- •1.Ақпараттық технологиялар ұғымын анықтаңыз, оның объектілерін атап көрсетіңіз. Ақпараттық технологиялардың кəсіби бағыттағы қолдану мақсатын түсіндіріңіз.
- •4. Ақпарат ұғымына анықтама беріңіз. Ақпараттың құрылымын анықтаңыз.
- •5 Ақпарат ұғымын анықтап, оның қасиеттерін топтастырыңыз.
- •6. Ақпарат ұғымын анықтап, оның түрлерін жəне берілу формаларын жіктеңіз.
- •7. Ақпараттық технологиялар - ғылым мен технологиялардың бірлігі екенін түсіндіріңіз. Ақпараттық технологияларды қолданудың салалық аумағын атап көрсетіңіз.
- •8.Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не. Ақпараттық ресурстар және ақпараттық үрдістерді атап көрсетіңіз.
- •9.Есептеу техникасы дегеніміз не. Есептеу техникасының даму тарихы мен кезеңдерін атап көрсетіңіз.
- •11 Санау жүйелеріне анықтама бер. Санау жүйелерінің түрлерін жікте.
- •12 Санау жүйелеріне анықтама бер. Санау жүйелеріндегі түрлендіру мен ауыстыру технологияларының ережелерін мысалдармен көрсет.
- •14 Логика дегеніміз не? Ойлаудың логикалық заңдарын ата.Пікірге анықтама бер.
- •15 Бульдік алгебраға түсініктеме бер. Логикалық амалдарды атап,анықтама бер. Қорытындының заңдары. Ақиқат кестелер.
- •16 Бульдік алгебра. Логикалық қорытындының заңдары. Ақиқат кестелер.
- •19 Жедел,тұрақты және кэш жады құрылымын және қызметтерін анықта.Жадтың өлшем бірліктерін атап көрсет.
- •20.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама бер және қызметін анықта.Бағ. Жас-ны жікте.
- •21. Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Жүйелік бағдарламаларды атап, қызметін анықтаңыз.
- •22. Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Қолданбалы бағдарламалар.
- •23. Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Қолданбалы бағдарламалар.
- •24. Есептеу жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы. Қызметтік бағдарламалық жүйелер.
- •25 Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз, амалдық жүйенің қолдануына қарай жіктеңіз.
- •28.Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз. Windows амалдық жүйесінің анықтамылық жүйелері туралы не білесіз.
- •29.Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз. Амалдық жүйеде файлдар мен бумаларды іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
- •30.Алгоритм, бағдарлама ұғымдарына анықтама беріңіз. Алгоритмнің қасиеттері мен түрлерін анықтаңыз.
- •33.Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық əдістерін анықтаңыз.
- •34.Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Электрондық цифлық қолтаңба жəне оны пайдалану аумағын атап көрсетіңіз.
- •35.Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Мұрағаттаушы(архивтеуші) бағдарламалармен жұмыс істеу технологияларын анықтаңыз.
- •36.Есептеу желілері жəне телекоммуникациялар. Есептеу желісінің классификациясы жəне жұмыс істеу технологиясын анықтаңыз.
- •37.Бағдарламалау тілдеріне анықтама беріңіз жəне бағдарламалау тілдерін жіктеңіз.
- •38.Бағдарламалау технологияларына түсініктеме беріңіз. Бағдарлама құрылымын анықтаңыз.
- •39.Есептеу жүйесінде мəтіндік ақпараттарды өңдеу құралдарын атаңыз жəне қызметін анықтаңыз.
- •41.Есептеу жүйесіндегі кестелік процессорда мəліметтер қорын құру жəне басқару
- •42.Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелерге енгізілетін ақпарат түрлері жəне оларды өңдеу технологияларын анықтаңыз. Өзтолтыру маркері.
- •43.Электрондық кестелерді өңдеу құралдарын атаңыз. Функция шебері арқылы есептеулер алгоритмдерін ұсыныңыз.
- •44.Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелердегі ұяшықты адрестеу, сілтемелер түрлерін анықтаңыз.
- •50.Ms Access бағдарламасында базалық кестелерді(таблицы) анықтаңыз жəне оларды құру
- •51. Ms Access бағдарламасында басылымдар түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз
- •52. Ms Access бағдарламасында пішімдер түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз
- •53. Ms Access бағдарламасында сұраныстар түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз
- •57 Компьютерде қойылған есепті (мәселені) шешудің негізгі кезендерін анықтап, концепцияларын атаңыз.
- •58 Жергілікті желі құру принціптерін анықтаңыз.Желінің ақпараттық және бағдарламалық жасақтамаларын атаңыз.
- •60 Электронды үкімет – электронды құжат айналым жүйесімен жұмыс және мемлекетті басқаруда азаматтардың қатынасын кеңейту жүйелері екенін түсіндіріңіз.
19 Жедел,тұрақты және кэш жады құрылымын және қызметтерін анықта.Жадтың өлшем бірліктерін атап көрсет.
Жады - деректерді алу, сақтау, шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі. Компьютер жадысы мен адрестеу жүйесін ұйымдастыру. Жады - компьютердің құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі.
Жедел жады (RAM) – компьютердің жедел жадына осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады.Сыйымдылығы 1 Мб немесе одан көп болып келетін компьютерлердің жедел жады екі бөлімнен тұрады: алғашқы 640 Кб қолданбалы программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалғаны төмендегідей мақсаттарға пайдаланылады:
Тұрақты жады – (ROM – (ПЗУ)) – энергияға тәуелсіз жады, өзгертуді қажет етпейтін мәліметтерді сактайды. Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM) процессордың жұмыс кезінде жедел жад пен тұрақты есте сақтау құрылғысымен мәлімет алмасып тұрады.
Тұрақты есте сақтау құрылғысында орналасқан программа BIOS (Basic Input Output System – енгізу шығару базалық жүйесі) деп аталады. BIOS – MS DOS жүйесінің «Енгізу/шығару базалық жүйесі», ол ЭЕМ іске қосылған сәтте процессордың, жедел жадының және басқа да құрылғылардың жұмыс істеуге қабілеттілігін тест арқылы тексереді, сондай-ақ сыртқы құрылғылар адаптерін басқаруды қамтамасыз етеді. Операциялық жүйенің келесі бөлігі болып саналатын жүктеуішті дискіден шақырып іске қосады.
Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жад (Cash) деп атайды. КЭШ-жад - жедел жад пен процессордың жұмысын жеделдету үшін аралық дәнектер жад ретінде пайдаланылады.Процессор ішінде мəлімет алмасу процесі процессор мен жедел жады арасындағы мəлімет алмасу жылдамдығынан əлдеқайда жоғары. Сондықтан жедел жадынан жиі мəлімет алмас үшін процессор ішінде өте жылдам істейтін ішкі кэш-жады бар. Процессорға мəлімет керек болса, ол алдымен кэш-жадындағы регистрлерден алады, тек керекті мəлімет таусылған кезде ғана жедел жадымен мəлімет алмасады. Кэш-жадының көлемі үлкен болса, онда көптеген керекті мəліметтер сақталады да, процессордың жұмыс жылдамдығы жоғары болады. Сол себепті кэш-жады көлемді компьютерлер жылдам істейді. IBM PC компьютерлерінде Intel фирмасының процессорлары немесе солармен сəйкес келетін басқа фирмалардың X86 тобына жататын процессорлары бар. Осы топқа жататын ең бастапқы процессор – 16-разрядты Intel 8086 болатын. Кейінірек Intel 80286, 80386, 80486 (бірнеше түрлері бар), Intel Pentium əр түрлі модельдері, Pentium MMX, Pentium Pro, Pentium II, Celeron, Pentium III қатты дискідегі жинақтауыш процессорлары жəне соңғы моделі Pentium IV процессоры шықты.
Энергияға тәуелсіз жад – CMOS технологиясы бойынша жасалған, аналық тақшада орналасқан микросхема. Бұл микросхема аналық тақшада орналасқан шағын батареямен қоректенеді.
20.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама бер және қызметін анықта.Бағ. Жас-ны жікте.
Жүйелік БЖ Аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы бағдарламалармен байланыстырады.Жүйелік бағдарламалар ЭЕМ-ның аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы бағдарламалар байланыстырады. Жүйелік бағдарламалық жасақтаманың бір тобы амалдық жүйелер. АЖ – компьютерлерді басқаруға арналған жəне қолданбалы бағдарламалармен байланысы бар нақты бағдарлама. Базалық деңгей – базалық аппараттық құрылғылармен байланысуға жауап береді. Ереже бойынша, базалық бағдарламалар базалық саймандар құрамына кіреді жəне тұрақты жадыда сақталады.
Қолданбалы БЖ белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын жəне əмбебап болып екіге бөлінеді.Қолданбалы бағдарламалық жасақтама - бұл деректерді өңдеудің информациялық технологиясы қолданылатын белгілі бір саладағы міндеттерді немесе міндеттер тобын шешуге арналған программа. Қолданбалы программамен қамтамасыз ету қолданбалы програмистер қызметінің түпкі мақсаты әрі бір мезгілде түпкілікті көрсеткіштердің еңбек құралы болып табылады. Түпкілікті пайдаланушы деп - белгілі бір нақты саладағы немесе қандай да бір мақсатта нақты міндеттерді шешу үшін қажетті информацияны алуға септігін тигізетін есептеуіш техникасын пайдаланатын адамды айтады. Қолданбалы бағдарламалық жасақтама: белгілі бір мақсатына пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді. Белгілі бір мақсатына пайдаланылатын жасақтама әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді. Дербес компьютердің кең тарауына басты себеп олардың алдын ала дайындалған әмбебеп программалық жабдықтамаларының кең таралуы еді, бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өңеуді түгел қамти алатын болды. Әр түрлі информацияларды өңдеуге мүмкіндік беретін әмбебеп программалық жасақтың негізгі түрлері мыналар:
Мәтін редакторы
Графикалық редактор
Электрондық кестелер
Оқыту және ойнау программалары
Информациялық жүйелер
Көптеген қолданбалы программалардың дестесі ҚПД біршама дәрежеде пайдаланушының информацияны түрлендірудің белгілі бір процедураны орындайтын қолайлы әрі қарапайым құралдарына қол жеткізуіне мүмкіндік беретін интерактивті ортаны білдіреді.
Аспаптық БЖ Бұл жаңа бағдарлама жазуға арналған бағдарламалық жүйелер. Инструменталдық бағдарламалық жасақтама – кез келген пәндік аумақта (сонымен қатар ЖБЖ және ҚБЖ) ерекше бағдарламалық құралдарды құруды автоматтандыруға арналған бағдарламалық жасақтама бөлігі. Оның негізін құрастырушылар:
- бағдарламалау тілдері (Delphi, Visual Basic және т.б.);
- компиляторлар;
- интерпретаторлар;
- стандарттық бағдарламалар библиотекалары (СПБ);
- бағдарламаларды редактрлеу, жөндеу, тестілеу құралдары.
Инстументалды (аспаптық) бағдарламалық жасақтама – адам қызметінің әр түрлі салаларында қолданылатын программалардың барлық ықтимал дестелерін әзірлеуге қолданылады. Инструменталды тобына мыналар кіреді: программа тілінің машина аударуды жүзеге асыратын әр түрлі алгоритмдік тілдердің трансляторы; программалардың жекелеген бөліктерін біріктіріп, бір бүтін тұтас ететін байланыстырушы редакторлар, сондай – ақ жөндеуші – оның көмегімен программаны жазу барыснда кеткен қателіктер табылып, жойылады; ыңғайлы жасалуы үшін жоғарыда аталған компоненттерді біріктіретін әзірлеушілердің интеграциялық ортасы.
