Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_din.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36.15 Кб
Скачать

58.Бірінші жалпықазақ съезі және оның тарихи шешімдері

Тарихта "Алаш" партиясының саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 жылдың 21-28 шілде аралығында өткен бірінші Бүкілқазақ съезі айқындап берді. Съезд жұмысына сол кезде қазақ даласының алты облысынан: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана және Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Съезде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиялығы туралы; жер мәселесі; халық милициясын ұйымдастыру; земство туралы, халық ағарту ісі; сот ісі; дін мәселесі; әйелдер мәселесі; қазақтар облыстарында Құрылтай жиналысына делегаттар сайлау; бүкілресейлік мұсылман съезі туралы; қазақ саяси партиясын құру туралы және т. б. Осылардың ішінде өзінің мазмұны мен саяси маңызы жағынан ұлттық автономия, жер мәселесі мен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінші кезекте, өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Мысалы, ұлттық автономия туралы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов тәуелсіз автономиялық Қазақ мемлекетін жақтап сөйлесе, Ә.Бөкейханов қазақ ұлттық-территориялық автономияның Ресейдің құрамында болуын жақтады. Бірақ, ол мемлекет демократиялық федеративті парламенттік республика негізінде құрылуына басты назар аударды. Бүл көзқарас көпшілік делегаттардың қолдауына ие болды. Сонымен съездің қарарында: "Қазақ облыстары территориялық-ұлттық автономия құқығын алуы тиіс" деп жазылды. Сондай-ақ, жер мәселесі де қызу талқыға салынды. Съезд Қазақстанның барлық аймақтары мен Бұхара, Ферғана, Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан Құрылтай жиналысына ұсынылған 81 кандидаттың 78-ін депутат етіп сайлады. Олардың арасында "Қазақ" газетінің жетекшілері, қазақ ұлттық-либералдық қозғалысының көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, аймақтардан А.Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж. Х. Досмұхамедовтар, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, С.Асфендияров болды.

Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды. Сайып келгенде, Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі "Алаш" қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды. Атқару комитеті негізінде партияның басқарушы органы сайланды.

Сонымен, қорыта айтқанда, Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның идеологтары Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі деп бағалап келді. Алайда, біздің жоғарыда атап көрсеткеніміздей, жалпы Алаш қозғалысы, соған байланысты XX ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінде "ұлтшылдықтың", "буржуазияшылдықтың" ешқандай да белгісі болған емес. "Алаш" қазақ халқының нағыз ұлттық демократиялық партиясы болды. Сондықтан, қазіргі де, болашақ ұрпақтың да санасында оның өмір сүрген уақыты қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған өзінің толық тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің ең маңызды бір кезеңі деп бағалануы керек.

59.Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз.

1917 жылғы 20 – 21 шілдеде Орынборда өткен І Бүкілқазақ съезде қалыптасты. Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд партияға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...». Алаш партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12 – 20 аралығында партияның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев,  ал Торғай обкомының төрағасы болып Ә. Бөкейхан сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, басқару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды.

  1. . Жалпы алғанда "Алаш" партиясы бағдарламасының жобасы мыналарға келіп саяды. I.Басқару түрі Ресей демократиялық Федерациялық Республикасы, демократиялық Республиканы белгілі бір уақытқа парламент сайлайтын президент басқарады, министрлер кабинеті соның (парламенттің) алдында жауап береді. II.Автономия. Барлық қырғыз облыстары бір автономиялы өлшемге енгізілуге, соңғысы федерациялық өлшем құқығымен Ресей федерациясына енуге тиіс. III.Азаматтың негізгі құқықтары Дініне қарамастан және жынысына қарамастан, барлық халықтар өз құқықтар (жиналыстар бостандығы, сайлау, оларды ашуда бірігу бостандығы сөз, баспасөз, адамның жеке басына тиіспеу бостандығы) жөнінен теңестіріледі. Сот тәртібімен болмаса, қамауға алу жүргізілмейді. Сот органдары бар жерлерде қамауға алынғандарға айып 24 сағат ішінде тағылады, ал ондай органдар жоқ жерлерде 7 күн ішінде тағылады, олай болмаған ретте уақытша ұсталған адамдар дереу босатылады. Сонымен бірге жеке хат алысуға ешкімнің тиіспеуі белгіленеді. IV.Дін ұстану туралы мәселе. Шірекудің мемлекеттен бөлінуі. Заң алдында барлық дін тең, яғни ешқандай діни ілімнің басқа діндерден артықшылығы болмайды. V.Соттар туралы. Заң алдында барлық азаматтар тең және заңның қорғауын бірдей пайдаланады. Сот — тергеу органдары қырғыз халқының тұрмыс- жағдайларына сәйкес құрылады. Сот ісі, сотта сөйлеу қалықтың көпшілігі сөйлейтін тілде жүргізілсді. VI.Қорғаныс. Тұрақты әскер халық милициясымен алмастырылуға тиіс. Әскери өнерді үйрету жергілікті жерлерде жүргізілуге тиіс. Қырғыздар әскери қызметті атты милиция қатарында атқаруға міндетті. VII.Салықтар. Салықтар саласында үдемелі табыс салығы салынады. VIII. Жұмысшы мәселесі. "Алаш" партиясы жұмысшы мәселесінде социал демократтардың (меньшевиктердің) бағдарламасын қолдайды. IX.Халық ағарту. Ана тілінде жаппай, тегін оқыту. Қырғызияда қырғыз тілінде оқытатын орта және жоғарғы оқу орындарын ашу, ағарту саласы автономиялы болуға тиіс; оқушылар өзі қалаған мамандығы бойынша білім алады. Кітапханалар, оқу үйлері ашылуға тиіс. X.Жер мәселесі. Жерге алғашқы кезекте байырғы халық орналастырылуға және алдағы уақытта қырғыздар біржола орналастырылып болғанша, қырғыз өлкесіне сырттан әкеліп қоныстандыру тоқтатылуға тиіс. 60.Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.

Ә. Бөкейхан Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Осы кезден бастап Ә.Бөкейхан Уақытша үкіметтің саяси өміріне белсене араласа бастайды. Бірақ ол үміті ақталмайды.Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. «Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйымАлаш партиясынұйымдастыруға кіріседі. Артынша,1917 ж. желтоқсанындабүкіл қазақтардың құрылтайындаАлаш автономиясыжариялады. Өз кезегінде Ә. Бөкейхан үшін кадет партиясынан шығып, ұлттық Алаш партиясын құру мемлекеттік егемендікке жету жолында жасалған келесі саяси қадам еді.

Үкімет төрағасына 3 қайраткердің – Ә. Бөкейханның, Б.Құлмановтың және А.Тұрлыбаевтың кандидатуралары ұсынылды. Жасырын дауыс нәтижесінде Әлихан Бөкейхан – 40 дауыс, Айдархан Тұрлыбаев – 20, Бақтыгерей Құлманов – 19 дауыс алды. Көп дауыс алған Ә. Бөкейхан Алаш автономиясының өкіметі – Алаш орданың төрағасы болып сайланды.  Әлихан Бөкейханның бес ұстанымы болды. Ең бірінші – Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен жер болуы тиіс. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейханның ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі тиіс. Жер – Отан. Жерді сатқан Отанды сатқанмен бірдей. Екінші ұстанымы – Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. Үшінші ұстанымы –қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып киілуі керек. Төртінші ұстанымы – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, ділі өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек дегенге сайды. Бесінші – ең негізгі ұстанымы бойынша ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, ұлттық демократиялық мемлекет құрылуы керек. Ұлы қайраткердің соңына ерген інілері, азаттықтың құрбаны болған Жүсіпбек Аймауытұлы оған арнау сөзінде: «Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басыңды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз асқар беліміз! Өміріңде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған шамшырақ»-дегенде, асыра айтып қателескен жоқ еді. Қошке Кемеңгерұлы өзінің «Қазақ тарихынан» атты тарихи очеркінде былай деп жазды: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде, айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды, бұл топты баулыған – Әлекең»-деп халқына қалтқысыз еткен қызметіне әділ бағасын берген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]