- •1.Клетка биохимиясы мен физиологиясы ілімінің негізгі принциптері мен мәселелері. Қысқа тархы және дамуы.Морфогенез бен физиологияның байланысы.
- •3.Клеткалық гомеостаз және қоршаған орта факторлары.
- •4.Клетка органоидтарының өзара әрекеттестігі.
- •10. Морфогенез бен физиологияның байланысын сипаттаңыз?
- •13. Клетка мембранасының цитофизиологиялық қызметі. Клеткалық мембрана мен биологиялық мембрана екеуи бир нарсе, шатаспандар.
- •14. Мукополисахаридтер, оның түрлері. Полисахарид екеуи бир нарсе.
- •15. Коагуляциялық некроз.
- •21.Клетка мембранасының эндо- және экзоцитозы.
- •22 Мембранадан трофикалық және катаболиттық заттардың өтуі. Мембраналық қайта құрылуы.
- •23 .. Клеткадағы инициация, пропангация және терминация процестері.
- •24. Полифенолдардың протекторлық әсері.
- •25. Клетка белоктары. Белоктардың қызметіне қарай топтарға бөлінуі. Белоктардың көп қасиеттері.
- •32) Клеткалық мембраналардың өткізгіштігі.Диффузия және осмостық процестер.
- •33) Клетка мембранасының тасымалдаушы, сезгіштік және рецепторлық қасиеттерінің айырмашылықтарын көрсетіңіз?
- •34) Клетка мембранасының модельдеріне мысал келтіріңіз?
- •35) Фосфолипидтердің реттеуші ролін түсіндіріңіз?
- •36) Тотығу стресі және оттегінің белсенді түрлеріне түсініктеме беріңіз?
- •40 Қандай тағам құрамында полифенолдар көп болады
- •41 Полефенолдардың организмге асері
- •42 Жасуша құрамындағы химиялық заттар қандай топтарға бөлінеді олардың негізгі қызыметтеріне атаныз.
- •43 Ион түрінде кездесетін кандай элементерді білесіңдер олардың жасушадағы мөлшері қандай қызыметер атаныз
- •47. Органикалық қосылыстардың адам организіміндегі үлесі қандай?
- •49.Көмірсулар. Олардың құрылысы. Атқаратын қызметі
- •54. Жеңілденген диффузия механизмін схема түрінде көрсетіңіз?
- •55. Жай және жеңілдетілген диффузияның айырмашылығы?
- •56. Активті транспортта заттардың тасымалдануы қалай жүреді?
- •57.Везикулярлы тасымалдау
- •58.Клеткада белоктың синтезделу процесін түсіндіріңіз?
- •60. Клеткада моторлы белоктардың атқаратын қызметтеріне түсініктеме беріңіз?
54. Жеңілденген диффузия механизмін схема түрінде көрсетіңіз?
Концентрация градиенті бойынша арнайы мамнданған мембраналық транспорттық белоктар көмегімен молекуланың қозғалысы. Тасымалданатын заттардың траспорттық белоктармен химиялық реакцияға түсуімен түсіндіріледі. Мембраналық транспорттық белоктардың 2 типі: тасымалдаушы белоктар және канал түзуші . пинг-понг моделін қолданады.
Клетка ішіне өткізеді
Жеңілдетілген диффузия суда ерігіш заттарға тән: көмірсулар, амин қышқылдары, стероидты гормондардың, витаминдердің транспортын жүзеге асырады.
55. Жай және жеңілдетілген диффузияның айырмашылығы?
Жай диффузия-ешқандай мембрана белогының қатысуынсыз жүреді. Жылдамдығы диффузияның қарапайым заңдармен суреттеледі. Молекуланың қозғалу жылдамдығы концентрациялық градиентпен және молекулалық майда ерігіштігімен анықталыды. Заттардың билипидті қабатта пайда болуған үзілістерден түзіледі. Газдардың (О2, СО2, азот) тасымалдануы жүреді. Жай диффузия түрінде судың мембаран арқылы транспорты өте баяу. Судың тасымалдануын керек ететін ұлпалар үшін арнвһайы белоктар бар. Жеңілдетілген диффузия - концентрация градиенті бойынша арнайы мамнданған мембраналық транспорттық белоктар көмегімен молекуланың қозғалысы. Тасымалданатын заттардың траспорттық белоктармен химиялық реакцияға түсуімен түсіндіріледі. Мембраналық транспорттық белоктардың 2 типі: тасымалдаушы белоктар және канал түзуші . пинг-понг моделін қолданады. Жеңілдетілген диффузия суда ерігіш заттарға тән: көмірсулар, амин қышқылдары, стероидты гормондардың, витаминдердің транспортын жүзеге асырады.
56. Активті транспортта заттардың тасымалдануы қалай жүреді?
Клетка үнемі сыртқы ортамен байланыста болады. Ондағы зат алмасу мынадай тасымалдану формасы арқылы жүзеге асады: пассивті және активті транспорт. Активті трнспорт – заттардың тасымалдануы арнайы интегралды калий, натрий, кальций насостары арқылы жүреді. Энергияны қажет етеді. Макромолекулалардың тасымалдануы және олардың кешендері клетка ішіне басқа жолмен яғни визикулярлы тасымалдану арықлы іске асады. Визикулалардың 2 түрі бар: 1. Эндоцитоз. Сырттағы заттардың клетка ішіне тасымалдануы. Клеткаға қоршалған заттардың плазмолемма арқылы өту процесі. Полазмалема ұштарына иіліп, ойықтар жасайды. 1.а) фагоцитоз-қатты үлкен заттарды жұтып, фагосома түзеді. Ірі бөлшектердің бетінде клетканың рецепторы танитын молекулалы топтар болады, сырттан келген бөтен бөлшектердің барлығында бірдей мұндай топтар бола бермейді. Өсінділердің терең жапырақшалары жұтылған бөлшектің айналысына мембарана түзеді де, фагосома пайда болады. 1.б) пиноцитоз-сырттағы молекулалардың клеткаға енуі үшін гликокаликс рецепторымен байланысады. Сырттағы молекулалармен бірге плазмалемма цитоплазмадағы клатринмен қоса клетканың ішіне қарай қуыстана енеді.
57.Везикулярлы тасымалдау
Жасуша цитоплазмасының маңызды қызметтерінің бірі - заттар ағынын қамтамасыз ету болып табылады. Заттар ағыны дегеніміз: біріншіден -жасуша ішінде, кедір-бұдыр эндоплазмалық торда синтезделген ақуыздардың органеллалар арасьгнда әрлі-берлі тасымалдануы; екіншіден —кептеген жасушалар мен үлпаларда синтезделген пептидтік гормондардың, асқорыту ферменттерінің, антиденелердің, есу факторларының және басқа да секреторлық молекулалардың жасуша сыртына шығарылуы; үшіншіден-сыртқы ортадан жасушаға үнемі өртүрлі заттардың еткізілуі.Заттардың жасушаішілік-везикулалық тасымалдануының әмбебап және тиімді құралы болып тасымалдану (мембрана) көпіршіктері (липосомалар, мицеллийлар) арқылы секреторлық механизм негізінде тасымалдануы болып табылады.
Везикулалық тасымалдануда тасымалданатын ақуыздар мен липидтер кепіршік (липосома, мицелла) қабырғасын (мембранасын) құрастырады, ал оның қуысында басқа органеллаларға арналған не жасушасыртына шығарылатын «жүк» молекуласы болады.Жасушаішілік везикулалық тасымалдау эвдоплазмалық ретикулум (ЭПТ) мембранасынан басталады. Бұл жерде ақуыз молекуласының гликозилденуінің алғашқы кезеңдері етеді. Содан кейін ақуыз молекулалары тасымалдау көпіршіктеріне іріктелініп, Гольджи кешенінің цис-полюсіне өтеді. Гольджи цистерналарыңда ақуыздардың гликозилденуі әрі қарай жалғасады, ал Гольджидің транс-полюсі мен транс-торларыңда ақуыздың гликозилденуі толығымен аяқталады. Сонымен қатар олар фосфорланады жөне сульфатганады. Гольджи цистерналарынан ақуыздар жиекті көпіршіктер арқылы өтеді. Гольджидің транс-торларында толық модификацияланған ақуыздар нақтылы органеллаларға тасьшалдану үшін тасымал көпіршіктеріне іріктелінеді. Гольджи кеш^енін тастап шыққаннан кейін, ақуыздар алғашқы лизосомаларға, конститутивтік көпіршіктерге және секреторлық гранулаларға үлестіріледі.Заттардың цитоплазмалық мембрана (плазмолемма) арқылы сыртқа шығарылуын (экзоцитоз) не жасуша ішіне өткізілуін (эндоцитоз) трансмембраналық тасымалдану деп атайды. Ол өте күрделі құбылыс және әртүрлі жасушаларда түрліше жолдармен жүзеге асады, сол сияқты, әртүрлі заттарда түрліше әдістер арқылы өткізіледі.
Ұсақ молекулалы заттардың биомембрана арқылы өткізілуінің 3 жолы белгілі:
а) жай диффузия;
б) жеңілдетілген диффузня;
в) белсенді тасымалдану.
Жай диффузия — өздігінен, ешбір көмексіз, затгардың концентрация градиенті (жоғары концентрациядан төменгі концентрация) бағытында мембрана арқылы өтуі.Мұндай әдіс арқылы кіші молекулалы гидрофобтық органикалық крсылыстар (май қышқылдары, зәр қышқылдары) және ұсақ, бейтарап молекулалар (Н20, С02, 02) өтеді.Мембрана арқылы шектелген қуыстардың (органеллалар) концентрация айырмашылығы көбейген сайын диффузия жыддамдығы да пропорциональ өседі, ал олардың концентрациясы теңессе диффузия тоқталады.Жеңілдетілген диффузия бұл өдісте де заттар ездерінің концентрация градиенті бағытында мембрана арқылы етеді, яғни жоғары концентрациядан теменгі концентрация бағытында, бірақ бұл құбылыс ездігінен жүзеге аспайды, ал ерекше тасымалдау ақуызы-транслоказаның кемегімен жүреді.
Транслоказалар - ездері еткізетін заттарға азды-кепті сай болып келетін интегралдық ақуыздар. Мысалы, эритроцит мембранасындағы аниондық арналар (канаддар), қозғыш жасушалар плазмолеммасындағы К+ арналары (канадцары), саркоплазмалық ретикулум мембранасындағы Са+-арналары (каналдары).
Транслоказалар арқылы жай диффузия жолымен ете алмайтын заттар ғана еткізіледі, бірақ кейде, кейбір заттар, жай диффузия және жеңілдетілген диффузия арқылы да етеді, мысалы судың (Н20) бүйрек араншықтары және секреторлық эпителий жасушалар мембранасы арқылы етуі. Аталған мембраналарда су молекулаларының диффузиялану қарқынын арттыратын транслоказа-аквапорин деп аталатын ақуыз болады.
Транслоказалар-бірнеше бөлшектерден (субъединицалардан) түрады, олардың әрекет ету тетіктерінің (механизмінің) бірнеше түрлері болуы мүмкін:
Белсенді тасымалдау — мембрана арқылы заттардың өткізілуі транслоказалар көмегімен жүзеге асады, бірақ бұл кезде заттар олардың концентрация градиентіне қарама-қарсы бағытта, яғни концентрациясы аз ортадан концентрациясы жоғары ортаға өткізіледі.
Заттардың бұлайша өткізілуі белгілі бір мөлшерде энергия жүмсауды қажет етеді. Ал энергия көзі болып АТФ гидролизі (Ка + , К+ сорғышы, Са2+-сорғышы), не тотығу-тотықсыздану үдерісі (митохондрияларда)-Н+ионы сорғышы саналады.
Белсенді тасымалдауды энергиямен қамтамасыз етудің тағы бір тетігі-концентрация градиенті бағытында өткізілетін бір заттың-У концентрация градиентіне қарама-қарсы бағытта өткізілетін екінші бір затпен-Х, қабаттасып өткізілуі. Бұл жағдайда, У өткізілуінде бөлінетін энергия мөлшері Х-өткізуге жүмсалатын энергиядан артық. болуы қажет
