Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ежелгі дәуір әдебиеті ЕМТИХАН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.33 Кб
Скачать

7.»Құтты біліг» поэмасының болашақта жанрлық тұрғыдан зерттелуіне жорамал жасаңыз

Жүсіп Баласағұн есімі кезінде Шығыс пен Батыс елдеріне орта ғасырдың атақты ғалым ғұлама ретінде жақсы мәлім болған.Әйтсе де Жүсіп Баласағұнның есімін әлемге әйгілі еткен туындысы-«Құтты білік» дастаны. «Құтты білік» дастанының бүгінгі күнге дейін зерттеліп бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі Вена нұсқасы, оны Гнрат нұсқасы деп те атайды.Бұл қолжазба Венаның корольдік кітапханасында сақтаулы тұр. Екіншісі-Каир нұсқасы.Бұл қолжазба араб әрпімен көшірілген.Оны Каирдың бір кітапханасынан неміс ғалымы 1896жылы Б.Морц тапқан. Үшіншісі Наманган нұсқасы. Оны 1913жылы А.Валитова Өзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан еді.

Әйтседе бұл дастанды зерттеу, аудару, баспаға әзірлеу жұмыстарымен ұзақ жылдар бойы келелі істер тындырған академик В.В.Радлов еді.Бұл туындымен ол жиырма жылдан астам уақыт бойы айналысты.Құтты білік дастанын көптеген ғалымдар зерттегн. Соның бірі Алма Қыраубаева. Себебі бұл туындының болашаққа тигізер пайдасы өте көп.Бұл туындада кез келген мәселелер қозғалған. БОлашаққа, Қоғамға тигізер пайдасы өте көп.

8.Сақ-ғұн дәуіріндегі аңыздардың тарихи тұрғыдан зерттелуінің әдебиеттануға берер пайдасы.

Сақ-ғұн дәуіріндегі «Томирис» «Кир» «Ер Тоңға» «Зарина» «Шырақ» дастандары жатады. Сақтардың киелі жерін парсы әскерінің шапқыншылық әрекеттерінен сақталып қалу тақырыбын жыр еткен шығарманың бірі Томирис дастаны. Тамирис тарихи қаһармандық дастан. Дастанның сюжеті тарихта болған шынайы оқиғаларға негізделген. Дастанның басты қаһарманы Томирис. Ол сақтар елінің мәликасы патшасы. Тұмар өз елін ішкі және сыртқы жаулардан қорғау үшін жан аямай күресетін ер жүрек әмірші. Соғыс өнерін жетік меңгерген қолбасшы.

«Шырақ» дастанында сақтардың Дариий әскеріне қарсы қаһармандық күресі аңыздарға айналған тарихи деректер негізінде жырланған.Алайда дастанның өзі сақталмаған. Тек дастанның негізгі сюжеті ғана проза күйінде бізге жеткен. «Шырақ» дастанының сюжеті қағазға түсіріліп, бүгінгі ұрпаққа жеткізген грек тарихшысы Полиэн еді. «Шырақ» дастанының сюжеті төмендегідей оқиғалардан басталады.Парсы елінің патшасы жер қайысқан қалың қолмен сақтар еліне жақындап келеді.Елдің қауіпсіздігіне қатер төнеді. Сақ әміршілері Омарг, САксфар, Оамирис жауға қарсы күресті қалай жүргізуді өзара талқылап жатыр еді.

Дәл осы сәтте патша сарайына көздері бейне бір шырақтай нұр шашаып тұрған, қапшағай денелі жігіт ентігін баса алмай, жүгіріп келді де:

Ұлы мәртебелі тәңірқұтым!Мені тыңдаңыз!Жау жақындап келеді. Мен жылқышымын. Бұл өңірдің ой-щұқырынөзімнің бес с аусағымдай білем.Біз қазір үлкен сахараның бір шетінде тұрмыз.Рұқсат етіңіз, жаудың қисапсыз қалың қолын мен алдап, сол шексіз сахараның ішіне қайтып шыға алмайтын құм даланың ортасына алып кетем,-деді.

Алданғанын сезген сәтте-ақ парсылар сені өлтіреді ғой,-деді патша.

Тірі жанға ертелі кеш бір өлімнің бары хақ,-деп жылқышы жігіт өрлене түсті.

Келістік,- деп патша кесіп айтты. Балаларыңызды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруге ант береміз. Ең жүйрік сәйгүлік аттар соларда болады. Ол жағынан қам жеме. Тек атыңды айт, батырым.

Атым- Шырақ! деп жауап береді. Ал енді менің бүкіл денемді , бетімді адам танымастай етіп, қанжармен тілгілеп тастаңдар. Құлағымды кесіңдер.Аямаңдар, әйтпесе парсылар менің айтқан сөзіме сенбейді-дейді.Алайда батыр шырақтың денесін тілгілеп тастауға ешкімніңи қолы бармайды.Сол сәтте Шырақ беліндегі қанжарын қынынан суырып алады да, өз денесін өзі қан-жоса етіп, аяусыз тілгілеп тастайды.

Енді бір сәт Шырақ патшаға тарту тағзым етеді де, көз еліспейтін жылдамдылықпен есік алдында батйлаулы тұрған сәйгүлікке қарғып мініп, жау келе жатқан жаққа қарай құйындата жөнеледі.Жауға жақындай бергенде ол қара жолдың қақ ортасында шалқасынан жатып алып, құлындағы даусымен жан ұшырата айғай салады:

-Ойбай- ай, мені құтқарыңдар! Қараңдаршы,сақтар мені қалай қорлағанын!Қараңдар, өлтіре жаздады ғой. Сақтарға кеткен қанды кегім бар! Қалайда кек қайтаруым керек! Мен бәрін білем. Парсы бауырларым! Мен сіздерді сақтар әскерінің дәл үстінен түсірем. Сонда ғана менің кегім қайтады. Жаным жай табады,-деді Шырақ.

Парсылар Шырақтың сөзіне сенді.Тіпті жол көрсететін адам табылғанына қуанып, шуласып, дүрлігіп қалды. Сол сәтте Шырақ жауға айтар сөзін ұштай түсті.

-Құдықтан су ішпендер! Сақтар улап кеткен. Олар жол бойындағы шөптерді де, егістіктерді де өртеп жіберген. Мен сендерді ешкім білмейтін құпия соқпақпен алып барам. Сақтар әскерінің дәл үстінен түсірем. Маған еріңдер!-деді.

Жүз мыңдаған парсы әскерлері Шырақтың соңынан ерді. Құйындата соққан қиыршық қызыл құмнан айнала-төңіректе түк көрінбейді. Шілденің шыжып тұрған ыстығы. Су сұрап аңқасы кепкен нөкерлер.

Шөлдеп, күн өтіп, ауырып өліп жатқан, көмусіз қалып жатқан парсы нөкерлерінің қисабы жоқ.Міне, осылай Шырақ парсы әскерлерін жеті күн, жеті түн бойы адастырып, шексіз құм басып жатқан даланың түпсіз тұңғиығына енгізіп жіберген еді.

Қарша борап тұрған құм ішінде жеті күн, жеті түн бойы адасып әскерінің әскерінің тең жартысынан айырылған Дарий патша енді құйын құмның мәңгілік тұтқыны болғанын сезді. Сезді де, қасында келе жатқан сақ жігітіне отты көзіне ызғарлана қарады. Парсының әскербасы Ранасбат қылышын жоғары көтерген күйінде Шыраққа төне түсті. Ал Шырақ аса қуанышты дауыспен барлық парсы әскеріне естірте айғай салады:

-Мен жеңдім! Біз жеңдік! Сақтар жеңді! Енді сендер мынау шексіз жатқан құм ішінен ешқашан шығып кете алмайсыңдар. Бәрің жат жерде қырыласыңдар. Көмусіз қаласыңдар. Ал мен өз елімде , өз жерімде өлем!

Отан үшін жан пида!Мақсатыма жеттім. Енді мені өлтіре беріңдер. Мен өлімнен қорықпаймын.Мен сендерден қорықпаймын,- дейді.

«Бұл – аңыз емес, тарихи шындық»,-деп жазады Полиэн.

Иә, сақтардың ерлікке толы шежіресін жыр еткен қаһармандық дастандардың өмірге келуіне осындай тарихи- әлеуметтік негіздер бар еді. Біз бұл аңыз дастандардан ерлікке толы өзімізге күш жігер, отанға деген патриоттық сезім, батырлық істерінен үлгі өнеге аламыз.