
- •Мазмұны
- •«Машина жасаудағы автоматтандырылған жобалау жүйелерінің негіздері» ажж (автоматтандырылған жобалау жүйелері) икемді автоматты кешенді өндірісті ұйымдастыру үшін. (
- •Ажж ақпараттық қорының құрамы
- •Ажж тілдерінің жіктелуі.
- •Технологиялық процестерді автоматты жобалаудың негізгі тәсілдері
- •1 АutoCad пакетімен бастапқы жұмыс
- •1.1 AutoCad пакетімен танысу
- •1.2 AutoCad жұмысының басы
- •1.4 Сызуды бастаймыз
- •1.5 Нүктенің координатасын көрсету әдістері
- •1.6 Сызбаны қарау
- •1.7 Жұмыстың аяқталуы
- •1.8 Сабақтың қорытындысы
- •2 Сызбаны құру және редакциялау
- •2 .1 Фасканы салу
- •2.2 Доғаларды сызу
- •2.3 Примитивпен жұмыс. Айналық шағылысу
- •2.4 Шеңберлер салу
- •2.5 Сызбаны қарапайым редакциялау
- •2.6 Автоматты түрде фаскаларды және жанасу салу
- •2.7 Примитивтерді масштабтау
- •2.8 Примитив құрамын редакциялау
- •2.9 Сызба түралы информациясын алу
- •3 Сызбаны редакциялау
- •3.1 Штрихтау
- •3.2 Примитив геометриясын өзгерту
- •3.3 Толқындық сызықтарды көрсету
- •3 .4 Объекттердiң автоматты көшiрмесiн алуы
- •3.6 Өлшемдерді орналастыру
- •3.7 Басқа бағдарламалармен сызбалар ауысу
- •Әдебиеттер
Ажж тілдерінің жіктелуі.
АЖЖ тілдері келесідей топтарға жіктеледі:
- бағдарламалау тілдері;
- басқару тілдері;
- жобалау тілдері;
- енгізу тілдері;
- ішкі тілдер;
- шығару тілдері.
Бағдарламалау тілдері АЖЖ жетілдіруде бағдарламалық қамту ұшін қажет. Іс жүзінде бағдарламалау тілдерін АЖЖ-лерін бағдарламалық қамтуға жатқызады. Pascal, Fortran, Basic (әртүрлі нұсқадағы) бағдарламаларды кеңінен таралған бағдарламалау тілдеріне жатқызады. Қазіргі уақытта осы жоғарыда айтылған бағдарламалар негізінде жетілдіріліп кеңінен қолданылатын бағдарламалр қатарына Delphi, Visual Fortran, Visual Basic, Visual бағдарламаларын жатқызуға болады.
Басқару тілдері ЭЕМ, перифериялық құрылғыларды (баспа) басқаруға арналған. Windows операциялық жүйесі, принтерлердің драйверлері және т.б. осыларға жатады.
Жобалау тілдері жобалау мен АЖЖ-лерін соның ішінде технологиялық процестердің АЖЖ-лерінде қолдануға арналған. Бұл тілдер келесі топтарға бөлінеді:
- енетін;
- ішкі;
- шығатын.
Енетін тілдер АЖЖ-сі мен соңғы қолданушы арасындағы байланыстыру құрылғысы болып табылады, мысалы, бастапқы берілгендерді енгізу мен дайындауда немесе мәселелерді қалыптастыруда.
Ішкі тілдер әдетте қатардағы қолданушылардан жасырын болып, АЖЖ-лерінің қосымша жүйелері мен ЭЕМ-лары арасында берілетін ақпаратты көрсету үшін қолданылады.
Шығатын тілдер жобалау нәтижелерін мәтін немесе графика бейнесінде безендіруді қамтамасыз етеді.
Тілдердің бұлай жіктелуін классикалық жіктелу деп атайды. Әртүрлі ТП АЖЖ-лерінде олар өрістету (жаю) мен әртүрлі түрде қолдануларда қолданылады. ТП АЖЖ-сінің біреуінде іске асырушы, мысалы, технологиялық процестерді синтездеу принципі мен ТП нұсқасын автоматты жобалауға арналған бөлшек жайындағы ақпарат екеуі бір уақытта шығарылса, осындай басқа жүйеде ТП-ті диалогтық жобалау қолданылады, және онда бөлшек жайындағы ақпарат технологиялық процесті жобалау барысында біртіндеп шығады.
Технологиялық процестерді автоматты жобалаудың негізгі тәсілдері
Технологиялық процестерді жобалауда ЭЕМ-ларымен оңай іске асатын ресіми есептік сипаттағы тапсырмалар шеңбері өте тар. Олардың ішінен келесілерін айтуға болады:
- әдіптер мен аралық өту өлшемдерінің есептеулері;
- кесу режимінің есептеулері;
- технологиялық процестерді нормалау.
Есептелмейтін сипаттағы (дайындаманы таңдау, бөлшекті өңдеудің маршрутын жетілдіру, станоктар мен аспаптарды таңдау және т.б.) тапсырмаларды шешу барысындағы технологиялық жобалау процесінің әлсіз қалыптасуына байланысты шешімді типтік белгілі есептер нәтижесінде қабылдайды. Яғни, типтік шешім дегеніміз – ЭЕМ-лары көмегімен технологиялық процестерді жобалауда қалыптан тыс сипаттағы есептерді шешуге арналған қалыпты негіз болып табылады.
Бұл жағдайда шешім қабылдау процесі келесідей болады: қажет болған жағдайда олардың кез-келгені қолданылуы мүмкін типтік шешімдер мен шарттар қандайда бір жағдаймен сипатталады. Бұл берілгендер алдын-ала берілгендер базасы түрінде жазылып ЭЕМ-сына енгізіледі. ЭЕМ-сында технологиялық процесті жетілдіруде бөлшек бойынша кейбір берілгендер ЭЕМ-сына енгізіледі. Бұдан кейін, бастапқы берілгендердің типтік шешімдерге қолданылу мүмкіндіктері тексеріледі. Шарттар кешенінің барлық шарттары қанағаттандырылған жағдайда, сәйкес шешім қабылданады.
ЭЕМ-лары қолданылған жағдайда типтік шешім технологиялық жобалаудың негізі болып табылады. Тапсырмалардың шешілу деңгейіне сәйкес типтік шешімдер келесідей түрлерге жіктеледі:
Локальды типтік шешімдер (ЛТШ) жобаланатын технологиялық процестің ішінара кейбір бөқліктерін ғана анықтайтын жеке технологиялық есептерге жатады. Мысалы, тіс шевингілеу (зубошевингования) операциясын орындауда станоктың арнауы. Бұл жағдайда типтік шешім (станок моделі) локальды типтік шешім болып табылады.
Толық типтік шешімдер (ТТШ) шешілетін тапсырма шеңберін толықтай (толық, логикалық аяқталған) қамтиды. Типтік технологиялық процесс толық типтік шешімге мысал бола алады. Әр типтік шешім дегеніміз белгілі бір түрлі бөлшекті дайындаудың технологиялық процесі болып табылатын типтік технологиялық процестің көптігі мұндай топтың типтік шешімдерінің де көптігі болып табылады.
АЖЖ-де ТП-ді жобалаудың кезеңдері.
Күрделі техникалық нысаналарды жобалауды келесідей кезеңдерге бөледі: жобаланатын нысанаға техникалық тапсырма, эскиздік жоба, техникалық жоба, жұмыс жобасы, жобаланған нысананы дайындау технологиясы.
Жобалаудың техникалық тапсырма кезеңіндегі ақпаратты өңдеудің негізгі операциялары: қажет ғылыми-техникалық ақпараттарды (прототип, патенттік ақпараттар және т.б.) берілгендер базасынан (ақпараттар ды сақтау қорларынан) іздеу және таңдау; ереже тәртіптеріне сай өңдеп, рәсімдеу. Яғни жобалаудың осы кезеңінде ақпаратты іздеуді және құжаттарды рәсімдеуді автоматтандыруға болады. Және де жобалаушының таңдап алған ақпараттарын сараптау барысында, ішінара қосымша қызметтерін де автоматтандыруға болады, мысалы берілген белгілері бойынша бір-бірімен неғұрлым сәйкес нұсқаларды топтау және т.б.
Эскиздік жобалау кезеңінде неғұрлым жақын ақпараттарды іздеп іздеу мен таңдауды жүргізіп, оны сараптау негізінде алдын-ала жобалық шешімдерді қабылдайды және бастапқы жобалау құжатттарын рәсімдейді. Жобалау шешімдерін өңдеу үшін мазмұны, көлемі және еңбек сиымдылығы жобаланатын нысананың сипаттамасынан тәуелді болып келетін әртүрлі есептеулерді орындайды. Осы кезеңде жұмыстардың көпшілігін автоматтандыруға келеді және оларды автоматтандыру, жобалау шешімдерін оптимизациялау нәтижесінде жобаның технико-экономикалық тиімділігін арттырады.
Нысананың техникалық жобасын жетілдіру кезеңінде эскиздік жобалау барысында қабылданған шешімдерді нақтылап, тексереді және жаңа, неғұрлым толық жобалау құжатын қабылдайды.
АЖЖ-нің бағдарламалық қамту.
АЖЖ-нің бағдарламалық қамту дегініміз – машиналық бағдарламалар мен автоматты жобалауды орындауға қажет, қолданылатын құжаттардың жиынтығы болып табылады.
Бағдарламалық қамту жалпы және қолданбалы (арнайы) болып бөлінеді. өз кезегінде бағдарламалық қамтуды жалпы жүйелік бағдарламалық қамту және бағдарламалау тілдері деп жіктеуге болады.
Жалпы жүйелік бағдарламалық қамту техникалық құрал-жабдықтың жұмыс істеун ұйымдастыру үшін қызмет етеді. Оның негізіне операциялық жүйе жатады.
Операциялық жүйе дегеніміз – компютерді іске қосқанда жүктелетін (загружается) бағдарламалар (стандартты бағдарламалар) кеешені болып табылады. Олар қолданушы мен диалогты жүргізіп компьютерді оның қорларын (оперативтік жады (память), дисктегі бос орын) басқарады, қажет жағдайда қолданбалы бағдарламаларды іске қосады.
АЖЖ-нің базалық (негізгі) берілгендері.
Жобалау құжаттарын (технологиялық карта) дайындауда алдын-ала кәсіпорында бар дайындамалар, станоктар, приспособлениялар, аспаптар және т.б. жайындағы мәліметтерден тұратын берілгендердің технологиялық базасы толтырылады. Берілгендер базасы құрылымдық сипатта яғни, тарауларға, бөлімдерге, беттерге, жеке фразаларға бөлінген болады.
Қолданушыға құрамында дайындама, операциялар, станоктар, приспособлениялар, аспаптардың өтуі және т.б. бар әртүрлі деңгейдегі жобалауға арналған меню ұсынылады. Қолданушы таңдап алған графадағы ақпарат берілгендер базасынан автоматты түрде технологиялық карта шаблонындағы жолдар мен графаларға енгізіледі. Бұдан кейін алынған ақпарат ақпараттарды редакциялау режимінде қажеттілікке сай редакцияланып, МЕСТ-ке сәйкес формаға басып шығарылады.
АЖЖ-сін лингвистикалық қамту.
Лингвистикалық қамту дегеніміз – АЖЖ-сін жетілдіру және қолдану процесі барысында қолданылатын, тілдер жиынтығы.
Тілдер деп – ақпарат алмасу мен ұсынудың кез-келген қарым-қатынас құралын, кез-келген символдар және белгілер жүйесін айтады.
Лингвистиклық қамтуды келесідей тілдер құрайды:
- бағдарламалау;
- басқару;
- жобалау.