Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ежелгі дәуір әдебиеті ЕМТИХАН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.33 Кб
Скачать

48. Құтб ақын поэзиясының қазақ әдебиеттану зерттеушілері еңбектерінде қаралу деңгейін көрсетіңіз:

Құтбтың поэзиясы деп отырғанымыз ол «Хұсрау мен Шырын». Құтб ақын поэмасын қыпшақ-оғыз тіліне аударған. Бұл- Тыныбектің Алтын орда тағына отырған кезі. Аудармашы дастанды Тыныбек пен Ханша Малика Хатунға арнайды.

«Хұсрау-Шырын»-қазақ әдебиеттанузерттеушілері еңбектерінде қаралу деңгеіне келетін болсақ. Көрнекті совет түркологы Ә. Н. Нәжіп парсы тіліндегі «Хұсару-Шырын» тұп-нұсқасы мен қыпшақ-оғыз тілінегі нұсқасының өзек арқауы бір екенін ерекше атап көрсетеді. Бұл дастанда қазақ тілі тұрғысынан жан-жақты зерттеп, дасттанның ғылыми сөздігін жасап шыққан ғалым А.Ибатов болды. Бұл сөздікте осы дастандағы 4400- ден астам сөз бен сөз тіркесіне түсінік беріп, нақты мысалмен дәлелдеді. Бұл ғалымның жанына А.Қыраубайқызы мен Н.Келімбетовты жатқызсақ болады.

49. «Қиссас-ул әнбия» кітабы сюжеттерінің «Гүлістан бит-түрки» кітабы сюжеттері айырмашылығын көрсетіңіз:

«Қиссас-ул әнбия» кітабы-Рабғузидің төл туындысы бұл шығармада хикметтер, әулие-әнбиелер жайлы көптеп айтылып кетеді. Хикметіне-нұқ пайғамбар кемесін айтуға болады, Лұқпан хәкім хикаясы, Сүлеймен АлайҺи С-салам , Харут пен Марут хикаясы. Әулие әнбиелер- Адам Ата мен Хауа Ана т.б.

Ал, «Гүлістан бит-түрки» Сайф Сарайдың атақты шығармасы. С.Сараидың бұдан басқа «СұҺрайл мен Күлдірсін» атты дастаны бар. «Гүлстан бит-түркиді» Бертельс зерттеген. Бұл шығармада нақыл сөздер көп айтылған. Мысалы: 1)Әр кісінің келбеті көрінгені мен, ойы көрікті емес. Сыртынан сенім жоқ. Көңіл таза болу керек. 2) Кісінің адамдық қасиеті мен қабілеті болар мәлім бір күнде. Әйтсе де жан тазалығы жылдар бойы бақылап, біліп болмас.

50) «Хұсрау-Шырын» поэмасын ақын идеясын ашудағы көркем бейнелердің қызметі. «Хұсрау-Шырынды» жазған Құтб. Ол Еділ сағасындағы Сарай қаласынан шыққан көрнекті ақындардың бірі. Бұл шығарманы Құтб қыпшақ-оғыз тіліне 1341-1342 жылы аударған. Бұл поэмадағы негізге кейіпкерлер: Хұсрау-бұл махаббатқа опасыз, ойынға құмар, жеңілтек, жүргіш, бірақ, елге әділ патша, қайырымды. Оны Шырын тәрбиелейді. Шырын-сұлу қыз, ақылды, Хұсрауды тәрбиелеуші, адал. Фархад-еңбекқор, данышпан, шынайы махаббатың символы, Шырынға деген махаббаты оны жігерлендіреді.

51. С.Сараи мұрасының зерттелу мәселесін сөз ете отырып, бүгінгі зерттелу жағдайын көрсетіңіз:

С.Сарайдың мұрасы-ол «Гүлстан бит-түрки» С.Сараидың бұдан басқа «СуҺайл мен Күлдірсін » атты дастаны бар. Онда ақын өзі туралы аз-маз мәлімет беріп кетеді. «Гүлстанды» Сараи «Гүлстан бит-түрки» деп аударды. Ал Сағдидан аударған аударманы зерттеген түрколог Таймас Баттал. Қыпшақ тіліндегі нұсқасын зерттеп, аударған Ә. Нәжіп. Толық аударма жасаған Кәрібай. «Қазақ әдебетінің тарихы» атты он томдыққа енгізеді. Ол 1968 жылы Ташкентте басылып шықты.

52. «Қиссас ул-әнбия» мұрасының аударылуы мәселесін қозғай отырып бүгінгі деңгейін көрсетіңіз:

«Қиссас ул-әнбия» Алтын Орда зааманында жазылған бұл кітап орта ғасырдағы шығыс ертегі-аңыздарының, мифтік сюжеттердің, шағын әңгіме-повесть, өлеңдердің жинағы. Олардың көпшілігі күні бүгінге дейін қазақ ертегілерінде айтылады. «Қиссас ул-әнбия» кітабы XIX-XX ғасырыдың басында Қазан, Ташкент қалаларынан басылып шағып , ел арасына кеңінен танымал болған. Кітаптың туындыгері-Рабат Оғыз қыстағының қазысы Насреддин. «Сенің қолыңнан шыққан , қаламыңнан түзелген сөз оұуға, үйренуге жеңі, түсінікті болады деп жұрт қолқалаған соң, тәңірден тауфих тілеп , кітап бастадым»- дегеніне қарағанда , өз заманындағы білікті кісі болғандығын танимыз. Араб-парсы тілдеріне жазылған «Қиссас ул-әнбияны» түркі тілінде сөйлеткен, оларды негізге ала отырып, түрікше нұсқасын жинаған білімпаз.

Бұл шығарманы А.Қыраубайқызы аударған Ташкентте ,Қазанда жарық көрген, бірақ ударма туралы мәлімет жоқ.