- •1.Клетка биохимиясы мен физиологиясы ілімінің негізгі принциптері мен мәселелері. Қысқа тархы және дамуы.Морфогенез бен физиологияның байланысы.
- •3.Клеткалық гомеостаз және қоршаған орта факторлары.
- •4.Клетка органоидтарының өзара әрекеттестігі.
- •10. Морфогенез бен физиологияның байланысын сипаттаңыз?
- •13. Клетка мембранасының цитофизиологиялық қызметі. Клеткалық мембрана мен биологиялық мембрана екеуи бир нарсе, шатаспандар.
- •14. Мукополисахаридтер, оның түрлері. Полисахарид екеуи бир нарсе.
- •15. Коагуляциялық некроз.
- •21.Клетка мембранасының эндо- және экзоцитозы.
- •22 Мембранадан трофикалық және катаболиттық заттардың өтуі. Мембраналық қайта құрылуы.
- •23 .. Клеткадағы инициация, пропангация және терминация процестері.
- •24. Полифенолдардың протекторлық әсері.
- •25. Клетка белоктары. Белоктардың қызметіне қарай топтарға бөлінуі. Белоктардың көп қасиеттері.
- •32) Клеткалық мембраналардың өткізгіштігі.Диффузия және осмостық процестер.
- •33) Клетка мембранасының тасымалдаушы, сезгіштік және рецепторлық қасиеттерінің айырмашылықтарын көрсетіңіз?
- •34) Клетка мембранасының модельдеріне мысал келтіріңіз?
- •35) Фосфолипидтердің реттеуші ролін түсіндіріңіз?
- •36) Тотығу стресі және оттегінің белсенді түрлеріне түсініктеме беріңіз?
- •40 Қандай тағам құрамында полифенолдар көп болады
- •41 Полефенолдардың организмге асері
- •42 Жасуша құрамындағы химиялық заттар қандай топтарға бөлінеді олардың негізгі қызыметтеріне атаныз.
- •43 Ион түрінде кездесетін кандай элементерді білесіңдер олардың жасушадағы мөлшері қандай қызыметер атаныз
- •47. Органикалық қосылыстардың адам организіміндегі үлесі қандай?
- •49.Көмірсулар. Олардың құрылысы. Атқаратын қызметі
- •54. Жеңілденген диффузия механизмін схема түрінде көрсетіңіз?
- •55. Жай және жеңілдетілген диффузияның айырмашылығы?
- •56. Активті транспортта заттардың тасымалдануы қалай жүреді?
- •57.Везикулярлы тасымалдау
- •58.Клеткада белоктың синтезделу процесін түсіндіріңіз?
- •60. Клеткада моторлы белоктардың атқаратын қызметтеріне түсініктеме беріңіз?
3.Клеткалық гомеостаз және қоршаған орта факторлары.
Гомеостаз (гр. 'homoios' - ұқсас, stasis - тепе-теңдік) - жүйенің қызмет ететін сыртқы ортасының өзгеруіне қатысты тұрақты қалыпта ұстау немесе реттеу үрдісі.Тепе-теңдігін бұзуға тырысатын ішкі және сыртқы факторларға қарсы күрес жолымен сақталатын, қандай да бір жүйенің қимылды тепе-теңдікті қалпы. Гомеостаз ұғымы алғашында физиологияда ішкі ағзаның, өзін-өзі реттеу механизмі арқылы қол жететін оның негізгі физиологиялық қызметтерінің түрақтылығын түсіндіру мақсатында қолданылды. Бұл ұғымды 1929 жылы америкалық физиолог У.Кеннон енгізді. Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы ) айтады. Клетканың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды. Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрақтылықтан гөрі салыстырмалы және динамикалық гомеостаз тән. Мұны гемокинез дейді. Қан - жан - жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақаттану салдарынан қанның 25-30% сыртқа ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, ал 50% ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір клеткалар, әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5-6 минуттан кейін бұзыла бастайды. Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сақтай отырып клеткалар мен тінаралық сұйықтықтың коллоидтық, осмостық тұрақтылығын сақтайды. Осмостық тұрақтылық бұзылса жасушалар ісіп не бүрісіп қалады. PH тұрақтылығын сақтауда буферлік рөл атқарады. Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді. Биология мен медицина ғылымдарының табыстары гомеостаз туралы көзқарасты одан әрі кеңейте түсті. Егер организмнің ішкі ортасының химиялық құрамы мен физикалық, химиялық қасиеттері өзгеретін болса, оларды тұрақтандыруға бағытталған көптеген физиологиялық жүйелер біртіндеп активтеніп, іске қосылады. Мысалы, клеткадан тыс ортада судың мөлшері азайса, қандағы вазопрессин гормонының концентрациясы көбейеді. Вазопрессин – бүйрек арқылы сыртқа шығарылатын суды қайтадан денеге сіңіреді. Сонымен, денеде жүріп жатқан кез келген физиологиялық процестер эндокриндік механизмдердің қатысуымен жүреді.
Гомеостаздың тұрақтылығы: -Макро және микро элементтердің қалыпты болуы
-Суда еріген О₂-нін қалыпты болуы, -70% Н₂О,-Қанның РН-ы 7.43болуы керек,-Токсиндердің қалыпты жағдайда болуы.Дені сау ересек адамның дене температурасы +36,5°С+36,9°С. Бір тәуліктің ішінде де дене температурасының сәл де болса ауытқуы байқалады. Мысалы, түнге қарағанда күндіз сәл жоғарылау болады. Бұл ағзадағы зат алмасудың өзгеруіне тікелей байланысты. Адам дене температурасының мұндай аз ғана ауытқуын сезе бермейді. Дене температурасының +43°С көтерілуі немесе +25°С төмендеуі қазаға ұшыратады. Ағзаның өз дене температурасын бірқалыпты сақтауға бағытталған физиологиялық үдерістерін жылуды реттеу дейді. Дене температурасының тұрақтылығы ағзада пайда болған жылумен, сыртқа бөлінетін жылудың мөлшеріне байланысты. Ағза жылуды тері арқылы шығарады. Адамның бір тәулікте бөлетін жалпы жылуы шамамен 13 500 Дж болса, оның 80%-ы тері арқылы сыртқа бөлінеді. Адам денеХимиялық жолмен жылудың реттелуі зат алмасу кезінде ағзада түзелетін жылу мен бұлшықеттердің жұмысына байланысты. Бұл тағамның құрамындағы ағзалық заттардың ыдырауынан бөлінетін энергия арқылы реттеледі.сінде жылу екі жолмен реттеледі. Біріншісі — химиялық жол, екіншісі - физикалық жол. Физикалық жолмен реттелуі ағзада пайда болған энергияның сыртқы ортаға жылу түрінде бөлінуі арқылы жүзеге асады.
