
- •3. «Оғыз-нама» жырының зерттелуі мәселесі сөз ете отырып, бүгінгі жағдайын сипатта
- •5.»Қорқыт ата кітабының» қазіргі зерттелуін Кеңес заманындағы зерттелуі мен салыстыра келіп, олардың арасындағы байланысын көрсетіңіз.
- •7.»Құтты біліг» поэмасының болашақта жанрлық тұрғыдан зерттелуіне жорамал жасаңыз
- •9 .Түркітанушы ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, «Күлтегін», «Тоныкөк» ескерткіштерінің жанрын тауып беріңіз
- •10. Орта ғасыр тарихы мен мәдениетін атаңыз және ж. Баласағұнның «Құтты білік» поэмасының идеясының шығу төркіні.
- •11. Махмұд Қашқари ғұмырнамасына баяндама беріңіз.
- •12.Ж.Баласағұнның әдеби мұрасын атаңыз және толық сипаттама беріңіз.
- •13. «Құтты білік» тіркесіндегі «құт» деген сөзге анықт абыройың
- •14.Ислам дәуіріндегі түркі әдебиетінің ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •26.Ж. Баласағұнидың «құтты білік» поэмасындағы ақын бейнесіне талдау жасаңыз.
- •27. М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» жинағындағы мақал-мәтелдерді дидактикалық тұрғыдан талдаңыз:
- •28. «Құтты білік» кітабының көркемдігіне мысал келтіріңіз.
- •29. Қорқыт ата идеяларының қазақ әдебиетіндегі жалғастыған табыңыз:
- •48. Құтб ақын поэзиясының қазақ әдебиеттану зерттеушілері еңбектерінде қаралу деңгейін көрсетіңіз:
- •49. «Қиссас-ул әнбия» кітабы сюжеттерінің «Гүлістан бит-түрки» кітабы сюжеттері айырмашылығын көрсетіңіз:
- •51. С.Сараи мұрасының зерттелу мәселесін сөз ете отырып, бүгінгі зерттелу жағдайын көрсетіңіз:
- •52. «Қиссас ул-әнбия» мұрасының аударылуы мәселесін қозғай отырып бүгінгі деңгейін көрсетіңіз:
- •53. «Қисса -Жүсіп» дастанының идеясын ашудағыкөркем бейнелердің қызметін көрсетіңіз:
- •55. «Махаббатнама» дастанының көркемдігі мәселесін қозғай келіп, оның әдіс-тәсілдері жүйесін жасаңыз:
- •56. «Диуани хикмет» кітабының болашақта көркемдік тұрғыдан зерттеле түсетіндіген дәлелдеңіз:
- •58. «Гүлстан бит-түрки» кітабының дидактикалық тұрғыдан зерттелуі:
- •59. А.Иассауи мұрасының қазақ тіліне аудару мәселесін сөз етіп, қазігі жағдайын баяндыңыз:
- •60. С.Сараи мұрасының аударылу мәселесін қозғай отырыпбүгінгі деңгейін көрсетіңіз:
- •73.Құтып ақынның дастанын атаңыз және қысқаша сюжетін баяндаңыз.
- •79.С.Сараидің «Гүлстан бит-түрки»дастанынан бір хикая келтіріңіз:
79.С.Сараидің «Гүлстан бит-түрки»дастанынан бір хикая келтіріңіз:
Шайх Сағди айтады. Бір кісінің әйелі жүкті еді.Уақыты жетті.Бұрын бұл пақырдың балосы жоқ еді.Айтты: «Тәңірі тағала егер маған ұл берсе,үстімдегі шапанымнан өзгесін кедей-кепшікке таратып берер едім. «Әйелі ұл тапты.Ол кісі уағдасында тұрып,дүниесін үлестірді,ұлының тілеуін тілеген дом-жарандарына табақ-табақ ас берді.Бірнеше жылдан соң қайта оралдым.Баяғы кісінің ауылына келіп хәлін сұрастырдым.Айтты: «Қапаста-зынданда жатыр».Не себепті? «Ұлың бұзық болып,біреумен төбелесіп,кісі өлтіріп,шаһардан қашып кетті.Ұлы үшін әкесін ұстап,қол-аяғына шынжыр салып,қапасқа тастады.Сонда былай дедім: «Бұл бәлені оның өзі тәңірден тәлеп алған еді»
Ол ұлдың әкесі,бұл бәлені өзі тілеп тапты
Құс сияқты күні-түні аузына тамақ салды
Анасы тоғыз ай,он күн көтеріп күтіп еді
Мұндай ұл туғанша жылан тапқаным жақсы еді
80. «Диуани хикмет» кітабының көркемдігіне мысал келтіріңіз: «Диуани хикмет»көбінесе 11 буынды немесе 12 буынды болып келеді.Төрт тармақтан бір шумақ құрайды.Ұйқасы бізге тым жақын.Сырттай алып қарағанда а,а,а,ә,б,б,б,ә ұйқасы мен кеіп отырады.Ахиет Иассауи «Диуани хикмет» ежелгі түркі поэзиясы мен қазақ әдебиеті арасындағы дәстүрлі байланысты айқындай түсетін бейнелі сөздер,теңеулер жиі кездеседі.Айталық мұнда.Ахмет Иассауи көңіл бағы,көңіл құсы ,иман нұры,заһар көзі,күйген көбелек,хақиқат дариясы,ғашықтық дерті сияқты қғымдарды сөз зергері ретінде шебер пайдаланады.
81.С.Бақырғани мұрасындағы тәлім-тәрбие мәселесін қарастыра отырып,А.Жүйнеки шығармаылығымен рухани байланысты көрсетіңіз:С.Бақырғани бұл дүниенің барлық бақ-дәулетінен де,атақ дәрежесінен де,алтын күмістен де ең жоғары тұрған киелі нәрсе Алла жаратқан адамның ішкі жан дүниесі «Құдайдың құлы болған»пенделердің биік мәртебесі деп біледі.С.Бақырғани хикмет-өлеңдері бейне бір адам рухы мен адам нәпсісі арасындағы айтыс-тартыс секілді.С.Бақырғани мұрасында «Ақыр заман»..Бұл Алланың бар екендігің дәріптейді,Аллаға мадақ айтумен болады.Ал А.Жүйнеки шығармасы «Ақиқат сыйы» бұл шығармада да Аллаға деген сүйіспеншілікті дәріптейді. «Ақиқат»дегеннәі өзі Алланы тану дегенмен бірдей.
82.Х.Кәтибтің «Жұмжүма сұлтан»дастанының мазмұнына бара отырып,шығарманың идеясын талдап беріңіз:Иса пайғамбардың тілегімен,Алла тағаланың құдіретімен тілге келгенн бас сүйектің баяндауынан басталатын бұл шығарма ғибрат алып,тәубеге шақыратын өнегесі мол шығарма.Сондағы бас сүйектің айтқан әңгімесі оқыған адамға ой саларды.Ол жасаған бір ғаана қателігі үшін Алла жазасын беріп,әзірейілге бұйрық береді.Әзірейілкүрзімен жетпіс аршын шылбырмен ұрып тілін созып әбден жанын қинайды.Сонымен қатар Жұмжұма сұлтан ел билеген арам,жемқор әкімдердің қабірде шаян,жылан тістеп қинап жатқанын ,менмен тәкәппар адамдардың басы мен аяғы ауып кеткенін көргенін айтады.Сонда Иса енді қайта келгенде қайтер едің дегенде.Егер мені тірілтсе құлшылық жасап,тәубеме келер едім дейді.Алла тағала бұл тілеген қабыл алады.Қайта туылған құлшылық жасап,Алланың ақ жолына түседі.Бұл жердегі басты әрі негізгі идеясы шығарманың Алла кішкене қателік үшін аямайды.Бірақ шексіз кешірімшіл .Бәрі бір Алланың қолында екенін ұмытпау керек.
83.А.Жүйнеки идеяларының кейінгі әдебиетке тигізген ықпалын тауып,дәледеңіз:А.Жүйнеки Ақиқат сыйы атты шығармасында жаратушыны және Мұхаммед пайғамбарды оның төрт сағабасын мадақтайды.Одан кейінгі тарауларды былай бөлуге болады:1. Білімнің пайдасы 2.Тілді тыйып ұстау 3.жомарттық пен сараңдық 4.кішіпейілділік 5.мың дос аз,дұшпан көп. Ақиқат сыйы оқушысын адамгершілікке,сыпайылыққа баурайды.Және білім-ғылым жайлы көптеген даналық ойлар айтады.Мысалы:Білімді кісі таза алтынға ,надан кісі ,құны жоқ жалған ақшаға білімді әйел ер жігітке,ал білімсіз ер әйелге тең дейді.Дәл осы ойлар өзінен 150 жыл кейін өмір сүрген Абай,Шәкәрім,Сұлтанмахмұт,Міржақып сияқты ақын-жазушыларға да тән қасиетін.Мысалы:Абай заманының азып-тозып кеткеніне налып
Сізге ғылым кім берер
Жанбай жатып сөнсеңсіз
Дүниеде өзі малда өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз-деп өз өкінішімен ақылын ақ қағаз бетіне жазып кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдырған.
84.Құтыптың «Хұсрау-Шырын» дастанының мазмұнына бара отырып,шығарманың идеясын талдып беріңіз:Иран елінің қарт патшасының Хұсрау атты жалғыз ұлы болыпты Хұсрау көп оқып ер детіп әдепті жігіт болыпты.Оның шапур атты досы Шырын жайында әңгіме айтып береді.Хұсрау оған ғашық болып қалады.Ал Шырынға Хұсраудың суретін салып көрсетеді.Екі ғашық кездесе алмай жүреді,сол кезде Хұсраудың әкесі қайтыс болады.Әкесінің орнына отыру үшін Хұсрау Рум елінен көмек сұрайды.Сол елдің патшасының қызына үйленеді.Сол арада Шырының әкесі қайтыс болады,таққа Шырын отырыады.Шырын мемлекетті әділеттілікпен бірлікпен басқарады.Қалар бұрынғыданда гүлденеді.Ал Хұсрау болса махаббатқа опасыз,ойын сауыққы құмар жеңіл мінезді,залым жігіт.Бірақ елге қайырымды әділ патша.Ал,алғашынды Хұсрау сезімі тұрақсыз болып келеді ол көңіл көтеру жағын ойлағанда мемлекет басқару сін ұмытып кетеді.Бірақ ол бұл күінде қалмайды.Шырынның ақыл-парасаты арқасында өзгереңі өз сүйгені жолында.Ажалданда тайссалмайтын қаһарманға айналады.
Меніңше,ақын азғындық жолына түсіп кеткен әкімдерді Хұсрау бейнесінен үлгі-өнеге алуға шақырады.Өйткені автор ел билеген әкімдерге ақыл кеңес айту арқылы қоғам қайшылықтарын жойюға болады-деп есептеген.
85.А.Иассауй мен С.Бақырғани мұраларындағы философиялық мәселелердің түйісу жерлерін көрсетіңіз:А.Иассауй-түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы көрнекті ақыны,есімі ислам әлеміне мәшһүр болған ойшыл қайраткері.Ол мұсылман қауымының дәстүрлі қағидаларын жырлаған сопылық әдебиеттің түркі халықтары арасындағы мейлінше танымал,ірі өкілдерінің бірі болды.Бұның шығармасы «Диуани хикмет» кітабы түркі халықтардың 12 ғасырдан сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі саналады.» «Даналық кітабында» негізінен 4 нәрсе мадақталады олар:шариғат,тариқат,марифат,хақиқат.Дәл осы сияқты С.Бақырғани мұраларындағы философиялық ойлардың А.Иассауй мұралармен түйісуі екеуі де сопылық ілімінің насхаттаушысы және бір айта кетерлік жайт С.Бақырғани да өз шығармаларында осы төрт баспалдақ жайында айтып өтеді және де С.Бақырғани А.Иассауйдің төл шәкірті.
86.С.Бақырғани поэзиясының кейінгі әдебиетке әсерін сөз етіңіз: С.Бақырғанилдің ойынша дін жолы шын махаббатқа қарсы болмаса керек себебі Мұстафа пайғам бар нағыз дертті ғашықтардың пірі.Нағыз ғашықтар пейіште,құмарлықтар үшін тозаққа түспеген ғазиз жандар.Адал жарсыз махаббатсыз дүниеде де хияметте де рақат жоқ.Оған шалыққан адамға ем жоқ.Ал енді қараңыз,махаббаты жырламаған ақын кемде-кем,тіпті мүлдем жоқ.Махаббатсыз дүние бос деп жырлаған Абайдан бастап,Мақатаев,Жұмабаев,Мұқанов бәрі –бәрі осы бір тақырыпта қалам тартқан.
Сонымен қатар С.Бақырғани адам жастақ шағынан бастап білімге оқуға талпынуға тиіс.Дүние ғалам сырларын біліп,хақиқат жолын тануы жөн.Егер адам ізденіп оқып жетілмесе,ол дөкір,надан болып өседі.Ондай адам қиянатшыл озбыр келеді.Өзінен өзгесімен ісі жоқ,мансапшыл,малжанды,дүниеқұмар,парашыл боып қалыптасады дейді Бұл жайлыда Абай бес нәрсеге асық бол,бес нәрседен қашық бол........
87.А.Жүйнеки поэзиясы көркемдігінің шығыс әдебиеті дәстүрімен байланысын көрсетіңіз:А.Жүйнеки әрбір сөзді ажарлап та,құбылтып та шебер пайдалана бейнелейді.Оның шығармасы негізінен уағыз,ғибрат сөздерінен тұрады.Ақын өзі хикаялап тұрған құбылыстарды ерекше белгілерін оған үстеме мағына береді.,көркіне көрік қосып теңеу әдісін кеңінен қолданады.Мыс:Автор дастанда Ыспаһаларды теңізге өзін жауын тамшысына теңейді.Ақын әдеби тілдің әдемілігін арттыра түсу үшін екі бірдей ұғымды,құбылысты қатар қоя суреттейді немесе егіздеу әдісіде мыс:дастанда білімді-надан,жомарт-сараң,адал-арам қатар қоя суреттейді.Осы сияқты кез-келген шығыс дастандарын алар болсақ тілі көркем,көріктеу құралдары алуан түрлі өлең құрылысы шебер жасалған дастан түрлері өте көп.Шығыс дастандарында жыр жолдарына үстеме мағына беріп оны ажарлау үшін теңеу қолданылған.Мыс:нәркез көз,ай жүз,қылдай бел,шекер сөз деген сөз атақты мың бір түн дастанында өте орынды әрі ұтымды қолданылған міне осы сияқты теңеу сөздер мен құбылту сөздері тек Жүйнеки ғана емес Бақырғани,Хорезми,Сарай т.б ақындар ұтымды қолдана білген.
88.Хорезми поэмасының мазмұны туралы айта келіп,қазақ әдебметінде алар орнын бағалаңыз:Әлемге әйгілі Хорезми ұлы математик ғалым ретінде танылған сонымен қатар оның Мұхабатнама дастаныда әдебиетте белгілі өз орны бар шығармалардың бірі.Дастан кіріспесі:Ұлық тәңірдің атын жадыма сақтап жазайын Мухаббатнам жырын бастап.Сосын пайғамбарларды мақтау сөзін айтады .Содан кейін дастанның жазылу себебіне тоқталады.Мухаббатнама негізгі бөлімінде жігіттің сүйген қызына деген мөлдіа махаббаты жырланады.Мухаббатнама 13-14 ғ түрік халықтарының озық үлгілерін дамытқан қайта өрлеу дәуірінің элементтерін бойына дамытқан.13-14ғасырда шығыс әдебиетінің тілі негізінен парсы тілі болғандығына қарамастан өзі сол тілді жетік білсе деі Хорезми өз шығармасын түрік тілінде жазуы қайта өрлеу мәдинетінің белгілерімен үндесіп жатыр.Қайта өрлеу идеяларына 14ші ғасыр түркілер әдебиеті оның ішінде Хорезмидің жетуі,біздіңше,таңданаолық құбылыс емес.Сондықтан болар қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алғандығы.
89.Хорезми мұрасындағы сопылық идеясының шығу төркініне байланысты өз болжамыңызды беріңіз: :Мұхаббатнамадағы сопылық ойлар.Махаббатнама дастаны 946жол яғни 473 бәйіттен тұрады.Барлығы 11 арнау өлең.Шығарманы бастамас бұрын тәңірге сыйынып,медет сұрау ертедегі әдебиет тән дәстүр.Онда Хорезми тәңірдің ұлылығына бас иіп,оның құдірет-күшінің шексіздігіне таңданады.Дүниеге күн мен түнді-екі жарық гауһарды,адамға сүю,ғашықтық сезімін бергені үшін,махаббаты,сұлулықты жаратқаны үшін тәңірді мадақтайды.Дастанның «Хикаят» аталатын шағын бөлім шығарманың негізгі мазмұнынан оқшау тұр.Негізгі ойы-дүние малға қызықпай,азды қанағат тұтуға,бұрыннан келе жатқан жақсы дәстүр –салтты сақтауға шақыру.Ақыл-парасатты жоғары қою.Азды қанағат тұту идеясы өзінен бұрын өткен Иассауи Жүгенеки ойлары мен қиысады.
i 90. А.Жүйгнеки мұрасындағы ғылым мәселелерін бүгінгі күн талаптары тұрғысынан қарастырып, өз бағаңызды беріңіз.
Ахмед Иүгінеки өз шығармаларында дүние жаратылысы мәселелерін ислам қағидалары негізінде түсіндіреді. “Барлық нәрсе бір Алланың еркінде” екендігін және оның даралығын дәріптейді. Сол үшін де ақын мәңгілік өлім ұғымы жоқ, ол өмірмен алмасып отырады дейді: “Жоқ едім. Жараттың. Және жоқ қылып, екінші бар етерсің” немесе “Өліні тірі, тіріні өлі етеді”. Ал тірліктің өлшемін білім арқылы белгілейді. Яғни, білімдіден пайда бар, пайдалы нәрсе — тірі, ал пайдасыздық — бос, өлі нәрсе. Олай болса, білім арқылы мәңгілік өмірге қол жеткізуге болады, өйткені “білімдінің өзі өлуі” мүмкін, бірақ “аты өлмейді”. Ахмед Иүгінеки үшін білім — көп білу емес, таным, ақиқатты білу. Ал ақиқаттың негізі Аллада болса, оны да “білім арқылы тануға” болады. “Бақыт жолы білім арқылы білінеді”. Білім ойдан, ізденуден шықса, оның пішіні — сөз. Тіл — жаратушымен байланыстырушы құрал, адам “күн сайын ерте тұрып, тілге жүгіну арқылы құлшылық етеді”. Бірақ сөз адамға пайдасымен қатар зиянын да тигізуі мүмкін, ол тағы да адамның өзіне байланысты. Сөз адамның ойлау қабілеті мен адамгершілік бейнесін бедерлейді. Ахмед Иүгінеки пайдалы мен пайдасыздың, ақиқат пен жалғанның нарқын өкініш айыратындығын “Қандай іс істесе де білімсіздің еншісі — енші, оған одан басқа өкініш жоқ”, “Көп сөйлеген көп өкінеді”, “Ашкөздіктің соңы — өкініш, қайғы-қасірет” деген жолдары арқылы байқатады. Өкінішмұнда этик. нормалардың ара-жігін ажыратушы ұғым. Осы ұғымға сүйене отырып, біз Ахмет Иүгінекидің этикалық көзқарастарын анықтай аламыз. Ахмед Иүгінеки үшін бұл дүниеде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді. “Жас қартаяды, жаңа ескіреді”, “Барлық толған нәрсе азаяды, түгел кемиді”. Сол себепті бұл дүниенің қызығы да жалған, өткінші. Мұнда “менікі” деген жоқ. Өйткені “менікі дегенің ” ертең “өзгелердің еншісі” болып шығады. Сондықтан дүниеқорлық пен ашкөздік адамға бос бейнет әкеледі, ал оны ойлай берсең, ол сенің тек “уайым-қайғыңды көбейтеді, «одан да еңбек ет» деп тұжырымдайды. кішіпейілділікпен жомарттықты, сабырлылық пен көнбістікті мадақтайды. Қарап отырсақ бұл дәл қазіргі қоғамға өте қажетті ой және нақыл.заман өткен сайын ғұламаның пікірі құнын арттырмаса түсірген жоқ.ақын бақыт жолы білім арқылы білінеді. Білім ал бақыт жолын ізде. Білімді кісі қымбат бағалы динар секілді. Білімсіз надан құны жоқ бақыр. Білімді адам өлгенмен аты өлмейді. Білімсіз тірісінде көрде жатқан өлік секілді.білім ал, салғырттанбай үйрен, алланың елшісі. Білім кімде болса сонны ізде дейді. Бұл күнде де білім мен ғылым ең маңызды қазіргі заманның соғыс құраыл, қай ел білімді болса басқа елдер сол елге бағынышты болады сол үшін жастар білім алуы керек.