
- •3. «Оғыз-нама» жырының зерттелуі мәселесі сөз ете отырып, бүгінгі жағдайын сипатта
- •5.»Қорқыт ата кітабының» қазіргі зерттелуін Кеңес заманындағы зерттелуі мен салыстыра келіп, олардың арасындағы байланысын көрсетіңіз.
- •7.»Құтты біліг» поэмасының болашақта жанрлық тұрғыдан зерттелуіне жорамал жасаңыз
- •9 .Түркітанушы ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, «Күлтегін», «Тоныкөк» ескерткіштерінің жанрын тауып беріңіз
- •10. Орта ғасыр тарихы мен мәдениетін атаңыз және ж. Баласағұнның «Құтты білік» поэмасының идеясының шығу төркіні.
- •11. Махмұд Қашқари ғұмырнамасына баяндама беріңіз.
- •12.Ж.Баласағұнның әдеби мұрасын атаңыз және толық сипаттама беріңіз.
- •13. «Құтты білік» тіркесіндегі «құт» деген сөзге анықт абыройың
- •14.Ислам дәуіріндегі түркі әдебиетінің ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •26.Ж. Баласағұнидың «құтты білік» поэмасындағы ақын бейнесіне талдау жасаңыз.
- •27. М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» жинағындағы мақал-мәтелдерді дидактикалық тұрғыдан талдаңыз:
- •28. «Құтты білік» кітабының көркемдігіне мысал келтіріңіз.
- •29. Қорқыт ата идеяларының қазақ әдебиетіндегі жалғастыған табыңыз:
- •48. Құтб ақын поэзиясының қазақ әдебиеттану зерттеушілері еңбектерінде қаралу деңгейін көрсетіңіз:
- •49. «Қиссас-ул әнбия» кітабы сюжеттерінің «Гүлістан бит-түрки» кітабы сюжеттері айырмашылығын көрсетіңіз:
- •51. С.Сараи мұрасының зерттелу мәселесін сөз ете отырып, бүгінгі зерттелу жағдайын көрсетіңіз:
- •52. «Қиссас ул-әнбия» мұрасының аударылуы мәселесін қозғай отырып бүгінгі деңгейін көрсетіңіз:
- •53. «Қисса -Жүсіп» дастанының идеясын ашудағыкөркем бейнелердің қызметін көрсетіңіз:
- •55. «Махаббатнама» дастанының көркемдігі мәселесін қозғай келіп, оның әдіс-тәсілдері жүйесін жасаңыз:
- •56. «Диуани хикмет» кітабының болашақта көркемдік тұрғыдан зерттеле түсетіндіген дәлелдеңіз:
- •58. «Гүлстан бит-түрки» кітабының дидактикалық тұрғыдан зерттелуі:
- •59. А.Иассауи мұрасының қазақ тіліне аудару мәселесін сөз етіп, қазігі жағдайын баяндыңыз:
- •60. С.Сараи мұрасының аударылу мәселесін қозғай отырыпбүгінгі деңгейін көрсетіңіз:
- •73.Құтып ақынның дастанын атаңыз және қысқаша сюжетін баяндаңыз.
- •79.С.Сараидің «Гүлстан бит-түрки»дастанынан бір хикая келтіріңіз:
26.Ж. Баласағұнидың «құтты білік» поэмасындағы ақын бейнесіне талдау жасаңыз.
Жүсіп ақын бейнесін дастанында былай жырлайды:
Шайырлар бар сөзден кесте төгуші,
Кісілерді мақтап, даттап сөгуші.
Қылыштан да өткір ашщы тілдері,
Қылдан нәзік ойларының іздері.
Ұққың келсе ұшқыр нәзік сөздерін,
Естіген әр сөздің тінін көздегін.
Ақын көңіл теңізіне батады,
Інжу, гауһар, жаһқт нұрын шашады.
Мақтаса елге даңқың жетеді,
Егер сөксе масқара қор етеді ,
тату -тәті араласып жүр досым,
шоқ тілінен сақ бол өртер біл досым! Деп тереңнен толғап, шынайы ақын образын елестетеді. Ақындардың беделін ашып көрсетеді. Тілінің өткір екенін баса айтады, ол халықтың елшісі. Ол сені халыққа мақтаса жақсысың, даттаса қор боласың дейді. Ақындар көңіл теңізіне батады дей отырып, шабытты табатын ақынның мекенін айтады. Ол –көңіл. Дастанды ақын бейнесі өте тамаша сомдалған.
27. М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» жинағындағы мақал-мәтелдерді дидактикалық тұрғыдан талдаңыз:
«Диуани лұғат ат-түрікте» бұдан мың жылдай бұрын халық арасында кең таралған мақал-мәтелдер, афоризмдер жиі ұшырайды. Халықтың мұндай даналық сөздері адамдардың сан ғасырлық өмір тәжірибесінен туатыны мәлім. Мақал мен мәтелге айналып кеткен ғибрат сөздері өмірдің қыры мен сырына әбден қанығып барып жасалған қорытынды пікірлер болып саналады. Енді «Диуани лұғат ат-түрікте» кездесетін осындай мақал-мәтелдерден бірнеше мысал келтірейік:
Батыр-майданда, ғалым-әңгімеде сыналар
Күздің келетіні жаздан-ақ белгілі
Бақыт белгісі-білім мен ақыл
Әдептің басы-тіл
Арысатн қартайса тышқан інін күзетер
Қылымси білсе-қызыл киер,
Жарамсақтана білсе-жасыл киер.
Мұндай мақал-мәтелдер қазіргі қазақ әдеби тіліне дәл осы күйінде, ал кейде, сәл ғана өзгерген түрінде кеңінен қолданылады. Сонымен, қазіргі қазақ тілінде айтылып жүрген біршама мақал-мәтелдердің бірқатары сонау көне заманның куәгері болып табылады. «Диуани лұғат ат-түріктегі» осындай мақал-мәтелдерге қарап, бұдан он ғасырдай бұрын айтылған даналық ойлар бүгінгі күнге дейін өзінің алғашқы мән мағынасын жоғалтпағанын көреміз. Мысалы:
Кеңесті іс келісе береді,
Кеңессіз іс кері кетеді
Құс қанатымен, ер атымен
Көрікті тоның өзіңе болсын
Шырын асың өзгеге болсын
Кісі аласы-ішінде, жылқы арасы сыртында
Ұлық болсаң, кішік бол
Інген ыңыраса, бота боздайды
Алымшы-арыстан, берімші-тышқан.
М.Қашқари еңбегінде бұдан басқа да толып жатқан мақал-мәтелдер оқушысын әділдікке ар-намысты жоғары ұстауға, махаббатқа адал болуға, мейірімділікке, ізгілікке үндейді.
28. «Құтты білік» кітабының көркемдігіне мысал келтіріңіз.
«Құтты білік» дастаны түркі тіліндегі жазба әдебиет әлі бай тәжірибе жинай қоймаған дәуірде жазылды. Әрине, бұл кезде Жүсіп Баласағұнға өз шығармасын араб екі парсы тілінде жазу әлдеқайда жеңіл болар еді. Өйткені осы кезде араб-парсы тіліндегі Шығыстың классикалық әдебиеті мейілінше дамып, көркем образдар жасаудың ғажайып үлгілерін көрсетіп жатты. Оның үстіне «Құтты біліктің» авторы араб және парсы тілдері ғана емес, бұл тілдерде жазылған поэзиялық, прозалық туындылармен жан-жақты таныс болды. Алайда Жүсіп Баласағұн араб-парсы поэзиясының дәстүрінен бас тартты. Ол өзінің ана тілінде, яғни түркі тілінде, көркем шыарма жазып, өзінше жаңа соқпақ салып, жаңа дәстүр тудырды. «Құтты біліктің » авторы түркі тектес халықтардң ауыз әдебиетінің кәусәр бұлағынан еркін сусындады. Сол арқылы ақын халық фольклорының қыруар мол мүмкіндіктерін жазба әдебиетінің тәжірибесімен өзара ұштастыра білді. Дастанның басты қаһармандарының есімі Күнтуды, Айтолды деп аталуда халықтың ежелгі наным сеніміне байланысты болып келеді. Ислам діні тарағанға дейін түркі тектес елдердің күнге, айға т.б табынғаны мәлім. Сондықтан мұндай атаулар көне дәуірде өмірге келген ауыз әдебиеті туындыларында жиі ұшырайды. Ж.Баласағұн ғұлама ақын ретінде ауыз әдебиетнің сан қилы жетістіктерін зор шеберлікпен пайдаланған. «Құтты білікті» оқи отырып, автордың шығыс классикалық поэзиясының таңдаулы үлгілері мен, әсіресе ұлы Фирдаусидің «Шахнаме» дастаны мен жақсы таныс екенін одан үлгі-өнеге алғанын аңғару қиын емес. Мәселен, Жүсіп Баласағұн жырдағы әр-бір сөздің мән-мағынасын құбылтып, ойнатып пайдалануды, әрбір лексикалық элементті ажарлап, айшықтап беруді ұлы ұстазынан үйренген секілді. Ж.Баласағұн ойшыл ақын ретінде түркі тектес халықтардың тағдырын табиғаттың осындай көктемгі жандану, ояну, қайта түлеу кезіндегі көріністеріне астарлап, меңзеп отырады. Сол арқылы автор ен даланы дүрліктірген, жандандырған бұл көктемгі өзгерістер түркі елінің оянуы деген пікір айтпақ болады.