Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
расчеты по 18-24.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
43.81 Кб
Скачать

18. Мерзімді жалақының түрлері, есептеу әдістері.

Еңбекақының нысандары

Еңбекақы екі нысанға бөлінеді

  1. Өніміне қарай төленетін жалақы немесе кесімді жалақы.

  2. Істеген уақытына төленетін жалақ немесе мерзімді жалақы.

Кесімді жалақы жүйелері мыналарға бөлінеді:

  1. Тура кесімді,

  2. Сый кесімді,

  3. Үдемелі кесімді.

  4. Кесімді жалақының аккордтік жүйесі.

Мерзімдік нысан кезінде еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Еңбекақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады: 1. Жұмысшы өнім шығарудың артуаны тікелей әсер ете алмайды; 2. Кесімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес; 3. Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі; 4. Жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келу; 5. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін. Мерзімді жалақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді. Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады: - Сағаттық; - Күндік ақы; - Айлық ақы; Марзімдік – сыйақылық еңбекақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткішьерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді).

І Мерзімді жалақының тура жүйесі

МЖт = Ун · l'i

Мұнда: Ун - уақыт норма бойынша

l'i - мерзімді жұмысшының тариф тік ставкасы l

'i= li: К К = 1,1 - 1,15

  1. Мерзімді жалақының сый жүйесі

МЖс = МЖт + С

мұнда: С- сыйлық

19. Өндірістік қуаттың негізгі түсінігі.

Өндірістік қуат - бұл белгілі бір саланың немесе кәсіпорыннның еңбек және құрал жабдықтарын тиімді пайдаланып тиісті уақыттың ішінде өнімді өндірудегі максималдық қабілеттілігі.

Өндіріс қуатын өлшеу үшін өндіріс бағдарламасын есептеуге қолданатын көрсеткіштердің барлығы да қолданылады - натуралдық және құндылық.

Өндіріс қуатының мөлшері әрдайым өзгеріп отырады, сондықтан мына түсініктерді білу қажет:

  1. кіріс немесе жылдың басындағы қуат;

  2. шығыс немесе жылдың аяғындағы қуат;

  3. орта жылдық қуат.

Өндіріс бағдарламасын анықтаған кезде орта жылдық құат қолданылады. Бұл көрсеткіш негізгі қуаттың мөлшерін сипаттайтын көрсеткіш деп аталады.

Орта жылдық қуатты есептеу әдісі

Мұнда: Кжб - жылдың басындағы қуат,

Кк - жылдың ішінде қосылатын қуат,

Ук - қосылатын қуаттың іске кіріскен уақыты, аймен есептегенде жылдың

аяғына дейін,

Кш - жылдың ішінде шығарылатын қуат,

Уш - шығарылатын уақыттың істен шыққан уақыты, аймен ечсептегенде жылдың аяғына дейін,

12 - жылдың ішіндегі айдың саны.

Кәсіпорындарда орта жылдық қуатты ірілендіріп есептеуге де болады мына формула бойынша.

Кож = Кжб + 0,35 (Кжа - Кжб)

немесе

Кож = Кжб + 0,35 (Кк - Кш)

Мұнда: Кжа - жылдың аяғындағы қуат.

Жылдың ішінде ешқандай өзгеріс болмаса кәсіпорынның қуаты мына формуламен есептеледі

Ко = Фт х С / t

Мұнда: Фт - жабдықтардың жұмысының тиімділік уақытының жылдық қоры, сағат;

С- жабдықтардың саны;

t - өнімнің бір данасының еңбек қажеттілігі, сағатпен.

Қуаттың пайдалануын сипаттайтын көрсеткіш:

Өндірістік қуаттың тиімділігі оның пайдалануымен байланысты, дайындап отырған өнімнің мөлшерімен байланысты. Сондықтан өндірістік қуаттың пайдалануын коэффициент арқылы сипатталады.

к =V/Кож

Мұнда: V - өнімнің мөлшері,

Кож - орта жылдық өндірістік қуат.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]