
- •Мазмұны
- •«Машина жасаудағы автоматтандырылған жобалау жүйелерінің негіздері» ажж (автоматтандырылған жобалау жүйелері) икемді автоматты кешенді өндірісті ұйымдастыру үшін. (
- •Ажж ақпараттық қорының құрамы
- •Ажж тілдерінің жіктелуі.
- •Технологиялық процестерді автоматты жобалаудың негізгі тәсілдері
- •1 АutoCad пакетімен бастапқы жұмыс
- •1.1 AutoCad пакетімен танысу
- •1.2 AutoCad жұмысының басы
- •1.4 Сызуды бастаймыз
- •1.5 Нүктенің координатасын көрсету әдістері
- •1.6 Сызбаны қарау
- •1.7 Жұмыстың аяқталуы
- •1.8 Сабақтың қорытындысы
- •2 Сызбаны құру және редакциялау
- •2 .1 Фасканы салу
- •2.2 Доғаларды сызу
- •2.3 Примитивпен жұмыс. Айналық шағылысу
- •2.4 Шеңберлер салу
- •2.5 Сызбаны қарапайым редакциялау
- •2.6 Автоматты түрде фаскаларды және жанасу салу
- •2.7 Примитивтерді масштабтау
- •2.8 Примитив құрамын редакциялау
- •2.9 Сызба түралы информациясын алу
- •3 Сызбаны редакциялау
- •3.1 Штрихтау
- •3.2 Примитив геометриясын өзгерту
- •3.3 Толқындық сызықтарды көрсету
- •3 .4 Объекттердiң автоматты көшiрмесiн алуы
- •3.6 Өлшемдерді орналастыру
- •3.7 Басқа бағдарламалармен сызбалар ауысу
- •Әдебиеттер
Мазмұны
|
Кіріспе............................................................................................. |
3 |
1 |
АutoCAD пакетімен бастапқы жұмыс.......................................... |
5 |
1.1 |
AutoCAD пакетін танысу.............................................................. |
5 |
1.2 |
AutoCAD жұмысының басы......................................................... |
6 |
1.3 |
AutoCAD–пен басқару.................................................................. |
7 |
1.4 |
Сызуды бастаймыз........................................................................ |
8 |
1.5 |
Нүктенің координатын көрсету әдістері .................................... |
10 |
1.6 |
Сызба қарау.................................................................................... |
11 |
1.7 |
Жұмыстың аяқталуы..................................................................... |
11 |
1.8 |
Сабақтың қорытындысы............................................................... |
12 |
2 |
Сызбаны құру және редактілеу.................................................... |
12 |
2.1 |
Фасканы суреттеу.......................................................................... |
12 |
2.2 |
Доғаларды сызу............................................................................. |
13 |
2.3 |
Примитивпен жұмыс. Айналық шағылысу................................. |
14 |
2.4 |
Шеңберлер салу............................................................................. |
15 |
2.5 |
Сызбаны қарапайым редақциялау............................................... |
16 |
2.6 |
Автоматты түрде фаскалардың құрылуы .................................. |
17 |
2.7 |
Примитивтерді масштабтау......................................................... |
18 |
2.8 |
Примитив құрамын редакциялау................................................. |
18 |
2.9 |
Сызба информациясын алу......................................................... |
18 |
3 |
Сызбаны редакциялау................................................................... |
18 |
3.1 |
Штрихтау........................................................................................ |
18 |
3.2 |
Примитив геометриясын өзгерту................................................. |
20 |
3.3 |
Толқындық сызықтарды көрсету................................................. |
22 |
3.4 |
Объекттердiң автоматты көшiрмесiн алуы ................................ |
23 |
3.5 |
AutoCADтағы мәтін .................................................................... |
24 |
3.6 |
Өлшемдерді орналастыру............................................................ |
25 |
3.7 |
Басқа бағдарламалармен сызбалар ауысу.................................. |
27 |
|
Әдебиеттер...................................................................................... |
28 |
Кіріспе
Нарықтық экономика және белсенді бәсекелестік жағдайында өндірістік мекемелер үшін: өндірілетін өнімді заман талабына сай жаңашалардыру, қолданыстағы өнімдерді барлық тұтынушылар сұранысына сай қайта жарақтау сияқты мәселелер алдыңғы шепте тұр. Әлбетте, жаңа бұйымдар алдыңғы бұйымдарға қарағанда күрделі және дәлдік дәрежесі жоғары болып келеді. Сондықтан, оларды дайындауға және оларды құрастыруға көп шығын жұмсалады.
Кәсіпорындарға жаңа бұйымды құрастыру және оны өндіріске қоюды автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ) арқылы жүзеге асыруға болады. Олар: авиажасау, автомобильжасау, ауыр машинажасау, электротехника және электроника, сәулет, мұнайгаз өндірісі сияқты әртүрлі халық шаруашылығында қолданылады.
Заманауи АЖЖ конструкторлық-технологиялық дайындық пен физикалық бірыңғай ақпараттық платформа (беріліс базасы) шеңберінде өндірісті басқаруды біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл, жобалау барысында бірнеше мамандықтарды біріктіруге, инженерлік және өндірістік компаниялардың тауар нарығында жедел қимыл-әрекет етуіне, жаңа тауар өндіруге шығындалатын уақыт пен материалдық шығындарды едәуір төмендетуге септігін тигізеді.
Машина жасау саласында АЖЖ тауардың жаңа түрін жобалаудан бастап, конструкторлық және технологиялық құжаттар дайындауға дейінгі барлық стадияларда қолданылады. Сандық бағдарламалық орнақтарды басқару бағдарламаларын, сонымен қатар жабдықты жүктеді жедел жоспарлауды қамтамасыз етуге болады. Автоматтандырылған жобалау жүйесі бұйымның және оның жеке бөлшектерінің безендірілген үшкеңістікті бейнесімен жұмыс істеуге мүмкіндік беріп: жобаланып отырған құрылмды инженерлік талдау жасауға, өндірісті технологиялық дайындауға болатын кешенді жүйе болып табылады. АЖЖ арқылы конструкторлық-технологиялық құжаттардың әртүрлі өндірістік құрылымдар мен жеке қызметкерлер арасындағы қозғалысты реттеуге де болады.
Машина жасаудағы АЖЖ кең таралуына мына факторлар итермелейді:
- өнеркәсіп орындарының жаңа бұйымдарды жобалау және дайындауға байланысты мейлінше сапалы және арзан шешімдерді қабылдау;
- жаңа өндірісті енгізу жұмыстарын орындау уақытын үнемдеу қажеттігі;
- жобалау құжаттарынна қойылатын талаптардың жоғарылауы;
- өнеркәсіп пен мекемелердің жұмыстарын толық автоматтандыру кезіндегі жүйелердің қажеттігін қамтамасыз ету.
Өнеркәсіптің өндіруге дайындалған өніміні неғұрлым технологиялы және күрделі болған сайын АЖЖ кешенді енгізуге де қажетті шығын ұлғая түседі. Конструкторлық, есептік және технологиялық құрылымдардың заманауи автоматтандыру жүйелерімен төмен дәрежеде жарақтандырылуы өндірісті жобалау немесе дайындау стадияларындағы шығындарды ұлғайтып жаңа шешімдерді толық қабылдауға мүмкіндік бермейді.
AutoCAD бағдарламасы жобалау және сызудың автоматтандырылған жүйесі болып табылады. Аталмыш жүйенің заманауи әдіснамалары жазықтықта (2d графика, жазықтықты сызба) екіөлшемді объектілермен ғана емес, жазықтықтағы үшөлшемді модельдермен (3d графика, 3d модельдеу) жұмыс істеуге мүмкіндік береді. AutoCAD 1982 жылы Американдық Autodesk фирмасымен құрастырылып, фирманың бастапқы дамуына түрткі болған. Қазіргі күні AutoCAD жүйесі – әлемде ең кең тараған АЖЖ болып табылады. Ол бұл жетістікке сызбалаудың ең тиімді және жеңіл құралдарының арқасында қол жеткізіп отыр.
Сызу және тетіктерді бөлщектеу аясында AutoCAD мүмкіншілігі: жобалау идеяларын тиімді қолдану; жұмыс үрдісін оңтайландыру; бірлесіп атқаратын жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. AutoCAD – бұл жобалаушының еңбек өнімділігін едәуір арттыруға ықпал ететін және салалық стандарттарға сай құжаттар дайындауға мүмкіндік беретін кәсіби шешім.