. Қатаң түрде тип сәйкестіктерін бақылау: егер тип айырмашылығы болса, меншіктеуден бастартамыз.

Басқару операторлары. Меншіктеу операторлары әдетте қандай тізбекте жазылды, сол тізбекпен орындалады. Басқару операторлары орындалу ретін өзгерту үшін қолданылады. Құрылымды бағдарламалау - бұл оқуға және түсінуге жеңіл, жақсы құрылымдағы бағдарламаларды қаматамасыздандыра-

тын, басқару операторларын қолдануды мүмкіндейтін бағдарламалау стилі. Басқару операторларының екі класы бар: аңдау операторы, бір немесе бірнеше альтернативті тізбектердегі орындауларды таңдайды; шарт операторы (if) және ауыстырып қосқыштар (переключатели) (Case switch); цикл операторы, операторлар тізбегінің орындалуы қайталанады: for, repeat және while.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]