3 Қ.Р. Шағын және орта бизнестің даму жолдары
Казақстан Республикасының 1998 жылы 31 наурызда қабылданған "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" заңы шаруа қожалығының шағын кәсіпкерліктің ерекше пошымы ретінде құрылып жұмыс істеудің негізін егжей-тегжейлі айқындап берді. Сондай-ақ кәсіпкерліктің бір пошымы азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастар субъектісі ретінде шаруа қожалығының құқықтық негізі қосымша жиырмадан астам басқа да нормативтік-құқықгық актілермен реттелетінін атап өткен жөн.
Зандық тұлға құрмай және заңдық тұлға белгілерінсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдар шаруа қожалығы субъектілері болып табылады. Шаруа қожалығы кәсіпкерлік субъектісі ретінде ерікті негізде құрылады және жер пайдалану құқығы мемлекеттік тіркеуден өткізілген сәттен бастап құрылды деп есептеледі. Шаруа қожалығы елімізде ауыл шаруашылығының тең құқықгы өндірістік ұйымы екендігін айта кетелік. Осы тұрғыдан алып қарағанда, шаруа қожалығының банктерде есепшот ашу және банкідегі өз ақшасына иелік жасау құқығы бар.
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызылған фермерлер шаруашылықтарына мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілуі мүмкін: мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап үш жыл ішінде жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу үшін акы төлеуден босатылады. Шаруа қожалықтарын мемлекеттік тіркеу ол үшін ақы төлемей, өз басы келіп тіркелу сипатында болады; табиғи монополист кәсіпорындардың қызметін монополияға қарсы реттеуді қолдана отырып, электр энергиясымен, жылумен, сумен жабдықтау жөніндегі қосылатын қуаттар үшін ақы төлеуден заңдарға көзделген тәртіп пен жағдайда босатылады; мемлекет қатысатын екінші деңгеңдегі банктерде ақы алынбай есепшот ашылады; жеке кәсіпкерлер ретінде бухгалтерлік және статистикалық есептерді оңайлатылған тәртіппен береді;
салық заңдарына сәйкес табыс салығын салық патенті негізінде не салықгың белгіленген сомасы, не салық базасын анықтау мен салық есебін жүргізудің оңайлатылған жүйесі бойынша төлейді;
шарттарын Казақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік мұқтаждар үшін тапсырыстарды орналастыру кезіңде басым құқықпен пайдаланылады;
тиісті жылға арналган мемлекеттік бюджетге шағын кәсіпкерлікгі мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберінде белгіленген шекте статистикалық және ақпараттық қызметті, сондай-ақ ғылыми-техникалық талдаулармен технологияларды жеңілдікгі шартпен алады;
8) шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін көзделген қаражат есебінен кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ісін жүргізеді.
Ауыл шаруашылығын дамытуға каражат жұмсайтын инвесторлар үшін тікелей қаражат жұмсауды мемлекеттік қолдау туралы заңдарда көзделген тәртіппен және шарттармен бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар қолданыла алады. Атап айтқанда, біріншіден бұл мемлекеттік заттай гранттар; екіншіден, келісім-шарт жасалған сәттен бастап табыс салығының, жер салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын бес жылға дейінгі мерзімге негізгі ставканың 100 пайызына дейін кеміту, сондай-ақ одан кейінгі бес жылға дейінгі кезеңге табыс салығының, жер салығының және мүлікке салынатын салықгың ставкасын негізгі ставканың 50 пайызынан аспайтын шекте кеміту; үшіншіден, инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жабдыктар, шикізат пен материалдар импортына кеден бажын салудан толық немесе ішінара босату.
Жеңілдіктер мен преференциялардың мөлшері тікелей инвестиция көлеміне, инвестордың жобаны іске асыру мерзімі жөніндегі міндеттемелеріне, оның өзін-өзі өтеуіне, экономика секторының басымдылығына және басқа жағдайларға байланысты айқындалады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджеттен жыл сайы 50 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр. Шағын кәсіпкерліктің қаржы мөлшерін шешудің бір жолы аудандық несие серіктестігін құру болмақ. Ұлттық банк өзінің басқармасының 2000 жылғы 29 шілдедегі қаулысымен Әділет министрлігінде Несие серіктестіктері туралы ережені тіркеуден өткізді. Ұлттық банк ауылдық коммандиттік несие серіктестігінің үлгі түріндегі жарғысын мақұлдады.
Мемлекет сондай-ақ шаруа базарын қорғауға жәрдемдеседі. Шаруашылық жүргізудің қазіргі күрделі экономикалық жағдайында жекелеген шаруа қожалыктарының қиыншылықгары жетіп артылады. Бұл қиыншылықтарды жеңу жолдарының бірі — олардың неғұрлым ірі шаруашылық пошымына бірігуі. Атап айтқанда, олар ерікті негізде кәсіпкерліктің өндірістік кооператив, қоғам, серіктестік секілді ірі ұйымдық-құқыктық пошымдарына бірігуіне болады.
Кәсіпкерлік қызмет субъктілері заңдық тұлға құрмай тұрып, азаматтық-құқықтық қатынастардың, әсіресе шетелдік заңдық тұлғалармен қатынаста белсенді қатысушысы болуы белгілі дәрежеде қиын екендігін мойындау қажет. Сондықтан да соңғы жылдары еліміздің кейбір аймақтарында, әсіресе солтүстікте, шаруа қожалыктарының зандық тұлға құра отырып, шаруашылық жүргізудің ірірек фактілері елеулі құбылыс болып отырғаны кездейсоқ емес. Мұндай шешім кәсіпкерліктің осынау жаңа субъектілерінің еңбек, материал және басқа ресурстарын біріктіруге, сондай-ақ оңтайлырақ еңбек бөлінісін және өндірістің мамандандырылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ауылдық тұтас кәсіпорындарды мемлекет меншігіңен шығарып, жекешелендіру нәтижесінде олардан соң көптеген шаруашылық жүргізуші субъктілерге бөлінуінін, содан кейін олардың кәсіпкерлерінің озығырақ ұйымдық-құқықтық пошымдарына бірігіуін ауылда кәсіпкерлікті дамытудың жаңа сатысындағы занды процесс деп мойындаған жөн. Ауылдық (селолық) округ әкімі кәсіпкерлікті дамыту барысының осы кезеңінде ауылдагы кәсіпкерліктің озығырақ пошымдарының артықшылығын түсінуте тиіс. Бұл жұмысты үнемі жүргізіп, ауылдық округ кәсіпкерлерінің кеңесіне, жиналыстарында, ауыл жиындарында, шаруа (ферма) қожалықтарының мүшелерімен жеке әңгімеде қозғап отыруы қажет. Нақ округ әкімдері өз округіндегі шағын кәсіпкерліктің бұрынғы пошымдары ойдағыдай нәтиже бермеген жағдайда ауылдағы кәсіпкерліктің тиімдірек жаңа пошымдарын, олардың техникалық-экономикалық негіздерін дәлелдеу жөніндегі жұмыс тобын құрудың бастамашылары болуға тиіс.
Бүгінде ауылда кәсіпкерліктің бәрінде көп кездесетін субъектілері әзірге азаматтардың зандық тұлға құрмай-ақ, дербес яки біріккен кәсіпкерлік болып отырғаны белгілі. Жоғарыда айтқанымыздай мұндай азаматтар өздері барып мемлекеттік тіркеуден өтуге, сондай-ақ тұрғылықты жеріндегі аумақтық салык органында жеке кәсіпкер ретінде есепке тұруы тиіс. Жалдамалы еңбекті тұрақты негізде пайдаланатын немесе кәсіпкерлік қызметтен жылына ойда-қырда салык салынбайтын жылдық табыстың мөлшерінен көп, салық заңы болып есептелінген табыс табатын жеке кәсіпкерлер міндетті түрде мемлекеттік тіркеуде болуға тиіс. Мұнсыз ондай кәсіпкерлердің қызметіне тыйым салынады. Ауыл әкімдері бұл ережені де кеңінен түсіндіруге тиіс.
Ауылдық округтер әкімдерін өз аумағындағы кәсіпкерліктің дамуын қолдаудағы ролін сөз еткенде мынаны атап өту қажет: кәсіпкерлерге тікелей қолдау жасауға олардың қолында қажетті қаржылық және материалдық ресурстар болмағандықтан, бұл мәселедегі олардың басты міндеті - өз округіндегі барлық кәсіпкерлік құрылымдарға мемлекет заң жүзінде белгілеген колдау көрсетудің барлық пошымдарын айтып жеткізу және түсіндіру. Бүгінгі күні ауылды жерде шағын кәсіпкерлікті дамытудың аясы аз емес. Оған кәсіпкерлік құрылымдардыды құрылыс материалдарын жасауды, құрылыс-жөндеу жұмыстарын, автокөлікке техникалық қызмет көрсету жұмысын, халықтың қолөнер тауарларын (кілем, текемет, сырмақ, камшы және т.б) өндіруді, музыка аспаптарын жасауды, теріден киім тігуді (шолақ тон, малакай, қолғап), көкөніс, жемісті, ет, сүт, басқа да тамақ өнімдерін өндіріп, толық ұқсатуды өндіруді ұйымдастыру және т.б жатады. Ауылдық округтер әкімдерін кәсіпкерлік қызметтің тек бір салада немесе бірнеше салада көбейгені алаңдатпауы керек. Базар ауылды жерде де кінәратсыз бә-секе тудыруға тиіс, ал бәсеке - тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын көтеру. Базар тәртібі белгілі: бәсеке жағдайында кімнің өнімінің сапасы жоғары болса, сол ұтып шығады.
Өз тарапынан ауылдық округ әкімі өз округінде кәсіпкерлікті дамытудың болашағын болжап, есептеп отыруы кәсшкерлік құрылымдардың жаңа пошымдарынан қолдан келгенше бастамашы болып, іс жүзінде қолдап отыруы кажет. Айта кетейік, қазіргі кезде республикамызда әкімдердің тамаша істерге бастамашы болған тәжірибесі жетерліктей жинақталған.
Мысалға, занды тұлға болып табылатын кез келген кәсіпкерлік құрылым бухгалтерсіз қызмет жасай алмайтыны белгілі. Сондай-ақ аудандар бюджетінде жыл сайын шағын кәсіпкерлікті қолдауға арнайы қаражат қаралатыны да белгілі. Сондай-ақ аудандар бюджетінде жыл сайын шағын кәсіпкерлікті қолдауға арнайы қаражат қаралатыны да белгілі. Ал ауылдық (селолық) округтің әкімдерінің бастамасы бойынша кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін аудан бюджетінің сол қаражаты есебінен бухгалтерлер және компьютерлерде жұмыс істейтін мамандар даярланғандығы жөнінде республикада мысалдар толып жатыр. Ауылдық округтер әкімдерінің жұмыс тәжірибесінен тағы да бір мысал келтірейік. Базар жағдайында кәсіпкерлікгі дамыту ісінде құқықтың рөлі аса жоғары екені бесенеден белгілі. Бүгінгі күні ауылды жердегі кәсіпкерлік субъектілерін, егер олар азаматтық, қаржылық, еңбек немесе әкімшілік және басқа зандардың талабын сақтамаса, бірде бір аудандық прокуратура, бір де бір аудандық сот оларды қорғауға кіріспейді. Құқықты білмеу — жауапкершіліктен құтқармайды деген қағида көпке аян. Құқыққорғау органдарының статистикасы көрсетіп отырғандай, аграрлық секторда құқыққолдану тәжірибесі базар қатынастарының басқа салаларымен салыстырғанда, ең әлсіз күйде қалуда. Ауылдағы осындай нақты құқықтық ахуалды ескере отырып, ауылдық округтер әкімдерінің бастамасы бойынша ауыл кәсіпкерлері үшін заң мәселелері бойынша тегін кеңес беру ұйымдастырылғанының мысалдары баршылық. Сондай-ақ әкімдердің бастамасы бойынша аудандық прокуратураның, соттың, ішкі істер бөлімінің, каржы полициясының, адвокатгар алқасының қызметкерлерімен тоқсан сайын кездесу ұйымдастырылған.
