Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ashooot спешл фо ю).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

21. Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Жүйелік бағдарламаларды атап, қызметін анықтаңыз.

Бағдарламалық жасақтама – белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар кластарына арналған, оның аппараттақ құралдарының жан-жақты қызметін, сонымен қатар пайдаланушының оның есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы.

Бағдарламалық жасақтама – ақпараттық технологиялардың бір бөлігі.

ЭЕМ-ға арналған бағдарламалық жасақтамаларды функционалдық қызметтеріне байланысты төмендегідей түрлерге бөледі:

- жүйелік БЖ;

- инструменталдық БЖ;

- қолданбалы БЖ;

Енді есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасының классификацияларын бөліп қарастырайық:

Жүйелік бағдарламалық жасақтама – деректерді өңдейтін компьютерлік технологиялардың барлық түрін пайдалану барысында орындауға тура келетін көмекші (вспомагательный) жұмыстардың көбісін аппараттық құралдармен автоматтандырады. Жүйелік программа тобына операциялық жүйе, операциялық қорапша (оболочка), архиватор, антивирустық программа және т.б кіреді. Жүйелі программалық жасақтамалар ЭЕМ –нің аппараттық жабдықтардың жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамдарды қолданбалы программалармен байланыстырады. Жүйелі программалық жасақтаманы бірнеше топқа жіктеуге болады:

 Операциялық жүйелер

 Утилиттер

 Сервистік программалар

Операциялық жүйелер – компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютер үшін кең тараған операциялық жүйелер: MS (PS), DOS, WINDOWS 98, WINDOWS 2000, WINDOWS NT, OS 2, UNIX жатады. Дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелер тек бір адамдақ болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетте бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 98, WINDOWS NT, OS 2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып табылады. Операциялық жүйелер көптеген функцияларды орындайды: информацияны дискіге жазу – оқуды, мәліметтерді сақтауды ұйымдастырады, коипьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді.

Утилиттер – белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті топ. Оларға мысал ретінде: антивирустық программаларды (вирустарға қарсы), мәліметтерді архивтеу программаларын компьютердің жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды айтуға болады.

Сервистік программалар- әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін прграммалар тобы.

Жүйелік бағдарламалық жасақтама (ЖБЖ) – ЭЕМ барлық ресурстарын басқаруды, пайдаланушымен интерфейсін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Жүйелік бағдарламалық жасақтаманың негізгі бөліктері:

- операциялық жүйе (ОЖ) MS-Dos, Windows, Unix, Linux;

- сервистік бағдарламалық құралдар (антивирус, сервистік бағдарламалар);

- желілік бағдарламалық құралдар.

ЖБЖ компьютердің ең негізгі базалық бағдарламалық

22. Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Қолданбалы бағдарламалар.

Бағдарламалық жасақтама – белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар кластарына арналған, оның аппараттақ құралдарының жан – жақты қызметін, сонымен қатар пайдаланушының оның есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы.

Бағдарламалық жасақтама – ақпараттық технологиялардың бір бөлігі.

ЭЕМ-ға арналған бағдарламалық жасақтамаларды функционалдық қызметтеріне байланысты төмендегідей түрлерге бөледі:

- жүйелік БЖ;

- инструменталдық БЖ;

- қолданбалы БЖ;

Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қоданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы бағдарламалар мен қолданбалы дестелерден тұратын бағдарламалық жасақтама түрі (Word, Excel және т.б.). ҚБЖ ЭЕМ–ң адам өмірінің әртүрлі қызмет салаларында қолданылуын жүзеге асырады. Оның негізін қолданбалы бағдарламалар дестелері (ҚБД) құрады. ҚБЖ құрамына келесі бағдарламалық құралдар енеді:

- жалпы мақсаттағы ҚБД;

- мәселелік бағыттталған ҚБД;

- интегралданған ҚБД.

Қолданбалы бағдарламалық жасақтама - бұл деректерді өңдеудің информациялық технологиясы қолданылатын белгілі бір саладағы міндеттерді немесе міндеттер тобын шешуге арналған программа. Қолданбалы программамен қамтамасыз ету қолданбалы програмистер қызметінің түпкі мақсаты әрі бір мезгілде түпкілікті көрсеткіштердің еңбек құралы болып табылады. Түпкілікті пайдаланушы деп - белгілі бір нақты саладағы немесе қандай да бір мақсатта нақты міндеттерді шешу үшін қажетті информацияны алуға септігін тигізетін есептеуіш техникасын пайдаланатын адамды айтады. Қолданбалы бағдарламалық жасақтама: белгілі бір мақсатына пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді. Белгілі бір мақсатына пайдаланылатын жасақтама әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді. Дербес компьютердің кең тарауына басты себеп олардың алдын ала дайындалған әмбебеп программалық жабдықтамаларының кең таралуы еді, бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өңеуді түгел қамти алатын болды. Әр түрлі информацияларды өңдеуге мүмкіндік беретін әмбебеп программалық жасақтың негізгі түрлері мыналар:

 Мәтін редакторы

 Графикалық редактор

 Электрондық кестелер

 Оқыту және ойнау программалары

 Информациялық жүйелер

Көптеген қолданбалы программалардың дестесі ҚПД біршама дәрежеде пайдаланушының информацияны түрлендірудің белгілі бір процедураны орындайтын қолайлы әрі қарапайым құралдарына қол жеткізуіне мүмкіндік беретін интерактивті ортаны білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]