Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ежелгі дәуір әдебиеті ЕМТИХАН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.33 Кб
Скачать

73.Құтып ақынның дастанын атаңыз және қысқаша сюжетін баяндаңыз.

Құтыптың дастаны «Құсырау-Шырын» сюжеті Құсырау мен Шырынның арасындағы махаббаты баяндайды. Ежелгі дәуірде Иран елінде бір қарт патша болыпты оның Құсырау деген жалғыз ұлы болыпты. Бір күні оның суретші досы Шырын туралы әңгіме айтып береді.әңгімесінен соң құсырау оған ғашық болады, суретші досы Құсыраудың суретін салып, Шырын серуендейтін саябаққа апарып қояды.оған Шырын да ғашық болады, екі ғашық шекарада кездеседі, дәл осы сәтте Құсыраудың әкесі қайтыс болып, шырын құсырауды еліне қайтарады. Ол еліне барып, таққа отырамын десе жаулары жол бермейді. Құсырау қайтадан Шырынға келеді. шырын оған тағыңа отыр еліңді басқар дейді. Құсырау еліне барып тағын алады. Румнан әскер көмекке сұраған кезде, сол елдің патшасының Мариям деген қызына некелеседі. Сол сәтте Шырынның да әкесі өліп Шырын таққа отырады. Елін әділ басқарады. Фархат деген ұста жігітті шақыртып, су каналдарын салдырады. Солай жүргенде Фархат Шырынға ғашық болады, мұны естіген Құсырау қатты ашуланып,қалайда фархатты өлтірмек болады. Оны шақыртып алып егер Шырында шын сүйсең биік тауды қақ жарып әскер өтетін жол сал дейді. Фархат салып шығады. Қатты алаңдаған құсырау жалмауыз кемпірді жіберіп, фархатқа барып шырын өлді деп қабарлайды. Фархат шыдай алмай өзін –өзі өлтіреді. Осы сәтте құсыраудың әйелі өліп ол дереу Шекер деген сұлуға некелесіп алады. Шырын өз елін басқарып жүре береді. Аз уақыттан соң шекер де өледі, сол кезде ғана барып, құсырау шырынға барып өзінің әлі де оған ғашық екенін айтады, екеуі қосылады. Бірақ ғашықтардың ғқмыры ұзақ болмайы, марямнан туған ұлы құсырауды өлтіреді. Және де өгей шешесі шырынға ынтық екенін айтады, шырын өз махаббатына адал болып бар мүлкін кедейлерге таратады да өзі де құсыраудың қабірінің басына барып өледі.

74.әлидің «Қисс Жүсіп» дастанындағы адамгершілік мәселелеріне мысал келтіріңіз.

Дастанның сюжеті адамгершілікке мол болып құрылған деп айта алмаймыз.дастнада адамгершілікті бар және жоқ деп алған дұрыс. Ең біріншіден Жүсіптің жақсы түс көргенінен қызғанған ағалары оны Мсырдың керуеншісіне сатып жібереді. Бұл енді адамгершілігі жоқ іс. Жүсіп құл болып еңбек істеп жүргенде сол елдің патшасы,ның әйелі Злиха оған ғашық болады. Злиха Жүсіпке көңілін білдіренде Жүсіп Злиханың сұлу ажарына қарамастан бас тартады. Бұл патшаға деген адамгершілік еді. Ал Злиха адамершілігін жоғалтып, Жүсіпті зынданға тастатады. Жүсіп онда біреудің түсін жорып береді, оның адамгершіліі Жүсіптің жақсылығын ұмытпай, босап патшаның жанына оралған соң жүсіпті шығарып алуға қол үшін созады, бұл адамгершілік. Жүсіп еркіндікке шыққан соң ағаларына кек сақтамайды. Аштықта олар азық сұрап келгенде береді. Оларды тағы сынап көрмек болады, осы жерде ағаларының адамгершіліксіздігі тағы да кішкене бауырын сатып кетеді. Жалпы дастанда адамгершілік өте күрделі берілген, шынай өмірден алынған шығарма секілді, ашщы әрі тұшщы. Аңыздарға сүйенсек Жүсіптің әкесі жүсіпті ойлай-ойлай жолына қарап отыра беріп көз жанарынан айырылыпты, кейін әкесі мен жүсіп кездескенде екеуі де атпен келе жатады. Сонда әкесі аттан түсіп келе жатқанда Жүсіп аттан түспеген екен деседі.

75. Қожа Ахмет Йассауидің «хикметтерінен»бір-екі мысал келтіріңіз:Адамдардың пейілі бұзылып,заманның ауғанына қиналады.

Даналардың айтары келер болды

Қияметтің қияметтің қияпеті төнер болды

Ақымақтар айқаймен жеңер болды

Бұл не деген замана болды достар?

Үлкен-кіші адамнан ибалық әдеткетті

Қыз-бозбала,жастардан әдеп кетті

Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті

Бұл не деген замана болды достар?

2.Алланың ақ жолын мойындау

Өз көркіңе өзің мәз бола берме

Өзіңе-сұқтанғаның сірә жөн бе?Алланы айтып тәуба қылғын,жөнге келе де.Түн ұйқыңды төрт бөліп алдыңды ойла.

76.Құтып ақынның «Хұсрау-Шырын»дастанындығы Фархад бейнесіне суреттеме жасаңыз:Дастанда Хұсрау мен Фархад арасындағы сұрақ-жауап диалогі тартымды етіп берілген.Фархад сұрақ қояды,ал Хұсрау оған жауап беріп отырады.Осы диалогпен бірнеше бәйтті мысалға келтірейік

Фархад:Қай жерліксің сен?

Хұсрау:Ғашықтар қаласынан мен

Хұсрау:Сенің қандай өнерің бар?

Фархад:Жан сатып жер қазамын.Мәне осы жерде Фархадтың шебер екендігін көрсетеді.Фархад Хұсрауға ғашық болып қалады.Ал мына жерде Шырын Фарғадқа «Ей,Фархад,сонау төбесі көк тіреген Бесотын тауын қақ жарып өтетін жол сол.Сонда ғана Шырын сұлу сенікі болады,-дейді.Фархадтың Шырынды сүйгені сонша бұл шартын орындап Шырынды таң қалдырады.Бұған зәресі қалмаған Хұсрау Фарзадқа бір жалмауыз кемпірді жіберіп Шырын өлді деп хабар айтады.Бұған шыдай алмаған Фархад өзі-өзі өлтіреді.Бұл жерден махаббаты үшін бәрін жасайтын,адал жар бола алатынын дәлелдейді

77.Хұсам Кәтибтің «Жұмжұма сұлтан» дастанындағы Әзірейілдің бейнесіне суреттеме жасаңыз:Жұмжұма дастанында патшаның опасыздығы үшін Алла Тағала оның жанын алуды әзірейілге бұйырады.Әзірейіл келеді бір қасында-сүңгі бір қолында ыдыс.Көкірегіне сүңгісін қадап,ыдыстан шарап ішкізеді.Біраздан соң бір қауым бауырларыңды көресің –деді.Сол замат жаным шықты.Сол кезде екі айбатты әзірейіл келіп,кебінімнің бір шетік жыртып алды,қылған істерімді саған жазды,мойныма асты.Содан екі көр жолдас келді күрзімен ұрды жеті тамұққа дейін жеткізді.Жетпіс аршын шылбырмен ұрып,тілінің ұрынан тартып,созып мойнына салды.

78.Хорезмидің «Махаббат-нама»поэмасындағы сопылық ойларға талдау жасаңыз:Мұхаббатнамадағы сопылық ойлар.Махаббатнама дастаны 946жол яғни 473 бәйіттен тұрады.Барлығы 11 арнау өлең.Шығарманы бастамас бұрын тәңірге сыйынып,иедет сұрау ертедегі әдебиет тән дәстүр.Онда Хорезми тәңірдің ұлылығына бас иіп,оның құдірет-күшінің шексіздігіне таңданады.Дүниеге күн мен түнді-екі жарық гауһарды,адамға сүю,ғашықтық сезімін бергені үшін,махаббаты,сұлулықты жаратқаны үшін тәңірді мадақтайды.Дастанның «Хикаят» аталатын шағын бөлім шығарманың негізгі мазмұнынан оқшау тұр.Негізгі ойы-дүние малға қызықпай,азды қанағат тұтуға,бұрыннан келе жатқан жақсы дәстүр –салтты сақтауға шақыру.Ақыл-парасатты жоғары қою.Азды қанағат тұту идеясы өзінен бұрын өткен Иассауи Жүгенеки ойлары мен қиысады.