4.5.Сары pr
Сары
PR көпшіліктің назарын бірден аудару
үшін жеке тұлғаның, ұйымның, тіпті
мемлекеттің атына ар-намысқа тиетін
сөздермен, суреттермен, түрлі
кескіндемелермен расистік, ксенофобиялық
бағыттағы мазмұнымен қолданылатын
технология.
Бұл
пиардың осылайша аталуының өзі мұндай
пиардың қандай мақсаттта қолданылатынына
сілтеме жасап тұрғандай. Мұнда сары
басылымдармен мазмұндас келетін
технологиялар қолданылып, жеке тұлғалардың
немесе жекелеген фирмалардың атына
тікелей шабуыл жасалмаса да, материалдардың
мазмұны мен кескіндеме-суреттері
жағымсыз ақпараттың сипатында болады.