- •1.Ақпараттық технологиялар ұғымын анықтаңыз, оның объектілерін атап көрсетіңіз. Ақпараттық технологиялардың кəсіби бағыттағы қолдану мақсатын түсіндіріңіз.
- •4. Ақпарат ұғымына анықтама беріңіз. Ақпараттың құрылымын анықтаңыз.
- •5 Ақпарат ұғымын анықтап, оның қасиеттерін топтастырыңыз.
- •6. Ақпарат ұғымын анықтап, оның түрлерін жəне берілу формаларын жіктеңіз.
- •7. Ақпараттық технологиялар - ғылым мен технологиялардың бірлігі екенін түсіндіріңіз. Ақпараттық технологияларды қолданудың салалық аумағын атап көрсетіңіз.
- •8.Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не. Ақпараттық ресурстар және ақпараттық үрдістерді атап көрсетіңіз.
- •9.Есептеу техникасы дегеніміз не. Есептеу техникасының даму тарихы мен кезеңдерін атап көрсетіңіз.
- •11 Санау жүйелеріне анықтама бер. Санау жүйелерінің түрлерін жікте.
- •12 Санау жүйелеріне анықтама бер. Санау жүйелеріндегі түрлендіру мен ауыстыру технологияларының ережелерін мысалдармен көрсет.
- •14 Логика дегеніміз не? Ойлаудың логикалық заңдарын ата.Пікірге анықтама бер.
- •15 Бульдік алгебраға түсініктеме бер. Логикалық амалдарды атап,анықтама бер. Қорытындының заңдары. Ақиқат кестелер.
- •16 Бульдік алгебра. Логикалық қорытындының заңдары. Ақиқат кестелер.
- •19 Жедел,тұрақты және кэш жады құрылымын және қызметтерін анықта.Жадтың өлшем бірліктерін атап көрсет.
- •20.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама бер және қызметін анықта.Бағ. Жас-ны жікте.
- •21. Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Жүйелік бағдарламаларды атап, қызметін анықтаңыз.
- •22. Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Қолданбалы бағдарламалар.
- •23. Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Қолданбалы бағдарламалар.
- •24. Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Қызметтік бағдарламалық жүйелер.
- •25 Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз, амалдық жүйенің қолдануына қарай жіктеңіз.
- •28.Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз. Windows амалдық жүйесінің анықтамылық жүйелері туралы не білесіз.
- •29.Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз. Амалдық жүйеде файлдар мен бумаларды іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
- •30.Алгоритм, бағдарлама ұғымдарына анықтама беріңіз. Алгоритмнің қасиеттері мен түрлерін анықтаңыз.
- •33.Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық əдістерін анықтаңыз.
- •34.Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Электрондық цифлық қолтаңба жəне оны пайдалану аумағын атап көрсетіңіз.
- •35.Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Мұрағаттаушы(архивтеуші) бағдарламалармен жұмыс істеу технологияларын анықтаңыз.
- •36.Есептеу желілері жəне телекоммуникациялар. Есептеу желісінің классификациясы жəне жұмыс істеу технологиясын анықтаңыз.
- •37.Бағдарламалау тілдеріне анықтама беріңіз жəне бағдарламалау тілдерін жіктеңіз.
- •38.Бағдарламалау технологияларына түсініктеме беріңіз. Бағдарлама құрылымын анықтаңыз.
- •39.Есептеу жүйесінде мəтіндік ақпараттарды өңдеу құралдарын атаңыз жəне қызметін анықтаңыз.
- •41.Есептеу жүйесіндегі кестелік процессорда мəліметтер қорын құру жəне басқару
- •42.Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелерге енгізілетін ақпарат түрлері жəне оларды өңдеу технологияларын анықтаңыз. Өзтолтыру маркері.
- •43.Электрондық кестелерді өңдеу құралдарын атаңыз. Функция шебері арқылы есептеулер алгоритмдерін ұсыныңыз.
- •44.Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелердегі ұяшықты адрестеу, сілтемелер түрлерін анықтаңыз.
- •50.Ms Access бағдарламасында базалық кестелерді(таблицы) анықтаңыз жəне оларды құру
- •51. Ms Access бағдарламасында басылымдар түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз
- •52. Ms Access бағдарламасында пішімдер түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз
- •53. Ms Access бағдарламасында сұраныстар түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз
- •57 Компьютерде қойылған есепті (мәселені) шешудің негізгі кезендерін анықтап, концепцияларын атаңыз.
- •58 Жергілікті желі құру принціптерін анықтаңыз.Желінің ақпараттық және бағдарламалық жасақтамаларын атаңыз.
- •60 Электронды үкімет – электронды құжат айналым жүйесімен жұмыс және мемлекетті басқаруда азаматтардың қатынасын кеңейту жүйелері екенін түсіндіріңіз.
28.Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз. Windows амалдық жүйесінің анықтамылық жүйелері туралы не білесіз.
Амалдық жүйе — компьютердің жабдықтық және бағдарламалық қорларын басқаруға арналған бағдарлама. Амалдық жүйенің негізгі тапсырмалары жадыны бақылау және үйлестіру, әмірлердің орындалуын реттеу, енгізу және шығару құрылғыларын бақылау, желі қызметін жеңілдету және файлдарды басқару боп табылады. Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін амалдық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған амалдық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS (Darwin) және Unix. Амалдық жүйенің айырмашылықтарының бірі:1.Бірнеше бағдарламаны бір уақытта жегуге мүмкін етеді. 2.Бағдарлама жазуды оңайлатады, себебі бағдарламаның жабдықтарды басқару қажеті пайда болмайды. Бұкіл жабдық пен бағдарламалардың өзара әрекеттесуін амалдық жүйе басқарады. Бұған қоса бағдарламаға жабдық пен басқа бағдарламалармен әрекеттесуге жоғары деңгейлі тілдесуді қамтамасыз етеді. Әрбір компьютерлік бағдарлама АЖ-ның қызметтерін пайдаланады. Windows (тікелей аударғанда – терезелер) бейне беттің терезелерге бөлінуі арқасында осындай атауға ие болды. Әрбір терезе іске қосуға болатын қандай да бір ақпараттан, кескін немесе бағдарламадан тұрады. Бейне бетте бір мезгілде бірнеше терезе орналастырып қойып, бірінен біріне ауысып жүруге болады. Windows жүйесінің негізгі функциялары:
- компьютердің барлық қүрал-жабдықтарын (аппараттарын) басқару;
- файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
- қолданбалы программаларды іске қосу.
Бүған қоса Windows жүйесі:
- бір уақьпта бірнеше программалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасу;
- масштаб бойынша өзгеріле алатын шрифтер қолдану;
- мультимедиа мүмкіндіктерін қолдану;
- жалпы ортақтастырылған анықтамалық жүйені пайдалану істерін қамтамасыз ете алады.
Windows операциялық жүйелеріне тән негізгі ерекшеліктер:
- олардың негізгі кілттік идеясы программалардың компьютердің аппараттық бөліктерінен толық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, яғни программалық үйлесімділік;
- біртұтас қолайлы графикалық пайдаланушы интерфейсі;
- көпесептілік;
- желілік ортада жұмыс істеу мүмкіндігі;
- әр түрлі қолданбалар арасында мәліметтер алмасу құралдарының әмбебап жүйесінің болуы.
Windows-та графика да әмбебап болып табылады, сондықтан нақтылы дисплей немесе принтер типімен үйлесілімділікті қамтамасыз ету мәселесі жойылады.
29.Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз. Амалдық жүйеде файлдар мен бумаларды іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
Амалдық жүйе — компьютердің жабдықтық және бағдарламалық қорларын басқаруға арналған бағдарлама,басқаша айтқанда бұл құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. Амалдық жүйе негізінен жадыны бақылау және үйлестіру, әмірлердің орындалуын реттеу, енгізу және шығару құрылғыларын бақылау, желі қызметін жеңілдету және файлдарды басқару, бағдарламалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын атқару,пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыру,компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқару,мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету, пайдаланушы мен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқару және т.б. қызметтрді орындайды.
Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін амалдық жүйені қажетсінеді. АЖ болмаса, компьютердің жабдықтары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық, сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ғана ұсынылады. Әрбір компьютерлік бағдарлама АЖ-ның қызметтерін пайдаланады.
