Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция 7 Өнімді өндіру мен өткізуді жоспарлау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
96.77 Кб
Скачать

Өнімді өндіру мен өткізуді жоспарлау

1. Мұнай мен газ өндіруді жоспарлау

Мұнай-газ өндіру кәсіпорынының өнімді өндіру және өткізу жоспары ең алдымен өнім көлемінің көрсеткіштерінен тұрады.

Мұнай – газ өндірісінің ерекшелігі оның тек дайын өнім – мұнай мен газ беретінін білдіреді. Мұнда аяқталмаған өндіріс пен жартылай фабрикаттар болмайды. Мұнай мен газ өндірісінің технологиялық процесі оқшауланған сатыларға (фазаларға) бөлінбейді.

Мұнай-газ өндіру кәсіпорынының негізгі өндірістік қорларының басым бөлігін құрайтын ұңғылар өндірістік қуаттар болып есептеледі.

Мұнай-газ өндіру кәсіпорынының өндірістік бағдарламасы өнім көлемі көрсеткіштерімен қатар, қолданыстағы ұңғылар санын және олардың уақыт ағымында пайдаланылуын сипаттайтын ұңғы – ай түріндегі жұмыс көлемі көрсеткіштерінен де тұрады. Мұнай-газ өндіру кәсіпорынының қарамағындағы ұңғылар қорын саны бойынша да, уақыты мен өнімділігі бойынша да аса толық және дұрыс пайдалану – мұнай мен газ өндірісі бойынша тапсырманы орындауға бағытталуы қажет негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан мұнай-газ өндіру кәсіпорынының өндірістік бағдарламасына ұңғылар қорын пайдалану коэффициенттері түріндегі ұңғылар қорын пайдалану көрсеткіштері жатады.

Мұнай-газ өндіру кәсіпорынының өндірістік қуаты, сондай – ақ, ұңғылардың өнімділігімен және олардың дебитімен анықталады. Ұңғылар дебиті өте кең шамада өзгеріп отырады: тәулігіне бірнеше ондаған килограмнан бірнеше жүздеген тоннаға дейін ауытқиды. Сондықтан да, ұңғылардың орташат дебитін, яғни олардың өнімділігін жоғары дебитті аудандарды бастапқы өңдеу және әрекет етуші ұңғылар дебитін бір қалыпты ұстау және арттыру жолымен әрекет етуші қорды арттыру есебінен арттырып отырады.

Мұнай-газ өндіру кәсіпорынының өндірістік бағдарламасы жоғарыда атап өтілген көрсеткіштермен қатар, ұңғылардың өнімділік көрсеткіштерінен де тұрады.

2. Өнім көлемінің көрсеткіштері және оларды жоспарлау

Мұнай-газ өндіру кәсіпорынының өнім көлемі көрсеткіштері екі топқа бөлінеді:

    1. өнімді таратып бөлу бойынша – таратылушы өнім көлемі;

    2. өнімді өндіру бойынша - өндірілуші өнім көлемі.

Өнімді өндіру және тарату жоспарының, сонымен бірге жалпы кәсіпорынның барлық жоспарының басты көрсеткіштерінің бірі таратылушы өнім көрсеткіші болып табылады. Ол кәсіпорын жұмысының нәтижелерін ақшалай түрде аса толық сипаттайды. Тұтынушымен ақысы төленген өнім таратылған болып есептеледі.

Өндірілуші өнім көлемі

1. өнім көлемінің натуралды көрсеткіштері:

а) мұнай өндірісі, тонна;

б) газ өндірісі, мың куб. м.;

в) мұнай мен газдың жалпы өндірісі, тонна;

г) мұнай мен газдың тауарлық өндірісі, тонна.

2. өнім көлемінің ақшалай көрсеткіштері:

а) тауарлық өнім, соның ішінде мұнай мен газ өндірісі;

б) жалпы өнім, соның ішінде мұнай мен газ өндірісі.

Аталған көрсеткіштердің әрқайсысын қарастырайық.

Өнім көлемінің натуралды көрсеткіштері:

  1. тоннамен жоспарланатын және есептелетін мұнай өндірісі Qн, берілген уақыт кезеңінде ұңғыдан өндірілген барлық мұнайды білдіреді;

  2. м³-пен жоспарланатын және есептелетін газ өндірісі Qr, мұнай-газ және таза газ ұңғыларынан өндірілген газдың берілген уақыт кезеңінде қолданылуы тиіс бөлігін білдіреді;

  3. тоннамен жоспарланатын және есептелетін жалпы мұнай өндірісі Qв, берілген уақыт кезеңіндегі барлық мұнай өндірісі мен қолданылған газды білдіреді. Газ өндірісінің өлшем бірлігін мұнаймен бір эквивалентке келтіру үшін газ өндірісінің көлем санын шартты газдың салмақ санына қайта есептейді.

Бұл жерде өлшем бірлігі ретінде (1 т) қызу шығару қабілеті 10000 кал/кг және 1 т мұнайға эквивалент шартты газ алынады. Қайта есептеуді газ сапасына байланысты әр кез қайта есептеліп отыратын ауыстыру коэффициентінің k көмегімен жүргізеді.

Осылайша, газдың тоннамен эквивалент саны мынаған тең:

Qr = r / k ,

мұнда, r – жоспарланатын және есептелетін газ саны;

K - ауыстыру коэффициенті.

Олай болса, мұнай мен газдың жалпы өндірісі жоғарыда берілген анықтамаға сәйкес мынаған тең:

Qв = Qн + Qr

  1. тоннамен жоспарланатын және есептелетін мұнай мен газдың тауарлық өндірісі Qт, мұнайдың жалпы өндірісінен аудандық инженерлік – техникалық қызметтердің және мұнай-газ өндіру кәсіпорынының басқа да өнеркәсіптік цехтарының жеке өндірістік мұқтаждықтарына жұмсалған өнім шығынын шегеріп тастағанды білдіреді, яғни мұнай мен газдың тауарлық емес шығыны Qр.нт.

Осылайша, тұтынушылар тарапына тапсырылған мұнай мен газ мұнай мен газдың тауарлық өндірісі болып саналады, атап айтсақ:

а) өндірістік – тауар кеңселеріне немесе тікелей мұнай өңдеу зауыттарына – бұл тауарлық мұнайды тапсыру Qс;

б) басқа кәсіпорындарға, мысалы, бұрғылау жұмыстары басқармасына, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына және басқа да тұтынушыларға – бұл мұнай мен газдың тауарлық шығыны Qр.т.

Сонымен қатар, мұнай – газ өндіру кәсіпорынының тапсыру ыдыстарындағы жыл басындағы қалдықтармен Qо.н салыстырғандағы жыл соңындағы Qо.к мұнай қалдығының өзгерісі ескеріледі.

Осылайша, мұнай мен газдың тауарлық өндірісі мынаған тең:

Qт = Qв - Qр.нт + (Qо.н - Qо.к) ,

мұнда, Qт - мұнай мен газдың тауарлық өндірісі;

Qв - мұнай мен газдың жалпы өндірісі;

Qо.н – жыл басындағы мұнай қалдығы;

Qо.к - жыл соңындағы мұнай қалдығы.

немесе

Qт = Qс + Qр.т,

мұнда, Qс – тауарлық мұнай тапсырысы;

Qр.т – мұнай мен газдың тауарлық шығыны.

Өнім көлемінің ақшалай көрсеткіштері. Натуралды бейнедегі жалпы және тауарлық өнім мұнай – газ өндіру кәсіпорынының өнім көлемі туралы толық мағлұмат бермейді, өйткені, басқа кәсіпорындар үшін өндірістік қызметтер көрсетеді және жұмыстар орындайды.

Өндірістік қызметтер көмекші цехтардың дайын өнімін білдіреді. Оларға электр энергиясы, бу, су және таға да басқалар жатады. Өндірістік қызметтер тек қана өз кәсіпорынының негізгі және қосалқы цехтарына қызмет көрсетуге емес, сондай – ақ күрделі жөндеуді, меншікті күрделі құрылысты, өнеркәсіптік емес шаруашылықты (тұрғын үй коммуналдық кеңсесін, автокөлік кеңсесін және т.б.) қамтамасыз етуге негізделеді. Көмекші цехтардың артық қуаты орын алса олардың өнімі шеттен келетін тұтынушыларға (қалаға, көлікке, көршілес кәсіпорындарға немесе ұйымдарға) жіберіледі.

Ақшалай бейнедегі тауарлық өнім мұнай мен газдың тауарлық өндірісінің ақшалай бейнедегі сомасы Qт.д. мен шетке орындалған өнеркәсіптік жұмыстар және көрсетілген қызметтер Су қосындысын білдіреді, яғни:

Т = Qт.д. + Су ,

мұнда, Т - ақшалай бейнедегі тауарлық өнім;

Qт.д. - мұнай мен газдың тауарлық өндірісінің ақшалай бейнедегі сомасы;

Су - шетке орындалған өнеркәсіптік жұмыстар және көрсетілген қызметтер құны.

Мұнай мен газдың тауарлық өндірісін кәсіпорында жоспарды немесе есепті құрған кезде орын алған көтерме бағамен бағалайды. Бұлайша өндіріс көлемі өндіріс шығындарымен және кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштерімен байланыстырылады.

Тауарлық өнімді бағалаудан ерекшелігі жалпы өнімді өзгеріссіз бағамен бейнелейді. Себебі, өнеркәсіптің жалпы өнімі өнеркәсіптік өнім өндірісіне жұмсалған қоғамдық шығындардың барлық көлемін көрсетеді. Ол халық шаруашылығы жоспарының кейбір көрсеткіштерін белгілеуге негіз болады және халық шаруашылығының басқа салалары өнімдерімен біріге отырып елдің ұлттық табысын анықтауға негіз болатын қоғамдық өнімді құрайды.

Осылайша, ақщалай бейнедегі жалпы өнім мұнай мен газдың жалпы өндірісінің ақшалай бейнедегі сомасы Qв.д. мен шетке орындалған жұмыстар мен қызметтер құнының Су қосындысын білдіреді, яғни:

В = Qв.д. + Су ,

мұнда, В – жалпы өнім;

Су - шетке орындалған жұмыстар мен қызметтер құны.

Осылайша, мұнай – газ өндіру кәсіпорынының жалпы өнімі негізгі, қосалқы және көмекші өндірістердің берілген уақыт кезеңінде өз материалдарынан және де тапсырыс берушілердің материалдарынан өндірген барлық өнімінің (бұйым, қызмет) құнын құрайды. Өндірістік аумақтық бірлестіктердің жалпы өнімін зауыттық әдіс бойынша жоспарлайды және есептейді. Ол аумақтық бірлестіктің барлық кәсіпорындарымен өндірілген жалпы өнімнің сомасын білдіреді.

Өткізілетін өнім көлемі

Өткізілетін өнім көлемі Трбұл сатып алушылармен төленген мұнайдың, газдың және қызметтердің құны. Тиелген және сатып алушыға тапсырылған өнімді сатқаннан кейін түсімнің түсуі өткізу кезеңі болып саналады.

Өткізілетін өнім көлемін жыл басында және аяғында ыдыстарда, кеніш коммуникацияларында және жер асты қоймаларында (газ) қалған тауарлық өнім қалдықтарын, төлеу мерзімі болмаған тиелген тауарлар мен тапсырылған жұмыстарды, сондай – ақ мерзімінде төленбеген тиелген тауарларды есепке ала отырып жоспарланады.

Мұнай мен газдың өткізілетін өнімінің жылдық көлемі төмендегі формула бойынша анықталады:

Тр = З1 + Т1 + Т2 + Т3 – З2 – Т4 ,

мұнда, З1 – жоспарланушы жылдың басындағы мұнай-газ өндіру басқармасындағы осы жылдың көтерме бағасымен есептелген мұнай запасы;

Т1 – сатып алушыларға тапсырылған, бірақ төлем мерзімі келмегендіктен төленбеген мұнайдың, газ бен қызметтің өткен жылдың көтерме бағасындавғы құны;

Т2 – сатып алушылармен белгіленген мерзімде төленбеген мұнайдың өткен жылдың көтерме бағасындағы құны;

Т3 – жоспар бойынша тауарлық өнімнің жоспарланушы жылдың көтерме бағасындағы көлемі;

З2 - өткізу түсімі келесі жылы түсетін жоспарланушы жылдың аяғындағы мұнай-газ өндіру басқармасындағы осы жылдың көтерме бағасымен есептелген жобаланушы мұнай запасы;

Т4 – жоспарланушы жылдың аяғында сатып алушыларға тапсырылған немесе көрсетілген, бірақ ақысы сол жылғы көтерме бағамен келесі жылы төленетін мұнайдың, газ бен қызметтің құны.

Өнімді өткізу көлеміне қосалқы ауыл шаруашылығының, совхоздардың, автокөлік шаруашылығының өнімін өткізу және өнеркәсіптік емес сипаттағы қызметтер енгізілмейді. Мұның бәрі басқа да өткізулер болып есептеледі. Көмекші цехтармен өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс және қызмет түрінде шығарылған өнім кеніш ішіндегі (цех ішіндегі) тұтынушы үшін қолданылады, жалпы және тауарлық өнімге енгізілмейтін ішкі айналым ретінде қарастырылады.