Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SAPR_kaz.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
376 Кб
Скачать
☆

«Машина жасаудағы автоматтандырылған жобалау жүйелерінің негіздері» ажж (автоматтандырылған жобалау жүйелері) икемді автоматты кешенді өндірісті ұйымдастыру үшін. (

Икемді автоматтандырылған өндіріс (ИАӨ) адамның қатысуынсыз орындалатын технология негізінде жұмыс жасайды. Қойма және тасымалдау жүйелерінің, жинақтау участоктарының және тағы басқаларының технологиялық жабдықтары сияқты ИАӨ-тің барлық өндірістік компоненттері жұмыстарының өндіріс нысанасы (объект) өзгерген жағдайда технологияны жылдам да қайта құруды, бағдарламасын өзгертуді қамтамасыз ететін көп деңгейлі басқару жүйесі біртұтас ретінде қарастырылады. ИАӨ, кәсіпорынды тұтастай немесе жеке участоктары мен желілерін қамти отырып, бұйымды аз сериялы (мелкосерийный) және даналап (единичный) бір, екі не үш ауысымда (смена) өндірістік процеске адамның қатысуынсыз өндіруге арналған.

Жалпы жағдайда ИАӨ технологиялық - станоктарды, технологиялық жабдықтарды, өндірістік роботтарды, бақылау-өлшеу құрылғылары мен стендтерді қосып-сөндіретін; тасымалдау – дайындамаларды, бөлшектерді және дайын бұйымдарды, қалдықтарды тасымалдайтын модулдерден тұратын; қоймалық – дайындамаларды, аспаптарды және дайын бұйымдарды қабылдап алуды, сақтауды, беруді және есепке алуды қамтамасыз ететін; басқару – ЭЕМ-ның (электронды есептеу машиналарының) есептеу техникаларынан құралып, арнайы құрылғылар, ЭЕМ көмегімен іске асырылатын және жеке жабдықтармен қатар жалпы жүйені басқаратынбағдарламалар (программа) жиынтығы көмегімен біртұтас кешенге біріккен қосымша жүйелері енетін басқару және орындау жүйелерінен (икемді өндірістік жүйе – ИӨЖ) тұрады.

Икемді өндірістік кешен (ИӨК) деп – белгілі бір уақыт аралығында жеке жұмыс істей алатын және жүйеге автоматтандырудың неғұрлым дамып-жетілдірілген деңгейін енгізуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған тасымалдау-қойма жүйелерімен біріккен бірнеше икемді өндірістік модульдерден тұратын ИӨЖ атаймыз.

Ажж ақпараттық қорының құрамы

Автоматтандырылған жобалауда қолданбалы бағларламалар мен АЖЖ-нің қосымша жүйелерінің және қолданушылар қаженттіліктерін қанағаттандыру үшін берілгендер қорына (ақпараттық) қажеттілік туындайды.

АЖЖ-нің ақпараттық қоры дегеніміз – АЖЖ-нің қызмет етуі үшін барлық қажеттіліктер жиынтығы болып табылады.

Ақпараттық қор құрамына келесілер енеді:

- нормативтік-анықтамалық ақпарат (дайындамалар, өңдеудің типтік маршруттары, станоктар, инструменттер және т.б. жайындағы мағлұматтар);

- АЖЖ-сіндегі қосымша жүйелердің біреуінің жұмыс істеуінің нәтижесі болып табылып сонан соң, басқа қосымша жүйеге енгізілу үшін уақытша жазылған берілгендер;

- жеке қосымша жүйелердің, сандық бағдарламалармен басқарылатын станоктар үшін басқару бағдарламаларын жетілдіруге арналған, қосымша жүйелер мен аспаптар сызулары;

- ақпараттарды енгізуге және құжаттарды рәсімдеуге арналған шаблондар, мысалы, технологиялық карта және т.б.

Ақпараттық қордыұйымдастырудың үш жолы бар:

- берілгендерді бағдарламада орналастыру арқылы ақпараттық қорды ұйымдастыру;

- берілгендерді файлға жазу арқылы ақпараттық қорды ұйымдастыру;

- берілгендер базасын қолдану арқылы ақпараттық қорды ұйымдастыру.

Бірінші жолы егерде берілгендерді модификацияласақ (мысалы, станок қолданылмайды, оны демонтаждау қажет және ол жайындағы берілгендерді өшіріп тастау қажет), онда бұл жолдың келесідей кемшіліктері байқалады: берілгендерді реорганизациялау мен толықтыру (обновление) үшін бағдарламаны модификациялауға тура келеді.

Екінші жолы. Берілгендерді файлға жазу арқылы ақпараттық қорды ұйымдастыруда ақпарат қолданбалы бағдарламадан жеке винчестерге жазылады. Бұл жағдай қолданбалы бағдарламаның берілгендерден тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, яғни берілгендерді толықтырған жағдайда бағдарламаның өзгеріске ұшырауына жол бермейді. Егерде берілгендер нақты бір белгілі бағдарламаға қолданылса бұл жолды қолдануға болады, ал егерде олай болмаса бұндай жолдың кемшілігі келесідей. Бір берілген әртүрлі бағдарламалармен қолданылып, олар әртүрлі құрылмдарға ие болады. Бұл жағдай ЭЕМ-ның дискісінде артық орын алуға әкеліп соқтырады.

Берілгендерді файлға жазу арқылы ақпараттық қорды ұйымдастырудың келесіде түрлері мен ұйымдастыру және берілгендерді іздеу жолдары бар:

  1. шешімнің бір жақты таблицалары (матрица);

  2. шешімнің екі жақты таблицалары (матрица);

  3. шешімнің алгоритмдік шешімдері;

  4. сәйкестіктің логикалық таблицалары (матрицалары).

Үшінші жолы. ЭЕМ-ның берілгендер базасын (ББ) қолдану арқылы ақпараттық қорды ұйымдастыру қазіргі заманғы көптеген ТП АЖЖ-інде қолданылады.

Брелгендер базасы – сақтауда аз орын ала отырып, көптеген қолданбалы бағдарламалармен қолданылатын берлігендер жиынтығы. Технологиялық процестерді жобалау бойынша жүмыстың көп бөлігі берілгендермен атқарыла отырып өте көп ақпараттың қайта өңделетіндіктен бірқатар ТП АЖЖ-лері берілгендер базасын басқару жүйесі (БББЖ) негізінде құрылған. Берілгендер базасын басқару жүйесі (БББЖ) – дегеніміз берілгендер құрылымын құруды, енгізуді, модификациялауды, өшіруді және берілгендерді іздеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]