
- •Кездейсоқ шама дифференциалдық функциясы арқылы берілген
- •Коэффицент а-ны
- •Аралықтан мән қабылдау ықтималдығын.
- •56. Дискретті кездейсоқ шама үлестірім қатарымен берілген.
- •116.Ойнау шеберлігі тең екі шахматшы ойын көрсетуде.Үш ойында ең болмағанда бір ұтыс болуының ықтималдығын табу керек?
- •135. Ойнау шеберлігі тең екі шахматшы ойын көрсетуде.Үш ойында ең болмағанда бір ұтыс болуының ықтималдығын табу керек?
- •136. Тұқымға арналған бидайдың дәндерінің ішінде 0,004% арам шөп дәндері кездеседі. Кез-келген 50000 дәндердің ішінде арамшөптің 5 дәндері кездесетіндігінің ықтималдығы қандай?
- •138.Дискретті кездейсоқ шама мына үлестіріммен берілсін
- •171. Ойнау шеберлігі тең екі шахматшы ойын көрсетуде.Үш ойында ең болмағанда бір ұтыс болуының ықтималдығын табу керек?
- •191. Ойнау шеберлігі тең екі шахматшы ойын көрсетуде.Үш ойында ең болмағанда бір ұтыс болуының ықтималдығын табу керек?
- •393.Кездейсоқ шама дифференциалдық функциясы арқылы берілген
- •394. Автобустың аялдамаға келу интервалы 10 мин. Кездейсоқ шама – автобусты күту уақыты. Осы кездейсоқ шаманың дифференциялдық және интегралдық функцияларын жазыңыз.
- •395. Кездейсоқ шама интегралдық функциясы арқылы берілген
- •480. Қорапта бірдей бұйым бар. Қораптан екі сапалы бұйым алудың ықтималдығы 4/15 тең. Қорапта қанша сапалы бұйым бар еді?
- •486. Екі тәуелсіз кездейсоқ шамалар х және у үлестірім кестелерімен берілген
- •488. Кездейсоқ шама дифференциалдық функциясы арқылы берілген
171. Ойнау шеберлігі тең екі шахматшы ойын көрсетуде.Үш ойында ең болмағанда бір ұтыс болуының ықтималдығын табу керек?
172. Тиынды 100 рет лақтырғанда елтаңба жағының дәл 50 рет түсу ықтималдығы қандай?
173.Мылтықтан бір рет атылған оқтың нысанаға тию ықтималдығы 0,4. 600 рет атылған оқтың нысанаға 250 рет тиюінің ықтималдығын табу керек.
174. Нысанаға 10 рет оқ атылды.Әрқайсысының нысанаға тию ықтималдығы 1/3-ге тең болса ,онда атылған тәуелсіз 10 оқтың нақ төртеуінің нысанаға тию ықтималдығын анықтау керек.
175.Жәшікте 15 ұтысты,10 ұтыссыз лотерея билеті бар.Бір-бірлеп екі лотереяда алынды (билет жәшікке қайта салынбайды). Алынған екі билетіміз де ұтатын билет болу ықтималдығын анықтау керек.
176. Ішіне шарлар салынған 3 түрлі бірдей жәшікті алайық. Олардың біріншісінің ішінде 2 ақ және 1 қара шар, ал екіншісінде 3 ақ және 1 қара шарб ал үшіншісінде 2 ақ және 2 қара шар бар. Кез келген үш жәшіктің біреуін аламыз, осы алынған шардың ақ болуының ықтималдығын табу керек.
177. Нысанаға үш оқ атылды, барлығы 5 бірінші түрлі нысана, 3 екінші түрлі нысана, ал 2 үшінші түрлі нысана бар еді. Атылған оқтың бірінші, екінші, үшінші түрдегі нысаналарға тиюінің ықтималдықтары сәйкесінше 0,4; 0,1; 0,15; еді. Кездейсоқ көзделмей нысанаға оқ атылды. Оқтың нысанға тиюінің ықтималдығын табыңдар.
178. Бірдей үш жәшікте бірдей өлшемді шарлар салынған. Бірінші жәшікте 10 ақ, 5 қара, 3 қызыл бар. Екінші жәшікте 9 ақ, 16 қара, 11 қызыл шарлар бар. Үшінші жәшікте 7 ақ, 4 қара, 1 қызыл шарлар бар. Кез-келген жәшіктен кез келген шар алынды. Алынған шардың қара шар болуының ықтималдығы қандай?
179. Тәуелсіз 600 сынақтардан тұрақты р=0,4 ықтималдықпен пайда болатын оқиғаның тура 228 рет пайда болуының ықтималдығын табу керек.
180. Монетаны 100 рет лақтырғанда герб жағы дәл 50 рет түсуінің ықтималдығын табу керек.
181.Завод 5000 жоғары өнімді базаға жөнелтті.Жолда өнім сапасының төмендеу ықтималдығы 0,0002.Базаға үш сапасыз өнім келу ықтималдығын табу керек.
182.Нысанаға бірінші рет тигізгенге дейін оқ атады.Нысанаға тию ықтималдығы р=0,6.Үшінші рет нысанаға атқанда тигізу ықтималдығын табу керек.
183.Дискретті Х кездейсоқ шамада үлестіру заңымен берілген.Осы шаманың математикалық үмітін –М(Х) табу керек.
-
Х
3
5
2
р
0,1
0,6
0,3
184. X және Y екі тәуелсіз кездейсоқ шама берілген. D(X)=1,5; D(Y)=1 болса, Z=8X-5Y+7 кездейсоқ шама дисперсиясын табыңыздар.
185.Х кездейсоқ шама үлестіру кестесі арқылы берілген.
-
Х
0
1
3
3,5
р
0,1
0,4
0,2
0,3
Х-тің үлестіру функциясын табыңыздар
186.Оқиға тәуелсіз сынақтарда тұрақты 0,2 ықтималдықпен пайда болды. Оқиғаның 900 сынақтарда пайда болу салыстырмалы жиілігінің осы оқиғаның ықтималдығынан ауытқуы 0,04-ден кем болатындығының бағалаңыздар.
187. Вариациялық қатар берілген.
-
х
1
3
6
16
n
4
10
5
1
Таңдаманың ортасы мен ауытқудың абсолютті ортасын табу керек.
188.Таңдама жиынтық үлестіру қатарымен берілген:
-
х
1
2
3
4
n
20
15
1
5
Таңдаманың дисперсиясын табыңыздар.
189.Егер М(Х)=5,M(Y)=0,2,D(X)=4,D(Y)=2,25,p(x,y)=-0,5 белгілі болса , М(ХУ)-ті табыңыздар.
190. Бірінші урнаға 1 ақ, 3 қара, ал екінші урнаға 4 ақ, 6 қара бірдей шарлар салынған. Бірінші урнадан бір шар алынып екінші урнаға салынды. Содан кейін екінші урнадан шар алынды. Екінші урнадан алынған шардың түсі қара болуының ықтималдығы қандай?