Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ежелгі дәуір әдебиеті ЕМТИХАН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.33 Кб
Скачать

1.Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатындағы «кемел мемлекет» идеясына анықтама беріңіз.»Әбу Насыр әл фараби дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы

атанған данышпан,философ,энциклопидист ғалым, әдебиетші ақын.Ол ежелгі Отырар қаласында туылған.Әл Фарабидің толық аты Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн ұзлағ Тархани.Мұндағы Тархан сөзі екі мағына беретін болған,біріншіден- Әл- Фарабидің түркі тектес ру тайпадан шыққандығы.Ал, екіншіден-оның ата бабасы дәулетті қыпшақтар арасында есімі белгілі кісілер болғанын көрсетеді.Өйткені қыпшақтар арасында белгілілері ғана «тархан» деп аталатын болғанӘл Фараби жастайынан-ақ.жаны білімге құштар болған ,асқан зерек болып өседі.Алғашқы білімін Отырарда қыпшақ тілінде алады.Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы,грек, латын, санскрит тілдерін жетік білген жан.Ол философия, математика, логика, астрономия, медицина,музыка, тіл білімі,әдебиет теориясы,т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер бойынша жазды.Әбу Насыр Әл-Фарабидің ең алдымен кезінде»Шығыстың Аристотелі» атаған есімі әлемге мәшһүр философ болды.Ол көне заманның Платон, Аристотель, Гален сияқты ойшылдарының шығармалары туралы көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды.Фарабидің «Ақылдың мәні туралы трактат», «Данышпандықтың інжу маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме»,»Бақыт жолын сілтеу»,» «Азаматтық саясат»,»Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» деген сияқты еңбектерінің мәні зор. Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактаты бар.

Бұл кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді сөз етеді . Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы,ондағы теңсіздіктің өмірге келуі ,идеал қала халқының моральдық бейнесі,мұндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер ,әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып,бірігіп тіршілік ет,т .б. мәселелер жайында өз пікірін ортаға салады»Кемел мемелекет» болуы үшін ,ел бақытты өмір сүруі үшін ,мемлекетті жаксы әкім басқаруы керек деп түсіндіреді.Ал, жаксы әкім-әділ ,инабатты,мейірімді,жан-жақты білімді,жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жиіркенетін,батыл,жомарт, өнер мен әдебиетті сүйетін адам болуға тиіс.Ұлы ғалым нағыз гуманист ретінде адам ақыл- ойының жан жақты дамып,табиғат пен қоғам сырын толық ашуы мүмкін екеніне кәміл сенеді, адамзат қоғамындағы барлық проблемаларды шешуге қабілетті ең басты күш- ақыл- парасат деп біледі.

2. «Құтты біліг» поэмасы жанрының «Диуани лұғат ат-турк » кітабы жанрынан айырмашылығын көрсетініз. Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн-XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшһүр болған данышпан ойшыл,энциклопедист ғалымы, белгілі қоғам қайраткері болған.

Жүсіп Баласағұнның есімін әлемдік әдебиет тарихына мәңгілікке өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір әдеби мұрасы –«Құтты біліг» поэмасы.Бұл дастан қазіргі туркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихы,қоғамдық саяси- өмірі, ғылымы ,әдебиеті мен мәдени дәрежесі,әдет ғұрпы,наным сенімі т.б. жөнінде аса қызықты,әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды.Ақын «Құтты білік» дастанын Баласағұнда бастап, Қашқарда аяқтауы кездейсоқ жәйіт емес.Бұ л дастанға қара-cөзбен жазылған кіріспеде «Бұл кітапты жазған кісі Баласағұнда туылған...., осы кітапты Қашқарда жазып бітірдім,шығыстың әміршісі Табғаш Боғраханға тарту еттім дейді.» Ақын Жусіп «Құтты білік» дастанын 1070 жылы жазып бітірген.Дастанда өзіне жаксы таныс мәселелерді мейлінше терең біліп барып жазғанын аңғарамыз.Автор өз шығармасының кіріспесінде дастанның қай тілде жазылғанына тоқталып кетіп,былай дейді

Арабша, тәжікше кітаптар көп,

Ал, бұл-біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы.

«Біздің тіліміз» деп ақын түркі тілін айтып отырғаны мәлім.

Шамамен X ғасырдың орта кезінде Жетісу мен Шығыс Түркістан территориясында қалыптасқан Қарахан мемлекеті бірте-бірте ұлғайып, XI ғасырдың екінші жартысында қуатты мемлекетке айналды.Сөйтіп, бұл елде XI ғасырдың орта кезінде қоғамдық дамудың әртүрлі дәрежесіндегі өлкелер мен уәлаяттар арасындағы қым-қиғаш,аласапыран арпалыс тынымсыз болып жатты. Енді осындай қиын жағдайда мемлекетті қалай басқару керек,оның ішкі-сыртқы тәртібін сақтап отыру үшін қандай заң-ережелер қажет,елді басқаратын патша мен сарай қызметкерлері,оларға бағынышты диқандар, малшылар, т.б. қоғам мүшелері арасындағы өзара қарым қатынас қандай болу керек деген сұрақтар туа бастада.Өмірдің өзі алға қойған бұл сауалдарға жауап ретінде нақ осы кезде «Құтты білік» жазылды,Боғра ханға тарту етті және заң ретінде қолданды.

Бұл дастан- мемлекетті басқару әдістерін,адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдары, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды.Дидактикалық сарында жазылып, ғибрат-уағыздарды бейнелі көркем тілмен жырлайтын бұл дастан қарапайым халықтан бастап,Боғраханға дейінгі түрлі дәрежедегі әлеуметтік топтардың, түрлі кәсіп иелерінің мінез-құлық нормалары қандай болу керек ,олардың әрқайсысының қоғамнан алатын орны қандай болуы тиіс екені баяндалады.

Сондай-ақ, саяси -қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық, оқу-ағарту, мәдениет, т.б. мәселелерді ғұлама ақын өз дәуірінің талап тілектері тұрғысынан жырлайды.»Құтты білік» дастанының басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылған Біріншісі,мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды нақ жаратындай әділ заңның болуы.Автор әділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек.Бақ-дәулет мәселесі дастанда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.Үшіншісі, ақыл- парасат.Ақыл- парасаттың қоғамдық рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесі жырланады.Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі.Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы,дәруіш Одгүлміш бейнесі арқылы әңгіме болады.

Махмұт Қашқари-XI ғасырда өмір сүріп, еңбек еткен ұлы филолог, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап , зерттеуші ғалым,белгілі саяхатшы. Ол «Диуани лұғат ат-түрк» атты еңбек жазып, өз заманындағы түркі тілдерінің тұңғыш ғылыми грамматикасын жасады. «Диуани лұғат ат-түрк» тек түрікше - арабша сөздік қана емес, сонымен бірге, ол түркі тілдерін зерттеуде теңдесі жоқ ғылыми еңбек. Біз үшін ең маңыздысы – автор түсіндірме сөздікке ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінен, өзі өмір сүрген орта ғасырдағы поэзиялық шығармалардан аса құнды материалдар – түрлі тақырыптағы өлең - жырлар, ертегі – аңыздар, мақал – мателдер, қанатты сөздер тағы басқа көркем сөз үлгілерін енгізген. Алғашқы қауым адамдарының өмірін, тұрмыс-тіршілігін, еңбегін, сана-сезімін бейнелейтін ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері бізге Махмұд Қашғаридің еңбегі арқылы жетті.

«Диуани лұғат ат-түрк» - қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ мұра. Бұл сөздікке орта ғасырдағы түркі ру-тайпаларының бәріне бірдей ортақ алты мыңнан астам төл сөзбен жеке тайпаларға ғана қатысты диалекті сөздер бар. Бұл лексикалық жинаққа енген сөздер, мақалдар, өлең жолдары. Махмұд Қашғаридің бұл сөздігі шын мәнінде энциколопедиялық туынды деуге болады. Мұнда тек тіл мен әдебиетке ғана емес, сондай-ақ сол кездегі ру-тайпалар мен халықтардың қоғамдық-экономикалық жағдайына, көне тарихы мен әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне т.б. қатысты аса бағалы деректер берілген.

«Құтты білік» бұл Қарахан мемлекетінде заң ретінде қолданылған.Ал, «Диуани лұғат ат-түрк» түркі тілдерінің сөздігі ретінде қолданылған.ыз

3. «Оғыз-нама» жырының зерттелуі мәселесі сөз ете отырып, бүгінгі жағдайын сипатта

«Оғыз-нама»-түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын көркем тілмен баяндайтын эпостық шығарма.»Оғызнама»- әрі көркем, әрі тарихи туынды деуге болады.Әйтседе оның әдеттегі прозалық шығармадан өзіндік ерекшелігі бар.Мұнда қара сөздің өзі белгілі бір ырғақта,сөздің ішкі ұйқасына бағынатын сияқты. Мұны шежірешілердің өзі,әуезді жүйеге салып, түрлі-түрлі мақаммен жыр сияқты етіп оқитын болған.Сол сияқты «Оғыз-жыры» немесе «Оғыз батыр дастаны» деп те атайды.

«Оғызнаме» негізінен Оғыз қағанның әскери жорықтары ,батырдың қан майдандағы ерлік істері мадақталады.Шығарманың негізгі идеясы-ауыз бірлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру.Тегінде «Оғыз батыр» жайындағы аңыздар ертеректе,IX-X қағаз бетіне түсірілсе керек. Бірақ Оғыз жайындағы хикаяның алғашқы түпнұсқасы сақталмаған.Бұл көркем туындының ауызша атраған нұсқалары негізінен кейінірек қайта жазылған екі түрлі нұсқасы бар.Бірі-ұйғыр әрпімен көшіріліп жазылған.»Оғызнаме жырының » осы нұсқасы Париждің ұлттық кітапханасының қорында сақталып келеді.Ал, екіншісі-араб әрпімен жазылған.Оғыз батыр туралы аңыздардың араб әрпімен жазылған нұсқасының авторы- атақты тарихшы,белгілі әскери қолбасшы,Хиуаның ханы Әбілғазы бин Араб Мұхаммед.

«Оғызнаменің» ұйғыр әрпімен жазылып,Париж ұлттық кітапханасында сақталып келген нұсқасын тілдік тұрғыдан зерттеп, оған ғылыми түсініктеме берген ғалым-түркі тілдерінің көрнекті маманы А.М.Щербак болда.Ол «Оғызнаменің» транскрипиялаған текстін дайындады,оны орыс тіліне жолма-жол аударды.»Оғызнамені» өзге тілдерге аударма жасау XIX ғасырдың бас кезінде –ақ қолға алынған болтын.Солардың бірі- «Оғызнаменің» Дитц жасаған неміс тіліндегі аудармасы еді.Одан кейінірек бертін келе , бұл шығарманы орыс тіліне жолма-жол аударып, оған түсідірме жазған В.В.Радлов. Белгілі орыс ғалымы Г.Н.Потанин : Оғыз қаған белгілі тарихи бейне емес, эпостық қаһарман дегн пікір айтады. Сондай-ақ, Оғыз қағанды Александр Македонскиий немесе қазақтың алғашқы хандарының бірі Жәнібек деп болжам жасаған ғалымдар да бар. А.Н.Коконов «Оғызнаме» тілін шағатай тілінің кейінірек қалыптасқан бір түрі деп бағалайды. Сондай-ақ бұл ол шығармада араб-парсы лексикалық элеметтерінің онша көп еместігін ерекше атап көрсетеді. Қ.Өмірәлиевтің өз зерттеуінде Оғыз батыр жайындағы эпосты ежелгі қолжазбаның осы «тоғыз жылдық» біртұтас шартты жөргегінен шығарып, оны эпостық сюжеті мен композициясына сәйкес келетіндей етіп он жеті желіге бөліп берген. Сонымен бірге, ол әрбір сюжеттік желіге шартты түрде тақырып қойып отырған.Мұның өзі эпосты неғұрлым тереңірек танып- білуге мүмкіндік туғызады.

«Оғызнаме» күні бүгінге дейін әдеби туынды ретінде толық зерттелген емес.Рас, араб әдебиетшісі Риза Нура «Оғызнаменің» поэтикалық формасы ,композициясы жайында құнды пікірлер айтқан еді. Бірақ, «Оғызнамені» бүгінгі түркі тілдес халықтардың әдебиетінің ежелгі тарихы тұрғысынан ешкім негжей-тегжейлі зерттеген емес.

4. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдеби мұралардың Қазақстанда зерттелу деңгейін көрсете отырап, өзге ел зерттелерімен салыстырың.

Түркі қағанаты дәуіріндегі әдеби мұралардың бірі- Орхон Енисей ескеркіштерінің зерттелуі.Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылуы туралы алғашқы хабарды Н.К.ВИдзен, С.У.Ремезов, сондай ақ Сибитрде аударуда жүрген швед офицері И.Т.Страленбург пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Миссершмидт, т.б. он снгізінші ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.

Орыс География қоғамының Шығыс Сібір бөлімі 1889 жылы Монғолияға арнайы экспедиция ұйымдастырды.Оны белгілі ғалым Янринцев басқарып барып, «Орхон» өзені аңғарынан «құпия » жазуы бар үлкен үлкен екі ескерткіш тапты.Осы құлпытастардың белгісіз жазудың сырын ашу үшін В.В.Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми зерттеу жұмыстар жасады.

Сөйтіп,1892 жылы Петербург пен ГЕльсингфорста орыс және фин ғылымдары жасаған экспедицияның жұмыс қорытындысы асаптері баспасөз бетінде жарияланды.Ғалымдар ескерткіштегі жазуларды суретке тусіріп, атлас жасаған еді.

Алайда бұл руна жазуының сыры көпке дейін ашылмай ақ қойды.Ешкерткіштегі жазуды ешкім оқи алмады. Ақыры 1893 қарашаның 25не Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вельгелм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазудың сырын ашқандығын хабарлады.Сондай ақ ол бұл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мәлімдедеі. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі»

және «түрк» деген сөздері екен.

Дәл осы кезде академик Радлов та өз бетінше ізденіп руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді.Арадан көп уақыт өтпей ақ Радлов ОРхон өзені бойынан табылған улкен тастардағы текстіні толық оқып, сосын оны аударма жасады.ОРхон Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және ғылыми текстін дайындау ісіне В.В.Радлов, В:В.Томсен,Ю.Немест,Х.Н.Оркун, т.б. орыс және шет ел ғалымдары қыруар мол үлес қосты.