Негізгі түсініктер
1. Мұнай – газ өндірісінің ерекшелігі оның тек дайын өнім – мұнай мен газ беретінін білдіреді. Мұнда аяқталмаған өндіріс пен жартылай фабрикаттар болмайды. Мұнай мен газ өндірісінің технологиялық процесі оқшауланған сатыларға (фазаларға) бөлінбейді.
2. Мұнай-газ өндіру кәсіпорынының өндірістік қуаты, сондай – ақ, ұңғылардың өнімділігімен және олардың дебитімен анықталады.
3. Ұңғылардың пайдалану қоры ұңғылар қорының мұнай мен газ өндірісі бойынша тапсырманы қамтамасыз ететін негізгі жұмыс бөлігін білдіреді.
4. Сатып алушылармен төленген өнім өткізілген өнім болып есептеледі.
5. Өнім көлемінің натуралды көрсеткіштері: мұнай өндірісі, тонна; газ өндірісі, мың куб. м.; мұнай мен газдың жалпы өндірісі, тонна; мұнай мен газдың тауарлық өндірісі, тонна.
6. Өнім көлемінің ақшалай көрсеткіштері: тауарлық өнім, соның ішінде мұнай мен газ өндірісі; жалпы өнім, соның ішінде мұнай мен газ өндірісі.
7. Бір ұңғы–ай – бұл бір ұңғының бір шартты ай – 30 күн немесе 720 сағаттағы жұмыс уақыты.
Талқылауға арналған сұрақтар
Мұнай-газ өндіру кәсіпорынының өндірістік қуаты дегеніміз не?
Көмекші цехтардың өндірістік қызметтеріне не жатады?
Өнім көлемінің натуралды көрсеткіштері қалай есептеледі?
Ұңғылардың пайдалану қоры қалай есептеледі?
Ұңғылар қорын пайдалану көрсеткіштерін атаңыз.
Өткізілетін өнімнің жылдық көлемі қалай есептеледі?
№5 - ші тақырыпқа практикум
1. Берілген өндіріс жоспары бойынша біркелкі өнім өндірісі қандай принципті қамтамасыз етеді:
1. үздіксіздік;
2. ырғақтылық;
3. сериялық;
4. жаппай;
5. параллель.
2. Қоймадағы дайын өнім және айналым сферасындағы қаражаттар неге жатқызылады:
1. мөлшерленбейтін айналым құралдарына;
2. балансқа;
3. пайдаға;
4. айналым қорларына;
5. негізгі қорларға.
3. Жоспарланушы кезеңде тұтынушымен қабылданған және ақысы төленген ақшалай бейнедегі өнім көлемі – бұл:
1. жалпы өнім;
2. өткізілетін өнім;
3. таза өнім;
4. сатылған өнім;
5. жоспарлық өнім.
4. Өнімді өткізу көлеміне жатқызылмайды:
1. қосалқы шаруашылықтың өнімін өткізу;
2. қызметтер;
3. ұңғылар;
4. өндірістік сипаттағы қызметтер.
