Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ashooot спешл фо ю).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

1.Ақпараттық технологиялар ұғымын анықтаңыз, оның объектілерін атап көрсетіңіз. Ақпараттық технологиялардың кəсіби бағыттағы қолдану мақсатын түсіндіріңіз.

Ақпараттық технология – бұл ақпаратты жинау, беру, өңдеу, сақтау, ұсыну жəне пайдалану əдістері мен тəсілдерінің жүйесі. Ақпараттық технология автоматтандырылған жəне дəстүрлі түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Кез келген жүйенің негізінде процесс жатыр, АЖ-ң негізінде – ақпаратты өндіру процесі. Осы тұрғыдан алғанда ақпараттық жүйені басқару жүйесі, ал ондағы осы процессті басқару объектісі ретінде қарауға болады. Ақпараттық жүйелер қоғамның пайда болу сəтінен бастап бар. Онымен жұмыс есептеу техникасы пайда болғанға дейін жүргізілді. Кез келген АТ-ң мақсаты – берілген тасымалдаушыда талап етілген сапада қажетті ақпарат алу. Жаңа ақпараттық технология (компьютерлік ақпараттық технология) – дербес компьютерлер жəне телекоммуникациялық құралдарды қолданатын, пайдаланушымен жұмысы «достық» интерфейсті ақпараттық технология. Қоғамдық өмірдің түрлі сфераларында АТ-ды дұрыс бағалап, пайдалану үшін оларды алдын-ала жіктеу қажет. АТ-ды əртүрлі белгілеріне байланысты жіктеуге болады. Белгі ретінде қайсыбір АТ-ны таңдауға ықпал ететін көрсеткіш немесе нышандар(признак) жиынтығы қатысады.

1) Автоматизация белгісі бойынша: автоматтандырылған АТ жəне дəстүрлі АТ.

2) Жабдықтаушы жəне атқарымдық АТ ажыратады.

Жабдықтаушы технология əртүрлі пəндік облыстарда түрлі есептерді шешу үшін құрал ретінде пайдаланылуы мүмкін(Оның мысалы: мəтіндерді өңдеу технологиясы, мəліметтер қорын басқару жүйесінің технологиясы). Шешетін міндеттер класына байланысты олар əрі қарай жіктелуі мүмкін. Атқарымдық технология – қайсыбір міндетті, функцияны автоматтандыру үшін арналған жабдықтаушы технологиялардың жиынтығы. (Несиелік келісім шартты қалыптастыруды автоматтандыру) Ақпараттық технологиялар пəні — бұл адамдардың ақпараттарды басқаруда жəне өңдеуде пайдаланатын əдістер мен құрылғыларды (оның ішінде есептеуіш техникасын пайдалану) салаларда қолдану жиынтығы туралы ғылым. АТ (Ақпараттық технологиялар) пəні Информатика пəнінің құрамдас бөлігі болып табылады. Информатика термині француздың informatique(информация) жəне aulomatique (автоматика) сөздерінен шыққан, ол ақпараттық автоматика деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің ағылшыншасы - computer science, ол компьютерлік ғылым болып аударылалы. Информатика - компьютерді қолдануға негізделген, ақпарат құрылымы мен оның жалпы касиеттерін қарастырып, мəліметтерді дайындау, сақтау, іздеу, түрлендіру, жеткізу жəне оны əр түрлі кызмет баптарында пайдалану заңдылықтары мен тəсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пəн. Сонымен қатар ақпаратты өңдеу,жинау,жəне беру тəсілдері де күннен күнге дамып келеді .Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пəн болып саналады. Пәннің объектілері:

1. Ақпарат

2. Ақпаратты басқаруда, өңдеуде пайдаланатын құрылғылар

3. Ақпаратты басқару жəне өңдеу əдістері, тəсілдері.

Кез келген АТ-ң мақсаты – берілген тасымалдаушыда талап етілген сапада қажетті ақпарат алу. АТ оқытудың мақсаты - бұл ғылымның тек компьютсрлерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп кана коймай, қоғамдық өмірде жəне адамдар арасында ақпаратты кеңінен тарату заңдары мен тəсілдері туралы түсініктер береді.

Ақпараттарды өңдеу құралдары — бұл адамзат жасаған барлық қондырғылар мен жүйелер жəне ең бірінші кезекте, компьютер — ақпараттарды өңдеуге арналған əмбебап машина. Компьютерлер ақпараттарды бірнеше алгоритмдерді орындау жолымен өңдейді.

2.Ақпараттық технологиялардың даму тарихына шолу жасаңыз. Ақпараттық технологиялардың дамуының сатыларын(кезеңдерін), ерекшіліктерін атап көрсетіңіз.

Ақпараттық жүйелер қоғамның пайда болу сəтінен бастап бар. Онымен жұмыс есептеу техникасы пайда болғанға дейін жүргізілді. 19 ғасырдың екінші жартысына дейін АТ рөлін қауырсын, сия сауыт, бухгалтерлік кітаптар атқарды. Бұл кезде адамдар ақпараттарды жинаудың жəне берудің жалғыз құралы болған жазба құжаттарға сүйенді. Бұл кезде ақпараттық өңдеу өнімділігі өте төмен болды: əрбір хат жеке қолмен көшірілді, қолмен есептелген шоттардан басқа шешім қабылдау

үшін қажетті ақпараттар болмады. 19 ғасырдың аяғында «қол» ақпараттық технологиясын «механикалық» технология алмастырды. Жазба машиналарының, телефонның, диктофонның пайда болуы, қоғамдық пошта жүйелерінің модернизациясы ақпаратты жинау, беру, өңдеу технологиясындағы, осының салдарынан жұмыс өнімділігіндегі табанды өзгерістер үшін негіз болды. Негізінен «механикалық» технология мекемелердің ұйымдық құрылымының қалыптасуына жол салды. 20 ғасырдың 40-60 жылдары электрлік жазба машинкаларын, қарапайым қағазға көшіру машиналарын, портативті диктофондарды кеңінен қолдануға негізделген «электрлік» технологияның пайда болуымен сипатталады. Олар құжаттарды өңдеу сапасын, санын жəне жылдамдығын арттыру есебінен мекеме жұмыстарын жақсартты. 20 ғасырдың 60 жылдарының екінші жартысында «компьютерлік немесе электрондық» технологияның қалыптасуы ақпаратты тұтынушылары бүкіл адамзат болған өркениеттің жаппай жəне құнды өніміне айналдырды. Бұл кезде жоғары өнімділікті ЭЕМ-ң пайда болуы ақпараттық технологияда ақпараттың формасын емес, мазмұнын өңдеуге акцент жасауға мүмкіндік берді. Осы кезден бастап ақпараттық технологияларды 4 даму сатысына бөлік қарастыруға болады:

1-саты - аппараттық құралдардың шектеулі мүмкіндіктері жағдайындағы мəліметтердің үлкен көлемін өңдеумен сипатталады.

2-саты - бұл кездің негізгі проблемасы: программалық құралдардың дамуы аппараттық құралдардың дамуынан едəуір кейін қалуы. Сондай-ақ психологиялық мəселе – пайдаланушыларға арналып құрылған АЖ-мен олардың қарым-қатынасының нашарлығы, АЖ құрушыларының шешілуі қажет мəселені түсінудегі жəне олардың ойларындағы айырмашылықтар болды. Бұның салдарынан пайдаланушылар дұрыс қабылдай алмаған жүйелер құрылып жəне АЖ-ң көптеген мүмкіндіктеріне қарамастан олар толықтай қолданылмады. 1 жəне 2 сатылар ұсақ-түйек операцияларды орындау барысында есептеу орталықтарының ресурстарын орталықтан ұжым болып пайдалану арқасында мəліметтерді жеткілікті тиімді өңдеумен ерекшеленеді. Бұл кездері негізінен АТ мəліметтерді өңдеу үшін қолданылды.

3-сатыда - АТ басқару тиімділігін арттыру үшін қолданылды, компьютер маман емес пайдаланушының құралына, ал АЖ оның шешім қабылдауын қолдау құралына айналды. Мəселелері – пайдаланушы қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру жəне компьютерлік ортада жұмыс жасаудың сəйкес интерфейсін құру. АЖ-ді құруға көзқарас өзгерді, яғни пайдаланушыларды құрылатын АЖ қызықтырды, пайдаланушылардың жүйе құрушыларымен қарым-қатынасы жақсара бастады. Бұл сатыда алдыңғы сатыларға тəн мəліметтерді орталықтан өңдеу де жəне пайдаланушының жұмыс орнында локальды мəліметтер қорымен жүмыс жасауға, локальды есептерді шешуге негізделген орталықтандырылмаған əдіс те қолданылды.

4-саты – АТ бəсеке қабілеттілікті арттыру үшін(1990 ж. бастап) пайдаланып келе жатыр. Бұл саты бизнестегі стратегиялық артықшылықтарды талдау түсінігімен байланысты жəне телекоммуникациялық технологиялардың жетістіктеріне негізделген.

3. Ақпараттың ЭЕМ-де берілуін жəне өлшем бірліктерін атап көрсетіңіз.

Компьютердің жадында сақталатын информацияның барлық түрлері –сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары - бəрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1 -ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады. Бит - ағылшын тіліндегі bit (binary digit - екілік таңба) деген қыскарған сөз. Компьютерде қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды «байт» (ағылшынның byte деген сезінен) деп атау келісілген. Ақпараттар бірлігі ретінде Клод Шеннон бір бит (ағыл. bit — binary digit — екілік сан) алуды ұсынды. Ақпараттар теориясында бит — тең ықтималдықтағы екі хабарламаны ажырататын ақпарат мөлшері (түрлері "орел"—"решка", "жұп"—"тақ" жəне т.б.). Есептеу техникасында бит дегеніміз мəліметтер мен командалардың машинаішілік ұғымда қолданылуы үшін пайдаланылатын, "0" мен "1" белгілерінің біреуін сақтауға қажетті, компьютер жадының ең аз "бөлігі". Бит — өлшем бірліктің өте аз шамасы. Практикада көбінесе одан ірі бірлік — байт қолданылады, ол сегіз битке тең. Компьютер пернелеріндегі 256 символдың кез келген біреуін кодтау үшін дəл осы сегіз бит қажет (256=28). Сол сияқты ақпараттардың одан да үлкенірек туынды бірліктері кеңінен қолданылады :

· 1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,

· 1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,

· 1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.

Соңғы уақытта өңделетін ақпараттар көлемінің ұлғаюына байланысты, қолданысқа мынандай

туынды бірліктер де ене бастады:

· 1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,

· 1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт.