Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Темірбетон зауытын жобалау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.65 Mб
Скачать

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасындағы құрылыс индустриясының қарқынды дамуы, құрылысқа қажетті негізгі қасиеттері жетілдірілген және техника-экономикалық жағынан тиімді құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын кеңінен өндіруді қажет етеді. Тиімді құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндірудің негізігі жолдарының бірі, оларды дайындауда жергілікті шикізаттық материалдарды кеңінен қолдану болып табылады. Құрастырмалы темірбетоннан жасалынған бұйымдар мен конструкциялар негізінен тұрғын үй, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстарда кеңінен қолданылады. Бұл бұйымдар құрылыс өндірісін индустрияландыру бағытындағы ең қолайлы материалдар. Құрастырмалы темірбетонды кең көлемде қолдану бір типті өнімдер мен конструкциялар шығарумен қатар өндірісті жартылай автоматтандыруға, механизациялауға мүмкіншілік тудырады. Құрылысты одан әрі индустрияландыру жергілікті шикізаттық материалдарды қолдана отырып, техника-экономикалық жағынан тиімді құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіретін зауыттарды салуды көздейді. Еліміздің 2030 жылдарға дейінгі жобаланған әлеуметтік, экономикалық дамудың негізгі бағыттарында көрсетілген, атап айтқанда құрылыстың көлемін төмендетіп, сапасын арттырып, мейлінше аз шикізат жұмсайтын, олардың жалпы салмағын азайту арқылы барлық қасиеттерін жақсартып, құрылыс алаңына көбінше дайындығы жоғары сапалы бұйымдар мен конструкцияларды дайындау қазіргі уақыттың басты міндеті болып отыр. Құрылыс бұйымдарының негізгі сипаттамалары мен қоршаған ортаның түрлі агрессивті факторларына төзімділігін арттыру, құрылыстың тиімділігін арттырудың негізгі жолдарының бірі. Семей қаласы Қазақстанның ең ірі өнеркәсіптік және мәдени орталығы. Ірі темір жол торабы, автомобиль, әуе жолдар торабы бұл қаланы еліміздің барлық өңірлерімен байланысын қамтамасыз етеді және шикізаттық материалдардың кең таралуы, қалада темірбетонды бұйымдар шығаруға мүмкіншілігін арттырады. Соңғы жылдары Семей қаласында өнеркәсіптік және тұрғын үй құрылысы өте қарқынды дамуда. Сонымен қатар Семей қаласы ШҚО орналасқандықтан мұнда жол-көпір құрылысын дамыту басты назарда. Бұл өз кезегінде қалада құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіретін кәсіпорындарына деген қажеттілікті арттырды. Қалада көптеген республикалық маңызға ие ірі цемент зауыты, құрылыс материалдары, тамақ және жеңіл өнеркәсіп орындары бар. Қала экономикасының негізгі саласы құрылыс материалдары өндірісі, цемент зауыты, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарынан тұрады. Соңғы жылдары урбандалу үрдісі мен басқа елдерде жасайтын қандастарымыздың елге оралу үрдісіне байланысты қала халқының саны қарқынды өсті. Бұл өз кезегінде қаладағы азаматтық құрылыс пен жекеменшік тұрғын үй құрылысы, жол-көпір құрылысының өркендеуіне алып келді. Сонымен бірге елімізді индустриалды инновациялық дамыту бағдарламасына сәйкес қала аумағында өнеркәсіптік құрылыс қарқынды дамуда.

1. Жалпы бөлім

    1. Негізгі өнімнің номенклатурасы

Зауыттың бұйымдарын Шығыс Қазақстан облысындағы жол құрылысы саласында кеңінен қолдануға арналған. Шығаратын бұйымның номенклатурасы 1.1-кестеде енгізілді

1-кесте. Шығаратын өнімнің номенклатурасы

Өнім атауы

Өнім маркасы

№,

Lxbxh, мм

Бетон класы

Бетонның көлемі, м3

Бұйымның массасы,

кг

Лотки водосточные канальные Суағар

ЛВК ВМ sir 0 150

1000х255х265

В50

0,25

75.0

ЛВК ВМ sir 150

1000х255х305

В50

0,33

77.0

Көпірдің жабын плитасы

1.2 Кәсіпорынның техникалық-экономикалық негіздемесі

Бұйымды өндіру тәсілі мен техника-экономикалық тиімділігі және қалыптау посттарының өнімділігі қалыптау технологиясының дұрыс таңдалуына байланысты. Құрылыс бұйымдарын шығаруда 3 өндіру тәсілдерін қолданады:

- стендті

- конвейрлік

- ағынды-аграегаттты

Стендті әдіс кезінде бұйымды қалыптау қозғалмайтын стационар қалыптарда жүргізіледі, ал қондырғылар бір қалыптан екінші қалыпқа қарай қозғалып жүреді. Бұл әдісті негізінен консрукцияның массасы мен өлшемдері дірілалаң мен крандардың жүк көтеру мүмкіндігінен артық балған жағдайда қолданылады. Ағындық әдіс кезінде бұйымды қалыптау, қатаю және шегенсіздендіру процестері технологиялық ағынның құрамына енетін арнайы посттарда жүргізіледі. әрбір пост қажетті машиналар және қондырғылармен жабдықталған, ал қалыптар мен бұйымдар постардың арасында қозғалып жүреді. Конвейерлік әдіс кезінде бұйымдар бір посттан екінші постқа қажетті ритм бойынша (мысалы, 15 мин). Бұл әдістің артықшылықтары: барлық операцияларды бір мезгілде орындаудың үздіксіздігі мен ритмінің анықтығы, босқа тұруды болдырмайды; технологиялық процестері стандартты арнайы постарға бөліп беру және тар мамандандыру жоғары еңбек өнімділігі мен процестерді кешенді автоматтандыру мен механизациялындыруға мүмкіндік береді; процестердік үздіксіздігі технологиялық қондырғыларды пайдалану коэффициентін арттырады т.б. Конвейерлік технологияның кемшіліктері: өндірісті механикаландыру дәрежесінің жоғары болуына байланысты капиталдық шығындардың жоғары болуы; механизмдерге қызмет көрсету шығындарының артуы т.б.

Ағындық – агрегатты әдіс кезінде қалыптар мен бұйымдар нақты сол операцияларға тән интервалмен постан постқа қозғалады. Ағындық – агрегатты әдіс өзінің универсалдығы мен линияны бір бұйымды өндіруден, басқа бұйымды өндіруге өте тез қайта құрастыру мүмкіндігіне байланысты кең қолданысқа ие. Оның негізігі кемшілігі өнімділігінің төмен болуы мен барлық технологиялық процессті автоматтандыру мен механизациялау мүмкіндігінің жоқ болуында. Ағындық – агрегатты әдістің негізігі артықшылығы технологиялық қондырғыларды қолдану бағытында өте икемді, конвейерлік технологиямен салыстырғанда аз капиталдық шығындармен кең номенклатурадағы бұйымдарды шығару мүмкіндігі. Сонымен бірге қозғалатын агрегаттарға негізделген ағындық-агрегатты технология бұйымды бірнеше сатыда қалыптауға мүмкіндік береді.

Келтірілген темірбетон бұйымдарының өндіріс тәсілдерін салыстыруда олардың негізгі техника – экономикалық көрсеткіштері арқылы өнеркәсіптік ғимараттар үшін технологиялық процесті ұйымдастырудың негізгі бағытын таңдап алуға болады. Жоғарыда келтірілген технологиялық әдістердің сипаттамасын және жасалынатын бұйымдардың өлшемдерін еске ала отырып гидротехникалық темірбетонды өндіру үшін агрегатты – ағымды технологиясы таңдап алынды.